Ауғанстандағы саяси партиялар мен топтар (2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i26000-Ауғанстандағы_саяси_партиялар_мен_топтар_(2)
Осы топтамамыздың алдыңғы бағдарламасында джиһад кезеңіне дейінгі Ауғанстандағы саяси және діни партиялар мен топтар жайлы баяндаған болатынбыз. Бүгінгі бағдарламамызды джиһад кезеңіндегі, яғни Кеңес үкіметінің Қызыл әскері Ауғанстан жерін басып алған кезеңде пайда болған исламдық партиялар мен топтар жайлы сөз қозғаймыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 12, 2017 11:17 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы саяси партиялар мен топтар (2)

Осы топтамамыздың алдыңғы бағдарламасында джиһад кезеңіне дейінгі Ауғанстандағы саяси және діни партиялар мен топтар жайлы баяндаған болатынбыз. Бүгінгі бағдарламамызды джиһад кезеңіндегі, яғни Кеңес үкіметінің Қызыл әскері Ауғанстан жерін басып алған кезеңде пайда болған исламдық партиялар мен топтар жайлы сөз қозғаймыз.

Ауғанстандағы исламдық партиялардың басым бөлігі осы кезеңде пайда болған. Бұған дейін "Ұлттық исламдық қозғалыс", "Хезбе ислами"  мен "Джамияте ислами" секілді исламдық партиялар пайда болып, әрекет еткен. Бұл партиялардың басты мақсаты коммунистік партиялар мен марксистік және социалистік идеялар мен Наджиболла үкіметімен күресу болды. Ал х.ш.ж.с.б. 1371 жылы Наджиболланы билік басынан құлатқаннан кейін Кабулға моджаһедтер келді.

Мәскеудің қолдауы және Қызыл әскер басқыншыларының Ауғанстанда орналасуының нәтижесінде бұл елде марксистік және коммунистік саяси партиялардың белсенді болуына қарамастан, джиһад кезеңінде Пәкістан мен қауіпсіздік ұйымдары, әсіресе АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Ауғанстанның өзгерістер сахнасына келгеннен кейін Кеңес үкіметінің Қызыл әскері басқыншыларымен күресу мақсатында исламдық топтарға қолдау көрсету арқылы «джиһад» деген атпен көптеген исламдық партиялар мен топтар құрылды. Бұрыннан келе жатқан исламдық партияларбұрынғыдан бетер күшейе түсті.

Джиһад кезеңіндегі ең маңызды исламдық партиялардың бірі Бурһанаддин Раббани басқарған "Джамияте ислами" партиясы болды. Бұл партияның мүшелерін радикалды исламдық көзқарасты ұстанатын тәжіктер құрады. Аталмыш партия басқа исламдық партиялармен біріге отырып, басқыншылармен күресті.

Ауғанстанның "Ұлттық исламдық қозғалысы" генерал Абдурашид Дустамның басшылығымен х.ш.ж.с.б. 1371 құрылды. Бұл партияның мүшелері өзбектер мен түркімендер болды. Ауғанстанның солтүстігінде пайда болды. Дәл сол жылы партия Балх облысының орталығы Мазаре Шариф қаласын басып алды. Содан кейін басқа исламдық топтардың көмегімен Наджиболла үкіметін билік басынан құлатып, Кабулға келді. Ауғанстанның "Ұлттық исламдық қозғалысы" коммунистік режимнің билік еткен заманы мен Кеңес үкіметінің Қызыл әскерінің басқыншылығы кезеңіндегі өзінің күрестері кезінде әртүрлі коалицияларға қатысты.

Бұл партия алдымен Бурһанаддин Раббанидің партиясымен бірікті. Алайда кейін оның оппозициясына айналып, х.ш.ж.с.б. 1377 жылы Мазаре Шарифті өз бақылауына алды. Кейін олар қысқа мерзім аралығында Талибандарға қосылып, Ахмад Шах Масудқа қарсы шығып, кейін қайта Раббани мен Шах Масудтің жағына шықты. Ауғанстанның "Ұлттық исламдық қозғалысы" исламдық топтармен біріге отырып, 2001 жылы Талибандар режимін биліктен құлатуда маңызды рөл атқарды. х.ш.ж.с.б. 1357 жылы Мұхаммад Асиф Мохсенидің басқаруымен "Ауғанстан исламдық қозғалысы" атты исламдық-шиіттік ағымдағы партия құрылды. Бұдан басқа, партияның Орталық Кеңес басшысы сейіт Мұхаммад Әли Джавид, ал 19 облысында 100 әскери базасы орналасқан партияның әскери қолбасшысы сейіт Хусейн Анвари болды.

"Ауғанстан исламдық қозғалысы" "Исламдық бірлік" партиясымен коалиция құрмаған джиһадтық партиялардың бірі саналады. "Ваһдате ислами" партиясы х.ш.ж.с.б. 1368 жылы Абдул Әли Мазаридің басшылығымен құрылған болатын. Бұл партия Иранда пайда болған сегіз партиямен бірлесе отырып, тоғыз түрлі партиядан тұратын колиция құрды. Партияның атақты қайраткерлерінің қатарына Садық Нили сейіт Абдулхамид Саджади, Мұхаммад Моһақеқ, Кәрім Хәлили мен Мұхаммад Акбариді жатқызуға болады. Кейін "Исламдық бірлік"  партиясы бірнеше топтар мен фракцияларға бөлініп кетті. Олар – Хәлили, Моһақеқ, Акбари, Құрбан Әли Эрфани мен Әли Каземидің фракциялары. "Исламдық бірлік" партиясындағы Кәрім Хәлилидің фракциясы джиһадқа қатысқан хазара тайпасынан құрылды. Осы партияның құрамындағы Хаджи Мұхаммад Моһақеқтің тобы зайырлы көзқарасты ұстанатын джиһадқа қатысқан хазар тайпасынан құралды.

Джиһад кезеңіндегі басқа да исламдық партиялар мен топтардың қатарына Пир Сейіт Ахмад Гилани басқарған "Ауғанстан ұлттық исламдық майданын" жатқызуға болады. Пуштулар мен сопылық «Қадирия» тариқат жолын ұстанушылардан құралған бұл партия 1985 жылы Пишавардағы Кеңес үкіметінің Қызыл әскеріне қарсы және елдегі басқыншылықты доғару мақсатында сегіз коалициялық партиядан құрылған еді.

Ауғанстанның басқыншылығы мен джиһад кезеңіндегі бұл елдегі өзгерістерге ықпал еткен басқа исламдық партиялардың қатарына 1977 жылы Гүлбеддин Хекматярдың басшылығымен құрылған «Пуштулар партиясы» деген атпен белгілі болған "Хезбе ислами" партиясын жатқызуға болады. Екі жылдан соң "Исламдық» партиядағы Юнес Халестің фракциясы Хекматярдың партиясынан бөлініп шықты. Ал Ауғанстанда моджаһедтердің үкіметі құрылғаннан кейін, Хекматяр моджаһедтердің алғашқы премьер-министрі болып тағайындалды. Хекматяр "Исламдық партияда" қызмет еткен жылдары түрлі коалицияларға қатысты. Талибан режимі құрылғаннан кейін "Исламдық партияның" көптеген мүшесі талибандардың гильджи немесе гильзаи тайпасынан шыққандықтан, осы топқа қосылды.

Ауғанстандағы джиһад кезеңіндегі басқа да маңызды исламдық партияларының ішінен Абдул Раби Расул Саяф жетекшілік еткен "Танзиме давате ислами") атты радикалды исламдық-сүннит ағымын ұстанатын пушту тайпасынан құралған партияны атауға болады. Бұл партия джиһад кезеңінде "Исламдық одақ" атымен белгілі болған. "Танзиме давате ислами" Парван облысында белсенді болған партия саналады.

Джиһад кезеңінде маңызды рөлге ие болған басқа партиялардың бірі – сүниттік жеті партиядан құралған Ауғанстанның "Ислам революциялық әрекеті" партиясы. Оның жетекшісі Моулави Мұхаммад Наби болды. Партияның мүшелері пушту тайпасынан құралған. Ал партияның әрекет ету аймағы елдің шығыс бөлігі мен Джалал Абад болды.

Кеңес үкіметінің Қызыл әскерінің Ауғанстандағы басқыншылық әрекеттерімен күресу мақсатында бұл елде белсенді исламдық партиялардан құралған екі коалиция пайда болды. Пәкістанның Пишавар қаласында моджаһедтердің жеті түрлі партиясынан коалиция құрылды. Коалиция құрамында "Джамияте ислами" партиясынан басқасының бәрі пуштулерден құралған еді. Саяси көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, Раббани жетекшілік еткен "Джамияте ислами" партиясы, "Исламдық партиядағы" Хекматярдың фракциясы және Юнес Халестің фракциясы мен Расул Саяф жетекшілік еткен "Исламдық одақ" партиялары саяси ислам мен шариғат заңдарына негізделген үкімет құруға сенген.

Ал Пир Ахмад Гилани басқарған "Ұлттық исламдық майданы", Себғатолла Моджадади жетекшілік еткен "Ұлттық құтқару майданы", Мұхаммад Наби Мұхаммади басшылық еткен "Ислам революциясы әрекеті" дәстүрлі діни ағымдағы партиялардың қатарына жатты. Бұл партиялар Ауғанстанның тақтан тайдырылған патшасы Заһер шах үкіметімен жақсы қарым-қатынаста болған еді.

Осы коалициядан бөлек, сегіз партиядан тұратын Теһран коалициясы пайда болды. Олардың көпшілігі хазар тайпасынан шыққан шиіттік моджаһедтерден құралған еді. Басқыншыларға қарсы тұрған шиіттерден құралған бұл сегіз партияның қатарына жетекшісі қари Ахмад Әли болған Ауғанстан "Хезболласы", Мұхаммад Хусейн Садеқи мен Абдуали Мазари жетекшілік еткен "Наср" ұйымы, шейх Акбари басқарған "Ауғанстан Ислам революциясының Сақшылар корпусы", сейіт Әли Беһешти басшылық еткен "Ислам революциялық кеңесі", Насролла Насур жетекшілік еткен "Ислам революциясы қозғалысы", сейіт Асиф Моһсени  мен шейх Садық Һашеми басқарған "Ауғанстан ислам қозғалысы", жетекшісі Мосабеһ Саде болған "Ислам күрескерлерінің одағы" мен Абдул Джафар Надери мен Исмаил Балхи жетекшілік еткен "Раад" партиялары кірді.

Абдуали Мазари 1989 жылы "Ваһдате ислами" партиясын құрғаннан кейін, шиіттік партиялардың көпшілігі оның партиясына қосылды. Содан кейін "Ваһдате ислами" партиясы Ауғанстандағы хазар тайпасының негізгі өкілі ретінде танылды.

Кеңес үкіметінің Қызыл әскері тоғыз жыл бойы Ауғанстан жерін басып алып, өз иелігінде ұстап отырды. Х.ш.ж.с.б. 1358 жылы дей айының үшінде Кеңес үкіметінің басшысы Леонид Брежневтің бұйрығымен бұл державаның қырқыншы әскері Ауғанстан жеріне басып кірген еді. Ал Кеңес үкіметінің соңғы жетекшісі Михаил Горбачевтің кезінде, х.ш.ж.с.б. 1367 жылы ордибеһештің жиырма бесінде Кеңес үкіметі әскері артқа шегініп, әскердің соңғы тобы х.ш.ж.с.б. 1367 жылдың баһман айының жиырма алтысында Ауғанстан территориясынан толығымен шығарылды.

Кеңес үкіметінің Қызыл әскерінің Ауғанстан жерінде жеңіліс табуы бұл елдегі екінші алып державаның жеңіліске ұшырауы саналады. Бұған дейін 19 ғасырдың соңында Ұлыбритания да жеңіліске ұшыраған еді. Ауғанстандағы Кеңес үкіметінің Қызыл әскеріне қарсы соғыс салдарынан бір миллионнан астам адам қаза тауып, 5 миллионға жуық адам басқа елдерге бас сауғалап, босқынға айналып, ал жүз мыңдаған адам жарақат алды.

Кеңес үкіметінің басқыншыларымен соғысқан "моджаһедтер" деп атанған исламдық топтар мен партиялар аймақтық және аймақтан тыс әртүрлі мемлекеттер тарапынан қаржылай және әскери көмек көріп отырды. Ауғанстанда орын алған соғыс қырғи-қабақ соғыс кезеңдеріндегі маңызды өзгерісті кезең саналады. Сонымен қатар, бұл соғыс қырғи-қабақ соғысын аяқтауға үлкен үлес қосты. Ауғанстан соғысының ұзаққа созылған үдерісі арқылы бұл соғыс "Вьетнам соғысына" теңелді. Бұдан басқа Ауғанстан соғысын "Аюдың қақпаны" деп те атайды.