Қарсыласу экономикасы: жетекші көзқарасы бойынша қажеттіліктер мен мүмкіндіктер
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Наурыз мерекесіне орай Иран халқына арнаған жолдауында жаңа жылды "Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту" деп атады.
Хазірет сол жолдауы және әртүрлі кездесулерде, әсіресе президенттік сайлау және мемлекеттің жауапты тұлғалары мен басшыларының кездесулеріне байланысты айтқан сөздерінде қарсыласу экономикасы мен осы салаға қатысты Иранның экономикалық инфрақұрылымдарындағы көрсеткіштердің маңыздылығына көңіл аударды. Жолдаудың тақырыбы Иранның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен қиындықтарына арналды.
Революция жетекшісі сөзінде әрдайым дұшпанның экономикалық саладағы қастандық әрекеттері мен Иранға қарсы қысымдар мен санкцияларды күшейтуге бағытталған мақсаттарына тоқталып, экономика негіздерін нығайтудың маңызы мен бұл мәселеге назар аудару және осы салада нақты амалдар мен шара қолдану қажеттігін қуаттады.
Хазірет аятолла Хаменеи елдің атқарушы билік органының жауапты тұлғалары және басшыларымен кездесуінде тағы бір мәрте осы маңызды мәселені баса айтып, баршаның соған назар аударуын сұрап, бұл салада жүзеге асқан әрекеттерге назар аударып, барлық салалардағы талпыныстардың әсерлі түрде жалғасуы тиіс екенін айтты.
Хаменеи сөзінің бір бөлімінде: "...Елімізде өткен сайлаулардан кейін америкалықтар һәм арсыздықтпен санкцияларды ұлғайтып, һәм қарсылық, күрес, бағынбаушылық және тағы да басқа осындай бассыздықтардың дабылын қағуда. Алдымызда тұрған қастықтар мен жалпы ахуалға, қажеттіліктер мен биік мақсаттарға назар аудара отырып, жаңа кеңістік құруымыз қажет. Бұл жаңа кеңістікті құруда мемлекеттің дамуы мен ислам республикасы жүйесінің өсуінен тұратын ортақ мақсатқа бағытталған ынтымақтастық пен жұмыс және талпыныс кеңістіктерін құруда барша үлес қосып, қатысуы керек.
Экономика мәселесіне келетін болсақ, аса маңызды мәселелердің бірі ішкі өндіріс болып табылады. Әрекет пен іске кірісуіміз қажет. Біздің айқын жұмыс жоспарымыз болу керек. Алла қаласа, үкімет іске асуы тиіс алғашқы істердің бірі жан-жақты, айқын және толық жолдың жоспарын әзірлеп, бұл істер әртүрлі салаларда жүзеге асуы үшін дайын болуы тиіс",- деді.
Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдары Иран соғыс кезіндегі өте ауыр экономикалық жағдайды бастан кешіп, басқыншы жүйенің үстемдігіне қарсы ислам республикасының беріктігі мен қарсыласу деңгейін дәлелдеді. Бірақ, Иран-Ирак соғысының аяқталуы экономикалық соғыстың аяқталғанын білдірмеді. Үстемшіл жүйе Иранға соққы беру үшін осы елге қарсы жаппай санкция салды. Мұндай сезімтал жағдайдан аман-есен өтіп, экономикалық қауіпсіздікке жетуге бағытталған жолдардың бірі қарсыласу экономикасына инвестиция салу екені шәксіз. Қарсыласу экономикасы экономиканы шетелдік соққылар мен қауіп-қатерлердің алдында табандылықпен қарсыласуға итермелеу деген мағынаны білдіреді. Көптеген мемлекеттердің осындай экономиканы көздейтіндігі айдан анық.
Шынтуайтында, қарсыласу экономикасының мақсаты тәуелділіктен айрылып, үстемшіл жүйеге қарсы экономикалық әлеуетті күшейту болып табылады. АҚШ-тың соңғы 40 жыл ішіндегі әрекеттері олардың түпкі мақсатының Иранды жеңіліске итермелеу үшін экономикалық қысымды пайдалану екенін көрсетті. Иранға қарсы санкция салуға байланысты Мосаддеқтың премьер-министр болған кезеңіндегі Батыстың алғашқы тәжірибесі 1953 жылы мұнай өндірісін ұлттандырумен көрініс тапты. Ол кезеңде АҚШ пен Ұлыбритания Иранның мұнай өнімдерін сатудан түскен табысқа қатты тәуелділігі үшін санкция мен экономикалық қысымды пайдаланып, Ирандағы мұнай өндірісін ұлттандыру үдерісін ауыздықтауға мүдделі болды.
Ислам революциясының жеңісінен кейін де Иранның дамуына кедергі келтіру үшін экономикалық оқшаулау мен ауыр санкцияларды пайдалану арқылы АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттері басталып, осыған бағытталған қадамдар бірінен кейін бірі жасалып жатты.
1995 жылы наурыздың он бесі күні сол кездегі АҚШ президенті Билл Клинтонның жарлығымен Иранға қарсы халықаралық санкциялар салу мақсатындағы АҚШ-тың негізгі қадамдары басталды. Сол санкцияларға сәйкес, Иранның мұнай кен орындарының дамуына қатысты кез келген серіктестікке тыйым салынды.
Америкалық The Wall Street Journal газеті 2016 жылдың сәуір айында жариялаған мақаласында былай деп жазды:
"Егер қандай да бір мемлекет АҚШ Қаржы министрлігі бекіткен шектеулерді бұзып, өзінің экономикалық саясаттарын түзету үшін Вашингтонның талаптарына назар аудармайтын болса, АҚШ үкіметі оған санкция сала алады".
АҚШ көптеген мемлекеттерге, тіпті Қытай және Ресей секілді ірі экономикалық державаларға қатысты да экономикалық үстемдігін пайдаланып келді.
Осылайша, Иран өткен қырық жылдың ішінде экономикалық оқшаулау, экономикалық санкциялар мен қысымдарды қамтитын әрекеттердің толық жүйесін бастан кешті. Бұл кезеңдер Иран экономикасы үшін әрі мүмкіндік әрі тәжірибе саналады. Бұл тәжірибе Иранды қарсыласу экономикасы шеңберінде өзін табанды ету үшін маңызды қадамдар жасауға итермеледі.
Революция жетекшісі осы мәселеге қатысты келешекте шешім қабылдау үшін бұрынғы тәжірибелер мен сабақтарды пайдалану қажеттігін қуаттап, жүйенің жауапты тұлғаларына қарсыласу экономикасы саясаттарының бөлімдерін түсіндіріп, оны ірі экономикалық мақсаттарды жүзеге асырудағы саналық және теориялық негіз деп атап, орташа және ұзақ мерзімге арналған негізгі стратегиялар құру қажеттігін қуаттады. Революция жетекшісінің х.ш.ж.с.б. 1392 (2003) жылы қарсыласу экономикасының жалпы саясаттарын түсіндіруі үкіметтің жалпы әрекеттерінің шеңберін анықтады.
Ирандағы экономикалық мәселелердің қарқындылығы мен тереңдігінің себебі өткен онжылдықтар ішіндегі әртүрлі қиындықтардың ұлғаюымен байланысты болды. Санкциялардың күшеюімен бұл қиындықтардан өту үшін ойластырылған жоспар мен әрекеттерден басқа жол жоқ екендігі белгілі.
ИИР президенті Хасан Рухани революция жетекшісінің жуырда он бірінші үкіметтің атқарушы билігінің жауапты тұлғаларын қабылдауында осы саладағы үкіметтің әрекеттеріне тоқталып: "Жұмыспен қамту және халықтың өмір сүруіне керек қаржы секілді екі мәселе арқылы көрініс тапқан еліміздегі экономикалық мәселелер ең маңызды әрі өзекті мәселелерге айналды. Сондықтан, мемлекеттің экономикалық қиындықтарын шешу он екінші үкіметтің болашақтағы төрт жыл ішіндегі негізгі жұмыс тәртібіне кіреді",- деді.
Он бірінші үкімет ең алдымен Иранға қарсы салынған санкциялар мен экономикалық соғысты басты мәселе ретінде қарастырып, экономикада тәртіп орнатып, елдің экономикасына тұрақтылық жағдайды қайтарды.
Иран ең үлкен экономикалық жаттығуын 2014-2015 ж.ж мұнай бағасы күрт төмендеген кезеңде жүзеге асырды деп айтуға болады. Осылайша, валюта тұрақсыздығы мен мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарынан экономикалық инфляцияның қайтадан пайда болуының алдын алды. Үкіметтің экономикаға серпінділік беру мен пайда болған жағдайды бақылауды арттыру мақсатындағы маңызды әрі әсерлі әрекеттерінің қатарына үкімет бюджетіндегі салық түсімдерін мұнайдан түскен табыспен алмастыруын жатқызуға болады.
Үкімет шығындарындағы мұнайдан түскен табыстардың үлесі х.ш.ж.с.б 1392 жылы шамамен 43 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 1394 жылы шамамен 33 пайызға төмендеді.
Мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарынан пайда болған жағдайды ауыздықтап, оны азайтудағы Иранның табысқа жетуі көптеген мұнай өндіруші елдердің мұнай бағасының төмендеуі, валюта нарығындағы айтарлықтай тұрақсыздыққа тап болып, теріс экономикалық өсімдерді бастан кешкен жағдайда орын алды. Ел экономикасындағы инфляцияның мөлшері 2013 жылы төмендеп, 2015 жылдың басында 15,7 пайызға жетіп, 2016 жылдың басында 11,9 пайызға төмендеп, жиырма жылдан астам уақыттан кейін, яғни өткен жылы бір сандық көрсеткішке жетті.
Экономикалық өсімге байланысты Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорынының есептеулеріне сәйкес, экономика тұрақтылығын қайтарып, жұмыспен қамту саласын жақсарту секілді әртүрлі саясаттар жиынтығын жүзеге асыру арқылы Иранда экономиканың оң өсімі үшін қажетті жағдай жасалды. Елдің экономикасы үсті-үстіне жалғасқан теріс өсімнің сегіз кезеңінен кейін х.ш.ж.с.б. 2014 ж. экономикалық оң өсім кезеңіне жетіп, 3 пайыздық экономикалық өсімге қол жеткізді.
Осындай жағдайда Дүниежүзілік банк өткен сәуір айында Иранның экономикалық жағдайына байланысты баяндамасында: "Мұнайдан түскен табыстардың артуының арқасында Иранның ағымдағы есеп-шоттарының таразысы 2016 жылы айтарлықтай өсім көрсеткішіне қол жеткізіп, 2015 жылғы жалпы ішкі өнімнің 2,7 пайыздық көрсеткіші 2016 жылы 6,5 пайызға жетті. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш 2017 жылы да осы күйде қалады деп болжануда",- деп жазды. Дүниежүзілік банк баяндамасының келесі бөлімінде Иранның мұнай өндірісінің өзінің толық әлеуетіне жеткеніне тоқталып, алайда мұнайдан басқа салалардың әлсіздігіне байланысты Иранның экономикалық өсімі орташа мерзім аралығында орташа деңгейде қалады деген болжам жасады. Бұл халықаралық ұйымның пікірінше, ауқымды шетелдік инвестициялар тартылмай, Иран экономикасы халықаралық банк жүйесіне қосылмаса, және экономикада ішкі өзгерістер мен реформалар жүзеге аспайтын болса, Иранның мұнайдан тыс салалары айтарлықтай өсімге қол жеткізбейді.
Бұл үдерістер Иран экономикасының дұшпандардың экономикалық мәселелердеге қастандық әрекеттеріне қатысты осал екендігін көрсетеді. Әсіресе, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жүзеге асуына қарамастан, әртүрлі сылтаулармен санкция салу үдерісі тоқтамай, тіпті күшейе түсті. Мұндай қастықтардың жалғасуы әлі де дұшпанның үстеліндегі таңдаулардың бірі саналады. Сондықтан, бұл қауіптерді мүмкіндіктерге айналдыру жолдарының бірі дұшпанның болмысын танып-біліп, бар әлеует пен қабілетті, әсіресе қарсыласу экономикасын пайдалануда амал мен әрекет етуге бастамашылық білдіру саналады.