НАФТА келісімі және Трамптың мәселелері
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i27344-НАФТА_келісімі_және_Трамптың_мәселелері
Транс Тынық мұхиты серіктестігі (TPP) деп аталатын Тынық мұхитының екі жағындағы мемлекеттердің еркін саудасы туралы келісімнің күші жойылғаннан кейін АҚШ-тың жаңа үкіметі саясаттарының салдарынан сауда жөніндегі көпжақты маңызды келісімдердің бірінің жалғастығы мәселесі белгісіз қалып отыр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 24, 2017 11:59 Asia/Almaty
  • НАФТА келісімі және Трамптың мәселелері

Транс Тынық мұхиты серіктестігі (TPP) деп аталатын Тынық мұхитының екі жағындағы мемлекеттердің еркін саудасы туралы келісімнің күші жойылғаннан кейін АҚШ-тың жаңа үкіметі саясаттарының салдарынан сауда жөніндегі көпжақты маңызды келісімдердің бірінің жалғастығы мәселесі белгісіз қалып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік америкалдық еркін сауда жөніндегі келісімнің (НАФТА) күшін жою уәдесімен президенттік сайлауда жеңіске жетті. Ол президенттік еткен алғашқы жүз күні осы келісімнің күшін әлсірету мақсатында әртүрлі әрекет жасады. Осылайша, Дональд Трамп АҚШ-тың НАФТА келісімінен шығуы туралы сыбыстың шығуына байланысты келісімді қайта қарастыру үшін канадалық және мексикалық тараптармен келіссөздер жүргізуге әзір екендігін жариялады. Бұл қайшы мәлімдемелер әлемдік еркін сауда жөніндегі ең ірі келісімнің болашағына күмән тудырды. Қазір туындайтын сауал мынадай: АҚШ үкіметі НАФТА келісіміне байланысты қандай саясат ұстанбақ?

Бұл сауалға жауап беру үшін алдымен басқа сұраққа жауап бергеніміз жөн: Трамптың неліктен НАФТА келісіміне көңілі толмай отыр?

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың мыңдаған америкалықтар мен осы елдің ғалымдары мен ойшылдары секілді еркін сауда жөніндегі келісімдерге қарсылық білдіруі үшін көптеген дәлел бар. Бірінші кезекте, НАФТА тәріздес еркін сауда жөніндегі келісімдерге қарсы адамдардың пікірінше, осындай келісімдердің мазмұнын құру барысында АҚШ-тың мүдделері назарға алынбаған. Бұл топ инвестицияның маңызды тірегі ретінде еркін сауданың маңыздылығын қуаттағанымен, сауда жөніндегі келісімдердің әділ болуын даусыз қажеттілік деп есептейді. Бұл топтың көзқарасына сәйкес, АҚШ-тың басқа мемлекеттермен еркін сауда жөніндегі келісімдерінің болмауы оның әділетсіз болуынан әлдеқайда артық. Басқаша айтқанда, НАФТА келісімін сынаушылар қуаттағандай, еркін сауда келісімдері америкалық компаниялар мен америкалық жұмысшылардың мүдделеріне зиян тигізіп, АҚШ-тың саудадағы бәсекелестерінің табысына себепкер болса, ол келісімдерден шығу даусыз қажеттілік болмақ.

АҚШ-тың НАФТА келісіміне мүшелік етуінің пайдалы немесе зияндығы мәселесіне қатысты елде айтарлықтай келіспеушіліктер бар. НАФТА келісімі ресми түрде 1994 жылдан бастап жұмысын бастап, АҚШ, Канада және Мексика елдерінде ауқымды ортақ нарық құрды. 2015 жылдағы мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  бұл сауда келісімі 480 миллионнан астам халықты қамтып отыр. Бұл көрсеткіш 28 мүшесі бар Еуропа одағынан сәл ғана аз. Сонда да, НАФТА келісіміне мүше үш елдің жалпы ішкі өнімі 20 триллион 700 миллиард долларды құрайды. Бұл көрсеткіш 28 мүшесі бар Еуропа одағының ЖІӨ көрсеткішінен шамамен 4 триллион долларға артық. Кедендік тарифтердің алынып тасталуы, ортақ нарықтың пайда болуы, ақшалай қаражат аударымы мен жұмыс күшінің көші-қон еркіндігі және АҚШ, Канада мен Мексика елдері арасындағы сауда-саттыққа байланысты заңдарды бірізділікке келтіру секілді мәселелер осы келісімге мүше елдерге, әсіресе АҚШ үшін көптеген пайдалы тұстарды қамтыған. Мысалы, 2015 жылғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, НАФТА шеңберіндегі сауда жасаудың нәтижесінде АҚШ-тағы халықтың әл-ауқаты 0.8 пайызға артқан. АҚШ-тың Сауда палатасы АҚШ-тың Канада және Мексикамен 1993 жылы жасаған сауда нәтижесінде тапқан 337 миллиард доллар көрсеткіші НАФТА келісімін бекітерден 1 жыл бұрын, яғни 2011 жылы 1 триллион 200 миллиард долларға жеткен еді.

Осылайша, АҚШ-тың экономикалық ешбір саласы НАФТА келісімінен пайда көрмеді. АҚШ-тағы ең ірі жұмысшылар одағы саналатын Америка еңбек федерациясы (AFL) мен Өндірістік кәсіподақтардың конгресі (CIO) НАФТА келісімі негізінде кемінде 800 мың жұмыс орынының бұл елдің шекараларынан тыс елдерге кеткенін жариялады. Автокөлік шығару өнеркәсібінің жұмысшылары НАФТА келісімінің ең негізгі құрбандары саналады. Ford секілді автокөлік зауыттары ширек ғасыр аралығында НАФТА келісімінің заңдарына сүйеніп, елдегі арзан жұмыс күші, еңбек туралы қарапайым заңдар мен өндірістік шығындарды азайту секілді экономикалық пайдалары үшін өзінің өнідіріс желілерінің бөлігін Мексикаға көшірді. Бір жағынан, мұндай саясаттарды жүзеге асыру америкалық жұмысшылардың жұмыспен қамту мүмкіндіктерін азайтты. Басқа жағынан, Мексикада өндірілген автокөліктердің америкалық тұтынушылардың қолына АҚШ-тағы өз құнынан төмен бағамен сатылуына және де АҚШ-тағы кейбір экономикалық белсенділердің құқықтарының бұзылуына себеп болды. НАФТА келісімін сынаушылар өткен 25 жылда НАФТА келісімінен пайда тапқандар мексикалық инвесторлар мен жұмысшылар болып, бұл келісім Америка үшін көптеген қиындық тудырды деп баса айтып отыр. Сол себепті Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде берген уәдесінде тұрып: "Өндіріс желілерін Мексикаға көшіріп, америкалық жұмысшылардың жұмыс орнымен қамтамасыз етілу мүмкіндігінен айырған автокөлік компанияларынан көбірек салық алынады",- деп мәлімдеді. Мұндай шара НАФТА келісімінің мүшесі саналатын Мексиканың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді.

НАФТА келісімі шеңберіндегі сауда-экономикалық келіспеушіліктер тек АҚШ пен Мексика арасындағы қарым-қатынастармен шектеліп қоймайды. Сонымен қатар, АҚШ пен Канаданың арасында да сауда қатынастарына байланысты терең келіспеушілік пен қайшылықтар бар. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл қайшылықтар АҚШ пен Мексика арасындағы дау-дамайларға қарағанда әлдеқайда көп. Мысалы, Оттава мен Вашингтон 35 жылдан астам уақыттан бері Канаданың ағаш материалдарын АҚШ-қа экспорттау мәселесіне қатысты дауласып келеді. Ал НАФТА келісімі бұл дауды шеше алған жоқ. Америкалықтар канадалық Barry Wood компаниясының мемлекеттік субсидияларды пайдаланып, канадалық ағаш өнімдерін АҚШ нарығына төмен бағамен кіретіндігіне наразы болып отыр. Мұнымен қатар, канадалықтар америкалық сүт өнімдерін өндірушілерінің жергілікті өндірушілерді нарықтың төрінен есіктің алдына ығыстыру мақсатында демпинг саясатын қолданды деп айыптап отыр. Бұл дау-дамайлар Трамп билік басына келген сәттен бастап шиеленісе түсті. Трамп өткен жылғы президенттік сайлаудағы бәсекелестігіндегі өзінің негізгі ұранын "АҚШ-ты қайтадан гүлдендірейік" деп атады. Ол басқа да рәсімдер кезінде "Алдымен Америка!" және "Америкалық өнім сатып ал!", "Америкалықты жұмысқа ал!" деген ұрандарды да айтқан еді. Трамптың көзқарасындағы экономиканы қолдау пікірлер аясында АҚШ-тың ішкі өндірісін нығайту, америкалық жұмысшыларға жұмыс орындарын құруға көмектесу және шетелдіктермен, тіпті Канада, Жапония және де Еуроопалық одаққа мүше елдер секілді Вашингтонның одақтастарына қатысты әділетсіз сауда қатынастардың алдын алу мәселелері басымдылыққа ие. Сондықтан, егер Трамп пен оның кеңесшілерінің назарға алған мақсаттары жүзеге аспайтын болса, АҚШ үкіметі саяси және дипломатиялық түсініктерге қарамастан, екіжақты немесе көпжақты сауда келісімдерінен шығу немесе бас тарту жолын ұстанады.

Алайда, НАФТА келісімінен шығу Транс Тынық мұхиттық серіктестігінен (TPP) шығу секілді оңай емес. Транс Тынық мұхиттық серіктестігі құрылмай жатып, Трамп одан шығу туралы жарлық шығарды. НАФТА-ның құрылғанына ширек ғасыр болды. Ол АҚШ, Канада және Мексика елдерінің экономикасын бір-бірімен байланыстырып отыр. Мысалы, АҚШ-тағы 7 миллион жұмыс орны осы елдің Канададағы сауда-саттығына байланысты. Мексиканың АҚШ-пен қарым-қатынасы да осы елдегі бірнеше миллион жұмысшыға қолдау көрсетіп отыр. Бұл қарым-қатынастарға нұқсан келтіру, тіпті ол ішкі өндірісті нығайту мен америкалық жұмысшылардың мүдделеріне қолдау мақсатында болса да, ақырында жағымсыз салдарға соқтыруы мүмкін. Өндіріс желілерінің Мексикаға көшірілуінен зарар шеккен АҚШ-тың автокөлік өндірісі жұмысшыларына қарағанда, Америкадағы киім өндірісінің белсенділері Қытайдан мата импорттап, оны Мексиканың киім тігу фабрикаларына тасымалдап, АҚШ-тың тұтынушысы көп нарығына арзан бағалы дайын өнімдерді қайтару арқылы үлкен табыс көрді. Себебі, НАФТА келісімі бойынша, Мексика мен АҚШ арасында кез келген қажетсіз тарифтердің барлығы алып тасталынған. Америка мен оның солтүстік және оңтүстігіндегі екі көршісінің арасында ауқымды сауда-экономикалық қатынастар пайда болған. Дәл осы себеппен АҚШ-та НАФТА келісімінің қарсыластары секілді бұл еркін сауда келісімін бұзуға қатты қарсылық білдіретін жақтастар да бар.

Қазіргі таңда, АҚШ-тың саяси-экономикалық кеңістігі 2016 жылғы сайлау кезіндегі қызу бәсекелестік кезеңдерінен едәуір қашықтаған кезде шындықтар бұрынғыдан бетер көрініс тауып жатыр. АҚШ-тың қазіргі басшыларының бірнеше ай бұрын НАФТА келісіміне қарсы айтылған өткір сөздерінен кейін бұл елдің президенті осы келісім туралы тағы келіссөздер жүргізуге әзір екендігін хабарлады. Осылайша, үш мүше елдің арасындағы экономикалық, сауда-саттық, қаржылай, тіпті қоршаған орта тақырыптарының шиеленіскені, сонымен қатар олардың әрқайсысының барынша өз мүдделеріне қол жеткізуге талпынысына байланысты ұзақ мерзімді әрі қасіретке толы НАФТА келісімін қайта қарастыру күтілуде. Осыған байланысты бұл мақсатта НАФТА шарттарының жақсаруы аясында америкалық инвесторлар, жұмысшылар мен компаниялардың әртүрлі күткен үміттері орындалмаған жағдайда Трамп жаппай наразылық толқынына ұшырайды. Тіпті америкалық дауыс берушілердің алдағы 2018 және 2020 жылдардағы сайлауларда оны және демократтар партиясының үміткерлерін қайтадан қолдаудан бас тартуы да әбден мүмкін.