Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (18)
Парсы әдебиетіндегі рамазан айы топтамасының кезекті бөлімін Сағдидің поэзиясына арнаймыз.
Шейх Муслихиддин Сағди – х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген Иранның танымал ақыны әрі жазушысы. Ол өз өлеңдерінде ораза, ораза тұту мен қасиетті Рамазан айының берекесіне ерекше назар аударған ақындардың бірі саналады. Сағди ораза тақырыбына көңіл аударып, оның маңыздылығын баса айтты. Нақтырақ айтқанда, оның сыртқы көрінісіне емес, керісінше оқырманның назарын Рамазан айында ораза тұтудың ішкі болмысы мен тақуалықтың мәніне аудартты. Сағдидің "Балалық шақтағы ораза хикаясы" атты өлеңі бар. Онда ақын ораза тұтушының ішкі ғамалдарының оның сыртқы, соның ішінде ас және су ішпеуден гөрі артықшылыққа ие екендігін айтады:
Балалық шағымда ораза ұстауға ұмтылдым.
Бірақ оң мен солымды ажырата қоймаған едім.
Бір діншіл сопы үйретті маған,
Бет пен қолды жуып, тазалауды.
Сопы бір жас балаға намаз оқу мен ораза ұстаудың тәртібі мен салтын үйретуге талпыныс жасайды. Осылайша кезең-кезеңімен баланың тәртіппен қандай іс атқаруы керектігін үйретеді.
Істің басы – «Бисмилла»,
Екіншісі – жүректен шыққан ниетің.
Үшіншісі – қолыңды жуу.
Сосын үш рет аузың мен мұрын қуыстарыңды шай.
Соңында шынашағыңды,
Сұқ саусағыңмен тістеріңді тазала.
Одан кейін үш рет бетіңді сумен жу.
Маңдайыңнан иегіңе дейін толық су тисін.
Сосын қолдарыңды шынтаққа дейін жу.
Тәсбих пен зікірден не білсең, соны айт,
Алдымен басқа мәсіх тартып, сосын аяққа мәсіх тарт.
Осымен дәрет толық жасалды.
Соңында Құдайдың атымен аяқтау керек.
Одан кейін сопы балаға ол секілді ешкімнің бұл нәрселер мен салттарды білмейтінін, оны ешқандай қарт кісінің осы сопы секілді жақсы үйрете алмайтынын айтады:
Менен артық ешкім білмес мұны,
Тіпті ең үлкен ауылдың қарты да білмейді.
Бұл сопының ауылдың қарты мен ақсақалы туралы айтқан сөздері әлгі ауыл ақсақалының құлағына жетеді. Сосын ол да шынайы ораза ұстаудың салттарын оған үйретіп, өсек айту мен оның салдары жайлы оған ескерту жасайды.