Технология және ақпарат: қоғамдардың дамуына бағытталған қадам
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i27522-Технология_және_ақпарат_қоғамдардың_дамуына_бағытталған_қадам
Халықаралық электр байланыс одағының (ХЭО) бас хатшысы Хоулинь Джао Халықаралық электр байланысы және ақпараттық қоғам күніне орай жариялаған жолдауында биылғы жылдың ұранын "Үлкен әсерлерге арналған үлкен ақпараттар" деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 29, 2017 14:30 Asia/Almaty
  • Технология және ақпарат: қоғамдардың дамуына бағытталған қадам

Халықаралық электр байланыс одағының (ХЭО) бас хатшысы Хоулинь Джао Халықаралық электр байланысы және ақпараттық қоғам күніне орай жариялаған жолдауында биылғы жылдың ұранын "Үлкен әсерлерге арналған үлкен ақпараттар" деп атады.

Мамырдың он жетісі, сәйкесінше х.ш.ж.с.б. ордибеһешт айының жиырма жетінші жұлдызы – Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні саналады. Халықаралық электр байланысы одағы жыл сайын стратегиялық ұран таңдап, бұл күнді ерекше атап өтеді. Осы одаққа мүше барлық елдер сол ұран негізінде ғаламтор мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы хабардарлық деңгейін арттыру мақсатындағы өздерінің біржылдық бағдарламаларын анықтайды.

Халықаралық электр байланысы одағы 1865 жылы мамырдың он жетісі күні құрылған және ертеден келе жатқан халықаралық ұйымдардың бірі саналады. Бұл құрылымның көне болуына қарамастан, Халықаралық электр байланысы одағы жас одақ және әлемдік электр байланысының ең дамыған бөлігі саналады. БҰҰ Бас Ассамблеясының бекітуімен х.ш.ж.с.б. ордибеһешт айының жиырма жетісі, яғни мамырдың он жетісі жыл сайын Дүниежүзілік ақпараттық қоғам күні болып таңдалған. Жыл сайын бұл күні әлемдік деңгейдегі саясаттар мен байланыстық мақсаттарды дамыту тақырыптарын қарастырады.

Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні

Иранда бұған дейін де х.ш.ж.с.б. одибехһешт айының жиырма жетісі Дүниежүзілік коммуникация күні деп аталып келгенү Кейін бұл күн Коммуникация және қоғамдық қатынастар күні деп өзгертілді. Бұл шара Ирандағы қоғаммен байланыс бағдарламалары саласын кеңейту мақсатындағы үкіметтің бағдарламаларына жатады. Сондықтан бұл күн "Коммуникация және қоғаммен байланыс күні" ретінде бүгінде Иранда атап өтілетін кәсіби мерекелердің қатарына қосылып, ресми күнтізбеге енгізілген.

1865 жылы дәл сол күні телеграфпен шектелген сол кездегі ең дамыған трансұлттық коммуникация жөніндегі заңдарды әзірлеу үшін әлемнің жиырма елінің өкілдері бас қосты. Басқосулардың нәтижесінде Халықаралық телеграф одағы құрылып, мамырдың он жетісі соның құрметіне аталды. Бұдан 140 жылдан кейін, яғни 2005 жылы және Тунисте өткен "Ақпараттық қоғам" халықаралық саммитінен кейін БҰҰ қарар қабылдап, соған сәйкес мамырдың он жетісі "Коммуникация және ақпараттық технология күні" деп аталды.

Ақпараттық технология және коммуникация

Жыл сайын осы күні "Ақпараттық қоғам" халықаралық саммитінің баяндамасында анықталған мақсаттар мен мемлекеттердің даму деңгейі және жаңа әдіс-тәсілдері жайлы пікір алмасу үшін осы саммитке қатысушы елдердің өкілдері Женева қаласында бас қосады. Бұл күннің мақсаты интернет пен ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы хабардарлық деңгейін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, интернет пен технологиялардың осы түрінің мүмкіндіктері қоғамдар мен экономикалар үшін қызмет етуі керек және "сандық алшақтық" жойылу тиіс. Басқаша айтқанда, бұл саммиттің ең маңызды мақсаты әлемнің кез келген жеріндегі адамдардың ақпарат көздеріне көбірек қол жетімділікке ие болуы және ақпараттың еркін айналымы үшін ұйымдасқан түрде талпыныс жасау болып табылады.

Алдында айтып өткеніміздей, Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Хоулинь Джао Халықаралық электр байланысы және ақпараттық қоғам күніне орай жариялаған жолдауында биылғы жылдың ұранын "Үлкен әсерлерге арналған үлкен мәліметтер" деп атаған еді.

Халықаралық электр байланысы одағынының бас хатшысы -Хоулинь Джао 

Ол кісінің Халықаралық электр байланысы және ақпараттық қоғам күніне байланысты жолдауында былай деп қуатталған: "Назарға алынған тақырыпқа байланысты биыл бұл халықаралық күн үшін үлкен деректердің күші қоғамдарды даму мен ілгерілеу жолына жетектейтін бұрын-соңды болмаған көлемдегі мағлұматтардың ақпаратқа айналуы үшін мүмкіндік болып табылады. Мәліметтерді талдап, саралай келе және ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде шешім қабылдау арқылы 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі.

Үйрену үдерісі бұдан да жақсы түрде қалыптасқан кезде көптеген мүмкіндік пайда болып, үлкен мәліметтерді тізгіндеу және сол деректердің әсерін түсіну арқылы жақсы әлемге қарай қадам басуға болады. Халықаралық электр байланысы одағына мүшелікке кіру арқылы жүзеге асқан әртүрлі әрекеттер дамудың мәселелерімен күресу үшін әлемдік деңгейдегі үлкен мәліметтер алаңына және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу осы қозғалысқа өз септігін тигізеді».

Мүмкін, осы бірнеше жыл бұрын Халықаралық электр байланыс күні бүгіндегідей маңызды саналмай, стратегиялық маңызға ие емес болған шығар. Себебі, ол жылдары коммуникация мен байланыс желілері әлі қазіргі кездегідей қоғам мен біздің өмірімізге еніп, астасып кетпеген болатын.

Бүгінгі таңда коммуникацияның қажеттілігі мен маңыздылығы баршаға анық және түсінікті мәселе саналады. 1876 жылы телефонды ойлап шығарғаннан бастап, 1975 жылы әлемнің жер-жерінде байланыс жерсеріктері арқылы байланыстардың пайда болуы, ақырында 60-шы жылдары ғаламтордың пайда болуы әлемді байланыс және коммуникация саласында ұлы өзгеріспен бетпе-бет келтірді. Қазіргі таңда байланыс құралдары мен коммуникация әлемі тек ойын-сауық пен жақсы көретін адамдармен байланыс жасау құралы немесе күнделікті өмірдегі байланыс қажеттіліктерді өтеу ғана емес, сонымен қатар күннен-күнге дамып келе жатқан және өмірімізде, әсіресе қоғамдардың дамуы мен тұрақты дамуға қарай қадам басуымызда маңыздырақ рөл атқаратын өнеркәсіп болып табылады. Бүгінгі таңда байланыс құралы оқыту және дамуды жүзеге асыруға арналған құралға айналған. Көптеген халықтық күрестерде өздерін таныстырып, әрекеттеріне қолдау көрсетуге шақыру үшін байланыс құралдарын пайдаланудың куәсі болып жүрміз.

Коммуникация, әсіресе оның электронды түрі адам баласы өмірінің әртүрлі салаларының ажырамас бөлігіне айналып, әлем халқының ауқымды бөлігін өзіне қызықтырып, тіпті тәуелді еткен. Адамдардың күнде таңертең әртүрлі көзқарастар негізінде әлемнің жер-жерінде жарияланып жатқан әлем жаңалықтарын өте аз қаржы және аз уақыт жұмсап, хабардар болып, әрқайсысының сол мәселеге байланысты сынымен танысып, өзінің де сыны болса, өте оңай және аз ғана қаражат жұмсап, әлем жұртшылығына жеткізе алатындығы коммуникацияның, әсіресе оның электронды түрінің болуына қарыздар. Сонымен қатар, қарапайым халықтың билік жүйесі мен мемлекеттік қайраткерлерді ең жеңіл әрі ең қауіпсіз тәсілмен сынап, еліндегі маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауда тікелей немесе жанама түрде бақылаушы ретінде рөл атқаруы коммуникация мен байланыстың артықшылықтарының біріне жатады. Коммуникация қоғам бөлімдерінің мемлекетті құру, үкіметтерге кемшіліктерді жою және ең ізгі шешімдерді қабылдауға көбірек қатысуына негіз әзірлеп, ұжымдық ақылдасу мен топтық қатысуды сый ретінде ұсына алады.

Коммуникация – біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі

Халықаралық ынтымақтастықтар әлемдік қауымдастықтағы байланыстың рөлін ерекшелендірді. Электр байланысы бүгінгі таңда экономикалық және мәдени дамудың негізі саналып, өркениеттің "оң қолы" деген лақапқа ие болған. Сол себепті ұлттық дамудың деңгейі әрбір елдегі телекоммуникациялық байланыстардың дамуы негізінде бағаланады. Телекоммуникациялық байланыстардың мақсаты ең қолайлы экономикалық жағдайларда қажетсіз, артық сапарларды болдырмай, халықтың мемлекеттік ұйым мен мекемелерге келу қарқынын азайту және байланыс орнату үшін қоғамның уақыты мен қаржысын үнемдеуге септігін тигізу саналады.

Басқа жағынан, көптеген салалардағы зерттеушілердің әлемдік ғылыми-зерттеу желелілерін пайдалану қажеттігі анық жағдай. Осындай желілердің жұмыс өнімділігі, пайдасы мен жылдамдығына компьютерлердің көмегімен жылдамдығын арттырып, оларды үлкен көлемдегі мәліметтерді іздеу, жинау, топтау, талдау және тасымалдау құралына айналдырған телекоммуникациялық байланыстардың күннен-күнге артып келе жатқан мүмкіндіктері әсер етеді.

Сонымен  қатар, жаңа және ауқымды мәліметтік қызметтерге қолжетімділіктің жеңілдігі мен тұрақты түрде басқа зерттеушілермен байланыс орнатудың арқасында бұл құралдардың ғылыми-зерттеу орталарындағы қолайлылығы арта түсті. Дамыған телекоммуникациялық технологиялардың арқасында қазіргі және болашақтағы мәліметтер дамуының ағымына қосылуға болады.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технология саласы ең пайдалы және ең табысты салалардың бірі саналады. Бұл сала әлем қауымдастығының байланыс орнату тәсіліне төңкеріс жасады. Үкіметтердің тұрақты саясаттары мен шартты реформалары, халықаралық стандарттар, өнеркәсіптік инновациялар мен инфрақұрылымға инвестициялар салу және жаңа қызмет түрлерінен тұратын жиынтықтың болуы миллиардтаған адамды қысқа мерзім ішінде ақпараттық қоғам қатарына қосты.

Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация өнеркәсібі

Қазіргі өнеркәсіптен тыс қоғамдағы ақпарат пен электр байланысы экономикалық және өнеркәсіптік даму мен ілгерілеудің негізгі критерийі саналады. Бүгінде жаңа ақпараттық технологиялар мен коммуникацияның мемлекеттердің ғылыми-зерттеу саласындағы дамуында ерекше рөл атқаратыны баршаға мәлім. Сол себепті, ақпарат және коммуникация арасындағы байланыс айрықша маңызға ие. Ақпарат пен коммуникацияның бір-бірімен байланысының нәтижесінде, ақпарат осы ғасырдың өңделмеген бағалы өнімі саналып, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің шеңберінде қолжетімді болып отыр. Сондықтан, қоғамдардың ғылыми-зерттеу тұрғысынан дамуы үшін саясат және жоспарлау ақпарат пен коммуникация дамуының ережелеріне сәйкес іске асуы тиіс. Сонымен қоса, жаңашыл ақпараттық және коммуникациялық жүйе шеңберіндегі ұлттық және халықаралық ынтымақтастықтар үшін қазіргі әлемді билеп отырған ақпараттардың біржақты ағымы мен монополистік жүйені өз қарамағында ұстаудан аулақ болған жөн. Ақпараттар мен бұқаралық ақпарат құралдарын монополистік түрде өз қарамағында ұстап отыру ұлы қуатты күшті пайдалану деген мағынаны білдіреді. Егер оларға назар аудармайтын болсақ, бұл жаңа жүйе адам баласына қызмет етудің орнына, адамзат баласын билік етуші жүйенің құлына айналдыруы әбден мүмкін.