Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (12)
Бүгінгі бағдарламамызда ақын Санаидің поэзиясындағы Рамазан айының рөлі жайлы сөз қозғаймыз.
Хәкім Абул Маджд Махмуд ибн Адам Санаи – х.қ.ж.с.б алтыншы ғасырда өмір сүрген танымал ирандық ақын, сопы. Санаи парсы поэзиясында сопылық мазмұндарды көтерген ақындардың ішінде көшбасшы саналады. Оның ораза, ораза тұту мен қасиетті Рамазан айы туралы жазған өлеңдері өте көп. Бұл тақырыптар қасида, ғазал мен рубаи формаларында жазылған. Алайда, оның ораза мен Рамазан айы туралы өлеңдерінің басым бөлігі қасида формасында жазылған. Санаидың сопылық көзқарасына байланысты оның ораза, Рамазан айы мен ораза тұтуға деген көзқарасы өзіне дейінгі буын ақындарынан үлкен айырмашылыққа ие. Санидың өлеңдерінде өткен буынның барлығына үстіртін қарау деген ұғым мүлдем жоқ. Бірақ, сонымен қатар Рамазан айы ұғымындағы астыртын құмарлық пен махаббаттан айтарлықтай алшақтық бар. Санаи өзінен кейінгі сопы ақындарға қарағанда таңғажайып қабілеттер мен сезімталдыққа ие болғанына қарамастан, әлі де ғашықтық пен мастық тұрғысынан кемелдену мен "фана фи Аллах" (Аллаға еру, илаһи сипаттарды алу арқылы кемелдікке жету) жолының қақ ортасында. Осыған байланысты, Санаидың өлеңдері Алланың атымен басталып, оның есімімен аяқталады.
Санаидың тән мен жан туралы айтылған құнды сөздері парсы әдебиеті қазынасындағы ең бағалы гауһарлар саналады:
Тән мен жанды етпе мекен,
Себебі бірі – төмен, бірі – жоғары.
Бұл екеуінен де алшақ бол: бұдан да, одан да.
Нақышы көріксіз не көрікті болсын, дос пен аманатқа жақын бол.
Тозақтан салқындық сезсең, жолдағы куә сол болар.
Теңізде құрғақ күйінде көрсең, ол – ғашықтың нышаны.
Егер Құран өз мақсатынан басқа нәсіп болмаса, ғажап болмас еді.
Себебі көр соқыр күннің жылуынан басқа ешнәрсе көрмейді.
Санаи өлеңдеріндегі нәпсіні тыю мен хайуандық ләззаттардан алыс болу туралы айтқан кеңестерімен қоса, оның Рамазан жайлы өлеңдері нәзік ерекшеліктерге ие. Оның пікірінше, Рамазан айының ақиқатын дұрыс іске асыру керек. Рамазан айында адам Құдайдың берекелі дастарханының қонағы болады. Бірақ, Санаи Рамазан айын қымбатты әрі ғазиз қонақ деп атап, оны құрметтеу керектігін баса айтады. Жылына бір рет қана келетін қонақ көзді ашып-жұмғанша кетіп қалады:
Ей, ораза тұтатын ай! Маған қатер төндірмесең де.
Менің сенен басқа қонағым жоқ.
Оттың жалынынан қорқатын жүрек үшін,
Оразадан асқан қалқан жоқ.
Бәріміз бұдан былай ораза тұтамыз.
Бүгінде топырақтан басқа пана жоқ.