15-хордад - Иран халқының үстемшілдікке қарсы қозғалысының жалғасы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i27740-15_хордад_Иран_халқының_үстемшілдікке_қарсы_қозғалысының_жалғасы
15-хордад көтерілісі Иран халқының үстемшілдікке қарсы күрестерінің тарихында Иран халқының революциялық бірлігінің қалыптасу жолындағы бастапқы қадам болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 06, 2017 10:01 Asia/Almaty
  • 15-хордад - Иран халқының үстемшілдікке қарсы қозғалысының жалғасы

15-хордад көтерілісі Иран халқының үстемшілдікке қарсы күрестерінің тарихында Иран халқының революциялық бірлігінің қалыптасу жолындағы бастапқы қадам болды.

1342 жылы 15-хордадта (1963 жылы шілде) шах режимінің қызметкерлері Құм қаласындағы Фейзие медресесінде шах пен оның америкалық және израильдік қожайындары қылмыстарының бет‑пердесін сыпыра сөйлеген имам Хомейнидің наразы үнін өшіру үшін оны ұстап, Теһрандағы түрмеге жапты. Сол күні 15 мыңға жуық революцияшыл адам қанға бөкті. Осылайша 15-хордадта исламдық Иран тарихының жаңа парағы ашылды.  

15-хордад оқиғасы қантөгіспен басылып, шахтың пайдасына шешілсе де, шын мәнінде, шах режимінің шынайы болмысын баршаға бұрынғыда бетер әшкере етіп, ұлы Ислам Революциясына ұласқан қозғалыстың басталуына түрткі болды. Бұл қозғалыс 15 жылдан кейін жеңіске жетті.

Имамның бұл көтерілістегі негізгі мақсаты Ислам заңдарын енгізу және  ислам шариғатын орындау, Иранның АҚШ пен Израильге бағыныштылығын тоқтату болды.

15-хордад көтерілісінің тууына себеп болған мәселелердің бірі облыстар деңгейінде қоғамдастықтар құру жобасын қабылдау және «Ақ Революцияның»  астарында бірнеше мәселені көтеру болды. Отаршылдық мақсатындағы бұл мәселелер халық пен діни күштердің наразылығын тудырды. Имам Хомейни Құм қаласында үлемдер мен діни тұлғалармен өткізген отырыста олардың әрқайсысына Ашура күні Хосейнді жоқтаушылар мен халық алдында сөз сөйлеп, режимнің нағыз бейнесін әшкерелеуді ұсынды. Өзі де режимнің қоқан‑лоққыларына қарамастан, 1342 жылы 13-ші хордадта Фейзие медресесінде сөз сөйлеп, шахтың жеке басы мен АҚШ пен Израильге қарсы өткір шабуыл жасады. Сол себепті хазірет шахтың бұйрығымен Құм қаласындағы өз үйінде тұтқынға алынды.

Иран Ислам Революциясының негізі мен мақсаты үстемшіл жүйемен күресу болғандықтан, 15-ші хордадтағы қозғалыс шындығында да осы революциялық идеология негізінде саяси көтерілістің қалыптасуының алғашқы ошағын тудырды. ИИР‑ның негізін қалаушы имам Хомейни (р.) өзінің құрықталып, жер аударылуына әкеліп соқтырған атақты үндеуінде АҚШ‑тың Ирандағы саяси мақсаттары мен қолсұғушылық әрекеттерін, сондай‑ақ, шах режимінің Израильмен қарым‑қатынас түрін түйткілге ұшыратты. Сол себепті мұндай шара шах режимі тарапынан АҚШ‑қа ашық түрде күрес жариялау деп қабылданды. Сондықтан имамның сөздері режимнің ауыр да өткір  реакциясына ұшырады.

Бұл маңызды әрі тарихи оқиға Иран халқының тағдырына терең әсерін тигізіп, Иран Ислам Революциясымен аяқталды.

Иран халқының үстемшіл жүйеге қарсы саяси күрестерінің тарихында әртүрлі оқиғалар орын алды. Олардың әрқайсысында тағдырды шешуші нәтижелер болды. 

15-ші хордад тарихи қозғалысында саяси, діни және қоғамдық тұлғалар айшықты рөл атқарды. Бұлардың әрбіреуі Ислам Революциясының жеңісі мен Иран халқының  табандылығының артуында шешуші рөлге ие болды. 15-ші хордад қозғалысының туындау себептері мен тамырын зерттеп, революцияның жеңіске дейін жалғасу себептерін сараптағанда осы үдерісте үш маңызды фактордың рөл атқарғанын айту керек.

Бірінші фактор – Иран халқы мен исламдық құндылықтардың астасуы. Сол себепті Иран халқы осы бағытқа қайшы әрекетке жылдам реакция танытты. Революциялық қозғалыс барысындағы екінші маңызды фактор – Иран халқының АҚШ‑тың қолсұғушылық әрекеттерінің шынайы болмысын тануы.  Бұған 1332 жылғы 28‑ші мордадтағы, яғни 1953 жылғы америкалық-британдық төңкеріс тәжірибе боллды. 28‑ші мордад төңкерісінен кейінгі  АҚШ‑тың Иранға қатысты сыртқы саясаты да сол күйінде қалды. Өйткені, шахтың деспоттық режимі АҚШ пен Англияның аймақтағы және Ирандағы орындаушысы болды. Шын мәнінде, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік өзгерістердің тізбегі Иранда 15‑ші хордад көтерілісі мен Ислам Революциясының пайда болуына себеп болды. Бұл оқиға мен одан кейінгі жағдайлар Иран халқының революциялық қозғалысына терең әсерін тигізіп, 15‑ші хордад көтерілісінде Иран халқының АҚШ‑тың үстемшіл жүйесіне қарсы күресінің қалыптасуындағы бетбұрыс нүктесіне айналды.

Алайда, осы көтерілістің қалыптасуы мен сақталуында өте маңызды болған үшінші фактор имам Хомейнидің үстемшілдікпен күрестегі кесімді табандылығы мен биік рухы еді. Деспоттық шах режимі Иранда ешқандай сын мен наразылыққа жол бермей отырған шақта 15‑ші хордад тарихи қозғалысы АҚШ‑тың Иранмен үстемшіл қатынасын еш қорқынышсыз түйткілге ұшыратты. Сол себепті  бұл революциялық қозғалыс Ирандағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді сезімтал кезеңге енгізді. Шах режимі басып-жаншыса да, бұл қозғалыс тоқтап қалмай, имам Хомейнидің шетелге жер  аударылған кезеңінде Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін өзінің дамуы мен ықпал ету жағдайын сақтап, ақырында шах режимімен күрестің негізіне айналды.

Сол себепті имам Хомейни 15‑ші хордад көтерілісін Ислам революциясының бастамасы деп бірнеше рет баса айтты. Шын мәнінде, 15‑ші хордадтағы революциялық қозғалыстың негізгі түп-тамырын АҚШ-тың Иранға қарсы үстемшіл саясаттары мен ішкі іске араласушылығында деп санау қажет. Бұл Иранның саяси тарихында бірнеше рет қайталанған.  Сол себепті Иран халқы әрдайым АҚШ‑тың дұшпандық әрекеттеріне қарсы қырағылық танытып келеді. Осы қырағылықтың арқасында Иран халқының АҚШ‑тың мақсаттарына қарсы тұруы мен табандылығы Иран Ислам революциясының ажырағысыз бөлігіне айналды. Осылайша Иран Ислам революциясының жеңісіне қырық жылға таяп қалғанымен, бір жағынан АҚШ‑тың қитұрқы әрекеттеріне, екінші жағынан дұшпандардың талпыныстарын жеңіліске ұшыратуға бағытталған Иран халқының табандылығына куә болып келеміз.

Иран Ислам революциясының жеңісінен бұрынғы сезімтал шақта Иран халқының АҚШ пен Батыстың үстемшіл дүниесіне қарсы табандылығы сынақтан өтіп, шыңдала түсті деп айтуға болады.

Иранның саяси өзгерістер жолында үстемшіл күштерге қарсы ұлттық және діни қозғалыстары мен табандылығының жарқын беттері тарихта тіркелген. Олардың әрқайсысы Иранның саяси өзгерістерінде мәңгі ұмытылмас із қалдырды. Үстемшілдікке қарсы осы әрекеттерді назарға ала отырып, 15‑ші хордад немесе13‑ші абан сияқты күндер халықаралық үстемшілдікке қарсы ұлттық күрес күні ретінде бекітілді. Саяси-әлеуметтік көзқарас тұрғысынан Иран халқы өзінің саяси-экономикалық, мәдени, және әскери салаларына АҚШ‑тың ықпал етуін ешқашан қабылдамаған деп айтуға болады. 15‑ші хордад оқиғасының жолдауы АҚШ‑тың үстемдігіне қарсы Иран халқының табандылығы мен қырағылығын сақтауы болды.