Діни жетекшінің жүйе басшылары мен исламдық елдердің елшілерімен кездесуінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның беғсатының жылдығына орай жүйе басшылары және исламдық елдердің елшілерімен кездесті.
Иран Ислам революциясының жетекшісі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның беғсатының жылдығына орай жүйе басшылары және исламдық елдердің елшілерімен кездесті. Шиіттердің рауаяттары бойынша, Исламның ұлық пайғамбары пайғамбарлық міндетін ережеп айының 27-ші жұлдызында бастаған. Шиіттер бұл күнді «Мабас» мейрамы ретінде тойлап, үлкен нығметке шүкіршілік білдіріп, ғибадат жасап, дұға оқиды. Сүннниттер «Мабас» мейрамын рамазан айында деп санағанымен, әрі оның нақты күні белгілі болмағандықтан, бұл күнге қатысты арнайы рәсімдері жоқ. Иран мен Ирактың кейбір облыстарында бұл күн ресми демалыс.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қонақтары мен Иран халқын «Мабас» күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығын адамзат қоғамы өзгерістерінің жаңа бағдарламасы деп қуаттап: «Бұл беғсат, бұл өзгеріс бағдарламасы барлық кезеңдер мен әртүрлі жағдайларда әлемнің барлық географиялық аймағында адамдардың өмірін жақсылық пен бақытқа қарай өзгерту мүмкіндігіне ие. Беғсат бүгін де өзгерте алады. Беғсаттың маңыздылығы осы ерекшелігінде»,- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі адамзаттың беғсаттан бұрын надандық пен қараңғылыққа батқанына тоқталып: «Құран уәһи философиясын адамзатты қараңғылықтан шығару деп атап, «...сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығарады» деді. («Ахзаб» сүресі, 43-ші аят). Ол сөзінің жалғасында беғсатқа дейінгі әлемнің надандық, қатыгездік және әділетсіздікке толы болғанына тоқталып: «Араб түбегі ғана емес, тіпті үлкен өркениеттер де сол кезде кемсітушілік, әділетсіздік пен әлсіздерге қатысты рақымсыздыққа батқан болатын. Иран империясында танымал болған Ануширван патша бір күннің ішінде бірнеше мың адамды өлтірді, Грекия империясында әйгілі Нерон анасы мен әйелін өлтіріп, бүкіл қаланы өртеп жіберді. Осындай жағдайда Ислам пайда болып, адамзатты ғылым мен махаббатқа, әділет пен бірлікке шақырады»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: «Адамзатты нұрға қарай шақырудың маңыздылығы бұл шақырудың тіл мен қағазда қалмауы саналады. Исламның маңыздылығы пайғамбардың бірінші күні баяндағаны мен Меккедегі 13 жылдық күрес кезіндегі Құран аяттарын халыққа үйретті. Пайғамбар әділет пен махаббатты, сондай-ақ зұлымдық пен күпірлікке қарсы тұруды көрсетті» деді.
Аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарының халықты білім мен ғылымға жақындату саласындағы қажымас талпыныстарына сілтеме жасап: «Пайғамбардың Мединедегі он жыл билігі кезінде қалыптастырған ережелері мен инфрақұрылымдары бір-екі ғасыр өткен соң адамзаттың ең үлкен өркениетіне айналды. Оның әртүрлі тұрғысы, соның ішінде әділеті қалыптаспағанымен, исламдық үкімет құрылған алғашқы кезеңде ғылым мен қабідет, дарындардың дамуы басталып, сондама алға ілгерілеп, бүкіл дүние пайда көрген ең үлкен өркениетке айналды»,- деді. Аятолла Хаменеи: «Бүгін адамзат қоғамы Исламның ұлық пайғамбарның беғсаты мен Ислам дінінің пайда болуын түсінуді қажет етеді. Сондай-ақ үстемшілердің нұр мен жарыққа қарай шақыруға дұшпандық білдіруінің себебін білгені жөн»,- деп қуаттап, Иранның Ислам республикасы жүйесін үлкен өзгеріске жеткізген пайғамбар үкіметінің аясында құрылды деп бағалап: «Ислам – қоғамның дамуы, адамдардың алға ілгерілеуі, дарындардың пайда болып, рухани және материалдық өркениеттің құрылуының себебі»,- деді.
Ол Исламның атымен лаңкестік топтар құрып, исламдық елдердің арасына іріткі салуды үстемшілердің Исламға қарсы қастықтары және сол қастықтарды АҚШ пен сионистік режимнің нұсқаулары деп атады. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі сөзінің жалғасында: «АҚШ пен заңсыз сионистік режимнің Иранға қарсы дұшпандығы олардың басқа исламдық қоғамдарға қарсы дұшпандықтарынан айқынырақ, өйткені Ислам республикасында Исламның негіздеріне сай іс-қимыл көбірек әрі бұл жүйе үстемшілердің билікқұмарлығына басқалардан көбірек табандылық көрсетеді. Исламдық үкіметтер АҚШ-тың бір исламдық мемлекетті қолдап, басқа исламдық мемлекетке дұшпандық білдіру мақсатының ислам әлемінің бірлігінің алдын алу және мұсылмандарды исламдық қоғамдардың мүдделеріне жеткізетін ортақ жолға түсірмеу екенін түсінуі қажет. Өкінішке орай, АҚШ-тың біздің аймақтағы іріткі салу саясаты нәтижелі болды. Бұл өкінішті мәселе»,- деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі ислам әлемінің Йемен, Сирия, Бахрейн және Ирактағы үлкен қиындықтарына тоқталып, бұл мәселелердің негізгі себебін үстемшілер, әсіресе АҚШ пен сионистік режимнің барлау және қауіпсіздік қызметтері деп көрсетіп: «Ислам республикасы үстемшілерге қарсы тұруда мықты жігерге ие. Бұл жігер тек үкіметтің ғана емес, халық тарапынан да байқалады. Ислам республикасында зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы бүкіл Иран халқы, яғни біздің жастарымыз, біздің революцияшыл әрі мүмін халқымыз табандылық білдіруде. Біртұтас, мақсаты мен ынтасы бір халқы бар кез келген мемлекет дұшпанға қарсы тұратындықтан, дұшпан оған шабуыл жасай алмайды»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге Ирандағы президенттік сайлаудың үміткерлеріне: «Халыққа елдің істерін алға ілгерлетіп, экономиканы дамытып, мәселелерді шешу үшін Иранның шекараларының сыртына қарамау туралы уәде беріңдер»,- деді. Ол елдің ішіндегі мүмкіндіктерге сүйеніп, сол мүмкіндіктерді пайдалану саласында сындарлы бағдарламалар жоспарлап, мемлекетті күшейтіп, дұшпанды үмітсіз қалдыруға болатындығына тоқталды. Аятолла Хаменеи сөзін Иран халқы үшін келесі дұғамен аяқтады: «Ұлы Алла жомарттығын көрсетіп, шәһидтердің пәк аруағы мен имам Хомейнидің қасиетті рухына илаһи берекесін жаудырып, бұрынғыдай халықты илаһи нұсқауларымен қолдап, илаһи мейірімділігіне бөлейтіндігіне үміттенемін».