Иран- туристік мақсаттағы ең тартымды ел
Иранның тарихи өткені, жағрапиясының әртүрлігі мен мәдени және діни көрнекті жерлерінің алуан түрлілігі Иранға келген туристердің қызығушылығына, ұлтына, жасына қарамай, Иранға жасаған сапарларынан ләззат алуға себеп болады.
Әлемдік экономикалық қоғамдастық 3-ші рет Иранды шетелдік туристер үшін ең лайықты әрі үнемді мекен деп атады. Бұл қоғамдастықтың алты айлық есебінде Иран әлемдегі туризмнің қаржысы ең төмен мекені танылды. Мысыр, Малайзия, Ресей, Түркия, Грекия, Испания, АҚШ, Франция, Италия секілді елдер Иранмен салыстырғанда туристер үшін қаржы көп кететін елдер деп, сонымен қатар 10 ел, соның ішінде Перу, Аустралия, Дания, Сенегал, Норвегия, Исландия, Ұлыбритания, Барбадос, Англия, Швейцария секілді елдер туризм үшін ең қымбат мекендер саналды. Бұл тізімді жасауда туризмнің шығындары, соның ішінде билеттің бағасы, салық, жанар-жағармай құны, қонақ үй, қызмет құны мен азық-түлік бағасы да назарға алынды. Иран сондай-ақ, мәдени орындары мен мұралары жағынан Чехия, Дания, Венгрия, Румыния секілді Еуропаның бірқатар елдеріне қарағанда жоғарырақ сатыда тұр.
Біраз уақыт бұрын «Стар» ақпарат сайты туристерге: «Көрікті де кең байтақ Иран жеріне сапар туралы жазылған теріс жарнамаларды ұмытыңыздар»,-деп хабарлады. Бұл малайзиялық интернет көзі жуырда Иранға барған Хариати Әзизан жазған «Иранға сапар қауіпсіз бе?» атты мақаласында: «Иран жайындағы батыс баспасөзіндегі айғай-шуға толы теріс ақпараттарды ұмытыңыздар. Егер, сіз Иранға бара қалсаңыз, баспасөз беттеріндегі ИИР жайлы жарнамаланып жүрген ақпараттың толығымен теріс екенін жылдам түсінесіз»,-деді.
Иранның әртүрлі туристік жерлеріне барып, сапарын өте мақтаған мақаланың иесі осы интернет сайтының оқырмандары мен және басқа да қолданушыларға: «Бұл сапарымда Иранның көзтартарлық туристік орындарының аз ғана бөлігін көрдім. Келесі сапарымда Иранның басқа да әдемі де көрікті жерлеріне баруым керек. Мен Иранға қайта оралуым қажет»,- деп баса айтты.
Париждің «le Figaro» газеті де «Иранның таңғажайыптарынан құр қалмаңыздар» атты мақаласында Иранның көне тарихи жерлерінің суреттерін интернет сайтында жариялап: «Иранға сапар ұмытылмайтын әсер қалдырады»,-деп жазды.
Гийом де Дилево (Guillaume de Dieuleveult) жазған осы мақалада: «Иранға барған кезде адамның демін ішке тартқызып, таңдай қақтырарлық панорамалар мен ерекше ғажайып мұраларды көресіз. Иран – өте тартымды ел»,-деді.
«le Figaro» газеті өз мақаласының жалғасында оқырмандарды жариялаған суреттерді көруге шақырып: «Иранның қай жерлеріне қыдырып барасыз?» деген сұрақ қойып: «Шираз, Йезд, Персополис, әлде Теһран ба? Біз Иранның кейбір әдемі қалаларының суреттерін таңдадық. Соларды көріп, сапарыңызды бағдарлай аласыз»,-деп жазды.
Әлемдік туризм ұйымының мәліметі негізінде Иран туризм саласында жаһандағы ең үздік 10 елдің қатарында тұр. Әлемдік туризм ұйымы тарапынан әлемдік туризмді классификациялау жылына 3 рет жарияланады. Бұл бағалауға туристердің саны мен туризмнен түскен табыстың көлемі де кіреді. Иран бұл тізімде табиғи тартымдылықтары тұрғысынан 5-ші, мәдени-тарихи тартымдылықтары жөнінен 10-шы орынға ие болды.
Туризм индустриясы мұнай және машина жасау өнеркәсібінен кейінгі әлемде кірісі мол үшінші сала болып табылады. Сондықтан экономикалық жағынан жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздықты азайтып, кірістің көбеюіне себеп болады. Туризм саласында жұмыс орындарын ашуға қажет инвестиция көлемі басқа салаларға қарағанда азырақ. Басқаша айтқанда, туризм саласында жұмыс орнын тудыру аз капиталды қажет етеді. Барлық мемлекеттер қазіргі қысылтаяң бәсекелестікте туризмнің экономикалық, мәдени, әлеуметтік артықшылықтарын пайдалануды, әсіресе туризмнен түсетін әлемдік кірістен көбірек үлес алуды, сондай-ақ, өз елдерінде жұмыспен қамту деңгейін жоғарылатуды көздеп отыр. Әлемдік туризм ұйымының статистикасына сүйенсек, әлемдегі әрбір 12-15 жұмыс орнының біреуі туризм саласына тиесілі және әрбір 5-10 турист бір жұмыс орнын тудырады. Қазіргі күні әлемдегі шамамен 260 млн адам туризм мен соған қатысты салада жұмыс істеп жатыр. Жалпы бұл индустриядан түсетін табыстар әлем елдерінің жалпы ішкі өнімінің 9 %-ға жуығын құрайды.
Туризм – елдің басқа да салаларын, мысалы валютадан түсетін табысты, қабылдаушы елдің ұлттық кірісін, инвестиция көлемін, жұмыс күшін, өндіріс өнімдерін арттырып, қолөнер бұйымдарының сатылуы мен таралуына жағымды әсерін тигізе алатын жан-жақты сала. Ең маңыздысы – туристердің Иран жайындағы көзқарасының өзгеруі. Сол себепті бұл салаға көңіл бөлу жоғары маңыздылыққа ие. Мемлекеттер бұл саладағы өз үлестерін арттыру мақсатында тыңғылықты бағдарламар жасайды.
2016 жылы халықаралық туризм саласы орташадан жоғары даму көрсеткішін көрсетті. Әлемдік туризм ұйымының соңғы мәліметінде көрсетілгендей, қаңтар мен сәуір айлары аралығында әртүрлі мекендерге барған халықаралық туристердің саны 5 пайыздан асты. Туризмге қатысты статистика мен сандар туризмнің шамамен әлемнің барлық аймақтарында жақсы бағытпен өрбігенін көрсетіп, туризм шынында да үшінші мыңжылдықтың индустриясы деп аталды. Қазіргі таңда әлемнің көп елдерінде заманауи байланыс түрлері мен инфрақұрылымның дамуының арқасында бұл сала бұрынғыдан көбірек әрі жеңілірек пайда әкеліп отыр.
Туризмге қатысты халықаралық ұйымдардың соңғы мәліметтері бойынша, 2016 жылы туристердің саны 43 млн-ға артқаннан кейін әлемдегі жалпы туристердің саны 1 млрд 200 млн адамға жетті. Әлбетте, әлемдегі туристердің саны жыл сайын өсіп отырады. 2030 жылға дейін қоғамдық тасымал құралдары мен дамыған байланыстардың көмегімен олардың саны 8/1 млрд адамға артуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, әлемдегі үздік туризм бағытының өзгеруімен Азия, Тынық мұхиты, Африка, Таяу Шығыстағы даму үстіндегі елдер ең көп туристік орталықтар болады деп күтіледі.
Иран тарихи өткені, жағырапиялық, мәдени, дін, ұлттық түрлілігімен туристердің қызығушылығын қанағаттандырып, оларға мадақ айтқызады. Әр түрлі мақсатпен Иранға келген әрбір турист өз талғамы мен қызығушылығына орай бағдарлама жасап, бұл елден өзіне қажет көрнекті жерлерді таба алады. Иран үстіртіндегі адам баласы тіршілік еткен әралуан кезеңдерден қалған тарихи ескерткіштер әр түрлі табиғи су жағалаулары, таулы, далалы, шөлді жерлермен бірге тарихи ғимараттар мен діни және мәдени мирастармен үйлесе астасып жатқан көріністер Иранды көруге деген үлкен құштарлықты тудырады. Архитектуралық тарихи мұралар қалыбында мәңгі сақталған Иранның көне мәдениеті көптеген көрнекі орындарды қалыптастырды. Тахт-е Джамшид, Пасаргад, Шуш, Һамадан, Керманшах, Сираф және басқа да Иран өркениетінің көне ошақтары Иранның көне жерлерін көруге деген қызығушылық тудырады.
2800 км жағалауды алып жатқан су шекарасы мен Альборз бен Загрос секілді биік таулар табиғатты сүйетін адамдарға демалу мен қыдырудың және құпияларды ашудың мүмкіндіктерін сыйлайды. Солтүстіктегі Каспий теңізінің жағалауы, Иранның оңтүстігіндегі Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі аралдар мен жағалаулар жылдың әр мезгілінде туристерді қабылдауға әзір. Киш, Қешм және Ормуз секілді тамаша аралдар қолайлы жағалаулар мен жайлы күнімен тіпті қыс мезгілінде де ирандық және шетелдік туристердің демалуы үшін қолайлы жер саналады.
Иранның таулары мен тау етектері экономикалық құндылығы тұрғысынан жаз мезгілінде малмен айналысатын көшпенділер мен қала тұрғындарына жайлы тропиктік климатқа ие жайлауға айналады. Қыс мезгілінде де қыстық спорт түрлеріне қызығатындар үшін демалатын жақсы орындар болса, таулар мен шыңдар альпинистерге таптырмас орта саналады.
Иранның шөлді аудандары да қызығушылық тудырарлық тартымдылықтарға ие. Бұл аудандарда әлі де ескі керуен сарайлар мен су қоймаларының қалдықтары бар. Шөлдің табиғи көрінісі көшіп жатқан құм, тасты дала, тұзды шөлдер, ащы сулар, бір-бірінен алыс-жақын жатқан ірілі-ұсақты алқаптарымен құрғақ та тартымды табиғатты көрсетеді. Онда құрғақ пен жайлылық бір-бірімен астасып жатыр.
Табиғи тартымдылықтардан бөлек, ЮНЕСКО-ның тізімінде Иранның 21 жері бар. Олар 20 мәдени және 1 табиғи ескерткіштен тұрады. Сондай-ақ, Нақш-е Раджаб, Дамаванд шыңын, Мосуле қаласы мен оның мәдени көріністерін, Гүлстан ұлттық паркін, Арасбаран қорығы, Сабалан тауы, Экбана, Кабуд мешітін де атауға болады. Бұлар Дүниежүзілік мұра тізіміне тіркелуге ұсынылды. Қазіргі таңда Иранның 49 ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік тізіміне тіркелу үшін кезекте тұр. Мәдени мұралар мамандарының айтуынша, бүгінгі күні Иранның әлемдік тіркеуге іліне алатын 2000-ға жуық көне ғимараттық ескерткіші бар.