Украина халқы өз елінің болашағына қатысты теріс көзқарас ұстанып отыр
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i29258-Украина_халқы_өз_елінің_болашағына_қатысты_теріс_көзқарас_ұстанып_отыр
Еуропаның шығыс бөлігінде орналасқан бұрынғы Кеңес одағына мүше елдердің бірі болған Украина 1991 жылы тәуелсіздігін алды. 2014 жылы Украинада халқының өміріне экономикалық, әлеуметтік, саяси және қауіпсіздік тұрғылардан теріс әсерлерін тигізген дағдарыс пен азамат соғысы басталды. Украина дағдарысы шын мәнінде Киевте батысшыл үкімет құрып, Ресейдің ықпалын азайтудағы Батыс елдерінің астыртын әрекеттерінің салдары саналады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 25, 2017 09:15 Asia/Almaty
  • Украина халқы өз елінің болашағына қатысты теріс көзқарас ұстанып отыр

Еуропаның шығыс бөлігінде орналасқан бұрынғы Кеңес одағына мүше елдердің бірі болған Украина 1991 жылы тәуелсіздігін алды. 2014 жылы Украинада халқының өміріне экономикалық, әлеуметтік, саяси және қауіпсіздік тұрғылардан теріс әсерлерін тигізген дағдарыс пен азамат соғысы басталды. Украина дағдарысы шын мәнінде Киевте батысшыл үкімет құрып, Ресейдің ықпалын азайтудағы Батыс елдерінің астыртын әрекеттерінің салдары саналады.

Батыс елдері Украина халқының тез арада Еуропа одағы мен НАТО ұйымына мүшелікке кіріп, осылайша Батыс елдерімен жақындасуды қалайтыны туралы уәждер айтуына қарамастан, украиналықтардың басым бөлігі Украинаның қазіргі батысшыл үкіметінің жұмысына риза емес. Әсіресе, украиналықтар осы ел президенті Петр Порошенконың Украинада Батыс елдерінің, атап айтқанда АҚШ әскерилерінің санын арттыруға жол ашуын айыптап отыр. Шынтуайтында, Украинадағы дағдарыстың әртүрлі аспектілерде жалғасуы украиналықтардың өз елінің болашағына қатысты теріс көзқарасының күннен-күнге күшеюіне себепкер болды. 2017 жылы мамыр айының соңында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, Украина халқының 75 пайызы бұл мемлекет күйреуге бет алған деген көзқарас ұстанып отыр. Сонымен қатар украиналықтардың 85 пайызының пікірінше, бұл елде бейберекеттік жағдай орнаған. Сауалнамаға жауап бергендердің 44 пайызының пікірінше, Украина өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Осы сауаланамаға сәйкес, Украина халқының тек 21 пайызы ғана елдер даму жолында қадам басып келеді деген пікірде. Сауалнамаға жауап бергендердің 70 пайызының пайымдауынша, Украинадағы қазіргі жағдай халықтың 2004 немесе 2013 жылдардағыдай жаппай наразылық шерулеріне соқтыруы мүмкін. Бұл сауалнамаға жауап бергендердің басым бөлігі өткен жылдан бері өздерінің жағдайларының нашарлай түскенін мәлімдеді. Украиналықтардың 65 пайызы өз елінің нашар экономикалық жағдайын үкіметтің біліксіздігі мен мемлекеттік жемқорлықтан туындады деген пікір ұстанып отыр. Украинадағы қазіргі тұрақсыздық Батыс елдерінің батысшыл Киев үкіметіне кең түрде қолдау көрсетуіне байланысты бірнеше жыл бойы жалғасқан тәртіпсіздік пен азамат соғысының салдарынан пайда болған. Украина 2014 жылдың сәуір айынан бастап Украинаның шығыс бөлігінің, яғни Луганск пен Донецк облыстарындағы үкімет пен қарсыласу тобы арасындағы қақтығыстың сахнасына айналған болатын. Негізінде, Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович 2014 жылы Еуропа одағымен сауда келісіміне қол қоймауын байланысты билік басынан кетіп, Киевте жаңа үкімет құрылғаннан кейін Украинаның орыс тілді азаматтар көп шоғырланған шығыс бөліктері қарсыласу тобының ұдайы үкімет күштерімен қақтығыс алаңына айналды.

Украинада үш жылдың ішінде орын алған оқиғалар Батыс елдерінің Украина сахнасынан Ресейді ығыстырып, бұл маңызды еуропалық елде өз позицияларын нығайту мақсатында алдын ала есептелген әрекеттерді іске асырғанын көрсетеді. 2013 жылдың қараша айында Украинаның сол кездегі президенті Виктор Януковичтің Еуропа одағымен экономикалық келісімге қол қоймағанын сылтауратып, Киевте, әсіресе Тәуелсіздік алаңында тынышсыздықтар басталғаннан бері Еуропа елдерінің жоғары лауазымды басшылары  америкалықтармен біріге отырып, Украинадағы ішкі қақтығыстардың пайда болуында маңызды рөл атқарды. Тіпті, олардың өздері Тәуелсіздік алаңында болып, Януковичтің қарсыластарын жақтап, Украинаға қаржылай және материалдық тұрғыдан көмек көрсеткен. 2014 жылдың ақпан айының жиырмасы күні бірнеше Еуропа елдерінің Сыртқы істер министрлерінің бітімгершіліктері арқылы қол жеткізген қарсыласу тобының басшылары мен Виктор Януковичпен келісімге қарамастан, қарсыласушы топ Тәуелсіздік алаңында полиция қызметкерлерімен қақтығысқа түсіп, мемлекеттік орталықтарға шабуыл жасап, олардың басым бөлігін басып алды. Қақтығыстар кезінде 100 мыңнан астам адам қаза болды. Осындай өзгерістердің салдарынан Янукович Ресейге қашып, Украинада уақытша үкімет құрылды. Бұл үкімет батысшыл бағыт ұстанып, оның басында қарсыласу тобының бірнеше басшысы, әсіресе Арсений Яценюк уақытша премьер-министр, Александр Турчинов уақытша президент ретінде тағайындалды. Одан кейінгі кезеңде батысшыл бағыттағы талпыныстардың  көмегімен украиналық миллиардер Петр Порошенко Украинаның жаңа президенті болып билік басына келді.

Ресей бұл өзгерістерге қатты қарсылық білдіріп, мұны Украинаның заңды президентіне қарсы жасалған төңкеріс деп бағалады. Керісінше, Батыс елдері мұндай серпінді өзгерістерді жақсы қабылдап, Украинаның уақытша үкіметіне толық қолдау көрсететінін мәлімдеп, соңғы бірнеше жыл ішінде батысшыл Украинаның үкіметіне қаржылай көмек пен саяси қолдау көрсетіп келеді. Шын мәнінде, АҚШ пен Еуропа одағының мақсаты Киевтегі ресейшіл үкіметті мәжбүрлі түрде билік басынан құлатып, Уркаинада батысшыл үкімет орнату болды. Алғашында бұл жоспардың табысты болуына қарамастан, одан кейін орын алған өзгерістер, әсіресе Қырым түбегінің бөлініп, Ресейге қосылуы және Ресейдің Киев қарсыласушы тобына жан-жақты қолдау көрсетуі арқылы Украинаның шығысында азамат соғысының басталуы Батыс елдерінің Украинада сылбыр позиция ұстануына әкеп соқтырды. Украинадағы тынышсыздықтар салдарынан мыңдаған адамның қаза болып, бір милионнан астам адамның босқынға айналуы мен бұл елдің экономикасына бірнеше миллиард доллар көлемінде шығын келтіруімен қоса, Украинаның бөліну ықтималдығы туралы мәселе туындады. Бұлардың барлығы, яғни Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың Украина істеріне араласушылығы украиналықтар үшін өлімнен басқа ешнәрсе әкелмеді. Мұндай жағдайда Украина халқының қазіргі тұрақсыз жағдайға қатысты наразылықтары толығымен табиғи саналып, олардың Батыс елдерінің Украинаның ішкі істеріне араласушылығын қаламайтынын көрсетеді.

2014 жылы сәуірде Украинаның шығысында қарсыласу тобы мен үкімет күштерінің арасында басталған қақтығыстардың маңызды салдарының бірі ретінде бұл халықтың басқа мемлекеттерге, әсіресе Ресейге көшуге деген күннен-күнге артып келе жатқан беталысын атауға болады. Ресейдің Миграция жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда Ресейде 2 млн 600 000 украиналық өмір сүреді. Олардың жартысы Украинада дағдарыс басталған кезде өз елдерінен кеткен. Украинаның шығысында 2014 жылы сәуірдің он бесі күні басталған қақтығыстар лаңкестікке қарсы үкімет амалдары деп аталғанымен, шын мәнінде осы аймақтағы тынышсыздықтар мен бейберекеттіктерді басу үшін пайда болды. Бұған қарамастан, дағдарыстың осылайша кең етек жайып, Украинаның шығысында он мыңнан астам адамның қаза болып, жиырма бір мыңнан аса адамның жарақаттанып, инфрақұрылымдар, үйлер мен өнеркәсіптік мекемелер және ауылшаруашылық жайылымдарына миллиардтаған доллар көлемінде шығын келтіруіне әкеп соқтыратыны ешкімнің ойына кіріп-шықпады. Украинаның сол кездегі премьер-министрі Арсений Яценюктің 2015 жылдың наурыз айында жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Украинаның шығысындағы қақтығыстардың салдарынан ел экономикасының жиырма бес пайызы жойылып, жүздеген экономикалық және өндіріс орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Украинаның шығысындағы дағдарыстың саяси-қауіпсіздік салдарынан бөлек, Донбасс деп аталатын аймақ тұрғындарының көзқарасына сәйкес, маңызды мәселе қарсыласу тобы мен үкімет арасындағы шиеленіскен қақтығыстардың салдарынан аман қалу үшін украиналық екі облыс тұрғындары көпшілігінің Ресейге көшуіне себеп болған Донецк пен Лугансктегі өмір сүру стандарттарының бұзылып, күрт төмендеуі саналады. Осылайша, Украина халқы, әсіресе оның шығыс бөлігіндегі халықтың күннен-күнге артып келе жатқан елден кету деген қалауының түп-тамырын осы елдегі қауіпсіздік және әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтардан іздеген жөн. Украинаның шығыс бөлігіндегі тұрғындардың Ресеймен нәсілдік, тілдік және мәдени тұрғыдан жақын болуы және Украинаның шығыс бөлігі мен Ресейдің батыс бөліктерімен сауда-экономикалық және өнеркәсіптік байланыстарына қатысты Украинаның шығыс бөлігін мекендейтін тұрғындардың Ресейді өмір сүрудің жаңа мекені ретінде таңдауы табиғи жағдай саналады. Осылайша, Украина халқының Ресейге көшу үдерісін тек оның шығыс бөлігіне қатысты деп ойлау жөнсіз болмақ. Нашар экономикалық жағдай, экономикалық тоқырау, үлкен көлемдегі қарыздар және бәрінен бұрын қаржы және әкімшілік салалардағы жемқорлықтың кең тарауына байланысты бұл елдің халқы Украинадан кетуді қалап отыр.

Украина Еуропадағы ең жемқор ел және жемқорлық бойынша әлемдегі алғашқы 30 елдің қатарына кіреді. Украинадағы жуырдағы дағдарыс экономикалық жүйені өзгерту мен бұл елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы талпыныстарға әсерін тигізіп, Киевтің сырттан келетін қаржылай көмекке мұқтаждығы арта түсті. Осыған байланысты Еуропа одағының аудиторлық соты біраз уақыт бұрын Украинаны қаржы қылмысы мен экономикалық сыбайлас жемқорлық тұрғысынан бұл құрлықтың ең жемқор мемлекеті деп атады. Еуропа одағының аудиторлық соты осы мәселеге байланысты баяндамасында Украина үкіметі өзгерістер енгізуге қанша талпыныс жасағанымен, бәрібір Еуропаның ең жемқор елі ретінде қала беретінін айтты. Еуропалық осы ұйымның баяндамасына сәйкес, пайдакүнемдік мүдделер Украинадағы әлеуметтік саясаттардың қалыптасуына әсер етеді. Ықпалды инвесторлар экономика, саясат және БАҚ секілді маңызды салаларға белсенді түрде араласып, маңызды рөл атқарады. Батысшыл Украина үкіметі қазіргі таңға дейін сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою уәдесін орындау қажеттігін қуаттап, бұл елге қаржылай қолдау көрсететін мемлекеттерден көбірек қаржылай көмек көрсетуді сұрады. Украинаға қаржылай көмек көрсету үшін Халықаралық валюта қоры тарапынан айтылған өзгерістер мен реформалар енгізу туралы бағдарламаны жүзеге асыру елдегі инфляцияны арттырып, халықтың сатып алу қабілетін төмендетті.

Батысшыл Киев үкіметінің Батыс елдері ұйымдарына, атап айтқанда Еуропа одағына қосылуға деген қатты беталысына қарамастан, Украинаның Еуропа одағынан алған белгілері үмітсіз ғана емес, келешегі де жоқ болды. Бұл белгілерге Еуропа одағы мен Украина арасындағы экономикалық келісім туралы 2016 жылғы референдум кезінде Нидерланды халқының теріс дауыс беруін жатқызуға болады. Бұл референдумда қарсы дауыс беру Еуропа одағы елдері бірауыздан Украинаның Еуропа одағына қосылуын қолдайды деп үміттенген украиналық батысшылдар, әсіресе Порошенко үшін ауыр соққы болды. Порошенко ол кезде Украина мен Еуропалық одақ интеграциясына байланысты Нидерландыда өткен референдум нәтижелері Еуропаның ынтымағы мен еуропалық құндылықтардың дамуын бұзу секілді саналады деп мәлімдеген болатын. Киев үкіметінің жалпы мақсаты белгілі бір уақыт аралығында Еуропа одағына мүшелікке кіріп, одан пайда көру болып табылады. Осылайша бұл Украина халқының басым бөлігі үшін пайда көру мақсатындағы аса үміт сыйламайтын ұзақ жол екені айдан анық. Шынтуайтында, Украинаның батысшыл үкіметі оның Ресейден алыстау үдерісінен кейін еуропалықтардың Украинаны Солтүстік Антлантикалық келісім ұйымы (НАТО) секілді Батыс құрылымдарына, содан кейін Еуропа одағына тарту үшін тез арада қажет шараларды жүзеге асырады деп үміттенді. Еуропа одағының уәдесінде тұрмауына қарамастан, Киевтің батысшыл үкіметі әлі де Еуропа одағы басшыларының оған берген уағдаларына мәз-мейрам болып отыр. Мұндай уәделердің бірі Украина мен Еуропа одағы арасында визалық режимді алып тастау болды. Еуропа одағы 2016 жылы желтоқсанда Украина азаматтары үшін виза режимін алып тастау туралы шешім қабылдады. Бірақ, бұл мәселе ұзаққа созылып, Порошенконың ашу-ызасын тудырды. Ол 2017 жылы қаңтарда Еуропа елдерінің елшілеріне қаратып: "Украинаның Батыс елдеріне жақын орналасқаны үшін төлеп жатқан үлкен шығындарды назарға алатын болсақ, визалық режимді алып тастау мәселесінің кешіктірілуі барып тұрған әділетсіздік",- деді. Басқа жағынан алып қарағанда, мұндай кешіктірулер Ресейді өз мақсатына жеткізіп, Украина халқының  Еуропаға деген сенімін әлсіретуі мүмкін. Ақырында, Киев үкіметінің үсіт-үстіне көрсеткен қысымдары Еуропа одағының 2017 жылы маусымның он бірі күні визалық режимді алып тастау туралы шешім қабылдауына себеп болды.