Йемен халқы – зұлымдық пен басқыншылықтың құрбаны (2)
(last modified Tue, 13 Jun 2017 09:10:49 GMT )
Маусым 13, 2017 15:10 Asia/Almaty
  • Йемен халқы – зұлымдық пен басқыншылықтың құрбаны (2)

Сауд Арабиясының Азияның батыс аймағындағы ең кедей араб елі саналатын Йеменге қарсы екі жыл бойы соғысуы геноцид пен адам баласына қарсы қылмыс секілді қылмыстардың айқын көрінісі болып табылады.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылының басында бір келісімге келіп, коалиция құру арқылы басқа мемлекеттерді де осы шабуылда өзімен серік етуге жасаған талпынысына қарамастан, соңғы екі жыл ішіндегі Йемен дағдарысы майданындағы шындықтар Сауд әулеті режимінің коалиция құру жоспарының сәтсіздікке ұшырағанын және Сауд Арабиясының үкіметі соғыс қылмысы, бейкүнә әйелдер мен балаларды өлтіру және мазлұм халықтың босқынға айналуы секілді қасіреттерге толы жұмыс құжатынан басқа ешнәрсеге қол жеткізбегенін көрсетеді.

Сауд Арабиясының Йеменді бомбалауы

Сауд Арабиясы Азияның батыс аймағындағы ең кедей араб елі саналатын Йеменге қарсы екі жыл бойы соғысуы геноцид пен адам баласына қарсы қылмыс секілді қылмыстардың айқын көрінісі болып табылады. Йеменде қаза болғандар мен жарақаттанғандар, босқындар мен панасыз қалғандардың саны және де қираған инфрақұрылымдар мен адамдардың ауыр жағдайы туралы статистика мәлеметтері Сауд әулеті режимінің Йеменде жасаған геноцид және адам баласына қарсы қылмыстары үшін сот алдында жауап беруі тиіс екендігін дәлелдейді.

Адамзат баласына қарсы қылмыс Халықаралық қылмыстық соттың бекіткен Рим жарғысының жетінші бабында қылмыс деп танылған әрекеттер жиынтығына жатады. Бұл бапқа сәйкес, адамзат баласына қарсы қылмыс дегеніміз - ауқымды немесе ұйымдасқан түрде бір үкіметтің әскери емес бейбіт халыққа қарсы жасаған амалдар жиынтығы. Әскери емес адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды өлтіру Йеменде орын алып жатқан адамзатқа қарсы қылмыстың айқын мысалы болатын маңызды амалдардың бірі саналады.

Йемендегі бейбіт тұрғындарды өлтіру

Бұл қылмыстардың анықтамасында айтылғандай, геноцид немесе адамзат баласына қарсы қылмыстың ең маңызды белгілерінің бірі қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны болып табылады. БҰҰ-ның Йемендегі гуманитарлық істер жөніндегі үйлестірушісі Джими Макголдейк 2016 жылдың тамыз айында Йеменде қаза болған йемендіктер туралы нақты мәліметтің жоқ екендігіне тоқталып: "Алдын ала жасалған есептеулер бойынша 2015 жылдың наурызынан бері Йеменде 6000-нан астам йемендік қаза болды деген болжамдар жасалған жағдайда, қаза болғандар туралы статистикалық мәліметтерге сәйкес он мыңнан астам адам қаза болған",- деп мәлімдеді. Йемен астанасы Сана қаласында орналасқан Құқық және даму жөніндегі орталық 2017 жылдың ақпан айында жарияланған "700 күндік соғыстың салдары" атты баяндамасында: "Сауд Арабиясының 700 күн бойы Йеменге жасаған шабуылдарының салдарынан 12 041адам қаза болды. Оның ішінде 7063 ер кісі, 1870 әйел және 2568 бала болды",- деп мәлімдеген еді. Бұл баяндамаға сәйкес, Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йеменге қарсы 700 күндік соғысы кезінде жалпы есеппен мыңнан астам адам жарақаттанған. Олардың ішінде 15 687 - ер кісі, 1960 – әйел және 2354 – балалар болған. Бұл мәліметтер Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысында геноцид және адамзат баласына қарсы қылмыс жасағанын айқын түрде дәлелдейді.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы туралы халықаралық ұйымдардың жариялаған баяндамаларына сәйкес, адам мәселесі тұрғысынан Йеменде ең нашар жағдай орнаған. Мұның өзі Сауд Арабиясының Йеменге қарсы геноцид пен адам баласына қарсы қылмыс жасағанының тағы бір дәлелі саналады. БҰҰ-ның балалар қорының (ЮНИСЕФ) 2017 жылдың қаңтар айында жариялаған баяндамасына сәйкес 2016 жылы тамыз айында Кувейт келіссөздері сәтсіздікке ұшырығаннан кейін Йеменге қарсы шабуылдар күшейе түскен. Осы баяндамаға сәйкес Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы салдарынан Йеменде18 милион 800 мыңнан астам адам, яғни халықтың 70 пайызы гуманитарлық көмекке мұқтаж болып отыр. Олардың ішінде 9 миллион 600 мыңы - йемендік балалар. ЮНИСЕФ-тің осы баяндамасына сүйенетін болсақ, 3 миллион 300 мың бала мен жүкті әйел азық-түлік тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Оның ішінде жасы бестен төмен 460 мың баланың жағдайы өте ауыр.

Йемендегі жұт пен азық-түлік тапшылығы

Йеменде 2015 жылдың наурыз айында соғыс басталардан бұрын 8 миллион 440 мың йемендіктің қажетті медициналық күтімге қол жетімділігі жоқ еді. Бірақ Сауд Арабиясы шабуылынан кейін бұл көрсеткіш 67 пайызға артып, 14 миллион100  мың адамға жетті. Оның ішінде шамамен 8 миллион 300 мың адам балалар еді. 2015 жылдың наурыз айында басталған соғысқа дейін Йеменде 13 миллион 400 мың йемендіктің таза ауыз суға қолжетімділігі болмаған. Бірақ Сауд Арабиясы шабуылынан кейін бұл көрсеткіш 44 пайызға артып, 19,3 миллионға жетті. Олардың ішінде шамамен 10,2 миллион адам балалар еді. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы да 2016 жылдың қыркүйегінде баяндама жариялап, онда Йеменде 14,1 миллион адам, яғни бұл ел халқының 50 пайыздан астамы азық-түлік қауіптілігі мәселесімен бетпе-бет келіп отыр деп мәлімдеді. Бұл көрсеткіш Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы басталғаннан бері 355 пайызға ұлғайған. Мұндай жағдайлар халықтың бір бөлігін жою мақсатында азық-түлік пен дәрі-дәрмектен мақұрым ету секілді жағдайларды оның өмірінде қасақана жасаудан тұратын халықты түп-тамырымен құртуды жоспарланғанының айқын дәлелі болып саналады. Бұл мәселе Халықаралық қылмыстық сот жарғысының 7-ші бабында адамзат баласына қарсы қылмыстың бір көрінісі ретінде қарастырылған.

Халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі ережелерінің бірі ішкі қарулы қақтығыстар болсын не халықаралық қарулы қақтығыстар болсын, кез келген шабуылдар тек қана әскери мақсаттармен шектелуі тиіс. 57-бабқа қосымша 1977 жылғы бірінші хаттамада төмендегі мақсаттар заңды әскери мақсаттар саналады: "Шабуылдар тек қана әскери мақсаттармен шектеледі. Мал-мүлікке қатысты болғанға дейін әскери мақсаттар мал-мүліктік мақсаттармен шекктелетін болады. Олар мекен, мақсат немесе пайдалану мақсатына орай әскери амалдарда маңызды рөлге ие және белгілі бір уақытқа байланысты толығымен немесе ішінара қирату, басып алу немесе оларды істен шығару нақты әскери артықшылық саналады",- делінген.

Йеменді әскери емес мақсатта бомбалау

Осылайша, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысындағы айқын нәрсе әскери емес аймақтар мен мекендер, әсіресе медициналық және білім беру инфрақұрылымдары саудиялық қырғи ұшақтардың бомбалауының астында қалды. Мұның салдарынан Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы кезінде бұл елдің әртүрлі аймақтарындағы қалалалық инфрақұрылымдардың шамамен 80 пайызы жойылды. Мысалы, Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары Йеменнің түрлі аймақтарындағы мектептерді бірнеше рет нысанаға алған. Соңғы рет 2017 жылдың қаңтардың оны күні Санадағы Наһм ауданындағы мектепке шабуыл жасалып, соның салдарынан сегіз оқушы қаза тауып, он бес оқушы жарақат алған. Азаматтың құқық жөніндегі ұйымдардың баяндамасына сәйкес, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шапқыншылығы басталғаннан 600 күн өткеннен кейін бұл елде 820 мектеп пен 120 білім беру орталықтары қиратылған. Мұның бәрі Сауд Арабиясының әскери және әскери емес мақсаттарды бірге нысанаға алғанын дәлелдейді.

The Guardian газеті 2016 жылы қыркүйектің он алтысы шыққан басылымында өзінің зерттеу тобының шығарған нәтижелеріне сәйкес былай деп жазды: "Сауд Арабиясы жасаған әр үш шабуылдың ішінен бір шабуылы мектептер, ауруханалар, базарлар, мешіттер мен экономикалық инфрақұрылымдардан құралған Йеменнің әскери емес бейбіт тұрғындар мекендейтін аймақтарына жасалды". 2015 жылдың наурыз айынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін Йеменге 8600-ден астам әуе шабуылы жасалды. Оның ішінде 3577 шабуыл әскери аймақтарға, 3158 шабуыл әскери емес аймақтарға және қалған 1882 шабуыл әскери мәртебесі анық емес басқа аймақтарға жасалды.

Йемендегі емдеу мүмкіндіктерінің тапшылығы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы де өз кезегінде 2017 жылдың ақпан айында жариялаған баяндамасында Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы салдарынан бұл елдің 274 емдеу орталығы жұмысын тоқтатты және қазіргі таңда елдегі медициналық мүмкіндіктердің тек 45 пайызы ғана пайдалануға жарамды деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрі-дәрмек пен азық-түлік тапшылығынан медицина қызметкерлері науқастарға қызмет көрсетуге шамалары келмейді деп хабарлаған болатын. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Йемен тек 2015 жылдың өзінде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 28 пайыздан астам бөлігінен айрылған. Нақтырақ айтсақ, бұл елдің 2014 жылдағы 43 миллиард 229 миллион долларлық жалпы ішкі өнімі 2015 жылы 37  миллиард 734 миллион долларға төмендеп кеткен. Сонымен қатар, Халықаралық валюта қоры бұл соғыстың Йемен инфрақұрылымдарына 20 миллиард доллардан астам шығын келтірді деп мәлімдеді. Бұл экономикалық және қиратылған инфрақұрылымдар туралы статистикалық мәліметтер Сауд Арабиясының Азияның батысындағы ең кедей араб елі саналатын Йеменге қарсы соғысы салдарының негізінде пайда болған.

Босқындық пен баспанасыздық азаматтардың өмір сүретін мекеннен қуғындалу мен күштеп көшірудің дәлелі саналады және бұл адамзат баласына қарсы жасалған қылмыстардың тағы бір дәлелі. Шынтуайтында, соғыс салдарының бірі баспанасыз қалған және босқын халық болып табылады. Бұл не өз елінде баспанасыз қалған немесе басқа мемлекеттерге бас сауғалап кеткен босқындар болуы мүмкін. Бұл Йемен халқына Сауд Арабиясының соғысы салдарынан пайда болған ауыр салдардың бірі саналады.

Йемен халқының босқындығы

ЮНИСЕФ ұйымының 2015 жылы тамызда жариялаған мәліметтеріне сәйкес, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының алғашқы үш айында 1 миллион 300 мың йемендік баспаналарын тастап кеткен. Осылайша БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) 2017 жылдың қаңтар айында жартысынан көбі балалар болып табылатын кем дегенде 2 миллион 220 мың йемендік бұл елдің ішінде босқынға айналған деп хабарлаған еді. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы йемендік босқындар санының 77 есеге артуына себеп болды.

Соғыс қылмыстарының көріністеріне қасақана түрде жаппай қырып-жою, адамдарға рухани және физикалық тұрғыдан зиян келтіру, кемсіту және қорлау секілді адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттер, әскери емес бейбіт тұрғындарға қарсы қасақана шабуылдар, ауруханалар, мекемелер, автокөліктер, діни, білім беру, медициналық көмек көрсету ғимараттары секілді әскери емес мекендер мен құрылымдарды қиратып, оларға шабуыл жасау жатады.