Канада Иран активтеріне қол сұғуда АҚШ-қа жақтасты
Канададағы бір аппелляциялық сот Иранға қарсы негізсіз айыптар жобалап, АҚШ-тың қысымына жақтасып, Теһранға 1 миллиард 700 миллион доллар өтемақы төлеу туралы үкім шығарды. АҚШ-тың кейбір соттары осыдан бұрын лаңкестікті қолдайды деген айыппен Иран мемлекетіне қатысты үкімдер шығаруды күн тәртібіне қойды.
Бұл соттар лаңкестік әрекеттердің құрбаны болдық деп уәж айтатындардың арыз-шағымдарының қарастырылуын талап еткендерге жауап беру үшін осы адамдар көрген шығындарды өтеу шеңберінде үкімдер шығаруда.
Канададағы бір аппелляциялық сот Иранға қарсы негізсіз айыптар жобалап, АҚШ-тың қысымына жақтасып, Теһранға 1 миллиард 700 миллион доллар өтемақы төлеу туралы үкім шығарды. АҚШ-тың кейбір соттары осыдан бұрын лаңкестікті қолдайды деген айыппен Иран мемлекетіне қатысты үкімдер шығаруды күн тәртібіне қойды. Бұл соттар лаңкестік әрекеттердің құрбаны болдық деп уәж айтатындардың арыз-шағымдарының қарастырылуын талап еткендерге жауап беру үшін осы адамдар көрген шығындарды өтеу шеңберінде үкімдер шығаруда.
Осы үдерістің жалғасында өткен аптаның соңында Онтарио штатындағы сот Иран үкіметінің өздерін осы ел тарапынан қолдау тапқан лаңкестік шабуылдардың құрбаны санайтын отбасылардың шағымдарын тоқтату туралы өтінішін қарамады. Бұл шара халықаралық заңдар бойынша бір елдің соты басқа елге қарсы әрекет жасай алмайтын жағдайда атқарылып отыр.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Канададағы жаңа үкімдер жайында: «Шет елге қарсы үкім шығару мемлекеттер теңдігі принципіне қайшы әрі олардың халықаралық құқықтардағы иммунитетін бұзу болып табылады»,-деді.
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Иранның бұл үкімге наразылық білдіріп, сот арқылы қудалау құқығына ие екенін қуаттап: «Канададағы билік бөлінісіне қарамастан, бұл ел үкіметінің басқа билік тармақтары тарапынан халықаралық заңдарға қайшы жасалған осындай әрекеттердің салдарынан туындайтын кез келген материалдық және рухани шығынға тікелей жауапкер
болатыны айқын»,-деді.
Иран үкіметінің бұл істегі қорғаушысы Колин Стивенсон: «Шағым түсірушілердің талаптары мен Иран мүлкін тәркілеуге талпыныстары заңсыз әрі агрессивті, толығымен саяси астарлы әрекет және халықаралық міндеттемелерге көзжұмбайлық таныту болып табылады»,-деді.
Бұл шығындардың төлем көзі Иранға тиесілі мүліктерді анықтау және бұғаттау, сондай-ақ, Иранның АҚШ банктеріндегі депозиттерінен заңсыз ақша алу арқылы қамтамасыз етіледі. Канада соты осыдан бұрын лаңкестік әрекеттерден туындаған шығындарды өтеу үшін Иранның Канададағы дипломатиялық емес мүлкіне тыйым салу туралы үкім шығарды. Бұл
мүліктің құны шамамен 1,7 млрд долларға бағаланды. Канададағы бұл істің шағымданушыларының басым көпшілігі – америкалықтар. Олар өз елдеріндегі соттардан өтемақы алу үкімін алып, енді соны Канадада ақшаға айналдыруды көздеп жүр.
2012 жылы күшіне енген АҚШ-тың «Лаңкестік құрбандарын қорғау» атты заңына сәйкес, бұл адамдар Ираннан оның «Хезболла» мен «ХАМАС-ты» қолдағанына байланысты өтемақы талап етуге мүмкіндік алды.
ИИР 1984 жылдан бері АҚШ тұрғысынан лаңкестерді қолдайтын елдердің тізімінде тұр. Осы уәж салдарынан АҚШ-тың жергілікті соттарында Иранға қарсы жалған айыптар тізбегі қаралып жатыр. Қазір де дәл осы жоба Канаданың АҚШ-қа жақтасуында қайталанып отыр.
1996 жылы АҚШ Конгресі халықаралық құқықтардағы мемлекеттердің иммунитеті қағидасы мен АҚШ-тың ішкі заңдарын бұзып, мемлекеттердің иммунитеті туралы ішкі заңды өзгертіп, лаңкестіктен зардап шеккен өз азаматтарына елдің соттарында «Лаңкестікті қолдаушы елдер» тізіміндегі елдерге қарсы арыз-шағым түсіріп, өтемақы талап етуге рұқсат берді. 1996 жылы АҚШ Конгресі «Flatow Amendment» атты ескертпені бекіту арқылы АҚШ соттарына «лаңкестік құрбандары» үшін «лаңкестікті қолдаушы елдерге» қарсы «жазалау шығындары» ретінде келтірілген шығыннан ондаған есе көп соманы белгілеуге рұқсат берді.
2003 жылы 30 мамырда осындай қалыптағы Иранға қарсы заңсыз, негізсіз шығарылған үкімге сәйкес Вашингтон DS соты 1983 жылы АҚШ-тың «Бейруттегі теңіз штабында орын алған жарылыста қаза болған 241 әскеридің отбасыларының шағымдары» деген жалған сылтаумен жөн-жосықсыз ИИР-ды жауапты деп атады.
Сол сот 2007 жылы 7 қыркүйекте Иранға лаңкестік оқиғаларда қаза болғандардың отбасыларының мыңнан астам мүшесіне өтемақы ретінде 2,6 млрд доллар төлеу туралы жөнсіз үкім шығарды. Бұл «Петерсон ісі» деп аталды. Осы үкім Иранның Орталық банкінен құны шамамен 1,75 млрд доллар тұратын бағалы қағаздардың заңсыз тәркіленуіне негіз болды.
2012 жылы қаңтарда АҚШ Конгресі АҚШ Конституциясы мен халықаралық заңдарға қайшы бұрын-соңды болмаған әрекет жасап, Нью-Йорктың City банкінде Clearstream компаниясының есебінде тұрған Орталық банктың құнды қағаздарын шағым түсірушілердің бір бөлігіне өтемақы төлеу үшін белгіледі.
2016 жылы сәуірде АҚШ-тың Жоғарғы Соты заң шығарушы және атқарушы органдардың қысымымен Нью Йорк сотының Иран халқына тиесілі активтердегі 1,75 млрд-қа жуық долларды тәркілеп, осы істің шағымданушыларына беру туралы үкімінің күшін жоюдан бас тартты.
ИИР осы ел Орталық банкінің активтері мен депозиттерін заңсыз тәркілеуі мен иемденуіне қатысты АҚШ-тың үстінен Халықаралық Жоғарғы Сотқа ресми түрде шағым түсірді.
Иран мүліктерінің АҚШ соты тарапынан тәркіленуіне реакциясында Иран Мәжілісі ел үкіметін 1953 жылы Иранда орын алған төңкерістегі АҚШ-тың «дұшпандық пен қылмыстық әрекеттерінің» шығындарын өтеуді талап етуге мәжбүрледі. Бұл заңда, сондай-ақ, АҚШ-тан Ирактың Иранға қарсы соғысындағы «қаржылай және рухани шығындар», Парсы шығанағындағы Иранның мұнай терминалдарын жою мен АҚШ-тың Иранға қарсы тыңшылық жасауынан туындаған шығындарды өтеу талап етілген.
АҚШ Сот органында Иранға қатысты мемлекеттердің иммунитеті принципінің аяққа тапталғаны айқын. Мұндай шараның сот істерін қарау тарихында бұрын-соңды болмағаны былай тұрсын, халықаралық заңдарды өрескел бұзу және халықаралық қарақшылықтың айқын дәлелі саналады.