АҚШ: Ішкі өзгерістер мен қоғамдағы қайшылықтар
АҚШ-тың соңғы президенттік сайлауы бұл елдің саяси және қоғамдық жарықтарын одан сайын әшкереледі. Президенттік сайлау үміткерлерінің әсіресе республиканшыл партияның үміткері Дональд Трамптың сайлауда жеңіске жету талпыныстары бұл жарықтарды тереңдетті. Не дегенімен дәл осы жарықтар республиканшылар үміткерінің сайлауда жеңіске жетуіне себеп болды. Бірақ сайлау науқанының айқталып, Трамптың жеңіске жетуі бұл жарықтар мен қайшылықтарды шеше алмады.
АҚШ-тың ең маңызды қоғамдық проблемасына этникалық бірдейліктің болмауы жатады. АҚШ мигранттардан құрылған мемлекет болып саналады. Бұл мемлекетте әртүрлі халықтар мен діндердің өкілдері өмір сүреді. Қоғамды пікірлерге қайшы бұл жердегі этностар мен діндер өкілдері «үлкен америкалық қазанда» бір бірімен араласып кете алмады. Топтардың бірі АҚШ-тың үстем мәдениеті ақ нәсілді ағылшын саксон протестанттардың айналасында шоғырлануы керек. Бұл топтың көзқарасынан этникалық бірдейлікті бұзатын әр әрекетті қабылдамай айыптау керек. АҚШ президенттік сайлау кезінде Дональд Трамп бұл елдегі бір мәдениеттік жүйені қолдайтын консерваторлардың дауысына ие болу үшін этникалық бірдейлік мәселесін көтеріп, сайлауда жеңіске жетсе заңсыз мигранттарды АҚШ-тан шығарып, бұл жерге мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы уәде берді. Оның бұл уәделері нәсілшіл және ксенофобия ұстанымдарын ұстанатын ағымдарға ұнады. Сөйтіп АҚШ-та бірнеше нәсілдік идеологияны жақтайтындарды алаңдатты. Бұл топтың пікірінше АҚШ өзінің құдыреті мен экономикалық-ғылыми жетістіктеріне мигранттарға әсіресе өмір сүру үшін АҚШ-ты таңдаған басқа елдердің ғалымдары мен мамандарына борыштар. Сондықтан егер жаңа мигранттардың бұл елге кірулеріне тыйым салынса, қазіргі кездегі құдыретті қарсыластарымен бәскесін жалғастыру мүмкіндігінен айырылады. Сонымен бірге заңсыз мигранттар немесе АҚШ-та өмір сүргілері келетіндердің тағдыры басқа елдерден көшіп келген милииондаған америкалық пен олардың жанұяларының тұрмысына теріс әсерін тигізеді. Осыған орай Дональд Трамптың жеті мұсылман елдің азаматтарына АҚШ-қа сапар шегуіне тыйым салу шешімі қоғамның қарсылығына ие болып, АҚШ Федерал соты бұл шешімді іске асырмау туралышешім қабылдады. Трамптың сапарларға тыйым салу шешімінен артқа шегінуі АҚШ-тағы этникалық бірдейлік жарығын дұрыстай алмайды. Өкінішке орай жақын арада бұл жарық одан сайын тереңдеп, бұл елдегі қоғамдық тұрақсыздыққа себеп болуы мүмкін. 2016-шы жылдың қараша айында өткен АҚШ президенттік сайлауы бұл елдің қоғамың екі топқа бөлді. Бір жақта демократтардың үміткері Хилари Клинтонды немесе Дональд Трамптан басқа адамды жақтаған көрнекті тұлғалар орналаса, басқа жақта саяси және экономикалық көрнекті тұлғалардың наразылықтарына қарамастан Дональд Трампқа даус бергендер болды. Халық дауысы тұрғысынан Трамп АҚШ халқының көпшілігі сайалаған адам емес. Не дегенімен сайлау нәтижесінде президенттік орынға ие болған адам тіпті партиялардың көбінің арасында көпшілік дауысқа ие бола алмады. Бұл сайлау экономикалық және қоғамдық мәселелерге қатысты халықтың көрнекті қайраткерлерін қолдау деңгейі төмендеп, олардың арасында терең жарықтың пайда болғанын көрсетті. АҚШ-та әсіресе ақшасы көп адамдар ғана билік басына жете алады. АҚШ-тың қазіргі саяси жүйесі қаржы олигархия жүйесі деп танымал және бұл жүйені алпауыт олгархтер басқарады. Билік басындағылар өндірісті және баспасөз құралдарды өз бақылауында ұстап, қоғамдық пікірді өз мүдделеріне қарай бұра алады. 2008-ші жылдың экономикалық дағдарысы АҚШ олигархтарының іскерлігіне шынайы күмән тудырып, халықтың бұл топқа наразылық білдіруіне себеп болды. трамп сайлауда жеңіске жету үшін кірісі төмен және кедей адамдардың олигархтарға қарсы сенімсіздігі мен наразылықтарын арттырды. Бұл топ Трамптың саяси-экономикалық олигархиялық кландарды қолдайтын республиканшылардың үміктері Хилари Клинтонға қарсы сөз шабуылын риза болып, билік көне саясат жүргізушілердің қолынан шығады және халық өз тағдырын шешетін болады деп үміттенді. Бұл үміттер басқалардан бұрын барлық ауылдар мен мегаполистердің аймақтары және АҚШ саясатынан үмітсіз қалғандардың арасында анық байқалды. Олигархтар мен наразы адамдардың дауында өзін өзгерістер қаһарманы және бұзақылықтармен күресуші деп таныстырған Дональд Трамп жеңіске жетті. Осы кезде Трамптың президенттік міндетіне кірісуінен екі ай өткен кезде қалыптасқан жүйені өзгерту туралы уәделерінің көбінің халықтың мүддесіне болмағанын және қаржы олигархтардың АҚШ-ты билеуді жалғастырып отырғандарын көруге болады. Қоғамдық және этникалдың бірдейлік мәселесіндегі жарықтармен бірге АҚШ саяси проблемалармен де бетпе-бет келуде. Бұл проблема 216-шы жылдағы президенттік сайлаудан кейін одан сайын күшейді. АҚШ-тың кейбір штаттары, мәселен Калифорния орталықтан кеткісі келеді. Президенттік сайлауда мигранттарға қарсы және нәсілшіл ұрандар айтқан консерваторлар үміткерінің жеңіске жетуі либералдық калифорния штатының алаңдауына себеп болды. Осы кезде халқы көп бұл штат АҚШ-тан бөлінуді талап етіп, жүздеген мың халқының қолтанбасын жинады. Калифорнияның бөлінуін қолдаушылар көптеген қолтанба жинап, тәуелсіздік алу туралы референдум өткізуге үмітті. Бұл топ Калифорнияның байлығы АҚШ-тың басқа аймақтарына жұмсалады деп саанйды. Осыған орай Калифорнияның көптеген азаматтары АҚШ-тан бөлініп, штаттарың жылдам алға ілгеруге жеткізеді деп сенеді. Алайда осы кезде орталықтан бөлінгісі келетін Калифорния немесе басқа штаттардағы күштердің бұл елдің террриториялық біртұтастығына қатер тудыра алатындай емес деген ой туады. Не дегенімен АҚШ-тың саяси кеңістігінің полюстік болуы және қоғамдық жарықтардың тереңдеуі екінші рет бұл елді жіктеу мәселесіне тіреуі мүмкін. Республиканшылардың президенттік сайлау мен Конгресте бір уақытта жеңіске жетуі АҚШ билігі бір дауысты болды деген ой туады. Трамп осы кезде Федерал жоғары сотының жаңа мүшесін сайлап, АҚШ сот органдарында консерваторлардың билігін қалыптастыра алады. Алайда Трамптың жеті елдің мұсылмандарына АҚШ-қа кіруге тыйым салу туралы бұйрық беруі бұл елдің билік күштерінің арасындағы ежелден келе жатқан дауды одан сайын әшкереледі. Даудың бір жағында атқарушы күштің басшысы яғни президент қоғамға мигранттарға қарсы жаңа саясатты енгізгісі келді. Екінші жақтан бірнеше сот президенттің бұйрығын іске асыруды тоқтатты. Келешекте бұл жарық тереңдеп, Ақ үй мен Федерал соттары арасындағы соғыс Ақ үй мен Конгрес арасындағы қайшылықтарға әсер етуі мүмкін. Кірістер айырмашылығы АҚШ қоғамының келесі пробламсы саналады. Өткен жылдарда әсіресе 2008-ші жылдағы қаржы тоқыраудан кейін АҚШ қоғамының ең бай және кедей таптарының арасындағы қашықтық артты. Мәліметтер бойнша АҚШ-тың ең бай 400 отбасының байлығы бұл 320 миллиондық халқының жартысының мүлкіне тең. Сонымен бірге әлемдегі ең бай жеке азаматтары мен компанияларға ие мемлекетте 45 миллионнан артық халқы кедейшілікте өмір сүреді және 20 миллионнан астамы медициналық сақтандыру қызметін пайдалана алмайды. Экономикалық және қоғамдық салалардағы мұндай теңсіздіктер кең ауқымды наразылықтарға себеп болды. АҚШ-тағы бұзақылық пен таптық айырмашылықтарға қарсы ұстаныммен «Уолл Стритті басып ал» деген қозғалыс басталған болатын. Бұл қозғалыс АҚШ-тағы әділетсіз қарым-қатынастарды өзгерте алмағанымен бұл елдің қоғамдық пікірінің назарын кемсітушілік, әділетсіздік пен біліксіздікке аудартты. 2016-шы жылдағы президенттік сайлау науқаны кезінде экономикалық теңсіздікке қарсылардың біразы бұзақылыпен күресу, ұлттық өнімді нығайту және жаңа жұмыс орындар ашу туралы уәде берген Дональд Трамптың айналасына жиналды. Дональд Трамп наразылардың саяси, экономикалық және қоғамдық салалардағы талаптарын шешетін сындарлы жолдарды жылдам ұсынады деген уәде берді. Трамптың билік басына келуінен тек екі ай өткен жағдайда АҚШ Президентінің өз мақсаттарына жетуі немесе бетпеуі туралы айту – әлі жылдам. Трамп үкіметінің салық заңдарын компаниялардың мүдделеріне өзгерту және қоғамдық әділет орнату бағдарламалары қиындықтарға тірелуде. Қорыта айтқанда АҚШ үдерісі жаңа жырқтардың пайда болып, көне жарықтардың тереңдеуін көрсетеді. Бұл теңсіздіктерді шеше алмау немесе оларға мән бермеу келешекте дағдарысқа тірелу немесе наразы топтардың Трамп үкіметінің мәселені шешуіне үмітсіз қалуына әкеле алады. Мұндай жағдайда кейбір пікірталастар сайлауға қатыспай шешілуі мүмкін.