Ауғанстандағы саяси партиялар мен топтар 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i25914-Ауғанстандағы_саяси_партиялар_мен_топтар_1
Ауғанстан көптайпалы мемлекет саналады. Сондықтан ұлт және үкімет деген ұғымдар бұл елде әлі күнге дейін дұрыс қалыптаспаған. Алайда, бұған қарамастан, Ауғанстандағы саяси және діни партиялар мен топтардың тарихы тереңде жатыр. Ауғанстанның саяси кеңістігін жақсылап танып-білу үшін «Ауғанстандағы саяси партиялар мен топтар» атты төрт бөлімнен тұратын бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 09, 2017 11:06 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы саяси партиялар мен топтар 1

Ауғанстан көптайпалы мемлекет саналады. Сондықтан ұлт және үкімет деген ұғымдар бұл елде әлі күнге дейін дұрыс қалыптаспаған. Алайда, бұған қарамастан, Ауғанстандағы саяси және діни партиялар мен топтардың тарихы тереңде жатыр. Ауғанстанның саяси кеңістігін жақсылап танып-білу үшін «Ауғанстандағы саяси партиялар мен топтар» атты төрт бөлімнен тұратын бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл топтаманың алғашқы бөлімінде Заһер шах билігі басынан джиһад кезеңіне дейінгі Ауғанстандағы саяси партиялар мен топтарды қарастырамыз.

Надер шахтан кейін оның ұлы Мұхаммад Заһер Ауғанстан патшасы болып билік басына келді. Бірақ Мұхаммад Заһер тым жас болғандықтан, шын мәнінде елдегі билік тізгіні премьер-министр қызметін атқарған оның ағасы Сардар Мұхаммад Һашем Ханның қолында болды. Оның Заһер шах пен оның қамқорлық жасап жүрген қоршаудың арғы жағындағы пуштулардың автономдығы мәселесіне байланысты арадағы қайшылықтары Һашем Ханның өз орынын ағасы шах Махмұд Ханға беруіне себепкер болды. Ол Заһер шахтың Пакистандағы пуштулардың дербестігіне қатысты ұстанымын қолдады. Дәл осы мәселе кейін Пакистан мен Ауғанстан арасында қайшылық тудырды.

Махмұд Хан шахтың билігі тұсындағы баспасөз бостандығының шектелуі Ауғанстандағы саяси солшыл және коммунисттік топтардың дамуына қолайлы жағдай жасады. Бұл кезеңде "Халық" және "Ватан" секілді солшыл топтар пайда болып, әрекет бостандығына ие болғандықтан, тез етек жайды. Коммунисттік режимнің алғашқы басшысы Нұр Мұхаммад Тараки «Виш Зальмеян» (Ояу жастар) атты солшыл топтың мүшесі болған. Ал "Халық" және "Ватан" топтарына Махмуди және Мирғолам Мұхаммад  Ғабар деген адамдар жетекшілік еткен. Кабул университетінде де «Оқушылар одағы» атты саяси топ құрылған еді. Бұл одақта коммунисттер, соның ішінде Бабрак Кармал мен Хасан Шарқ зор ықпалға ие болған.

«Халық» және «Парчам» партия мүшелерінен құрылған таратылып кеткен демократиялық «Халық» партиясы Кеңес одағына тәуелді болған. Оның басты бағытын Мәскеу қадағалап отырған. «Парчам» партиясының мүшелері мен қолдаушылары 1973 жылы Дәуіт Ханмен ынтымақтастық жасаудың арқасында олардың билігі кең тарап, Кеңес одағының Ауғанстандағы ықпалының бұрынғыдан бетер артуына қолайлы жағдай жасады. Сол кезде Мәскеу АҚШ-тың аймақта, әсіресе Ауғанстандағы ықпалының алдын алу үшін солшыл және коммунисттік топтардың дамуын қадағалап, сол топтарды Батыстың ықпал ету жолының алдын алу құралы ретінде пайдаланған.

Кармал мен басқа да солшылдардың жетекшілігімен Ұлттық кеңес Мәжілісінің сегізінші сессиясының аралық сайлауындағы Махмұди мен Ғабардың жеңілісіне наразылық білдіру ретінде х.қ.ж.с.б. 1331 жылы Кабул қаласының көшелерінде алғашқы наразылықтар толқыны өткен болатын. Бұл наразылық шерулері Ғабар, Махмуди мен басқа да бірнеше азаматтың құрықталуымен аяқталған. Сол кезеңде кенеттен Махмұд Хан шах та премьер-министр қызметінен кетіп, Сардар Мұхаммад Дәуіт Хан төңкеріс жасау арқылы оның орнына билік басына келген еді. Мұхаммад Дәуіт билікке келгеннен кейін елде тағы саяси тұншықтыру құбылысы орын алып, сөз және баспасөз бостандығы салыстырмалы түрде жойылды деуге болады. Бірақ солшылдар мен коммунисттік топтарды үйлестіру мен дамуының алдын алу іске аспады. Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы пуштуларға қатысты текетірестердің шиеленісуі Кеңес одағының Ауғанстандағы позициясының бұрынғыдан бетер күшеюіне себеп болды. Осылайша, Дәуіт Ханның билігі кезінде, нақтырақ айтсақ, 1956 жылдың желтоқсан айының он бесінде Кремльдің екі ықпалды жетекшісі Никита Хрущев пен Николай Булганин Кабулға сапармен келген еді.

Дәуіт Ханнан кейін, Заһер шахтың бұйрығымен Мұхаммад Юсеф, Мұхаммад Һашем Мейвандвал, Нұр Ахмад Этемади, Абдул Заһер және Мұхаммад Мұса Шафиқтен тұратын министрлер кабинеті құрылды. Мұхаммад Юсеф премьер-министр қызметін атқарған кезеңде шахтың бұйрығымен 1342 жылы баспасөз бостандығы мен саяси әрекеттер бостандығы мәселелері қарастырылған жаңа Конституцияның мәтіні әзірленген болатын. АҚШ 1336 жылы Кабул университетін ашуға қаржылай көмек ретінде 1 миллион 600 мың доллар бөліп, Ауғанстан үкіметімен ынтымақтастық жасауға мүдделік танытқанына қарамастан, Кеңес одағы қолдауының арқасында Ауғанстандағы саясат алаңындағы жалғыз билеушілер бұрынғысынша солшылдар болып қала берді. Бұл кезеңде «Афған меллат"  атты социал-демократиялық партиясы құрылды. Оның жетекшісі «Папа» деген лақап атпен белгілі Ғолам Ахмад Фархад болды. Оның көздегені Ұлы Ауғанстан мемлекетін құру еді. Ғолам Ахмад Фархад Ауғанстанға Пәкістан, Иран және Кеңес одағының белгілі бір бөліктері тиесілі және олар қайтарылуы тиіс деген көзқарасты ұстанды. Бұл социал-демокартиялық партия тек ұлттық шектегі ойлар пен пікірлерді негізге алған еді.

Хафизолла Әминнің жетекшілігімен "Халық" партиясынан бөлініп, "Сетаме мелли" деген атпен белігілі "Махфале энтезар" партиясы құрылды. Бұл партия пуштулардың үстемдік етуіне қарсы болды. Олар өздерін диқандар мен ауыл тұрғындарының және хазаралардың жақтастары деп санады. Сол кезеңде, яғни Заһер шах билігі кезінде Қытай да маоизм идеологиясын тарату арқылы өз ықпалын күшейтуді көздеген еді. Жаңадан құрылған демократиялық партия "Шоалее джавид" атты басылым шығарады. Осылайша, маоизм идеяларын жариялап, тарата бастады. "Ауғанстанды босату" атты ұйымы да марксистік-маоизмдік партия саналатын. Бұл ұйымның негізін 1973 жылы Фейз Ахмад қалаған еді. Бірақ бұл партия орыстарға қарсы позиция ұстанып, "Халық" және "Парчам" партияларымен күресті. "Ауғанстанды босату" ұйымы "Шоалее джавид" партиясынан бөлініп шыққан партия болатын. Бұл ұйым екі майданда соғыс жүргізді. Бір жағынан "Хезбе ислами" мен "Джамияте ислами" атты екі исламдық партияламен күрессе, екінші жақтан Кеңес одағына қатысты партиялармен қарсыласты. Ауғанстандағы "Шоалее джавид" партиясынан бөлініп шыққан Ауғанстанның комунистік-маоистік партиясы да АҚШ-тың Ауғанстандағы ықпалымен күресу мақсатында құрылған болатын.

"Ауғанстан халық-демократиялық партиясы" (АХДП) да Заһер шах билік еткен кезде пайда болған солшыл партиялардың қатарына жатады. Оның негізін Махмұд Бенаияли мен Ауғанстанның бұрынғы премьер-министрі Сұлтан Әли Кештманд қалаған. Бұл партия 1991 жылы таратылып, соның негізінде жиырмаға жуық партия құрылған болатын. Бұл кезеңде исламдық партиялар да Кеңес одағы мен оның белгілеген үкіметінің ықпалымен күресу мақсатында құрылған еді. Себғатолла Моджадади мен Бұрһанаддин Раббани осы күрестің алдыңғы қатарында болған белсенді қайраткерлер саналады. Себғатолла Моджадади 1338 жылы Дәуіт Хан билігі кезінде Кеңес одағының Комунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы (КСРО ОК) Никита Хрущевқа қарсы әрекеттер жасады деген айыппен құрықталып, төрт жарым жыл абақтыға қамалған болатын. Себғатолла Моджадади түрмеден босатылып шыққаннан кейін Заһер шахтың бұйрығымен оны алдымен Мысырға, сосын Сауд Арабиясына жер аудартып жіберген. Кейін 1351 жылы ол "Джамиятуль уламайе мохаммади" атты діни ұйым құрды. Ал 1352 жылы Ауғанстанда төңкеріс болып, Мұхаммад Дәуіт билік басына келгенде Моджадади Ливияда болған еді. Арабстанда біраз уақыт болып, Моджадади Данияға аттанады. Онда Скандинавия исламдық-мәдени орталығын құрды. Кейін дәл осы орталық Ауғанстандағы исламдық партияларды біріктіруде маңызды рөл атқарды. Себебі, жетілік коалицияның ең маңызды тірегі ақырында моджаһедтердің жеңіске жетуімен аяқталып, Моджадади екі айлық мерзімге Ауғанстанның алғашқы президенті болып тағайындалды.

Бұрһанаддаин Раббани 1351 жылы "Джамияте ислами" партиясының негізін қалады. Бұл партия 1336 жылы Кабул Шариғат университетінде құрылған "Мұсылман жастарының қозғалысы" партиясынан бөлініп шыққан тәжік этникалық тобына тиесілі болды. Оның негізін қалаушылар – Мұхаммад Ниязи мен Мұса Тавана және университеттің бір топ оқытушылары. 1353 жылғы Мұхаммад Дәуіт үкіметі тарапынан қысым жасау салдарынан Раббани мен партияның белсенді мүшелері Ауғанстаннан Пәкістанға кетті. Басқа жағынан, Ауғанстан үкіметімен суық қатынас ұстанғаны үшін Пәкістанның "Халық" партиясы тарапынан қолдау тапты. Раббани қарулы күреске қарсы болғандықтан, Арабстанға кетуге мәжбүр болды. Ал Ауғанстанның "Джамияте ислами" партиясы Ихван әл-Муслимин  атты мысырлық қауымдастықтың ықпалында болды.

"Хезбе ислами" партиясын 1977 жылы Гүлбеддин Хекматяр құрған болатын. Бұл партия Дәуіт Ханның социалистік билігі мен  Халықтық-демократиялық партияның басшылығына қарсылық білдірді. "Исламдық партияның" қаржылай және саяси қолдаушылары Пәкістан мен Сауд Арабиясы болды. "Исламдық партия" Ауғанстанның шығысы, Құндұз және Имам Саһеб аймағының солтүстік бөлігіндегі пуштулар мекен ететін аймақтарда әрекет етті.

"Ауғанстан ұлттық исламдық майданы" – Пир Сейіт Ахмад Гиланидің басшылығымен 1357 жылы Пәкістанда құрылған Ауғанстандағы исламдық партиялардың бірі. Бұл саяси-әскери ұйым Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясының билік басына келіп, бұл елде комунистік үкімет құрылғаннан кейін пайда болды. "Ауғанстан ұлттық исламдық майданы" көбінесе орта жолды әрі ұстамды исламшыл көзқарасты ұстанатын Ауғанстан пуштулары мен сопылық қадирия тариқат жолын ұстанушылардан құралған еді. Кейінн бұл партия моджахидтердің қатарына қосылып, Кеңес одағы әскерінің басқыншыларымен соғысты.

Ауғанстандағы жиһад кезеңіндегі басқа да белсенді партиялардың реті төмендегідей: "Ауғанстан ынтымақтастық партиясы" – "Мәңгілік алау" ағымының бір бөлігі саналатын комунистік бағыттағы партия. Партияның негізін қалаған Абдулхалеқ Немат.

"Ауғанстанның түсіністік және демократия" партиясы – Ауғанстандағы комунистік режиммен ынтымақтастық жасаған комунистік бағыттағы партия. Партияның жетекшісі – Ахмад Шаһин.

"Ауғанстан халқының әл-ауқаты" партиясы – Ауғанстандағы комунистік режиммен ынтымақтастық жасаған зайырлы үдерісті жақтаушы партия.

"Ауғанстан халық жолдауы" партиясы – комунистік бағытты ұстанған зайырлы ағымдағы партия. Партия жетекшісі – Нұр Ағаруини.

"Ауғанстанның ұлттық бірлік" партиясы – исмаилидтік ағымдағы зайырлы көзқарасты ұстанған саяси партия. Бұл партия да Ауғанстандағы комунистік режиммен ынтымақтастық жасаған. Партияның басшысы – Сейіт Мансұр Надери.