ДАИШ оңтүстік-шығыс Азияға енуге әрекет етуде 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i26098-ДАИШ_оңтүстік_шығыс_Азияға_енуге_әрекет_етуде_1
ДАИШ лаңкестік тобының Сирия мен Ирактағы сәтсіздіктерінен кейін бұл топ өз күштерін стратегиялық маңызды оңтүстік-шығыс Азия мер Ауғанстанға ауыстыруды ойластыруда. Сол себепті өткен жылдары ДАИШ лаңкестік тобының оңтүстік-шығыс Азияға таралуы бұл аймақтағы елдердің алаңдаушылықтарының біріне айналды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 15, 2017 21:09 Asia/Almaty
  • ДАИШ оңтүстік-шығыс Азияға енуге әрекет етуде 1

ДАИШ лаңкестік тобының Сирия мен Ирактағы сәтсіздіктерінен кейін бұл топ өз күштерін стратегиялық маңызды оңтүстік-шығыс Азия мер Ауғанстанға ауыстыруды ойластыруда. Сол себепті өткен жылдары ДАИШ лаңкестік тобының оңтүстік-шығыс Азияға таралуы бұл аймақтағы елдердің алаңдаушылықтарының біріне айналды.

Сауд патшасының Малайзия мен Индонезияға жасаған жуықтағы сапары аймақ пен әлемдік саяси топтардың назарына түсіп, Сауд басшыларының оңтүстік-шығыс Азия аймағында вахабизмді таратқысы келетінін көрсетті. ДАИШ лаңкестік тобы оңтүстік-шығыс Азиядағы ықпалын арттыру әрекеттеріне қатысты саудиялықтардың сол аймақта вахабизмді таратуы да алаңдатарлық мәселе болып отыр. ДАИШ лаңкестік тобы Сирия мен Иракқа  шабуыл жасап, Таяу Шығыста халифатын жариялауға үміттенген еді. Бірақ бұл мемлекеттердегі сәтсіздіктерімен бұл топ өз күштерін оңтүстік-шығыс Азия мен Ауғанстанға ауыстыруда. Осыған орай Австралия Сыртқы істер министрі Джули Бишоп ДАИШ лаңкестік тобының Филипинның оңтүстігінде халифатын жариялауы туралы ескертті. Австралия Сыртқы істер министрінің пікірі бойынша, ДАИШ лаңкестік тобының өз мүшелерін ауыстыруға  оңтүстік-шығыс Азия аймағын таңдауына  бұл аймақта оларға өз халифатын жариялау үшін  мүмкіндіктің тууы себеп болды. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ДАИШ лаңкестік тобының Вашингтон тарапынан құрылғанын мойындаған болатын. Бұл топ әл-Қаида лаңкестік тобынан бөлінген жаңа міндеттерге ие АҚШ-тың құралы саналады. Яғни, ДАИШ тобы Таяу Шығыста сәтсіздікке ұшырағанымен, оның міндеті аяқталмай, басқа аймақтарда жалғасады. Сондықтан ДАИШ лаңкестік тобының оңтүстік-шығыс Азияның Малайзия, Индонезия және Филиппин сынды мемлекеттерден шыққан  кейбір мүшелері исламдық халифат жарилауға жағдай жасау үшін  сол аймақтарға аттанады. Оңтүстік-шығыс Азия аймағында 40 жылдан астам уақыт бойы экстремистік топтардың орналасуы ДАИШ лаңкестік тобы мүшелерінің сол аймаққа қызығуының негізгі себебі.  Аймақтың экстремистері ДАИШ-ке бият етіп, аймақта оның бір бөлімі ретінде әрекет етуде. Сирия мен Ирактан оралған адамдар осы экстремистік топтардың мүшелерінің қатарына қосылады. Бұл адамдар қарақшылық ету және бопсалау мақсаттарында Филипинның оңтүстігіндегі Абусайяф  лаңкестік тобы сынды ДАИШ басшыларының бұйрығымен тәуелсіз лаңкестік топ ретінде әрекет етуі мүмкін. Малайзия мен Индонезиядағы исламдық жамағат оңтүстік-шығыс Азия аймағында ДАИШ лаңкестік тобына бият жариялаған бірінші топ болды. Қамауға түскен ислам жамағатының бұрынғы қолбасшыларының бірі Абубакр Башир ДАИШ лаңкестік тобына бият жариялады.

Абусайяф лаңкестік тобы – оңтүстік-шығыс Азиядағы келесі лаңкестік топтардың бірі. Бұл топ ДАИШ лаңкестік тобына бият жариялаған соң ДАИШ-пен бірге Филиппин, Малайзия және Таиландқа жасаған шабуылдарында бопсалау үшін адам ұрлауға әрекет жасады. Бұл лаңкестік топ ДАИШ тобының тәсілімен өз тұтқындарын бауыздап, оңтүстік-шығыс Азия аймағында ДАИШ лаңкестік тобының жақсы құралы бола алатынын көрсетті. Филиппиндегі Мауте лаңкестік тобы да ДАИШ-ке бият етіп, ДАИШ лаңкестік тобының жергілікті бөлімі ретінде әрекет етуде. Бұл топтан басқа оңтүстік-шығыс Азияда Абуджане, Абухабиб, Абусадр, Джондәл Тауһид, Ансар әш-Шарие және Маарек әл-Ансар сынды топтар ДАИШ лаңкестік тобына бият етті. ДАИШ лаңкестік тобы аймақтың мүмкіндіктерін пайдаланып, аймақтағы өз әрекеттерін жергіліктендіргісі келеді. Индонезияның үкіметтік органынан шығарылған Резван Асамаддин сындылар мен  шариғат заңдарын іске асыра алмаған Малайзияның Біртұтас ұлттық ұйымынан шыққан және Филиппинның оңтүстігіндегі Исламдық азат ету ұйымынан кеткен адамдар оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы ДАИШ лаңкестік тобының өзегін құра алады. ДАИШ лаңкестік тобының оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы белсенділігіне Индонезяи мен Малайзиядағы Сауд Арабиясы басқаратын діни медреселер мен вахабизмнің насихаттары себеп болуда. Аталмыш медреселер ДАИШ лаңкестік тобының исламдық халифат туралы ой-пікірнің оңтүстік-шығыс Азия халқының арасында жылдам таралуына себеп болды. Өткен 5 жылда Малайзияның уаһабшы топтары өз елінің шиіттеріне қарсы әрекеттерін күшейтті. Елдің әртүрлі қауіпсіздік ұйымдары  осы мәселеге көзжұмбайлық білдіріп, енді қауіпсіздік саласына қатысты алаңдаушылықтар артып, экстремистік және ДАИШ сынды лаңкестік топтардың дамуына себеп болды. Малайзия мен Индонезияның исламдық жамағаттарының Сауд Арабиясының уаһабшыларының ықпалындағы Пәкістандағы діни медреселермен  және осы елдің исламдық жамағатымен қарым-қтаныс орнатуы вахабизмнің әртүрлі аймақтарда, тіпті оңтүстік-шығыс Азияға дейін  өзін қолдайтын топтардың арналарын орнатуына себеп болды. Бұл топтардың исламдық халифат туралы ой-пікірлерінің  ұқсас болуына орай ДАИШ лаңкестік тобы бұл аймақта өз белсенділігін жүргізу үшін айтарлықтай қиындық тумайды деп ойлайды. Негізінде, Сауд Арабиясы мен вахабизм арналары Пәкістаннан бастап, оңтүстік-шығыс Азия аймағында лаңкестік пен экстремизмді таратуда. Малайзияның жер-жерінде 57-ден астам діни медресе ашылған. 2025-ші жылға дейін олардың саны 77-ге жетпек. Малайзияның Білім министрінің айтуынша, елдегі діни медреселер билік басындағы ОМНО партиясының бәсекелесі ПАС партиясының ықтиярында болғандықтан, Білім және тәрбие министрлігінде тіркелмеген. Осыған орай ол ПАС партиясының басшыларына діни медреселерге саяси мәселелерді кірістірмеуді сұрады. Исламшыл ПАС партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары және жаңадан құрылған «Ұлттық сенім» партиясының төрағасы Мұхаммад Сабу 64 жыл белсенділік танытқан әрі үкіметті қолдайтын ПАС партиясын экстремизм және ДАИШ тәкфіршіл тобының бұрамаланған наным-сенімдерін таратумен айыптап, полициядан осы туралы зерттеулер жүргізуді сұрады. Сириядағы ДАИШ тобына қосылған Малайзияның ПАС партиясының орталық комитетінің «Абу Мосааб» деген атпен танымал басшыларының бірі Мұхаммад Лютфи Арефин өлтірілді. Мұхаммад Сабудың айтуынша, діни экстремизм мен тәкфіршіл мәдениет осыдан бес жыл бұрын ПАС партиясына енді. Малайзия Премьер-министрінің орынбасары әрі Білім министрі Мухиаддин Ясин бұл медреселерге араб елдерінен ұстаздарды алғаны туралы хабарлады. Бұл ұстаздар Малайзияның діни медреселеріне арабтардың ықпалын арттыруда. Мамандардың пікірінше, Сауд Арабиясы мен басқа араб елдерінің экстремистеріне Малайзияның діни медреселеріне жол ашу бұл елдің жастарының экстремизмге қарай бет бұруына себеп болып, мұндай жастардың санының көбеюіне себеп болуда. Индонезияда да Сауд Арабиясы вахабизмді таратуға талпыныс жасауда. Оңтүстік-шығыс Азиядағы Голландияның зерттеушісі Крис Чаплинның пікірінше, Сауд Арабиясы өткен бірнеше онжылдықта әртүрлі салаларға инвестиция салып, Индонезияның мәдениеті мен діни істеріне ықпал етуге талпыныс жасуда. Сауд Арабиясы 1980-ші жылдардан бері салафизмді таратуға  миллиондаған доллар жұмсады. Саудиялық басшылар Индонезияда 150-ден астам мешіт ашып, Джакартада тегін жоғары оқу орны мен араб тілін оқытатын бірнеше оқу орталықтарын ашты. Сауд Арабиясы, сондай-ақ, Индонезияда жүзден астам діни медресе ашып, бұл елге мұғалімдер мен үгіт-насихатшыларды жіберді. Джакартадағы үкіметтік исламдық университеттің діни мәселелер маманының көзқарасы бойынша, Индонезиядағы вахабизмнің пайда болуы Сауд Арабиясының экстремизм, вахабизм және терроризмді таратуға арналған әлемдік жобасының бір бөлімі. Индонезиядағы салафизмнің орталығы Джакартада орналасқан исламдық және араб зерттеу ұйымы саналады. Бұл университет Сауд Арабиясының қаржысы арқылы іске қосылып, Сауд Арабиясы тарапынан басқарылады. Аталмыш жоғары оқу орны 1980 жылдары араб тілін тарату мақсатымен өз жұмысын бастап, сол  жерде қазір 3500 студент тегін білім алуда. Сонымен бірге бұл университет жыл сайын жүздеген индонезиялыққа Сауд Арабиясында білім грантын береді. Филиппинда 5 миллион мұсылман өмір сүреді. Жарияланған мәліметтер бойынша бұл елде 2000 исламдық медресе жұмыс істейді. Олардың жартысынан көбі Минданао аралында орналасқан. Филиппинның Қорғаныс министрінің орынбасары және лаңкестікпен күрес күштерінің басшысы Рикардо Бланкофло  Филиппин медреселеріндегі исламдық білім берудің мақсатын экстремистік ой-пікірлерді тамырымен жою деп санайды. Филиппинның Махарилка ауылының исламдық ұйымының басшысы Абдулхалқ Мадуноның айтуынша, бұл елдің исламдық медреселерінің барлығы халықтың көмегіне тәуелді. Бұл көмектер көбінесе үкіметтік емес ұйымдар қамтиды. Көрсетілетін көмектер медреселер мен мұғалімдердің қаржыларын қамтамасыз етуде жеткіліксіз. Мұндай жағдай экстремистердің, әсіресе уаһабшылардың ықпалдарын арттыруда.