Сауд Арабиясының Иранды айыптауының мақсаттарына шолу 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i27316-Сауд_Арабиясының_Иранды_айыптауының_мақсаттарына_шолу_1
Саяси сарапшылардың көбі Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салманды Сауд әулетінің атын шығарғысы және билікке ие болғысы келетін ханзадаларының жаңа буынының өкілі деп атайды. Ол біраздан бері сөзімен Иранға күш көрсетуге талпынып, сырт көзге аймақтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы айтуда. Бірақ оның уәждері Риядтың іс жүзіндегі саясаттарына қайшы келеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 23, 2017 16:03 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Иранды айыптауының мақсаттарына шолу 1

Саяси сарапшылардың көбі Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салманды Сауд әулетінің атын шығарғысы және билікке ие болғысы келетін ханзадаларының жаңа буынының өкілі деп атайды. Ол біраздан бері сөзімен Иранға күш көрсетуге талпынып, сырт көзге аймақтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы айтуда. Бірақ оның уәждері Риядтың іс жүзіндегі саясаттарына қайшы келеді.

Ол неліктен шектен шығып, Иранға қоқан-лоққы көрсетіп, сөйлейді? Аймақтағы саяси теңгерім өзгерді ме, әлде ол Сауд әулетінің дағдарысқа толы жүйесіндегі өзінің әлсіз жағдайын сақтап қалу үшін өзінің соңғы карталарымен ойнауға мәжбүр ме?  Бұл – сарапшылардың көбінің ойында туатын сұрақтар. Сауд Арабиясының басшылары осыдан үш жыл бұрын қажылық рәсімі кезінде орын алған  Мина апаты мен сол апатта жеті мыңнан астам қажының Сауд әулетінің біліксіздігінен қаза болуы оқиғасынан кейін өздерінің қателіктеріне жауап берудің орнына әртүрлі сылтаулармен бұл мәселені ұмыттыруға талпыныс жасауымен бірге Иранға қарсы үздіксіз шабуыл бастап, Иранды араб елдерінің істеріне араласады деген айыптауларға жетті. Егер Сауд Арабиясы тату көршілік принциптеріне тұрақты  болса, қалайша Израильмен ынтымақтастық жасап, Сирия, Ирак, және Йеменге араласып, аймақты бейберекеттіке тіреуде?

 Егер сәл артқа шегініп, 2001 жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасына  шолу жасайтын болсақ, Сауд Арабиясының аймақтағы лаңкестік ағымның бір бөлігі екенін көреміз. Өйткені, АҚШ Ауғанстандағы әл-Қаидағы қарсы соғысқа кіріскен кезде әл-Қаиданың басшылары, соның ішінде Асаме бен Ладен бұл күмәнді оқиғаның артында тұрды әрі әл-Қаиданың басшылары Сауд Арабиясымен қарым-қатынаста болды. Бірақ айыптаулар ислам әлемін нысанаға алды. Сауд Арабиясы шамамен он жылдан кейін АҚШ-тың көзқарасынша «лаңкестіктің қолдаушылары» саналатын елдерге қарсы Вашингтонның әрекеттерін  қолдап, қолпаштап, өзінің терісін тастап, әскери шабуылдау саясатын ұстанып, Йеменге қарсы соғыс ашты. Сауд Арабиясының бұл әрекеттері 11-ші қыркүйектегі ұшақтар ұрланып, содан соң бұл ұшақтар Нью-Йорктегі қос сауда ғимаратына тиіп, жарылған оқиғаға қатысты 19 адамның 15 Арабстан азаматтары екені көрсетілген мәлімдеме жарық көрген кезде басталды.   11-ші қыркүйек оқиғасы туралы мәлімдеменің бұл бөлімі бірнеше жыл бойы Ақ үй тарапынан құпия сақталған болатын. Бұл мәліметтер әшкереленген соң неліктен Сауд Арабиясы әл-Қаида басшылары мен ДАИШ-ты қолдайды, Сауд Арабиясы неліктен Йеменге шабуыл жасап, Бахрейн, Сирия мен Иракта өз билігін орнатқысы келеді деген сұрақтар  туындайды.  Сауд Арабиясы Йеменде ондаған мың әскери емес, бейбіт тұрғынның, соның ішінде әйелдер мен балаларды қырудың мақсатын бұл елге бейбітшілік пен қашып кеткен президент Мансур Хадиді қайтару деп атайды. Сауд Арабиясы Йеменге қарсы соғысуды мақсат етпегені және мәселені саяси жолмен шешкісі келгені туралы уәж айтуда. Негізінде Йемен қираулар мен соғыс өрті лаулаған жерге айналып, Израиль қоршауға алған Газа секторы сынды қоршауға алынды. Іс жүзінде Сауд Арабиясы қауіпсіздікке қарсы  әрекет ететін үстемшіл араб елдерінің қатарына кіреді. Сауд Арабиясының үкіметі науқас адам сынды әрекет жасап, қателіктері мен әлсіздіктерін жасыру үшін қателіктерін арттыруда. Бұл қателіктер әскери тұрғыдан  Сауд Арабиясындағы қарсыластары мен қоғамдық белсенділерін басып-жаншудан экономикалық әділетсіз бәсекелер мен мұнай нарығындағы тұрақсыздық және ОПЕК-ке мүше мемлекеттердің келісімдерімен санаспауға дейін жетті.  Бұл үдеріс бүгінде «Соғыс пен тұрақсыздықты Иранның шекараларының ішіне енгізу» туралы уәждерімен жаңа кезеңге кірді. Бұл үдерісті жалғастырудын бірнеше себебі болуы мүмкін. Себептердің бірі Сауд Арабиясын экономикалық, саяси және қауіпсіздік дағдарыстарына тіреген бұл елдің сәтсіздікке ұшыраған саясаттары болды. Расында, Сауд Арабиясы стратегиялық қателіктерінен көптеген зиян шекті. Сондықтан Рияд басшыларының негізгі мәселесі өздерінің жағдайын шайқалған деп көруіне байланысты. Сауд Арабиясы тіпті аймақтың кейбір мемлекеттерін, соның ішінде Түркияны Иранды айыптауға  итермеледі. Сауд Арабиясы бұл әрекетімен исламдық елдердің арасына іріткі салды. Сөйтіп, бұл мәселе Мұхаммад бен Салман басқарған Сауд басшыларының жаңа буынының бірінші «жетістігі» болды. Бұл әрекеті оның аймақтағы ваххабизмге сүйенген билік орнату мен геополитикалық мақсаттарын анықтады. Мұның барлығы – Сауд әулеті басшыларының жаңа ұрпағының ислам әлеміне билік жүргізгісі келетіндігінің белгісі. Бұл ағым өткен бірнеше жылы назар аударарлықтай дамып, әсіресе Ливия, Нигерия, Сомали, Ауғанстан, Ирак және Сирия сынды елдерде Боко Харам, әл-Қаида, ДАИШ және әш-Шабаб сынды экстремистік топтардың пайда болуына себеп болды. Бұл топтардың пайда болуына Сауд Арабиясындағы такфиршіл топтар тарапынан таратылған бұрмаланған ой-пікірлер себеп болды. Негізінде, Таяу Шығыс қазір аймақты соғыс пен дағарысқа тіреген, лаңкестікті таратып, аймақтың экономикалық дамуын тоқырауға жеткізген Сауд Арабиясымен бетпе-бет келіп отыр. Сауд Арабиясының аймақтағы келесі мақсаты АҚШ пен Израильдің аймақты түйткілге ұшырату саясатын нығайту болып табылады. Иран бұл ағымда Сауд Арабиясының шапқыншы саясатының негізгі нысанасы болып отыр.  Сауд Арабиясы аймақта АҚШ-тың әскери күшін арттыруға жағдай жасауда. Аймақтағы АҚШ-тың әскери құдыретіне сүйеніп, Иранның қорғаныстық күш-қуатын аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін дағдарысқа тірейтін күш деп көрсетуді көздеуде. Бұл мәселе Сауд Арабиясының Иранға қарсы маңызды тақырыбы саналады.  Иран аймақтың қауіпсіздігін бөгделерсіз қамтамасыз етуді мақсат етуде.  Сауд Арабиясы болса бұл ұстанымға қарсылық білдіруде.