Мен – мұсылман әйелмін (5)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i26138-Мен_мұсылман_әйелмін_(5)
Хазірет Захра (ғ.с.) өз әкесі Ислам пайғамбарының алдында жоғары орынға ие болған. Бағдарламаның жалғасында пайғамбардың хазірет Захра (ғ.с.) туралы айтқан сөздерінен үзінді келтіреміз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 16, 2017 16:50 Asia/Almaty
  • Мен – мұсылман әйелмін (5)

Хазірет Захра (ғ.с.) өз әкесі Ислам пайғамбарының алдында жоғары орынға ие болған. Бағдарламаның жалғасында пайғамбардың хазірет Захра (ғ.с.) туралы айтқан сөздерінен үзінді келтіреміз.

Бүгінде саясаткерлер әйелдердің құқығы мен олардың теңдігі жайында сөз сөйлейді. Алайда, менің ойымша, әйел үшін ең лайықты орын – рухани ақиқаттарды түсініп,  Жаратушыға жақын болу. Бұл байланыс жеке адамның білім деңгейі мен қауіпсіздігін арттырып, оны қуаттандырады.

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) өз қызы хазірет Фатимадан (ғ.с.): «Фатимажан,  нені қалайсың? Қазір Жебірейіл Әмин жанымда. Алла Тағаладан хабар әкелді. Ол не қаласаң, соны орындайды»,-дегенде хазірет Захра (ғ.с.) әкесіне: «Ақиқатқа қызмет еткеннен алатын ләззатым мені кез-келген  талап-тілектен арылтты. Ұдайы Алла Тағаланың әдемілігі мен мейірбандығын тамашалаудан басқа ештеңені қажет етпеймін»,-деп жауап берген.

Алланың елшісі өз қызы туралы: «Құдайға деген иманның хазірет Фатиманың жүрегі мен рухына терең бойлағаны соншалықты, ғибадат үшін ол өзін барлық нәрседен арылтады. Михрабта ғибадатқа тұрған кезде оның нұры аспандағы періштелерге жарқырап көрінеді. Алла Тағала періштелеріне: «Менің пендеме қараңдар! Бүкіл денесі дірілдеп, құлшылыққа батқан күйде менің алдымда қалай намаз оқып жатқанын көріңдер. Уа, періштелер! Фатиманың (ғ.с.) жолын ұстанушыларды тозақтың азабынан аман алып қалатыныма куә болыңдар»,-деген.

Бұл хадис жақсылықтар мен сұлулықтардың Жаратушысымен қарым-қатынастағы әйел рухының жоғарылығын өте әдемі баяндап берген. Біз, мұсылман әйелдер осы хадистен ғибадат пен құлшылық рухын өзіміздің амал-әрекеттерімізде жандандыруымыз қажет екенін үйренеміз. Күннің белгілі бір уақытын тек Құдайға арнап, Алла жайлы ойлап, оған мадақ айтуымыз керек. Осы істі атқарғанда сипаттауға келмейтін керемет ғашықтық пен иманға кенелеміз. Алланың жаратқан жаратылыстарына деген ғашықтық өне бойымызға таралады. Сонда бар дауысымызбен «Мен Фатиманың жолын ұстанған мұсылман әйелмін» деп айтуды мақтан тұтатын боламыз.