Заманауи жәһілдік қайтадан тануды қажет ететін кұбылыс
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i29126-Заманауи_жәһілдік_қайтадан_тануды_қажет_ететін_кұбылыс
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран және шетелдік парсы әдебиетінің оқытушылары мен мәдениет қайраткерлерімен өткізген жуырдағы кездесуінде әдеттегі тақырыптар мен әлемнің бүгінгі кейбір қызықты мәселелерін мысал, сықақ өлеңмен жеткізуге кеңес берді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 23, 2017 16:02 Asia/Almaty
  • Заманауи жәһілдік қайтадан тануды қажет ететін кұбылыс

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран және шетелдік парсы әдебиетінің оқытушылары мен мәдениет қайраткерлерімен өткізген жуырдағы кездесуінде әдеттегі тақырыптар мен әлемнің бүгінгі кейбір қызықты мәселелерін мысал, сықақ өлеңмен жеткізуге кеңес берді.

Ислам революциясының ұлы жетекшісі бұл кездесуде осы тақырыптың маңыздылығын ескеріп: «Ұлық  пайғамбар (с.ғ.с) ақын сахабаларының біріне көп құдайға  табынушылықты сықақ етуге  бұйрық берді. Бүгінгі «семсер биі» секілді "заманауи  жәһілдік" немесе Сауд Арабиясы сияқты елдің БҰҰ-ң адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына мүше болуы секілді "тайпалық жәһілдік» мысал, сықақпен келемеждеуді қажет ететін мәселе»,-деді.

Осы тақырыпқа арнайы дайындалған бағдарламамызда кеңірек тоқталуға тырысамыз. Бізбен бірге болыңыздар!

Жәһілдік үдерісімен қарсыласу – ислам үмбеттерінің негізгі міндеттерінің бірі. Ислам революциясының жетекшісі  хазірет аятолла Хаменеи  осыдан  бір жыл бұрын ислам елдері елшілері мен  әскери  басшыларымен болған Алланың ұлы елшісі хазірет Мұхаммедтің (c.ғ.с) пайғамбарлыққа таңдалған күнінің жылдығына арналған жиналыста адамзаттың пайғамбарлық тағылымдарды әрдайым қажет ететін ескере отырып, жәһілдік үдерісін пайғамбар миссиясына қарсы майдан деп атап: «Жәһілдік үдерісі пайғамбар (с.ғ.с) заманына ғана тиесілі емес, керісінше пайғамбарлардың ойлары мен сөздеріне қарсы ұзаққа созылған соғыс. Ол қазіргі таңда ғылым мен технологияны пайдаланып, жаңа формаларда көрініс табуда. Шын  мәнінде "жәһілдік" – бірдей идеологиялық негізге ие қайталамалы құбылыс. Жәһілдік ақыл-ой мен логикадан еш белгі көрінбейтін салаларға аяқ басу дегенді білдіреді. Онда жалған наным-сенімдер мен фанатизм адамдардың амалдарын әсірешілдікке итермелейді» деді.  

Өкінішке орай, қазіргі таңда өркениетті әлемде де деспоттық үкіметтер мен авторитарлық режимдер тарапынан орын алған жәһілдік-надандықтың көп мысалдарымен бетпе-бет келіп отырмыз. Мұндай жойқын үдеріс Батыс қоғамының іші мен Батыстың нәсілшілдік идеологиясының қатпарларында да өрбіп, Батыс ықпалындағы басқа елдердегі жастардың  арасында үлгіге айналды. Еуропадағы неонацизм немесе ультра оңшыл ағымдар сияқты көзқарастар – Батыстың саяси мәдениетінде орын алған құбылыстар. Осы бұрмалаушы ағымның салдарларын Батыс қоғамындағы нәсілшілдік сипаттағы әсірешіл ойлар мен дінмен жауласудан, сондай-ақ ислам мен мұсылман халықтарына қатысты теріс әрі бұрмаланған көзқарастардан туындаған қатігездік пен  экстремизмнен көруге болады.

Еуропа жастарына жазған екі хатында шындықты тану мен білудің қажеттілігін баса айтқан Ислам революциясы жетекшісінің экстремизнің тамырын тану қажеттігін қайталауы адамзаттың бүгінгі басты қатерінің гуманитарлық және діни құндылықтар мен принциптерді елемеу болып отырғанын көрсетеді. «Заманауи жәһілдік» деп атауға болатын кезең  "тайпалық жәһілдікке" оралу ғасыры деп аталады. Бұл екі ғасырдың арасында үлкен қашықтық бар. Жәһілдік бүгінгі күні адамзат үшін қатерге  айналып отыр.  Соңғы жарты ғасыр бойында заманауи жәһілдіктің аясында жасалған  қатігездік тарихта қалған идеологиядан бастау алған. Бұл  идеология жәһілдік заманында тарих қойнауына тапсырылғанымен, бүгінде қайта жаңғырып отыр.

Ислам революциясының жетекшісі бұл жәһілдіктің қайта туындау себептерін баяндауда исламға дейінгі кезеңдегі жәһілдіктің элементтері нәпсіқұмарлық және ашу-ызаға тоқталды. Ол қазіргі заманда да сол нәпсіқұмарлық пен ашу-ыза негізінде қайта пайда болды.

Қазіргі заманда жаңадан пайда болған феномен ретіндегі "заманауи жәһілдік"  жайындағы пікірталастардың  өткеннен  қалған ойларды тереңдей зерттеуді қажет ететіні сөзсіз.

Француз шығыстанушысы әрі «Араб әдебиеті тарихы» атты кітаптың авторы Régis Blachère надандық жайында: "Жәһілдік-надандық дегеніміз одан кейінгі кезеңдерде, яғни Ислам пайғамбары (c.ғ.с) тудырған ғылым ғасыры мен уаһиге қарсы жәһілдік емес. Надандық сөзі шын мәнінде қатігездік, айуандық, деспоттық, эгоистік және басқа да барлық теріс құбылыстарды қамтиды»,-деді.

«Заманауи жәһілдік» жаһандану үдерісінде қалай дамып, таралу  үстінде?» деген сұрақ туындайды. Осы ізденісте жаһандық дағдарыстардың   қалыптасуындағы жәһілдік ойлардың  болмысын тану маңызды. Осы  тұрғыдан жәһілдіктің тек надан деген мағынада емес екенін айту керек. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша,  жәһілдік кең мағынада нәсіқұмарлық пен ашу-ызаның адамның өмір сүру ортасын жаулап алуы дегенді білдіреді.

Осындай жағдайда адамзат қоғамы адами және ақлақтық құндылықтар жоғалатын күйге енеді. Қоғам рухани құндылықтардан  алшақтаған соң оның орнын жауыздық пен айлакерлік басады. Жәһілдік қоғамда жаңа қалыпта таралады. Өрескел ауытқушылықтар наным-сенімдердің солғындауы салдарынан құнды қасиеттіліктерден аттап, әлеуметтік, тіпті саяси нормаларға айналды.

Осы жойқын ағымның қайта даму жолында өткен екі ғасырда, әсіресе соңғы жиырма жылда ахлақтық және адами құндылықтардың көбі солғындап, тіпті мүлдем жоғалды.

Осы жайында қоғамтанушы Неджран Азам: «АҚШ пен Батыс қоғамындағы зорлық-зомбылық әлеуметтік қарым-қатынасқа көрсетілген  наразылық болып табылады, өйткені Батыста қоғамның бытыраңқылығының куәсі болып отырмыз. Демократияның негіздеріне қайшы экономикалық және әлеуметтік теңсіздік қоғамнан қашу факторынан басқа, қоғамға қарсы бүлік тудырды. Сонымен қатар, Батыста руханияттың жоқтығынан туындаған дағдарыс өршіп тұр» деді.

Осындай жағдайларда терроризм әлемдегі ең үлкен түйткіл ретінде  заманауи  жәһілдікпен қосылып кетті.  Билік басындағылар бүлдіргі ойларымен бұрмаланған және қолдан жасалған идеологиядан лаңкестік ұйымдарды тудыру үшін қажет жағдай жасап жатыр.

Сауд Арабиясы, АҚШ, Израиль және олардың кейбір одақтастарының қолдауына ие болып отырған ДАИШ, әл-Каида, ән-Носрат майданы, Боко Харам, әш-Шааб секілді онға жуық қауіпті лаңкестік топтар – дамыған әлемде туындаған осындай жәһілдіктің өнімі.

Жәһілдік қайта келген қара кезең деп атауға болатын соңғы жылдары, өкінішке орай,  тайпалық жәһілдікті таратушы және ДАИШ тәкфіршіл-сионистік лаңкестерді демеушілердің негізгі шеңбері Сауд Арабиясы секілді елдер  БҰҰ-ның адам құқығын қорғау кеңесінің мүшелігіне еніп, АҚШ-пен бірігіп лаңкестікке қарсы коалициялар құрады.

Шын мәнінде, бүгінгі өркениетті қоғамда халықаралық институттар күткеніміздей надандыққа қарсы тұрмайды, керісінше  заманауи жәһілдікті  жеңілдетуші құрал ретінде жұмыс жасайды.

Осындай ойлар экстремистік топтардың әртүрлі атаулар және белгілермен нәсілшілдік және дінге қарсылық сипатында тармақталып, әлемді түйткілге ұшыратуына себеп болды. Бұл адамзаттың жәһілдік кезеңінің қайталанып, дамуы көптеген елдердің ғылым мен технология тұрғысынан дамығанымен өткен жәһілдік заманға қайта қадам басқан ғасырында орын алып отыр.

Бұл қараңғы кезең Батыстың ойлау жүйесінің сырттай теория жүзінде  азаттық,  демократия, адам құқығы және  ұлттарды қорғау ұраны сияқты тартымды да алдамшы ұрандар мен уәждер негізінде құрылып,  батыстық өркениет сипатына ие болса да, бұл шынайы мән-мазмұннан ада, тек сыртқы бетперде ғана.

Бұл жойқын жолда АҚШ бастаған кейбір дамыған елдер адам құқығы мен лаңкестікпен күрес желеуімен ең жабайы лаңкестерді қолдап, оларды дайындауға ресми түрде бюджеттен қаржы бөледі. Біз бұл надандық әрекеттерді жан-жақтан қатігездік, соғыс пен экстремизмнің шырмауына түскен Сирия, Ирак, Йемен, Азияның батысы, Солтүстік Африканың қиын жағдайларынан байқай аламыз.

Бұл тұйық шеңбер ислам әлеміндегі шиіттер мен сүнниттердің исламның шынайы орнына жетуі мен дамуы жолында тудырған ортақ қиындықтар мен кедергілерден өте алмауына себеп болды. Сауд Арабиясы секілді кейбір аймақтық  елдердің қаржысы мен күшін тайпалық мансапқорлықты арттыруға жұмсайтын АҚШ-пен жақтасуы салдарынан исламдық елдерде діни, әлеуметтік және ұлттық әркелкіліктің туындауына жағдай жасалды.

Сауд Арабиясының аймақтағы іс-әрекеті надандық дәуіріндегі ойлардың қайта туындауы үшін жағдай жасап отыр. Ваххабизм мен салафизм идеологиялары аясында жалған сенімдер сипатымен таралатын бұл жойқын үдеріс  ислам үмбетінің жойылуына әкеліп соқтырады. Бұл – Сауд Арабиясының мойнындағы үлкен қателік. Әйтсе де саудиялықтар рационалды ойлаудың орнына бұрынғыдай исламның дұшпандарына қызмет ету арқылы өз билігінің қалтыраған тұғырын тайпалық жәһілдік идеологияға сүйеніп, семсер биін билеумен сақтап қалуға тырысып жатыр.   

Мәртебелі жетекшінің баяндамасы шын мәнінде мына маңызды жайтқа меңзейді: адамзат қоғамының шындығы мен ауыртпашылығын баяндау үшін барлық күш-қуатпен және бүкіл мүмкіндікті пайдаланып, «заманауи жәһілдік» атты зиянды құбылысты таныстыру керек. Осы хабардар ету үдерісіне барша жұрт, соның ішінде әдебиет саласындағы ақындар мен сөз майталмандары да барынша ат салысуы тиіс.