Мен – мұсылман әйелмін (6)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i26140-Мен_мұсылман_әйелмін_(6)
Мен – хазірет Фатиманың (ғ.с.) жолын ұстанған мұсылман әйелмін. Одан үлгі аламын, оған иек артамын.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 16, 2017 16:52 Asia/Almaty
  • Мен – мұсылман әйелмін (6)

Мен – хазірет Фатиманың (ғ.с.) жолын ұстанған мұсылман әйелмін. Одан үлгі аламын, оған иек артамын.

Өмір мен үшін ләззатқа толы. Өйткені менде жанұя деген үлкен қазына бар. Менің сүйікті күйеуім мен балаларым бар.  Жанұялық өмірдің шарықтаулары мен құлдыраулары көп. Алайда мен күйеуіме сүйенуді және өзім де оған сүйеу болуды үйрендім.  Мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) жолын ұстанған мұсылман әйелмін. Фатима өзінің махаббат пен мейірімге толы күйеуі жайлы былай дейді:

Әли – илаһи жетекші,

Нұр мен жарықтың көрінісі.

Барлық тіршілік иелері мен сопылардың назары шоғырланған орталығы.

Пәк жанұядан шыққан пәк перзент,

Ақиқат айтып, жетекшілік етуші.

Ол – имамат пен жетекшіліктің орталығы.

(Риахин әш-Шарие, 1-том, 93-бет)

Мен өз балаларының тәрбиесіне өте қатты көңіл бөлген әйелді үлгі етемін. Оларды  «көзімнің нұры, жүрегімнің жемісі» деп атап, лайықты мінез-құлық пен амал-әрекеттерге шақырған.  Бұл бану өзінің балаларына мінез-құлық пен амал-әрекет мәселелері жайлы өлеңдер оқып, өз ұлы имам Хасанға (ғ.с.) былай деген: «Ей, Хасан, әкең сияқты бол. Хақтың айналасындағы арқанды шеш. Бүкіл нығметтердің иесі Құдайға құлшылық ет. Кекшіл адамдармен дос болма». Сергелдеңдік пен парықсыздық жайлаған дүниеде осындай танымдық мәдениетке ие екенімді мақтан тұтпаймын ба? Мен – сырттағы жұмысты үйден қол үзу деп санамайтын, үйде болуым адамдық құндылығым мен бостандығымды азайтады деп есептемейтін мұсылман әйелмін. Менің атым – Фатима. Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) қызынан үлгі алып,  әлемге мейірімдік пен достық, иман мен махаббат сыйлаймын.