АҚШ – адам құқығын бұзушы (4)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i29572-АҚШ_адам_құқығын_бұзушы_(4)
АҚШ үкіметінің адам құқықтарына қатысты тарихында биолаңкестік тақырыбы мен адамдарға қарсы жасалған қанқұйлы сынақтар ерекше орын алады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 05, 2017 16:19 Asia/Almaty
  • АҚШ – адам құқығын бұзушы (4)

АҚШ үкіметінің адам құқықтарына қатысты тарихында биолаңкестік тақырыбы мен адамдарға қарсы жасалған қанқұйлы сынақтар ерекше орын алады.

Зерттеушілер мемлекеттік немесе жеке зертханаларда адам өлтіретін дәрілерді өндіруге бағытталған өздерінің соңғы жетістіктерін тәжірибеден өткізіп, соңғы шығарған дәрілік өнімдерін адамдарға сынайды. Мұндай  сынақтарда адамдар зерттеу жүргізетін тышқандардың рөлін атқарады.

Мұнымен бір мезгілде АҚШ үкіметі әлемнің түпкір-түпкірінде көптеген соғыс бастап немесе соларға қатысып, онда химиялық, микробтық және радиоактивтік ластаушылардың элементтері байқалатын әртүрлі қару‑жарақтарды пайдаланды. Мысалы, Вьетнам соғысында "Agent Orange" қаруы, Ирак соғысында әлсіз радиоактив сіңірілген металдар қолданылды. Мұндай сынақтар мыңдаған адамдарды өлтіріп, мүгедек етіп, жарақаттап, оларды ұзақ уақыт бойы ауруға шыдап, азап шегуге мәжбүрлеп қана қойған жоқ, қоршаған ортаға да зиян тигізді.

АҚШ үкіметінің адамдарға ластаушы және ауру тудырушы элементтерді сынау тарихы өткен ғасырдың алғашқы жартысында басталды. Ресми мәліметтер бойынша, 1932 жылы АҚШ-тың Әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасы осы елдің Алабама штатындағы Tuskegee аймағында 399 қара нәсілдіге мерез ауруының соңғы кезеңін сынақтан өткізді. «Tuskegee Experiment» деген атпен танылған бұл сынақтың мақсаты мерез ауруына шалдыққан адамның қанша уақытта өлетінін анықтау еді. Бірнеше жылдан соң безгек ауруына қарсы жаңа шыққан дәрінің әсерін анықтау үшін Чикаго түрмесіндегі 400 адамға осы ауру жұқтырылды. 1942 жылы иприт газының адамға әсерін анықтау үшін 4000 сарбазға сынақ жасалды. Сонымен қатар АҚШ Қорғаныс министрлігінен алынған  құжаттар бойынша, 1947 жылы осы ел армиясының кейбір радиоактивтік сәулеленуді адамдарға сынағаны анықталды. Дәл осы уақытта АҚШ ОББ LSD атты синтетикалық есірткі затына қатысты зерттеу жүргізіп, әскери және әскери емес бірнеше адамды ескертусіз осы есірткімен сынақтан өткізген. АҚШ  Қорғаныс министрлігі 1950 жылы Невада шөлінде адам қоныстанған жерлерге жақын аймақта бірнеше ядролық жарылыс жасады. Бұл жарылыстар дұшпан елдердің халқына радиоактивті сәулелердің қаншалықты әсер ететінін зерттеу үшін керек болды. Сынақтар кейінгі жылдары әртүрлі қырып жоятын, қатерлі химиялық және микробтық қарулармен жалғасты.

Химиялық және микробтық қарулар жасау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізумен қоса, АҚШ үкіметі мұндай қаруларды соғыстарда пайдаланды.  АҚШ-тың бұл әрекеттерінің ең айқын үлгісі Вьетнам соғысы барысында осы елдің тропикалық ормандарын Agent Orange деп аталатын қоспамен бомбалауы болды. АҚШ армиясы Солтүстік Вьетнам Коммунистік мемлекетіне тиесілі  "Вет Кинг" әскери күшімен орманды аймақтағы соғыста қатты шығынға ұшыраған соң АҚШ армиясының қолбасшысы экваторлық ормандарды жоюға бұйрық берген. Осы бұйрықтың негізінде америкалық ұшақтар ағаштар жапырақтарынан айрылып, орман жойылуы үшін ондаған миллион литр ауылшаруашылық пестицидтер мен улы заттарды ағаштарға құйды  Бұл химиялық шабуылдың салдарынан ондаған мың вьетнамдық жан тапсырып, көптеген адам мүгедекке айналды. Қазір соғыстың аяқталғанынан бірнеше онжылдық өтсе де,  бұл елде кемтар және белгісіз ауруларға шалдыққан нәрестелер дүниеге келіп жатыр. Мұндай жағдай әрине кіші көлемде 1991, 2003 жылдары Ирак соғысында орын алды. Осы екі соғыста Пентагон атылған бомбалар мен зымырандардың қырып-жою күшін арттыру үшін әлсіретілген уран пайдаланған. Бұл аймақтың радиоактивпен ластануына әкеліп соқтырды. Тіпті америкалық сарбаздардың бір тобы осы қарулар мен жарылыстардың салдарынан белгісіз ауруларға шалдықты.

Соңғы жылдары адам өміріне қауіп төндірген биолаңкестік тек Батыс елдері, соның ішінде АҚШ тарапынан ғана жасалмады. Батыстың жеке компаниялары да бұл іспен қарқынды айналысты. Осы орайда дәрі, тамақ, ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын компаниялардың рөліне тоқталуға болады. Биолаңкестік құбылысы басқа да құбылыстар секілді соңғы жылдары өзгеріске ұшырап, жаңа көлемге ие болды. Соңғы онжылдықтарда адамдарға дәрілік заттарды сынау, генетика мен демографияны өзгерту мақсатында тамақ және косметика өнімдерін шығару, егін және мал шаруашылығы өнімдерінің саны мен сапасына әсер ететін ауылшаруашылық заттарын тарату биолаңкестіктің қатарына жатады.

Осы айтылғандардың негізінде Батыстың кейбір ірі фармацевтикалық компаниялары жаңа дәрілерді ішкі нарыққа кіргізбес бұрын оларды Азия, Африка мен Латын Америкасындағы кедей, дамымаған елдердің азаматтарына сынайды. Мұндай сынақтардың басым көпшілігі осы аймақтарда гуманитарлық көмек, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес желеуімен жүзеге асады. Кей кездері тіпті танылмаған дәрілерді сынау үшін кедей адамдарға ақша беріледі. Мұнымен бір мезгілде Батыстағы тамақ өндіретін компаниялар өз үкіметтерінің хабардарлығымен дамымаған елдерде гендік модификацияланған тамақ өнімдерін таратып, демографиялық және нәсілдік өзгерістер сияқты мақсаттарға жетуді немесе ең жақсы жағдайда өздерінің жаңа тамақ өнімінің әсерін білуді көздеп отыр.   Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік Азық-түлік ұйымы және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдар мұндай әрекеттердің әсерлері жайында бірнеше рет ескерту жасады. Бұған қарамастан, биолаңкестік тақырыбының астарында жасырылған саяси-экономикалық және қауіпсіздік мақсаттар осы уақытқа дейін мұндай әдістердің адамзатқа қарсы қолданылуының алдын алуға кедергі болып отыр.

Соңғы жылдары жарияланған көптеген мәліметтер кейбір өлімге соқтыратын вирустар мен аурулардың АҚШ үкіметінің әскери зертханаларынан шыққанын көрсетеді. Мысалы, егжей-тегжейлі зерттеулерден кейін 2011 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан соң АҚШ жұртшылығын үрейлендіріп,   хаттар арқылы таралған күйдіргі қара ұнтақтың АҚШ армиясының зертханаларында шығарылғаны жарияланды. Сонымен қатар кейбір зерттеулер гепатит Е (HEV) және СПИД (AIDS) вирустарын ойлап табуда адами фактордың болғанын көрсетеді. Бір топ зерттеуші  АҚШ армиясын қара нәсілділерге әсер ету мақсатында осы вирусты шығарды деп айыптайды. Осындай айыптаулар, сондай-ақ, сиырдың құтыруы, эбола вирустары мен емделмейтін тұмау түрлерінің дамытылған вирустарына қатысты да айтылады. Мұндай уәждердің дұрыс-бұрыстығын былай қойғанда, химиялық микробтық және ядролық заттарды өндіруді дамытқан елдердің оны таратуда  көбірек жауапкершілікке ие екендігі айқын. Мына гипотезаны теріске шығаруға болмайды: ақша тауып, өздерінің ашкөздігін қанағаттандыру үшін химиялық және микробтық қарулар қоймалары мен мамандандырылған зертханаларда  әртүрлі авантюристік әрекеттер жасап, абайсызда немесе қасақана басқаларды әртүрлі ауруларға шалдықтырған адамдар қаншама.  Осы тұрғыдан АҚШ секілді елдер ең үлкен химиялық, микробтық және ядролық қарулар қоймасына ие болып, жыл сайын миллиардтаған долларды осындай заттарды зерттеп, өндіру үшін жұмсап отырған кезде әлемде  биолаңкестікті тарату жауапкершілігінен қашып құтыла алмайды.