Мен – мұсылман әйелмін (3)
Бүгінгі бағдарламада Фатима Захраның (ғ.с.) бір христиан әйелдің исламды қабылдауындағы рөліне тоқталамыз.
Данияның шағын қалаларының бірінде дүниеге келіп, христиан отбасында өмір сүрдім. Әкем мұғалім, шешем Даниядағы мекемелердің бірінде қызметкер болды. Бір апайым мен бір ағам бар. Мен исламды қабылдаған соң, өкінішке орай, олар менімен қатынастарын үзді.
Тұрмыс құрғанымда күйеуіме үйленудің мұсылманға айналу деген сөз еместігін айтып, онымен мұсылманға айналмайтыным туралы бәстестім! Бірнеше жыл осылай тұрып жаттық. Күйеуім мұсылман, ал мен христиан едім. Бір күні кешке ол менен достарымен бірге Копенгагенде ашылған хосейниеге (ғибадат орны) баруды өтініп: «Бүгін –хазірет Захраның (ғ.с.) шәһид болған күні. Сізден менімен бірге хосейниеге баруды сұраймын. Өйткені, ол – исламның анасы»,-деді. Мен аса қызықпасам да, келістім.

Хосейниенің төменгі қабаты әйелдерге арналған екен. Шырақтар өшірілген, зал ала көлеңке еді. Рәсім басталды. Хазірет Фатиманың рухани және идеологиялық мәртебесі туралы естігенде сөзбен сипаттап айтуға келмейтіндей, рухтанып кеттім. Мен сол қараңғылықта бөлме ішінде бір нұрдың айналып жүргенін көрдім. Сол нұрдың менің тұла бойыма енгенін сездім. Ерекше көңіл-күйге ендім, бірақ не болғанын түсінбедім. Жан-дүнием өзгерді. Ол мені әлгі қырсықтық пен соқыр сенімнен арылтқан сияқты. Біраз өткен соң мұсылман болуға шешім қабылдадым. Мұсылманша киімім болуы үшін алдымен үстіме әйелдерге арналған шапан мен орамал сатып алдым. Өйткені, хазірет Фатима (ғ.с.) әйелдің ең әдемі әшекейі хиджабты сақтауы деп айтқан. Қазір өзімнің мұсылман әйел екенімді мақтан тұтамын. Жанұям мені мұсылман болғаным үшін тастап кетті. Алайда хазірет Фатима маған оларға жақсы қарым‑қатынас көрсетуді үйретті. Мұсылман әйелдің өмірінде нұр бар, өйткені ол әрдайым Құдайдың назарында, хазірет Фатима Захраның (ғ.с..) қолдауында болады. Құдайдың бар ұлылығын сезініп, осы ұлылықта хазірет Фатиманы нұр қалыбында көрген кезде әлемнің барлық жақсылықтары осы мақсатқа жетуге тартыла түседі.