Мен – мұсылман әйелмін (4)
Бүгінгі бағдарламада хазірет Фатима Захраның (ғ.с.) ерекшеліктерінің келесі бір қырымен таныстырамыз.
Менің атым – Мариям. Бұл есімді исламға бет бұрғаннан кейін таңдадым. Қазір мұсылман әйелмін. Мейірімділікті мен Фатимадай (ғ.с.) мейірбан банудан үйрендім. Ол хазірет – ізгі істердің жиынтығы. Хазірет Захра (ғ.с.) өмірінің мен үшін қызық болған ерекшеліктерінің бірі – ол хазіреттің басқаларға көңіл аударуы және олар үшін дұға оқуы болды. Имам Хосейн Мұджтаба (ғ.с.): «Шешем әрдайым таңға дейін көршілер мен діни бауырлар және мұсылмандарға арнап дұға тілейтін. «Анашым, неліктен өзің үшін дұға тілемейсің?»-деп сұрағанымда: «Алдымен көршінің үйінің, содан соң өз үйіңнің қамын ойла»,-деп жауап берді»,-деген. Индивидуализм мен эгоцентризм адамдық қасиеттерді түсірген қазіргі заманда бұл мәселе өте қымбат қазына болып табылады. Басқаларға жақсылық ойлап, дұға тілеу мені әлемнің басқа халқымен, әсіресе мақұрымдар және мазлұмдармен байланыстырды. Хазіреттің басқалардың қиындықтарын шешуге талпынатыны соншалықты, қиямет күні де оларды қолдайтын болады. Хазірет Алладан басқаларды кешіруді сұрайды. Ислам пайғамбары (с.ғ.с): «Фатима, сүйінші! Алланың алдында лайықты орынға иесің. Сол орында достарыңа шапағат тілейтін боласың»,-деген.
Хазірет Фатима өзі мен қоғамның тағдырына жауапты адам ретінде өз сөздерімен велаятты қорғау жауапкершілігін сезінген кезде үстіне жамылғысын жамылып, бір топ әйелмен Мәдинаның мешітіне кіріп, сөз сөйлеген кезде барлық адамды таң қалдырған. Пайғамбардың қызының өмір сүру тәсілі бір әйелдің қажет жағдайда қоғамда белсенділік танытып, өз міндетін ең жақсы тәсілмен орындай алатынын көрсетеді. Мен өзімнің мұсылман әйел екендігіммен қалайша мақтанбаймын?