Мен – мұсылман әйелмін (1)
Ислам пайғамбарының ардақты қызының туған күні жақындап қалды. Бұл бану биік рухы мен адамдық кемелдігіне байланысты әлем әйелдерінің үлгісіне айналған.
Оның өзі: «Біз, Пайғамбар әулеті – Құдай мен оның халқының арасын байланыстырушымыз. Біз Жаратушының пәк әрі қасиетті таңдаулыларымыз. Біз дәлел мен жетекші боламыз. Біз Алла елшілерінің мұрагерлеріміз»,-деген. Әйел мен ананың орны құрмет тұтылып жатқан осы күндері мұсылман әйелдің ерекшеліктері жайлы қысқа бағдарламалар жиынтығын назарларыңызға ұсынамыз.
Мен – ирандық мұсылман әйелмін. Ислам менің балалық шағымның бір бөлігі болды. Ешкімге оны менен тартып алуға рұқсат бермеймін. Бұл – менің мақтанышым. Исламның саясында өскендіктен өзіме деген сенімділікті сезінемін. Өз дінімнің әдеміліктері туралы жақсы естеліктерге иемін. Мұсылман болғаныма байланысты өзіме немесе исламға деген теріс көзқарасты қабылдай алмаймын.
Мен үстіме қара түсті жамылғы жауып жүремін. Исламда мұны «шадра» деп атайды. Бұл қара мата – менің хиджабым, менің исламдық киімім. Хиджаб мені мықты қамалдай қорғап, мені бөтен адамдардың көзінен тасада ұстайды.
Ия, менің болмысым – осы. Мен – әйелмін, ирандықпын және бәрінен маңыздысы – мұсылманмын! Осы болмысты мақтан тұтамын.
Иранның қыздары бүгінде хиджаб кигендіктен әлеуметтік салаларда да артта қалған жоқ, қапасқа да қамалмаған. Олардың ғибадаты мен діні ғашықтық пен достықтың белгілерін қатар алып жүреді. Мені мен менің елімнің қыздары мақтанышпен Жаратушыға бет бұрып, бар даусымызбен: «Біз мұсылманбыз»,-дейміз. Фатима анамыз бізге баршаға мейіріммен қарап, бүкіл адамзатты жақсы көруді үйретті.