1395 жылдағы Иранның экономика саласындағы дипломатиясы мен белсенділігіне шолу
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i25884-1395_жылдағы_Иранның_экономика_саласындағы_дипломатиясы_мен_белсенділігіне_шолу
Батыс елдерінің Иранды оқшауландыруға талпынғанына қарамастан, 1395 жыл Иранның экономика мен экономика саласындағы дипломатиясы үшін белсенділікке толы жыл болды. ИИР аймақтық және халықаралық маңызды саммиттерге белсенді түрде қатысумен қоса, Теһранда экономикалық форумдар өткізді. Бүгінгі бағдарламада Иранның экономика саласындағы дипломатиясы мен экономикалық мәселелерге қатысты аймақтық және халықаралық отырыстарға белсенді қатысуына шолу жасайтын боламыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 08, 2017 19:30 Asia/Almaty
  • 1395 жылдағы Иранның экономика саласындағы дипломатиясы мен белсенділігіне шолу

Батыс елдерінің Иранды оқшауландыруға талпынғанына қарамастан, 1395 жыл Иранның экономика мен экономика саласындағы дипломатиясы үшін белсенділікке толы жыл болды. ИИР аймақтық және халықаралық маңызды саммиттерге белсенді түрде қатысумен қоса, Теһранда экономикалық форумдар өткізді. Бүгінгі бағдарламада Иранның экономика саласындағы дипломатиясы мен экономикалық мәселелерге қатысты аймақтық және халықаралық отырыстарға белсенді қатысуына шолу жасайтын боламыз.

1395 жыл «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалғаннан кейінгі алғашқы жыл ретінде Иран мен әлемнің экономикалық қарым-қатынасында бетбұрыс нүктесі болды. Бұл өзгеріс Иран мен еуропалық елдердің қарым-қатынасынан көбірек әрі әсерлірек байқалды.

Германияның әртүрлі компаниялары, әсіресе «Фулекс» пен «Сименс» сияқты шағын және орта компаниялары Иранға келді. Бұл Германияның Иранмен  қарым-қатынасын  дамытуға ынталы екенін көрсетеді.

Германия канцлерінің орынбасары әрі Экономика министрі Зигмар Габриэль Иранмен байланысты кеңейту мақсатында Германияның 102 экономикалық өкілі мен Бундестагтың  7 мүшесінен тұратын делегацияны бастап, Теһранға келген еуропалық қайраткерлердің бірі болды. Олар Иранмен экономикалық байланыстар мен сауда әріптестігін дамыту жөнінде сұхбаттасу үшін келген болатын.

Германияның Иранға экспорты 1395 жылы 15 пайызға өсіп, шамамен 2,5 млрд еуроға жетті. Иран мен Германияның ортақ ынтымақтастық  комиссиясының бесінші отырысы Германияның  Экономика және энергетика министрінің қатысуымен өтіп, онда 10 меморандум мен ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды.

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі  де машина жасау өнеркәсібіне шетелден инвестиция тартуға жағдай жасау үшін Францияға сапармен барды. Франция, Италия, Аустрия мен Швейцарияның экономикалық делегациялары да Теһранға келіп кетті.

Швецияның Премьер-министрі де 1395 жылдың соңғы айларында 40 маңызды сауда компаниясының өкілдерінен тұратын саяси және сауда делегациясын бастап, Теһранға келген жоғары лауазымды басшылардың бірі болды.

Швецияның Премьер-министрі Стефан Левен Ислам революциясының жетекшісімен кездесті. Хазірет аятолла Хаменеи осы кездесуде: «Швеция Иранмен ертеден байланыста болғандықтан халық арасында жақсы танылған. Халықтардың бір-біріне оң көзқарасы ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай жасайды»,-деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі соңғы 1,5 жылдың ішінде кейбір еуропалық елдердің делегацияларының Теһранға келіп, келіссөздер жүргізгеніне тоқталып, бұл келісімдердің көбінің орындалмағанын еске салды. Сондықтан Швецияның Премьер-министріне: «Сіздің амал-әрекеттің адамы екендігіңіз мәлім. Келісімдер тек қағаз бетінде қалып қоймайтындай әрекет ететіндігіңізге үміттенеміз»,-деді.

Airbus әуе компаниясы пен ИИР әуе компаниясы арасында жолаушы тасымалдайтын ұшақтарды сатып алу туралы келісімге қол қойылу «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иран мен Батыс елдері компаниялары арасында орын алған оқиғалардың бірі болды. АҚШ-тың Boeing компаниясымен жасаған осыған ұқсас келісімшарт бойынша 80 ұшақ, соның ішінде 737 модельді 50 ұшақ пен 777 модельді үлкен фюзеляжды 30 ұшақ Иранға тапсырылады деп келісілді. Осы келісімшарт бойынша, 737 модельді ұшақты тапсыру 2021 жылдан басталады, ал 777 модельді 15 ұшақты тапсыру 2 жылдан кейін  басталады. Осы модельдегі 6 ұшақ 2018 жылы, тағы 6 ұшақ 2019 жылы, басқа 3 ұшақ 2020 жылы тапсырылатын болады. Есептеулер бойынша, Иранның жолаушылар тасымалдайтын әуе флотилиясы 400-500 жаңа ұшақты қажет етеді.

Францияның Экономика министрі Мишель Сапен 1395 жылдың соңғы күндері Теһранға келуі бұл елдің маңызды экономикалық серіктесі ретіндегі Иранмен әріптестікті кеңейтуді қалайтынын білдіреді. Осындай жағдайда өткен жылы ИИР Президенті Францияға сапар шекті. Франция Сыртқы істер министрінің Теһранға сапарымен бір мезгілде екі елдің ортақ экономикалық ынтымақтастығы комиссиясының отырысы өткізілді.

Францияның Экономика министрі Мишель Сапен Теһранда Франция мен Иран арасында ұшақ жасау және машина жасау өнеркәсіптері сияқты экономикалық жобалардың орындалғанына тоқталып: «Екі елдің ортақ экономикалық ынтымақтастығы комиссиясының отырысын өткізу екі ел келісімдерінің жақсы ілгерілеп жатқанын көрсетеді. Франция Иранмен Еуроодақ аясында әріптестік жасауға талпынуда»,-деді.  

Иран мен Ресейдің ортақ экономикалық комиссиясының отырысы да Теһранда өткізілді. Ресейлік компаниялар осы отырысқа мемлекеттік сектордан 200-ден астам экономикалық белсенді және жеке сектордан 250 адаммен қатысты.

Бұл комиссияда "Иран мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жол картасы" құжатына екі елдің ортақ комиссиясының басшылары ретіндегі Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак пен Иранның Байланыстар жəне ақпараттық технологиялар министрі Махмуд Ваези тарапынан қол қойылды. Иран мен Ресейдің өткен онжылдықтағы ынтымақтастық үдерісі бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарлама аясында қалыптасты. Бушер атом стансасының іске қосылуы, əрине, шарықтаулар мен құлдырауларға толы болса да, бұл саланың екі елдің əріптестігінде жаңа тарау бола алатынын көрсетті. Сондықтан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін де Иранның атом стансасы саласындағы қажеттігін өтеу бойынша Ресеймен жұмыс жасау көзделген. Бұған қарамастан, соңғы 15-20 жылда Ресей мен Иран өздерінің əлеуеттерін дұрыс пайдалана алмады десе болады. Қазіргі таңда Иран мен Ресей өзара сауда айналымын жылына 2 млрд доллардан асыруды жоспарлап отыр.

Иран əлемдік сахнада да белсенді əрекет етті. Соның ішінде Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономика ұйымының 46-шы отырысында Иранның экономикалық бағдарламаларын баяндауға мұрсат алды. Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф осы отырыста еуропалық елдер мен басқа да қатысушы елдердің басшыларымен кездесіп, Иранның даму мақсаттарын түсіндірді.
ИИР Президенті де БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Иранның аймақтық жəне халықаралық мəселелерге қатысты принциптік ұстанымдары мен санкциялар кезіндегі  Иранның  экономикалық жағдайын баяндады.
Иран 1395 жылы өз экономикасының дамуын арттырып қана қойған жоқ, одан да маңыздысы сауда-экономикалық отырыстар өткізу арқылы  Еуропа, Азия, Латын  Америкасы мен Африка елдерімен өзінің экономикалық байланыстарын дамыта алды.

Иран Президенті саяси-экономикалық мақсаттармен əртүрлі елдерге сапар шекті. Солардың қатарында Армения, Қырғызстан мен Қазақстанға жəне Оман мен Кувейт елдеріне жасаған сапарларын айтуға болады.

Иран 1395 жылы Еуразия экономикалық одағымен әріптестік жасауға бағытталған жаңа қадамдар жасады. Иран Президентінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 13-ші отырысына қатысуы да осы салада жаңа мұрсат тудырды. Осы барыс-келістер аймақ ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер тудырды.

1395 жылда ACG20 ұйымының 20-шы кезеңі Теһранда 21 елдің өкілінің қатысуымен өтті.  

Бұл отырыс Бельгия, Франция, Португалия мен Грециядан келген 25 мүше және мүше емес ұйым мен өкілдің қатысуымен өткізілді. Осы отырыста Иран 20 дауыс жинап, үш жылға ACG20 ұйымының атқарушы комитетіне мүше болып қабылданды. Азия мен Еуропа биржаларының федерациясы 1995 жылы мүше елдер арасындағы нарықта әділетті, тиімді әрі ашық орта қалыптастыру мақсатында құрылған болатын. Иран, сондай-ақ, 1395 жылы өткен бір рәсімде БҰҰ тарапынан 77 тобының төрағасы болып сайланды.

Теһран 1395 жылы Латын Америкасы елдері, соның ішінде Куба және Венесуэламен қарым-қатынасты дамыту үшін жаңа қадамдар жасады. Теһран-Гавана ортақ экономикалық комиссиясының отырысы өткізілді. Венесуэла Президенті мен Иран басшыларының бірнеше кездесуінде ОПЕК мәселелері мен мұнай бағасының төмендеуінен туындаған дағдарыс жайлы кеңестер өткізілді.

Венесуэла Президенті Николас Мадуро Теһранға сапармен келді. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Теһранда Мадуромен кездесіп, мұнайды қару ретінде пайдалану арқылы тәуелсіз елдерге қазіргі қиындықтардың таңылып жатқанына тоқталып: «Кейбір ислам елдері өз мұнайын жауып, сионистік режиммен күресуге шыққан кезде батыс елдері мұнайды саяси тұрғыдан пайдаланды деп сылтауратып, жанжал шығарды. Алайда, өкінішке орай, бүгінде тура сол елдер ОПЕК-тің кейбір мүшелері және біздің аймақтың кейбір елдерімен бірге АҚШ-тың саясаттарымен толығымен үйлесе отырып, мұнайды қару ретінде пайдалануда. Алайда бұл елдердің өздері осы саясаттан зиян шегіп отыр»,-деп еске салды.

Иран көршілес елдермен, соның ішінде Ауғанстан, Пәкістан, Әзірбайжан республикасы және Иракпен қарым-қатынасын дамыту мақсатында да екіжақты және көпжақты әріптестік орнатуға қадам жасады. Осы аяда Иран, Үндістан мен Ауғанстан арасында Чабаһарға инвестиция салу және оны пайдалану туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Әзірбайжан республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Теһранға сапары екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған қадамдардың бірі болды. Осы сапармен бір  мезгілде Астара-Астара темір жол желілерін қосу жобасы орындалды. Бұл желі «Солтүстік-оңтүстік» дәлізінің бір бөлігі болып табылады.

Африка елдерімен де көптеген барыс-келістер орын алды. Алғаш рет  ирандық 120 компания Африканың шығысындағы Найроби қаласында өткен Иранның арнайы көрмесіне қатысып, құрылыс, байланыс және технология, мұнай-газ, мұнай-химия, экотехнология, медицина, фармацевтика, кілем, үй құрал-жабдықтары, азық-түлік пен текстиль өнеркәсіптеріндегі өз өнімдерін жұрт назарына ұсынды.  Осылайша Иран мен Кения арасында өзара танысу мен сауда-экономикалық байланыстардың дамуының басталуы үшін жағдай жасалды.

Зангане, сондай-ақ,  Иранның мұнайды сатуда ешқандай қиындығының жоқтығын айтып: «Мұнайға деген тапсырыс Иранның экспорттауға белгілеген көлемінен әлдеқайда көп»,-деді.

Оңтүстік Африка республикасының Энергетика министрі Тина Джумат-Петерсон 1395 жылдың соңғы күндері әсіресе мұнай саласында әріптестікті кеңейту мақсатында ИИР басшыларымен келіссөздер өткізу үшін  Теһранға келді.

Оңтүстік Африка республикасының Президенті Джейкоб Зума да 2016 жылдың көктемінде  180 адамдық делегацияны бастап Теһранға келіп, ИИР-ның басшыларымен ынтымақтастықты кеңейту жөнінде сұхбаттасты.

Иран Азия бойынша да ең ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі Қытаймен сауда қарым-қатынасымен қоса, Оңтүстік Корея және Жапониямен әртүрлі салаларда, соның ішінде мұнай, мұнай-химия және машина жасау саласындағы байланыстарын кеңейтті. Иран мен Жапония мұнай-химия саласында құны 320 млн еуроны құрайтын келісімшартқа қол қойды. Жапонияның «Юзанс» компаниясы мен NEXI экспорттық сақтандыру компаниясының қолдауымен Парсы шығанағы мұнай-химия холдингі мен Жапонияның «Марубени» компаниясы арасында осы келісімшартқа қол қойылды.  Жылына 60 млн тонна әртүрлі мұнай-химия өнімдерін шығаруға қабілетті Иран бұл көлемді алдағы 9 жылда 120 млн тоннаға ұлғайтуды көздеп отыр.

Жалпы алғанда өткен жыл Иранның экономикасы мен экономикалық дипломатиясы үшін белсенді жыл болды. Алайда  жақсы нәтижелерге жетіп, экономикалық түйткілдерді жою үшін әлі де көбірек талпыныс жасау қажет.