ДАИШ-тың жойылуынан Ирактың алған сабағы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i29976-ДАИШ_тың_жойылуынан_Ирактың_алған_сабағы
2014 жылдың маусым айында Ирак халқы үшін есте қаларлық ащы оқиға орын алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 17, 2017 16:41 Asia/Almaty

2014 жылдың маусым айында Ирак халқы үшін есте қаларлық ащы оқиға орын алды.

2014 жылы маусымда ДАИШ лаңкестері Ирактағы Нейнава провинциясының орталығы Мосулға басып кірді. Бұл оқиға Иракта 2014 жылдың сәуір айында  парламенттік сайлау өтіп, елдің саяси топтары Нури Малекидің үшінші рет министр болуы жөнінде қайшылыққа ұшыраған кезде орын алды.  Шындығында ДАИШ Ирактың кейбір адамдары мен ішкі топтарының, әсіресе  таратылған «Баас» партиясы мүшелерінің көмегімен, сондай-ақ, Ирактың шиіттік үкіметіне қарсы елдердің қолдауымен бұл елге кірді. Алайда ДАИШ-тың Иракта пайда болу алғышарттарының АҚШ-тың 2003 жылы бұл елге қарсы соғыс ашқаннан кейін 2003-2014 жылдары қалыптасқанын, 2014 жылы аталмыш ішкі факторлардың ДАИШ лаңкестеріне Ирак жерінің біраз бөлігін басып алуына рұқсат бергенін айтпауға болмайды.

Алайда ДАИШ Ирактағы алғашқы күндерінен бастап-ақ өз демеушілерінің осы лаңкестік топтың болмысына қатысты стратегиялық қателік жібергенін дәлелді. Өйткені, бір жағынан ДАИШ-тың қылмыстары бұл топты қолдауды жалғастырудың әлемнің түпкір-түпкіріндегі қоғамдық пікірге сызат түсіретінін, оны қолдаушылардың масқаралануына себеп болатынын көрсетті. Екінші жағынан ДАИШ-тың территориялық амбициясы мен Ирактың Күрдістан аймағын жаулап алуға тырысуы оны қолдаушылардың, әсіресе АҚШ-тың көздеген саясаттарымен мүлдем сәйкеспейтін.   Сондықтан, ДАИШ-тың Иракта пайда болғанынан үш ай өткен соң АҚШ басшылығымен шамамен 60 елден тұратын ДАИШ-қа қарсы халықаралық коалиция құрылды. Басқаша айтқанда, әлемдегі елдердің үштен бірі, ірі алпауыт елдер мен Таяу Шығыстағы алпауыт елдер осы коалицияға қосылды.

Алайда Ирактағы ДАИШ пайда болғаннан үш жыл өткен соң АҚШ басшылығындағы халықаралық коалицияның көмегінсіз жеңіліске ұшырады. ДАИШ атты құбыжықты тізе бүктіріп, ДАИШ басып алған жерлердің азат етілуін тойлаған осы ирактық ортақ күштер болды. Бұл тақырып ДАИШ-тың Иракта пайда болуының кейбір елдердің, әсіресе АҚШ пен оның араб одақтастарының мүддесіне сай болғанын, сондықтан оны жоюдың күн тәртібіне  қойылмағанын, мұның тек жарнамалық айла болғанын көрсетеді.

ДАИШ-тың осы елдегі сұрқия әрекеттерінің ең үлкен құрбаны Ирак халқы болғаны сөзсіз. Ирак халқы ДАИШ-тың бұл елде болуынан екі тұрғыда: қысқа және ұзақ мерзімде  зардап шекті. ДАИШ-тың Иракта болуының қысқа мерзімді салдарлары ретінде мыңдаған адамның өлімі мен жаралануын, миллиондаған адамның босқыншылығын, қаланың инфрақұрылымы мен тұрмыс жүйесінің жойылуын, Санджардағы гуманитарлық апат секілді апаттардың пайда болуын, көптеген азаматтардың өмірінде келеңсіз оқиғалардың орын алуын, соның ішінде бауыздалу, өртелу мен оққа ұшырауды айтуға болады. Алайда ДАИШ-тың Иракта болуының ұзақ мерзімді салдарларының біразға дейін бұл ел халқынан арылмайтыны айқын. Салдарлардың ең маңыздысына ДАИШ мәдениетінің қалыптасуын, өз туыстарына қарсы ДАИШ қылмыстарын көрген адамдардың бойында психикалық ауытқушылықтардың туындауын, ел ішіндегі мектептерде білім алудың орнына шетелге босып кеткен жас ұрпақтың қалыптасуын, әке-шешесінен немесе олардың біреуінен айырылған балалардың пайда болуын, ДАИШ-тың үш жылдық басқыншылығы кезінде табыс көзінен айырылған отбасылардың болуын, сондай-ақ, өз балаларының ДАИШ қылмыстарының құрбаны болғанын көрген ата-аналарды айтуға болады.

ДАИШ Ирактың үкіметі, халқы, топтары мен тұлғаларына  ащы болса да, үлкен сабақ болды. Бұл қауіпті құзырдың бірінші сабағы мынада: лаңкестік әсіресе, «даиштік» лаңкестік әлсіз үкіметтің салдарынан пайда болады. Мықты үкімет құру барлық елдердің, соның ішінде Ирактың қауіпсіздігінің ең маңызды кепілі болады.

ДАИШ-тың Иракта пайда болуының екінші сабағы мынада: жер тұтастығын сақтау үкімет пен барлық топтардың басты бағдары болуы тиіс. Кері жағдайда, лаңкестік топтар мен содырлар тарапынан жер тұтастығына шынайы қатер төнеді. Үшінші үлкен сабақ мынадай: бірлік  қауіп-қатерді жеңуге себеп бола алады. Әртүрлі қайшылықтар мен келіспеушіліктер қоқан-лоққылардың күшеюіне, тіпті жердің бөлшектенуіне жағдай жасайды. ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның атқарған істерінен берілген төртінші сабақ мынадай: бір ел аумағының қауіпсіздігі сол елдің әскери күштері тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс. Басқа ешбір ел ешқашан басқа бір мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

Сөз соңында айтарымыз, ДАИШ-тың Иракта жағырапиялық құзыры аяқталғанымен, егер топтар мен ағымдардың, адамдардың мүддесі басымдыққа ие болса, ДАИШ секілді топтар Иракта қайтадан пайда болады.  Ирак үкіметі де бұл елді "біртұтас" санап, оның барлық аймағы мен азаматтарына бірдей қарауы керек. Өйткені, азшылықтар, әсіресе сүнниттер тұратын аймақтарға тиісті көңіл бөлмеу Ирак үкіметіне қарсы елдердің теріс пайдалануы мен іштегі кейбір адамдардың сатқындық жасауына жағдай туғызады. Ирак үкіметіне қарсы ішкі топтар да орталық билікпен күресу үшін ДАИШ секілді топқа жүгінуінің орталық үкіметке ғана қауіп төндірмейтінін назарда ұстауы қажет. Бұл барлық топтар мен аймақтар үшін шынайы қауіп саналады. Ирак болмысының осы елдегі барлық ұлттардың, әсіресе араб, күрд, түркімен, изадилердің болуымен мағынаға ие болатыны және бұл ұлттардың қайсына болмасын төнген қауіптің басқа тайпаларға төнген қатермен бірдей екендігі шәксіз.