Ирактағы ДАИШ-тың құрылуы мен құлдырауы 1
Мосулды ДАИШ лаңкестік тобының билігінен азат ету операцияларының аяқталуымен бұл лаңкестік топтың Ирактағы өмірі аяқталып, оның тек аздаған мүшесі Ирактың кейбір аймақтарында қалды.
ДАИШ басында Ирактағы әл-Қаиданың бір бөлімі болды. Бірақ, 2006 жылы атауын “Ирактағы исламдық үкімет”, 2013 жылы “Ирак пен Шамдағы исламдық үкімет” деп өзгертті. 2014 жылдың маусым айында ДАИШ лаңкестері Иракқа кіріп, бұл мемлекеттің сүнниттер өмір сүретін Нейнава, Салаһаддин және Әл-Анбар облыстарын басып алды. ДАИШ лаңкестік тобының Ирактың әртүрлі аймақтарын оңай жаулап алуының көптеген себептерін атауға болады. Алайда ең маңызды себептерінің қатарына ДАИШ-тың АҚШ-тың Ирактағы саясатының өнімі болуы; Саддамнан кейін Иракта ұлттық үкіметтің құрылмауы, Ирактың жаңа саяси жүйесіне адам әрі мықты әскери күштердің болмауы, сүннитер өмір сүретін аймақтардағы үкіметтің ықпалының әлсіреуі, жаңа премьер-министр сайлау кезіндегі саяси топтардың қайшылығы мен Ирактың кейбір жергілікті күштерінің сатқындығы жатады.
1: ДАИШ – АҚШ-тың Ирактағы саясатының өнімі
2003 жылы АҚШ Иракқа шабуыл жасап, бұл елдегі БААС режимінің құлауына себеп болды. АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасауының салдары тек БААС режимінің құлауы ғана болмады, Ирак саяси вакуум кезеңі мен мазхабаралық қайшылықтарға тірелді. Мұнымен қатар, АҚШ Иракта ұзақ уақытқа қалу үшін бұл елді қауіпсіздік вакуумына тіреуді қажет етті. Негізінде Таяу Шығыс аймағы, соның ішінде Иракта қауіпсіздік вакуумын орнату АҚШ-ның мүддесіне. Өйткені, тұрақсыздық АҚШ әскерилерінің аймақ пен Иракта орналасуын қажет етеді. Сол себепті, Ирак лаңкестік әрекеттер мен жарылыстардың артуының, сонымен бірге 2011 жылдың соңында АҚШ әскери күштерінің бұл елден шығуынан кейін ДАИШ лаңкестік тобының құрылуына куә болды. Сарапшылардың көбі ДАИШ-тың Иракта құрылуының негізгі себебін бұл елдегі АҚШ-ның саясатымен байланыстырады. АҚШ-тың танымал теоретигі Ноам Хомскийдің пікірі бойынша, «Ирактың 10 жыл бойы АҚШ пен Британияның бақылауында болуы бұл елде ДАИШ лаңкестік тобының пайда болуының негізгі себебі. Өйткені, бұл Иракты саяси вакуумға енгізді. Саяси вакуум Ирак сынды түрлі мазхабтарға ие мемлекет үшін қатерлі». Сондай-ақ Дэвид Игнатиус та 2015 жылдың қазан айының 29 күні «Тhe atlantic» сайтында жариялаған «ДАИШ Таяу Шығыста қалай таралды» деген мақаласында: «ДАИШ Мосулге 2014 жылы кіргенімен, бұл топ бұдан 10 жыл бұрын Иракта өзін жариялаған болатын. ДАИШ-тың тамыры АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өткен онжылдықтағы сәтсіздіктерінен бастау алады. АҚШ-тың Ирактағы әрекеттері бұл елде қауіпсіздік вакуумының қалыптасуына себеп болып, вакуумды экстремистер толтырды. Басқа жақтан, АҚШ Иракқа шабуыл жасаған кезде бұл елдегі ДАИШ-тың бірінші басшысы Абумусааб Зарқави БААС режимінің қалған мүшелерімен бірігіп, әл-Қаидағы қарасты лаңкестік ұйымқұрды»,- деп жазды.
2: Саддам режимінен кейін Иракта ұлттық үкіметтің құрылмауы
Мемлекеттердің бірінде ДАИШ сынды лаңкестік топтардың құрылуының ең маңызды себептерінің біріне мықты ұлттық үкіметтің болмауы жатады. Ирак - осындай елдердің бірі. Өткен 15 жылда ең күшті араб үкіметтері саналған Ирак, Мысыр және Сирия үкіметтері әлсіреді. Иракта Саддам режимі құлағаннан кейін ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықтары салдарынан мықты ұлттық үкімет құрылмады. 2003 жылы АҚШ Иракқа шабуыл жасамай тұрып, бұл мемлекетте елдің аз санды сүниттері билік құрды. Саддам билігі құлаған соң Иракта шиіттер билік басына жетіп, сүнниттік саяси топтардың наразылықтарына себеп болып, шетелдік мемлекеттер бұл мәселені өз мүдделеріне пайдаланып, Ирактың жаңа саяси жүйесіне қарсы шықты. Ирак күрдтері де Ирактан тәуелсіздік алып, күрд мемлекетін құруды талап етті. Сондықтан, мұндай орта лаңкестік топтардың құрылуы мен наразы халықты жинау үшін ең жақсы жағдай тудырды.
3: Жаңа саяси жүйеге адал әрі мықты күштердің болмауы
АҚШ-тың Иракқа қарсы шабуыл жасауының ең маңызды салдарларының бірі бұл елдегі әскери күштердің ыдырауы болды. Расында, Саддамнан кейінгі Иракта мықты әскери күш қалыптаспады. Ирактың әскери күштері басқалардан көбірек дәстүрлі соғыспен таныс болды, бірақ партизандық соғыстармен бетпе-бет келмеген еді. Сонымен бірге Ирак армиясы мен қауіпсіздік органдарындағы БААС режимінің қалған мүшелері бұл елдің жаңа жүйесіне берік болмады. Сондықтан, 2014 жылдың маусым айында ДАИШ Ирактың әскери күштерінің шынайы қарсыласуымен кезікпей, Мосулге кіреді. Тіпті, Ирактың кейбір жоғары лауазымды әскерилерінің ДАИШ-тың Мосулды басып алуына себеп болған сатқындықтары маңызды рөл атқарды. Сондықтан, Ирактың діни жетекшісі аятолла Систани сол әлсіздікті танып, ДАИШ лаңкестігімен күресу үшін халықтық ерікті күштерді құруды талап етіп, лаңкестікпен күресті бойында күші бар әрбір ирактық азамат үшін «уәжіп» деп жариялады. Осы пәтуа негзінде Ирак үкіметі жүз мың адамнан Хашд әш-Шааби тобын құрды. Бұл халықтық күштер ДАИШ лаңкестеріне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Осы салада Таяу Шығыс мәселелері маманы Масуд Асадоллаһи: «ДАИШ шабуылы Хашд әш-Шааби халықтық күштерінің құрылуына себеп болды. Хашд аш-Шааби барлық аймақтарда, соның ішінде Мосулды азат етуде маңызды рөл атқарды»,- деді. Сондықтан, Хашд аш-Шаабидың құрылуын Ирак үкіметінің жаңа саяси жүйеге адал армия құруға жеткізді деп айтуға болады.
4: Сүннитер өмір сүретін аймақтардағы үкіметтің ықпал етудегі дағдарысы
ДАИШ Иракта орналасу үшін сүнниттер өмір сүретін аймақтарды таңдап, басында Нейнава облысының орталығы Мосулге, содан соң Салаһаддин облысының орталығы Тикрит пен әл-Анбар облысының орталығы әл-Рамадиге кірді. ДАИШ-тың бұл шешімінің маңызды екі дәлелі болды: біріншіден, Ирактың сүнниттері өмір сүретін аймақтарының наразылық білдіру потенциялы. Олар БААС режимі кезінде ие болған билігінен айырылып, саяси тұрғыдан оқшауланып қалған болатын; екіншіден, Бағдаттың орталық үкіметі бұл елдің шиіттері өмір сүретін аймақтарына әсер еткендей, сүнниттер өмір сүретін аймақтарында әсер ете алмады. Сондықтан, бұл аймақтарда ДАИШ-ты қабылдауға қажет жағдай орнап, ДАИШ-тың өзін-өзі халифа атаған басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидың исламдық халифат құру идеясы сүнниттер өмір сүретін аймақтарда ДАИШ-тың ықпалына себеп болды.
5: Жаңа премьер-министр сайлау кезіндегі саяси топтардың қайшылығы
2014 жылдың сәуір айында Иракта парламенттік сайлау өтіп, Нури Малеки басқарған Заң үкіметі коалициясы көпшілік дауысқа ие болып, жаңа премьер-министр сайлау елдің ішіндегі саяси қайшылыққа айналды. Нури Малеки премьер-министрлігінің екі кезеңінен кейін ол өзі басқаратын партия парламентте ең көп дауысқа ие болып, үшінші рет үкімет құру құқығына ие деп санағанымен, Малекидің қарсыластары үшінші рет премьер-министр міндетін атқаруды Малекиден басқа адамға тапсыру керек деп ойлады. Билікті басқа адамға ауыстыру мәселесі қиындық тудырып, аймақ пен аймақтан тыс мемлекеттердің араласуымен ДАИШ-тың Иракқа шабуыл жасауы үшін жағдай тудырды.
6: Ирактың кейбір жергілікті күштерінің сатқындығы
ДАИШ-тың Иракта пайда болуының ең маңызды келесі себептерінің бірі кейбір жергілікті күштердің сатқындығы саналады. Нейнава облысында ДАИШ-тың шабуылымен бұл елдің әскери күштері дұрыс қарсыласпауымен бірге бұл облыстың әкімі Асил әл-Наджифи сынды кейбір басшылары сатқындық жасағаны үшін айыпталды. Заң үкіметі коалициясы мүшелерінің бірі Ханон әл-Фатлави бұл туралы: «Асил әл-Наджифи ДАИШ-тың Мосулге кіруінде маңызды рөл атқарды. Өйткені, ол басында өзін ДАИШ-пен күресуші деп көрсеткенімен, ДАИШ лаңкестері Мосулге кірген кезде әл-Наджифи Эрбильге қашып, сол жерден Нури Малекиге қарсы қастандық жасап, Ирактың саяси үдерісіне нұқсан келтірді»,- деді.
Осы уақытқа дейін Иракта ДАИШ лаңкестері қалып отыр. Мосулды азат ету Ирактағы ДАИШ қылмыстарын тоқтату емес. Өйткені, ДАИШ-тың негізгі мақсаты Ирак пен Сирияда исламдық халифат құру болды.