Мен – мұсылман әйелмін (2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i26090-Мен_мұсылман_әйелмін_(2)
«Мен – мұсылман әйелмін» атты бағдарламаның екінші бөлімінде «Мен де мұсылманмын» атты кампаниядағы әйелдердің рөліне тоқталамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 15, 2017 15:56 Asia/Almaty
  • Мен – мұсылман әйелмін (2)

«Мен – мұсылман әйелмін» атты бағдарламаның екінші бөлімінде «Мен де мұсылманмын» атты кампаниядағы әйелдердің рөліне тоқталамыз.

АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің президенттік кезеңінің алғашқы аптасында бір жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес, халқы көбіне мұсылман болып келетін Иран, Ирак, Сирия, Ливия, Йемен, Судан мен Сомалидің азаматтарына 90 күнге дейін АҚШ-қа кіруге тыйым салынды.

Бұл даулы жарлық АҚШ-тың көптеген жоғары лауазымды тұлғалары мен сот жүйесі қайраткерлерінің қарсылығына ұшырады. Алдымен Вашингтон штатындағы бір федералдық судья үкім шығарып, бұл жарлықтың орындалуын уақытша тоқтатты.

Трамптың талпынысымен бір мезгілде америкалықтар Нью-Йорк қаласының Таймс алаңында мұсылмандарды қолдайтындықтарын білдіру үшін шеруге қатысты.  «Мен де мұсылманмын» деген атаумен өткізілген шеруде наразылар қолдарына мұсылмандарды қолдаған ұрандар жазылған плакаттар алып шықты.

Сьюзан Сарандон мен Линда Сарсор

Шерушілер әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдері әрі әралуан дін ұстанады. Голливуд кинематографиясындағы танымал әртістердің бірі Сьюзан Сарандон наразылардың ортасында палестиналық-америкалық мұсылман әрі ақпарат белсендісі Линда Сарсордың қасынан табылып, өзін мұсылман деп атады. Линда Сарсор: «Ислам менің өмірім мен жұмысымда және қозғалыс тәсілімде үлкен рөл атқарады. Мен Нью-Йорктің Америкалық араб қоғамының атқарушы директоры ретінде азшылықтардың азаматтық, білім алу және саяси үдерістерге қатысу құқықтарын қорғаймын. Басқа топтармен әріптестік жасауды қолдаймын. Менің талпыныстарымның бір үлгісі исламның сұлу келбетін көрсету және мұсылмандардың айтулы күндерінің мектептердің жалпы күнтізбесінде ресми түрде танылуы үшін күрес жүргізу болып табылады. Мен өзімнің мұсылман әйел болғанымды мақтаныш етемін,-дейді.