Хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i28024-Хазірет_Әли_(ғ.с.)_ның_шәһид_болған_күнінің_жылдығы
Хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болуы – адамзат тарихында орын алған ең үлкен апат. Ол тек мұсылмандар үшін ғана емес, азаттық пен әділет талап етушілердің барлығы үшін үлгі болды. Сондықтан, барлық пәк адамдар оны жақсы көріп, оның шәһид болған күнінің жылдығын аза тұтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 14, 2017 16:33 Asia/Almaty
  • 
Хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болуы – адамзат тарихында орын алған ең үлкен апат. Ол тек мұсылмандар үшін ғана емес, азаттық пен әділет талап етушілердің барлығы үшін үлгі болды. Сондықтан, барлық пәк адамдар оны жақсы көріп, оның шәһид болған күнінің жылдығын аза тұтады.

Бұл түнді аспандағы жұлдыздар қайғырып, Куфеге қарап, ай адамгершілікке жат қылмыстан ұялып, бұлттардың артына тығылып, аспан мен жер жылады. Үмбет жетім қалды. Адам Ібілістің алдында құрметінен айрылды. Куфенің әрбір үйінен жылаған дауыс естіліп, алаңдаушылықтар артты. Құлақтар мүміндердің әмірінің өлгені туралы хабарды ести алмады. Халық не істерін білмей, сенбей, хабарды қайталай берді. Имамдары олардың келісімді бұзып, сөзіне тұрмағанына қатысты сан рет шағым айтып: «Уа, Алла! Олар менен шаршады, мен де олардан шаршадым. Олардан жақсыларды менің жақтасым ет. Оларға менен жаманды жібер»,- деді. Иә, енді дәл сол халық уайым-қайғыға батып, хазірет Әли (ғ.с.)-сыз қалған күндерінің қараңғы болатынын білді.

Әлемнің барша мұсылмандарына Исламның ұлық пайғамбарының күйеу баласы хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтамыз.

Хазірет Әли (ғ.с.) – адами және исламдық құндылықтарға ие кемел адам болған. Ол адал жауынгер, түнді ғибадат жасап ояу өткізетін пенде, дана ойшыл, михрабта ғибадат жасап жылайтын, соғыс майданында батыл, ержүрек, мейірімді қамқоршы, зерек қолбасшы, теңдессіз мұғалім, ақылды төреші. Имам Әли (ғ.с.)-ға қай тұрғыдан қарасақ та, бойынан таң қалдыратын ерекшеліктерді көреміз. Ұлыбританияның әйгілі философтарының бірі: «Біздің Әли (ғ.с.)-ды жақсы көріп, оған ғашық болудан басқа қолымыздан еш нәрсе келмейді. Ол жомарт. Оның ұжданынан тек жақсылық пен қайырымдылық сарқырап, жүрегінен ерлік жалыны лаулайды. Ол арыстаннан батыл болды. Бірақ Куфеде өлітірілді. Өліміне әділдігі себеп  болды. Ол өлімінен бұрын өзін өлтірген адам туралы: «Егер тірі қалсам, оған не шара қолданатынымды әлі білмеймін. Егер тірі қалмасам, қасас жасйтын болсаңдар, мені бір рет ұрғандай, оны тек бір рет қана ұрыңдар»,- деді.

Бүгінде сол оқиғадан шамамен 14 ғасыр өткенімен, әлем бұл теңдессіз тұлғаны аза тұтуда. Алланың елшісі имам Әли (ғ.с.) туралы: «Әли – маған иман келтірген бірінші адам және қияметте де менімен кездесетін бірінші адам. Ол – шындық пен жалғандықты ажыратушы, мүміндердің басшысы»,- деген. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болуы – адамзат тарихында орын алған ең үлкен апат. Ол тек   мұсылмандар үшін ғана емес, азаттық пен әділет талап етушілердің барлығы үшін үлгі болды. Сондықтан,  барлық пәк адамдар оны жақсы көріп, оның шәһид болған күнінің жылдығын аза тұтады.  Хазірет Әли (ғ.с.) ғибадат жасап тұрған михрабта уланған қылыштың соққысынан өлді. Мұсылмандардың айтуынша, пайғамбар ол туралы: «Уа, Әли, менің етім мен қаным иманмен аралас болғандай, сенің де етің мен қаның иманмен аралас»,- деген.

Бұл туралы  ойлаған ең әйгілі ойшылдардың бірі ұстаз шәһид Моттахари болды. Ол: «Бір кезде Әлиді кім өлтірді, кейде Әлиді не өлтірді дейміз. Кім өлтірді десек, Абдурахман Ибн Молджам, не өлтірді десек, ақымақтық дейміз» деді. Ақылсыздық – исламдық қоғам мен исламдық ой-пікір үшін ең маңызды қауіп-қатер. Шәһид Моттахаридің пікірінше, хаваредждер мен Әли (ғ.с.)-ды өлтірушілер сол үлкен қатердің белгісі. Хаваредждердің рухы әрқашан байқалғандай, бүгінгі дүниеден де бөтен рухты байқауға болады. Ақылсыздық пен бөтен рух деген не? Оның белгілері қандай? Олар қаншалықты қатерлі және олар туралы әрқашан ойлау керек пе?

Шәһид Моттахаридің көзқарасы бойынша, ақылсыздық ғибадат михрабында намаз оқып тұрған хазірет Әли (ғ.с.)-ға қарсы  террор сынды апатқа себеп болды. Бұл қатер – адамзат қоғамының қоқан-лоққысы. Ойлану мен діндарлық – жеке адам мен қоғамның бақыты мен кемелдігіне қарай ұшуға көмектесетін екі қанат. Бұл қанаттардың біреуі болмаса, ұшу мүмкін емес. Ибн Аби әл-Хадид: «Егер ақымақтық пен надандықтың не екенін түсінгің келсе, хазірет Әли (ғ.с.)-ды өлтірушілердің бұл қылмысы үшін Рамазан айының 19-шы түнін таңдағанына назар аударыңдар. Олар: «Біз Аллаға ғибадат жасағымыз келеді. Біз жақсы іс жасағымыз келеді. Сондықтан бұл істі ең жақсы түндердің бірінде жасағанымыз дұрыс. Оның сыйы көбірек болады»,- деген. Имам Әли (ғ.с.)-ды өлтірушілер дінсіз адамдар болмаған, олар үлкен күнә жасайтындарды кәпір санаған. Және дәл осы мәселе олардың рухтарын қатерлі етті»,- деген. Ғасырлар өтсе де бүгінде ислам дүниесі хазірет Әли (ғ.с.)-ді өлтіруге соқтырған ой-пікірден қиындық көріп отыр. Сондықтан бұрмаланған ваххабизм ағымынан тамырланатын такфиршілерді  хаваредждердің жаңа түрі деп атауға болады. Такфиршілер осы кезде негізсіз сылтаулармен әлемнің мұсылмандарының көбін кәпір санап, олардың қолы исламдық үмбеттің қанына былғануда.

Иранның әйгілі ойшылы шәһид Моттахари «Хазірет Әли (ғ.с.) тартымдылығы мен өзінен алшақтатуы» атты кітапта хаваредждердің ойлану белгілері туралы: «Хаваредждер күресшіл, өздерінің наным-сенімдерін қорғау жолында кері қайтпайтын адамдар болған. Олар түндерде ғибадат жасап, дүние-мүлікті қажет етпеген. Бірақ, надан болып, надандықтарынан шындықты түсінбей, қате тәпсір жасайтын. Ислам мен мұсылманшылықты өздерінің шектеулі ойларының төрт қабырғасында қамап, «барша жаман түсінеді немесе еш нәрсе түсінбейді және барша тозаққа барады» деп сараптайтын. Мұндай ой-пікір олардың дінді дұрыс түсінбеуінің салдары. Олардың мұндай қателіктері қоғамға көптеген зиян келтірді»,- деп жазған.

Хазірет Әли (ғ.с.) хаваредждерге: «Сендер ең жаман адамсындар. Сендер шайтанның қолындағы оқсындар. Ол сендердің жамандықтарыңды  нысанаға алып, сендердің арқаларыңда  халықты күмән мен адасуға итереді»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 125-ші құтпа). «Хаваредж билік басындағылардың  құралына айналды. Басқаша айтқанда, мұндай адамдар мен халықтардың надандығының қатері зеректердің құралына айналып, исламдық мүдделер жолындағы бөгет болады. Әрқашан дінсіз мұнафықтар ақымақтарды исламдық мүдделерге қарсы пайдаланады. Олар басшылардың семсері мен оғы болды» деген. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның әділдігі мен шындығына шыдай алмағандар мен хазірет Әли (ғ.с.) оларды байлық пен биліктен алыстатқандар хаваредждерді пайдаланып, өз мақсаттарына жетуге талпынған. Айта кететін жайт, шетелдік ой-пікірлер осы кезде де  дәл сол нәтижеге жеуді көздеуде. Өздерін мұсылман, басқаларды кәпір санайтын такфиршілер осы кезде кәпірлердің мұсылмандарды жаппай қыратын құралына айналды. Сирия, Ирак және Йемендегі ислам үмбетінің жағдайына нақтырақ шолу жасасақ, бұл сөздердің шындығын көреміз.

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның «Наһдж ул-Балағедегі»  сөзіне сай хаваредждер ағымының екінші қатерлі жолдауы халықтар арасындағы бүлік пен адасу болып табылады. Хаваредждер діни ұрандар мен ахкамның сыртқы мәселелерін ұстанып, басқаларды алдайды. Сондықтан олармен күресу ең ауыр жиһад саналады. Хазірет Әли (ғ.с.) хаваредждердің жұқпалы әрі қатерлі құтыру ауруына сілтеме жасап: «Хаваредждердің алдамшы сыртқы бейнелеріне байланысты менен басқа ешбір адамның олардың бүліктерін залалсыздандыруға батылдығы жетпеді»,-  деді. («Наһдж ул-Балағе», 92-ші құтпа). Осыған орай хазірет Әли (ғ.с.) мақтан тұтып: «Исламның құндылықтарына соққы беретін бұл үлкен қатерлерді мен ғана түсіндім. Олардың мандайларындағы іздері, қарапайым киімдері, әрқашан зікір айтатын тілдері мен мықты наным-сенімдері мен соларға табандылықтары менің қырағылығыма кедергі бола алмады. Егер олар аяқтарынан тұрса, баршаны өздерінің ауруына шалдықтырып, ислам әлеміне соққы беретінін мен түсіндім»,- дейді.  Исламның ұлық пайғамбары: «Екі топ мені ренжітеді: ғалымсымақтар мен олардың сырттай қасиетті болып көріну талпыныстары. Иә, адамзат тарихында теріске шығаруға болмайтын лаңкестікті  әшкерелеген ағым шамамен 14 ғасыр бұрын өз жұмысын бастап, шындық пен жалғандықты ажыратты.

Қағбада дүниеге келген, сол күндері зорлық-зомбылық көріп,  мешітте  шәһид болған, ұлы күні абыроймен шақырылатын имам Әли (ғ.с.)-ға сәлем!