Мен – мұсылман әйелмін (7)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i26176-Мен_мұсылман_әйелмін_(7)
«Мен – мұсылман әйелмін» бағдарламасының соңғы бөлімінде мұсылман әйелдің өміріндегі Құранның орны мен рөліне тоқталамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 17, 2017 16:42 Asia/Almaty
  • Мен – мұсылман әйелмін (7)

«Мен – мұсылман әйелмін» бағдарламасының соңғы бөлімінде мұсылман әйелдің өміріндегі Құранның орны мен рөліне тоқталамыз.

Мен – германиялық Элизабет Кеткачитеримін. Жас шағымда исламға бет бұрғаныма қуаныштымын. Исламнан қорқу кеңістігі қалыптастырылғанымен, халықтың дінге бет бұруы артты. Әлем руханият пен ақлақтық құндылықтарға сусаған. Алайда менің мұсылмандарға деген көзқарасым Иранға жасаған сапардан кейін толығымен өзгерді. Еуропалық және батыстық ақпарат құралдарының ислам мен мұсылмандар туралы теріс жарнамасы салдарынан адамдардың санасында туындаған жағымсыз көзқарастарға қарамастан, бір исламдық қоғамнан достық пен адамды бауыр тартуды, мейірімділік пен әйелдің құнды да жоғары орнын айқын көрдім. Ирандағы Қасиетті Мешхед қаласына жасаған сапарым ислам діні жайлы көбірек зерттеп, Құранға жақындай түсуім үшін түрткі болды. Күніне бірнеше сағат қасиетті кітапты оқыған соң Құран аяттарының менімен сұхбаттасатынын сездім.  Сол уақыттан бастап ислам дініне бет бұрдым.

Құранда тыныштық пен бақытқа толы өмірдің әдістемесі берілген. Өмірдің барлық маңызды мәселелері, соның ішінде басқаларға құрмет, қарым-қатынас әдебі, хиджаб, мейірімділік, ғибадат пен саяхат осы илаһи  кітапта айтылған.  Осыдан болар, хазірет Фатима (ғ.с.): «Сіздердің әлемдеріңізден маған үш нәрсе қымбат: соның бірі – Құран оқу. Құран мені өсірді, өз тағдырымның жауапкершілігінің өзіме артылған амал-әрекеттерге байланысты екенін түсіндім»,-деген. Салыстырмалылық жайлаған әлемде  рухани мақсаттар мен ақлақтық құндылықтарды көтерген Құранды оқу мен үшін өте тартымды болды. Ол мені исламға жеткізді. Енді өзімнің мұсылман әйел және мақсатымның адамзат баласына қауіпсіздік пен тыныштық сыйлау екендігі үшін қуаныштымын.