Сауд Арабиясы мен Қатар арасындағы шиеленістің негізгі себептері
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i28160-Сауд_Арабиясы_мен_Қатар_арасындағы_шиеленістің_негізгі_себептері
Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Мысыр секілді төрт ел бір уақытта Катармен қарым-қатынасын үзгенімен, шәксіз, Сауд Арабиясының Катармен ара-қатынасын үзуі маңыздырақ болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 18, 2017 18:20 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы мен Қатар арасындағы шиеленістің негізгі себептері

Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Мысыр секілді төрт ел бір уақытта Катармен қарым-қатынасын үзгенімен, шәксіз, Сауд Арабиясының Катармен ара-қатынасын үзуі маңыздырақ болды.

Катар мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасындағы шиеленістің маңызды себептерінің біріне Катардың Сауд Арабиясының көлеңкесінен шығуға деген талпынысы жатады. Кристиан Каут Ричсон 2017 жылдың 5 маусым күнгі «Atlantic» газетіне жазған мақаласында: «Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы шиеленістің маңызды  себебі – Катардың аймақ саясатында дербес шешім қабылдап, Доханың Риядтың көлеңкесінен шығуы»,-деді. Осыған байланысты Қатар секілді шағын мемлекет Сауд Арабиясының көлеңкесінен қалай шықты және Катар Таяу Шығыстағы дербес ойыншыға қалайша айналды деген  маңызды сұрақ туындайды. Катар Үкіметі 1995 жылы шейх Хамад Ибн Халиф  әл-Тани билікке келген соң  экономика, бұқараттық-ақпарат құралдары мен  туризм салаларын жолға қойып, Сауд Арабиясының көлеңкесіндегі шағын мемлекеттен  Сауд Арабиясы үшін ықпалды, белсенді, бәсекелес елге айналды. Катар соңғы он жыл көлеміндегі  газ саласына салған инвестициясы және газдан түскен табыстың арқасында кедей мемлекеттен әлемдегі экономикасы жоғары елге жетіп, бұл елдің XXI ғасырдың алғашқы жартысындағы дүниежүзі  бойынша жоғарғы табыстың иесі болуына ықпал етті. 2005 жылдан бастап Катардағы экономикалық көрсеткіштер, соның ішінде  дүниежүзі көлемінде жалпы ішкі өнім  көрсеткіші мен жан басына шаққандағы табыс мөлшері назар аударарлық дәрежеге өсті. Мәселен, Катарда жұмыссыздық, инфляция, кедейшілік мәселесі жоқ болғандықтан, әлемдік энергетика нарығындағы жетекші ойыншыға айналып, экономика, туризм, әлем бойынша білім беру және спорт сияқты салаларда жоғары орындарға қол жеткізді. Катардың басқа араб елдерінінен айырмашылығы мұнайдан түсетін табысқа емес, газдан түсетін кіріске тәуелділігінде. ОПЕК-тің газ статистикасына сай, Катар табиғи газ қорлары жөнінен дүниежүзі бойынша 25 триллион текше метрден астам  табиғи газдың дәлелденген қорына ие. Дәлелденген табиғи газ қоры бойынша дүниежүзі бойынша үшінші орынды иемденеді. Бұл әлемдегі дәлелденген газ қорының 14 пайызын құрайды. Катардың табиғи газ экспортының 80 пайызын сұйытылған табиғи газ құрайды. Бұл жөнінен Катар 2006 жылы әлемдегі ең ірі сұйытылған табиғи газ экспорттаушы ел атанды. Катар бір ғана экономикалық өнімге қарап қалмай, ауқымды энергетика  саласындағы табыстарды ұлғайту үшін және энергетикадан тыс салаларға қаржы салады. Экономиканы инновациялау саясатымен индустрияның барлық саласына қаржы салып, құрылыс, жүк тасымалдау, білім, туризм үлкен компаниялардың үлесін сатып алып, ауқымды энергетика табыстары бойынша халықаралық танымал орындаушы болды. Катар дүние  жүзінің біраз елдеріне, әсіресе АҚШ-қа құрылыс саласында  экономикалық инвестиция салады. Әлбетте, оның негізгі мақсаты АҚШ жұртшылығына Катарды таныту және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту болды. Мысалы, 2005 жылы Катар инвестициялық қоры тарапынан ашылған "Жылжымайтын мүлік инвестициясы" 2010 жылы 650 млн доллармен Вашингтондағы құны 1 млрд доллар тұратын "City center" жобасына инвестиция салып, жобаның негізгі иесі атанды. Мұнымен қатар АҚШ-та 2006 жылы "Катрина" дауылынан зардап шеккендерге 100 млн доллар көмек берді. Катар басшылылығы өздерінің бұл әрекеттері жайлы: "Сіздер білмейсіздер, бір күні бізде де "Катрина" сияқты дауыл болуы мүмкін",-деді.  Катар Үкіметі әл-Джазира телеарнасының негізін салуға көп инвестиция бөлді.  1996 жылы әл-Джазира телеарнасының негізі шейх Хамад Ибн Халифа әл-Танидің көмегімен қаланды. Катар әмірінің "әл-Джазира" телеарнасына салған алғашқы инвестиция мөлшері 150 млн доллар болса, оған 5 жылдың ішінде 30 млн доллар қаржы бөліп  отырды. Кейбір аналитиктер әл-Джазираны "жаңа бағыт әкелуші" деп атайды. Себебі, бұл тек қана 24 сағат  қызмет көрсететін алғашқы араб арнасы ғана емес, сондай-ақ қазіргі таңда жүргізушілері мен қонақтарына әртүрлі бағыттардағы ойларын айтуға мүмкіндік берген телеарна. Олардың арасында араб Үкіметінің сыншылары да бар. Әл-Джазира құрылғанға дейін араб бұқаралық-ақпарат құралдарының негізгі принципі Үкіметті сынамау болатын.  2001 жылы әл-Жазира телеарнасының жұмысы жайлы Томас Фридман: "Әл-Джазира телеарнасы  араб әлеміндегі тек медиа жаңалық қана емес, сондай-ақ ауқымды саяси жаңалық",-деді. Бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдері Лоренс Пинток, Арно Тауш "Әл-Джазира"-ның ашылуын Араб әлеміндегі революция деп атады. Егер әл-Джазира секілді бұқаралық-ақпарат құралы болмағанда, бірнеше он жылдықтар  бойы билік еткендерді кетіру мүмкін болмас еді. Әл-Джазираның бұрынғы басшысы Уәзаһ Ханфар пен әл-Джазираның Тунистегі тілшісі Набил Рейхани: "Әл-Джазира революция құралы емес, революция да тудырған жоқ. Алайда араб елдеріндегі өзгерістер кезінде солардың тап ортасында болды»,- деп санайды. Егер араб әлеміндегі өзгерістер қажет болса, әл-Джазираның хабарлары мен түсірілімдері бұл өзгерістердің жүру үдерісін жеңілдетті. Набил Рейхани әл-Джазираның бұл ісін марксистік түсінікпен түсіндіріп: "Маркс адамзаттың тарихтағы рөлін түсіндіру мақсатында олардың жағдайын аяғы ауыр әйел іспеттес деп қарастырды. Ол әйел қалай болғанда да босануы қажет, егер оған босану кезінде бала босандырушы көмектессе, сөзсіз оның жұмысы жеңілдер еді",-деді. 

Катар Үкіметінің инвестиция салған маңызды салаларының бірі – туризм.  «Туристер кеңесі мен әлемдік туризм" статистикасы бойынша туризм индустриясы 3,4 млрд доллар көлеміндегі қаржымен Катардың жалпы ішкі өнімін 1,8 пайызға арттыруға көмектесіп отыр. Туризм индустриясы Катардың жалпы ішкі өнімінің 6,7 пайызын құрайды. Катардың  ұшақ, қонақ үй, спорт, білім және басқа да салаларға салған инвестициясы елдің туристік экономикалық базасының көрсеткішін көтеруге себеп болды. Катар елі туризм саласын көтеру үшін ұшақ жасауға орасан зор қаржы салды. Qatar Airways компаниясының негізі 1994 жылы салынды. Ол қазіргі күндері танымал самолет бренді саналады. Катардың "бренд шығару" бойынша жасап отырған қадамдары бұл елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жолдарының бірі болып табылады. Катар елі спорт саласына ауқымды инвестиция салып, Азия және дүниежүзілік ірі жарыстарды ұйымдастыруды қолға алып, елдің туризмінің дамуына ықпал етті. Спорт саласындағы Катардың жетістіктері әлеуметтік инфрақұрылымдар мен туризмнен түсетін табысты ұлғайту және 2022 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болуында. Катардың футболдан өтетін әлемдік чемпионатын өткізу үшін жасаған 5 жылдық стратегиясының нәтижесі 2022 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатын өткізуі  елдің  экономикасын көтеретін мүмкіндік туғызады.  Бұл тұрақты инфрақұрылымдар энергетикадан бөлек туризм салаларын, соның ішінде  қонақ  үй, ұшақ жасау индустрияларын көркейтеді. Катар ауқымды қаржының көмегімен білім жүйесінде де түпкілікті реформалар  жасады. Университеттеріндегі білім сапасын жақсартып, шетелден мыңдаған студент тартты. Туризмнің дамуында Катар басшыларының рөлі зор болды. 2003 жылы Катар білім саласында жетістіктерге жету үшін маңызды реформалар жасады. Соның ішінде "Білім қаласын" ашуын, Катар университтерінің орталық Үкіметтен тәуелсіздік алуын, ұлттық зерттеу орталығын ашуын, Жоғары білім кеңесін құруын айтуға болады.

Катар 1995 жылы білім және ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік дамудың дәрежесін арттыру мақсатында  алдымен "Катар қорын", 1998 жылы   "Білім қаласын" ашты. Катардағы «Білім қаласы» «Арнайы қала» ретінде қарастырылады. Шейх Хамад ибн  Халифа әл-Танидің үшінші әйелі «Катар қорының» негізін қалаушы Моза бинт Насер әл-Миснед «Білім қаласының» негізгі мақсатын зерттеу, университет және басқа индустриялармен қарым-қатынас орнату деп атап, «Білім қаласын» индустриялық, экономикалық жоабалардан да маңызды санайды. Себебі  білімді экономиканың негізі деп біледі. Доха бірнеше жылдар бойы білім жобаларына шамамен 40 млн доллар қаржы салды. Катардың білім қоры Батыс елдерімен, соның ішінде АҚШ-тың университтерімен білім байланыстарын орнатуға себеп болды.  Катар мемлекетінің білім саясаты  бұл елдегі университтердегі студенттер санын көбейтіп, туризмді білім беру арқылы дамыту болды.

Катардың білім жүйесіне салынған инвестициясы туралы Англияның «Дарем» университетінің басқару және халықаралық байланыс факультетінің деканы және халықаралық байланыстардың ирандық профессоры Ануширван Ехтешами: «Катардағы университтердің филиалдары мен жаһандық байланыс институттарының ашылуы жоғары білім берудегі жаңа инженерлік үлгі. Бұл Катардың Орталық Шығыс аймағындағы білім полюсіне айналуының себебі болды»,-деп  есептейді.

Катардың инвестициялары мен әр салада бренд тудыруы бұл шағын елдің жаһандық институттар мен Парсы шығанағы серіктестігі кеңесінің мүшелігіндегі алғашқы мемлекет ретіндегі талпыныстарының   жемісі болды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне  мүшелігі, БҰҰ Ассамблеясындағы басшылық,  2022 жылғы футбол кубогын өткізуге қол жеткізуі Катардың алғашқы жеңістерінің қатарын құрайды.

Осы себептер сауд арабиялықтарды Катардың тек Риядтың көлеңкесінен шығып қана қоймай, сонымен қатар Риядтың аймақтағы бәсекелесіне айналғанын көрсетеді. Сауд Арабиясының Катарға қарсы соңғы шиеленістеріндегі іс-әрекеттер осыны қуаттай түседі. Сауд Арабия Үкіметі  мен оның одақтастары Катардың экономикасын әлсірету мақсатында жер, әуе шекараларын жабуы, сондай-ақ бұл елдің газ экономикалық саласындағы әсер етіп, әл-Жазира телеарнасын жауып, оның жұмысын тоқтатудағы негізгі мақсаты Катарды қайтадан өз көлеңкесіне алып, жеке аймақ ретінде әр салалардағы дербес саясатына, әсіресе ИИР мен түрлі салалардағы байланыстарына кедергі келтіру болып табылады.