Батыстағы исламнан үркіту (3)
(last modified Mon, 17 Jul 2017 07:46:01 GMT )
Шіл 17, 2017 13:46 Asia/Almaty
  • Батыстағы исламнан үркіту (3)

Бұл бағдарламада Ұлыбританияда мұсылмандарға жасалған лаңкестік және нәсілшілдік шабуылдардың көбеюі мен исламнан үркітудің таратылуы жайлы сөз қозғаймыз.

Исламнан үркіту мен исламмен жауласу Батыс елдерінде бір институттандырылған қатынасқа айналған. Батыс басшылары арагідік «Ислам – бейбітшілік, махаббат пен татуластық діні. Тәкфирлік және лаңкестік топтардің әрекеттерінің Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммедтің тағылымдарына еш қатысы жоқ»,-деп мойындағанымен, олардың іс жүзіндегі саясаты тәкфирлік және лаңкестік топтарды нығайту болды.  Шын мәнінде, тәкфирлік және лаңкестік топтардың болмысын мойындау және олар жасаған лаңкестік әрекеттердің әділ әрі бейбіт исламға ешқандай қатысы жоқтығын мойындау Батыс елдерінің өздерін экстремистік және лаңкестік ағымдарды нығайту мен таратудағы жауапкершіліктен құтылу үшін қолданып отырған тәсілі болып табылады. Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэй Ішкі істер министрі болғанда да, Премьер-министр  болғанда да бірнеше рет ДАИШ тәкфирлік және лаңкестік тобының болмысына сілтеме жасаған. Ұлыбританияның консерватор Премьер-министрі үш жыл бұрын адам құқығын қорғаушы ағылшын Дэвид Хэйнс Сирияда ДАИШ-тың қолынан қаза тапқаннан кейін осы топ жайлы: «Олар өздерін «ислам үкіметі» деп атайды, алайда сіздерге шындықты айтуға рұқсат етіңіздер. Олар үкімет те емес, ислам да емес. Бұл жиіркенішті идеологияның шынайы исламға ешқандай қатысы жоқ»,-деген болатын.

Тереза Мэй өз сөзінде келесі бір маңызды мәселеге тоқталды. Бұл оның Құран кітабынан хабардар екенін білдіреді. Егер адам осы сөздерді айтқан кісіге көңіл аудармағанда, оны бір мұсылман үлем айтты деп ойлар еді: «Құран «дінде еш мәжбүрлеу жоқ» деп айтады. Сондықтан, осы залдан мынадай жолдауды таратуға рұқсат беріңіздер: реакцияшылдар ешқашан біздің арамызда іріткі тудыра алмайды. Бұл жолдаудың таралуына рұқсат етіңіздер, өйткені біз исламның бейбіт дін екенін және дұшпандардың идеологиясына ешқандай қатысы жоқтығын білеміз. Ұлыбритания мұсылмандарымен иық тіресе тұрайық. Біз осы идеологияны жеңіліске ұшыратып, Ұлыбританиядағы жас мұсылмандардың реакцияшыл болып кетпеуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек».

Батыс басшылары Ислам дінінің болмысы туралы хабардар бола тұра, іс жүзінде исламнан үркіту және исламмен жауласуды азайтуға және оның саяси орталар мен ақпарат құралдарында таралуын тыюға еш шара қолданбады. Керісінше, әрбір лаңкестік әрекеттен кейін Батыста исламмен жауласып,  мешіттер пен намазханалар сияқты мұсылмандар жиналатын діни орындарға шабуылдар толқынын бастады. Британия өткен айларда Лондон мен Манчестерде бірнеше лаңкестік шабуылдың куәсі болды. Соның салдарынан 35 адам қаза тапты. Төртінші және бесінші лаңкестік шабуылдардың құрбандары мұсылмандар болды. Олардың мешіттен намаз оқып шыққан болатын. Ұлыбританияның «Independent» газеті осы саладағы өзінің жуырдағы есебінде: «Исламнан үркітуге қатысты қылмыстар, соның ішінде этнос пен дінге қарсы кемсітушілік Британия халқы Еуроодақтан шығуға дауыс бергеннен кейін бұл елде бұрын-соңды болмаған деңгейде артып кетті»,-деп жазды. Ұлыбритания полициясы тарапынан берілген мәлімет бойынша, осы елде жиренішке қатысты оқиғалардың деңгейі он бір айдың ішінде brexit-ке қатысты референдумнан кейін 23 пайызға, Ұлыбритания мен Уэльс аймақтарының кейбірінде 50 пайызға артқан.

Ұлыбританияда brexit-тен кейін исламнан үркіту ағымы артты

«Independent» газетінің хабарлауы бойынша, кейбір исламдық институттар мұсылмандарға қарсы жиренішті қылмыстардың артқанын хабарлайды. Сәуір айынан осы күнге дейінгі 23 арызда қоғамдық көліктерде мұсылмандарға қарсы шабуыл жасау, олардың ірі сауда компанияларынан шығарылуы, оқушылардың намаз оқуына тыйым салу және басқа да оқиғалар тіркелген. Басқа еуропалық елдерде де мұсылмандарға қатысты кемсітушілік пен нәсілшілдік сипаттағы қатынастар көбейген. Мұның көрсеткіштерінің бірі әсірешіл оңшыл, нәсілшіл және исламмен жауласушы ағымдардың көбеюі болып отыр. Алайда Батыс үкіметтері исламнан үркіту мен исламмен жауласуды азайтуға ешқандай талпыныс жасамады.  Олар терроризмді ең үлкен әрі ең маңызды қатерлердің бірі санайды, алайда іс жүзінде олардың саясаттары экстремизм мен терроризмді нығайтуға және таратуға бағытталған.

Ұлыбритания үкіметі АҚШ-пен бірге тәкфирлік және лаңкестік ағымдарды нығайтып, таратуда оқ бойы озып келеді. Сирия мен Ирак армиялары мен халықтық күштері соңғы айларда ДАИШ-ты кері шегіндіруде үлкен сәттіліктерге қол жеткізді. Алайда барлық сарапшылар: «ДАИШ-тың ісі әлі біткен жоқ. Өйткені ДАИШ-тың қаржылық және идеологиялық көздері қаншалықты белсенді болса, тәкфирлік және лаңкестік топтардың қауіп-қатерлерінің көлеңкесі соншалықты сақталатын болады»,-деген пікірде. Тәкфирлік және лаңкестік ағымдардың қауіп ретінде қалуы Батыста исламнан үркіту мен исламмен жауласу идеясы қала береді деген сөз. Тәкфирлік және лаңкестік топтар әділ әрі бейбіт тағылымдарды насихаттайтын ислам келбетінің бұзылуына  себеп болып келеді. Мынадай сауал туындайды: Батыс үкіметтері өз елдерінде тәкфирлік және лаңкестік ағымдар мен исламмен жауласудың нығаюына неліктен көмектеседі? Гамбургтегі G20 саммитінде тәкфирлік және лаңкестік топтарға, соның басында ДАИШ-ке қаржылай көмектесуді тыю талқыланған тақырыптардың бірі болды. Қатысушылардың барлығы дерлік, соның ішінде Сауд Арабиясы өзінің осы жобаны қолдайтынын жариялады. Күлкілі жағдай осы. Батыс елдерінде тәкфирлік және лаңкестік топтардың қай ел тарапынан қаржыландырып, идеологиямен нәрлендіріп тұратынын білмейтін адам кемде-кем. Ұлыбританияда тәкфирлік және лаңкестік топтардың қаржылай және идеологиялық көздері жайлы екі зерттеу дайындалды. Есептердің бірі шілде айының бірінші аптасында жарияланды. Екінші зерттеудің нәтижелерін жариялауға Премьер-министр Тереза Мэй рұқсат бермеді.

Ұлыбританияда тәкфирлік және лаңкестік топтардың қаржылай және идеологиялық көздері туралы жарияланған есеп Генри Джексон атындағы зияткерлік институтына тиесілі. Бұл институт исламның атымен Ұлыбританияда жұмыс жасайтын экстремистік  топтардың ең маңызды қаржылай демеушісін Сауд Арабиясы деп таныстырды.

Сауд Арабиясы ДАИШ-ке қаржылай көмектеседі

Осы есепте: «Сауд Арабиясы өткен 50 жылдың ішінде кемінде 76 млрд еуроны ваххабистік идеологияны таратуға жұмсаған. Бұл идеология – әлемнің түкпір-түкпіріндегі тәкфирлік идеологияның негізі»,-деп айтылған. Франкфурт қаласындағы FFGI Ислам дүниежүзілік зерттеулер орталығының басшысы Сюзанна Шредер Генри Джексон атындағы зияткерлік институттың есебі туралы: «Мұндай статистикалық мәліметтер мені таңқалдырмайды»,-деді. Ол Сауд Арабиясының ваххабистік идеологияны таратумен айналысып жатқаны белгілі екенін түсіндірді. Шредер ханым: «Сауд Арабиясы тек қаржы берумен шектелмей, жарнамалық көздерді де қызығушылардың ықтиярына береді. Сауд Арабиясы бірқатар адамды тағайындап, оларға мешіттер, оқу және мәдени орталықтар салуға бұйрық береді. Бұл мешіттер дайын болғаннан кейін ваххабистік идеологияны насихаттауға кіріседі»,-деп баса айтты. Неміс зерттеушісі ваххабизмді тарату үдерісінің Иран Ислам революциясынан кейін күшейіп кеткенін айтады. Иран революциясы Сауд Арабиясын қатты теңселтіп, оған қысымды арттырды. FFGI Ислам дүниежүзілік зерттеулер орталығының басшысы: «Сауд Арабиясы содан бері Азия, Африка мен Еуропаның әртүрлі бөліктеріндегі өзінің үгітшілері арқылы ваххабистік идеологияны насихаттай бастады»,-деді.   

Тәкфирлік және лаңкестік топтардың қаржылай және идеологиялық көздері туралы екінші зерттеу Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның тапсырымен жасалды, бірақ оның нәтижесі Тереза Мэйдің премьер-министрлігі кезінде дайын болды. Бұл зерттеуде де Сауд Арабиясы тәкфирлік және лаңкестік топтарды қолдаушылардың бірінші қатарында айыпталған. Ұлыбритания үкіметі осы есептің өз үкіметі мен Сауд әулеті билеушілері арасындағы стратегиялық қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін болғандықтан, оны жариялауға тосқауыл болды. Батыс елдері, соның басында АҚШ пен Ұлыбританияның тәкфирлік және лаңкестік топтардың ең маңызды демеушілерінің бірі ретіндегі Сауд әулетімен ауқымды саяси-экономикалық және әскери байланысы Батыс елдерінің тәкфирлік және лаңкестік топтармен күресетіні туралы ұрандарына шынайы қарауға болмайтынын көрсетеді. Экстремистік және лаңкестік идеологиямен түбегейлі күресу қажет. Бұл мақсатқа тек қауіпсіздік шараларын арттыру арқылы ғана жету мүмкін емес. Алайда айғақтар көрсеткендей, Батыс елдері  лаңкестік топтардың қаржы көздерін шектеуді ойламайтыны былай тұрсын, керісінше исламмен жауласуды күшейтіп, тәкфирлік және лаңкестік ағымдарды нығайту жолында әрекет етуде.