Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік үкіметі
Адамзат ғасырлар бойы құтқарушы келіп, әлемнің жер-жерінде оның әділ үкімет орнатуын күтуде.
Исламның ұлық пайғамбары мектебінің жақтастары имам Мәһди (ғ.с.)-ның құтқарушы ретінде келіп, Жаратушы мен халықтың арасында илаһи қарым-қатынастың орнатылуына үміттеніп, жүректері күтудің ерекше көңіл-күйіне толып отыр. Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастары жыл сайын шағбан айының ортасындағы әр жұмада жаратылған әлемді жарқырататын құтқарушының келуін және оған бият етуді асыға күтуде. Хазірет Мәһди (ғ.с.) – пайғамбарлардың нәсілінен. Ол хазірет Адам сынды Алланың халифасы, хазірет Нұх сынды халықты құтқарады, хазірет Мұса сынды оның дүниеге келуі құпия, хазірет Ибрахим сынды оның келетіні туралы хабар берілген болатын, хазірет Исмаилға келгендей періштелер оған көмекке келеді, хазірет Яғуб сынды оны күтуде, хазірет Юсуф сынды ең әдемі, үкіметі хазірет Сүлеймендікі секілді – әлемдік, хазірет Айюб сынды сабырлы және хазірет Иса сынды бесікте сөйлеген. Оның есімі мен күниесі – Мұхаммад. Ол Алланың елшісіне қатты ұқсайды. Ол – уәде етілген Мәһди (ғ.с.).
Хазірет Мәһди (ғ.с.) – жердегі Алланың соңғы халифасы. Ол хиджри қамаридің 255 немесе 256 жылы шағбан айының ортасындағы жұма күні Самарра қаласында Моттамед Аббасидің халифаты кезінде дүниеге келді. Хазіреттің есімі-Мұхаммад, күние аты – Абу әл-Қасем. Хазіреттің өмірі үш кезеңге бөлінеді: Бірінші кезең дүниеге келген күнінен әкесі имам Аскари (ғ.с.) шәһид болған хиджри қамаридың 260 жылына дейін; Екінші кезеңі хиджри қамари күнтізбесінің 260 жылынан 329 жылына дейін созылды. Бұл кезеңде ол басқалардың көзінен жасырын болып, халықпен қарым-қатынасын тек бірнеше адам арқылы ғана орнатты. Бұл кезең «Кіші ғайып кезеңі» деп аталды; Үшінші кезең «Үлкен ғайып кезеңі» деп танымал болып, бұл кезеңде хазірет адамдардан толық жасырын қалып отыр. Бұл кезең хиджри қамари күнтізбесінің 329 жылы басталып, осы кезге дейін жалғасуда әрі Алла қалағанша жалғасады.

Ахмад бен Исхақ Құми: «Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның қасына бардым. Имамнан оның орынбасары кім деп сұрағым келді. Мен сұрағымды қоймастан бұрын, хазірет: «Уа Ахмад! Алла Тағала хазірет Адам (ғ.с.)-ды жаратқаннан бері жерді өз өкілінен бос қалдырған жоқ, қияметке дейін осылай болады. Олардың арқасында жер тұрғындары жамандықтан алыстап, жаңбыр жауып, жер бееркеге толады»,- деді. Мен: «Уа, Алла елшісінің перзенті! Өзіңізден кейінгі имам мен халифа кім?»- деп сұрадым. Сол кезде имам Хасан Аскари (ғ.с.) отырған жерінен тұрып, бөлмеден шығып кетті. Бір мезгілде үш жастан аспаған ер баланы көтеріп оралды. Баланың жүзі он төртінші түннің айы сынды жарқырап тұрды. Имам: «Ахмад бен Исхақ! Егер, Алланың алдында абыройың болмағанда, перзентімді саған көрсетпейтін едім. Перзентімнің есімі мен күниесі Алла елшісінің есіміндей. Ол зорлық-зомбылыққа толған жерді әділдікке толтырады»,- деді.
Әлемнің жер-жерінде әділдік орнатып, кемсітушілік пен әділетсіздікті тамырынан құрту хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінің негізгі мақсаты болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары әулетінің рауаяттарының көбінде, тіпті сол рауаяттарда күпірлікпен күресу мен тауһидке шақыру әділдік орнатудың мөлшеріндей қуатталмады. Имам Реза (ғ.с.)-ның сөздерінің бірінде: «Алла Тағала хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның қолымен жерді зорлы-зомбылықтан тазартып, ешкім басқаға зұлымдық көрсету туралы тіпті ойламайтын да болады»,- деген.

Франциялық тарихшы Густав Лобон: «Адамзаттың ең үлкен қызметшілері адамдарды үміттендіріп ұстай алғандар»,- деген болатын. Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды күту мен оның келетіндігінен үміттену келешекке қарай жол ашуымен бірге күш-қуат береді. Сондай-ақ, халыққа табандылық күшін сыйлап, олардың күштерін сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, зорлық-зомбылықтың алдын алады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) – рақым мен илаһи әділдіктің көрінісі. Бұл илаһи орталықпен рухани қарым-қатынас орната алатын адам Аллаға көбірек жақындайды. Имам Мәһди (ғ.с.)-ға иман келтіру басқаға бағынуға рұқсат етпейді. Қоғамдық тұрмыс пен тыныштық – имам Мәһди (ғ.с.) үкіметінің жетістіктерінің бірі. Тарих бойында адамзат бұл мүмкіндіктерге жету үшін көптеген талпыныс жасап, кейде көптеген құқықтарынан айырылды. Бірақ, еш уақытта шынайы тыныштыққа жете алмады. Қоғамдық тұрмыс адамдардың ой-өрісі мен рухани дамуына жағдай жасайды. Исламның ұлық пайғамбары бұл мәселеге тоқталып: «Менің үмбетімнің арасында Мәһди (ғ.с.) келген кезде халық ешбір уақытта көрмеген нығметке бөленеді. Аспаннан жаңбыр жауып, жердің берекесі артады» деген болатын.

Қазіргі таңда білім мен технология жылдамдықпен дамып, адамзат күн сайын өзінің алдынан дамудың есіктерін ашуда. Имам Садық (ғ.с.): «Илаһи пайғамбарлардың адамзатқа ұсынған барлық нәрсесі – 27 бөлімнен тұратын ғылымның тек екі бөлімі ғана. Яғни, жаратылыстың басынан бастап оы күнге дейін халық ғылымның тек екі бөлімімен ғана танысты. Біздің құтқарушымыз келген кезде ғылымның басқа 25 бөлімі халыққа ұсынылады»,- деп айтқан болатын. Сондықтан әлемде ғылымның таралуы хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның келесі жетістіктері болып табылады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) келгенге дейін ашылған ғылыми маңызды жетістіктер мен даму хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметі орнатылған кездегі ғылыми дамумен салыстырғанда түк емес болып қалады. Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның нұсқаулары мен тәрбиесінің арқасында уәде етілген әлемдік үкімет орнатылған кезде ахлақи сипаттар күшейіп, тәртіпсіздік жойылады. Имам Әли бен Абиталеп (ғ.с.): «Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде адамдардың жүректері кектен тазарып, олар жақын бауырлар сынды тыныштық, қауіпсіздік және достық жағдайда бір-бірінің қасында өмір сүретін болады»,- деген. Барлық илаһи пайғамбарлардың мұрагері хазірет Мәһди (ғ.с.) келіп, илаһи қоғам құру жолында қадам басады. Оның құрған қоғамында Алланың әулиелері құрметке ие болып, Алланың дұшпандары қорлық пен азап көреді. Бұл қоғамда илаһи заңдар іске асырылады. Имамның келуімен армандағы қоғамды қалыпастырады. Біріншіден, әлемдік қауіпсіздікті орнатады, яғни әлем бейбітшілік пен қауіпсіздікке жетіп, экономикалық, саяси, мәдени зұлымдық, сондай-ақ ешбір зорлық-зомбылық болмайды. Имам Мәһди (ғ.с.)-ның идеалды қоғамының келесі ерекшелігіне адамның ғылыми және діни тұрғылардан ой-пікірінің өрістейтіндігі жатады.

«Нұр» сүресінің 55-ші аятынан Алла Тағаланың: «... сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті...»- деген сөзін оқимыз. Кейбір тәпсіршілер бұл аятты әлемнің Шығысы мен Батысын өз үкіметінің бақылауына алып, бүкіл жерде әділдік орнатып, жер бетінен қауіп-қатер, алаңдау мен соғысты жоятын хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметіне қатысты санайды. Сонымен бірге Алла елшісінің рауаяттарының бірінде : «Егер осы өмірде тек бір күн қалса да, Алла Тағала сол күнді менің үмбетімнен менімен аттас ер адам келіп, зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа толған жер бетінде әділдік орнататындай ұзақ қылады»,- деп айтылған. Сол себепті хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы әлсіздердің әлемдік күні деп аталады. Иран Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейни бұл туралы: «Әділдік орнататын адамның туған күні қандай мүбәрәк. Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты сол үшін болды. Әлемді залымдардан құтқаратын және зорлық-зомбылыққа толған жерде әділдік орнатып, әлемнің үстемшілдерін басып, әлемнің жәбір көрген халықтарын мұрагер ететін адам қандай мүбәрәк»,- деген болатын.