Әскери саладағы Трамп үкіметінің Ресейге қарсы жаңа әрекеті
(last modified Wed, 23 Aug 2017 04:48:10 GMT )
Там 23, 2017 10:48 Asia/Almaty
  • Әскери саладағы Трамп үкіметінің Ресейге қарсы жаңа әрекеті

2014 жылғы Украинаның шығысындағы дағдарыстан кейінгі АҚШ-тың Ресейге қарсы әшкере әрекеттерінің бірі Еуропаның шығысында әскерилері мен құрал-жабдықтарын орналастырып, әскери араласуын арттыруы болды. Мұндай жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметі соңғы кезде Украинадағы, нақтырақ айтқанда Қара теңіздегі әскери орналасуына өзгеріс енгізетін әрекет жасады.

Бұл салада АҚШ Қара теңіздегі стратегиялық орналасуын нығайту және Ресейдің алдында әскери құдыретін көрсету бағдарламасы бойынша Украинада өзінің әскери-теңіз күштерінің орталығын салуды бастады. Очаково теңіз базасы Одесса облысында Қара теңіздің жағалауында салынып, бұл орталық теңіз әрекеттері мен әскери жаттығуларды бақылайтын болады. Аталмыш орталық Украинада Вашингтонның осы елге көмектесу бағдарламасы бойынша салынады. Жоба Киевтің батысшыл үкіметінің қолдауымен іске асырылып, Украина үкіметі Ресейге қарсы тұру мақсатында АҚШ-ты аймақтағы әскерилерінің санын  арттыруға шақырды. Сонымен бірге АҚШ теңіз күштері Очаково теңіз базасын өз ықтиярына алып, Қара теңіздегі мақсаттарына жету үшін пайдаланады деген болжам айтылуда. Украинаның батысшыл үкіметі біраздан бері Ресейдің қоқан-лоққылары мен әрекеттерін сылтауратып, бұл елде НАТО мен АҚШ-тың әскерилерін орналастыруды арттыруды көздеуде. Бұл салада Украина Парламенті 2017 жылдың қаңтар айында елде шетелдік әскерилер мен құрал-жабдықтардың орналасуына рұқсат беретін заң бекітті. Сол заңға сәйкес, шетелдік күштерге Украинада орналасуға рұқсат беріліп, НАТО мен АҚШ-тың ортақ әскери жаттығулар өткізуі мен Батыстың күштерін орналастыруға тыйым салған кедергілер жойылды. Сөйтіп, 2017 жылы шетелдік күштерге бұл мемлекетте жаттығулар өткізуге жол ашылды. Шетелдік күштерге бұл елде орналасуға жол берген Украина Радасы елдің батысшыл Президенті Петр Порошенконың қалауына сай шешім қабылдады. Порошенко Рададан 2017 жылғы әскери жаттығуларға шетелдік күштердің қатысуына рұқсат ету жобасын бекітуді сұраған болатын. Бұл заң «Бейбітшілік үшін қатысу» атты жобаға қатысатын АҚШ пен НАТО-ға мүше басқа мемлекеттердің әскери күштерінің жағдайына қатысты. Осыған орай шамамен үш мың әскери жабдықталған сарбаз Украинаға кірді. Украинаның батысшыл үкіметінің бұл шешімі негізінде Киевтің Ресейдің қауіпсіздігінің қызыл сызығына немқұрайдылық танытатындығының белгісі болды. Бүгінде Киев АҚШ-қа Одессада теңіз күштері базасын салуға рұқсат беріп, Қара теңіздегі Ресейдің қызыл сызығына, яғни теңізде бөгде әскерилерінің тұрақты орналасуына шынайы қарсылық білдіруімен санаспай отыр.

 НАТО АҚШ-тың басқаруымен жыл сайын Қара теңізде әскери жаттығуларын өткізіп, болжамды дұшпанның шабуылына жауап қайтару әрекеттерін іске асырады. 2014 жылы Украина дағдарысы басталғаннан бері саны артқан бұл жаттығуларды қауіпсіздік қоқан-лоққы санап, реакция білдіруде. АҚШ-тың мұндай әрекеттерінің мақсаты Қара теңіздегі НАТО-ның орналасуын арттырып, соңында тұрақты ету, Ресейге қарсы қысым көрсету және Мәскеуді Қара теңізден алыстату саналады. Вашингтон бұл салада өзі мен одақтастарының НАТО-дағы мүмкіндіктерінен пайдалануда. Негізінде, АҚШ көптен бері Қара теңізде тұрақты орналасуды мақсат етіп келеді. Еуропадағы АҚШ теңіз күштері қолбасшысының орынбасары Джеймс Фуго 2015 жылдың қыркүйек айында: «Қара теңіз маңызды аймақ саналатындықтан, Вашингтон бұл аймақта тұрақты орналаспақ. Бұл күштер бақылаулар арқылы Қара теңізде тұрақты қалады. 2014 жылы Жерорта теңізінде орналасқан кезде де Қара теңіздегі белсенділігімізді сақтадық. Аймақтағы орналасуымызды  бірқалыпқа келтіріп, жаттығуларымызды жүйелі түрде өткізіп, бұл аймақтағы теңіз күштерімен қарым-қатынасымызды тоқтападық»,- деді. АҚШ Қара теңіздегі орналасуын нығайту үшін одақтастарымен бірге 1997 жылдан бастап, жыл сайын «Теңіз самалы» деген жаттығулар өткізуде. Жылдан жылға оған қатысатын әскерилердің де саны артуда. АҚШ-тың Ресейдің ықпалында болған Қара теңізде тұрақты орналасуы туралы шешімін жариялауы Вашингтонның Мәскеуге қарсы күресінің бір түрі болып табылады. АҚШ-тың Шығыс Еуропадағы, кейін Қара теңіз аймағындағы әрекеттері екі маңызды мәселеге сүйенеді: біріншіден, Украинадағы дағдарыс кеңейгеннен кейінгі Вашингтонның саяси және әскери басшыларының Ресейдің шынайы қатері туралы уәждеріне.

Украина дағдарысы және Еуроодақ пен АҚШ-тың НАТО-ның мүшелері ретінде Ресеймен әскери текетіреске келуі қырғи-қабақ соғысына дейін Еуропада орнатылған тыныштық пен бейбітшілікке өзгеріс енгізіп, Еуропа мен АҚШ басшыларының, әсіресе НАТО басшыларының 2014 жылдағы отырысында Шығыс Еуропада Ресейге қарсы жылдам әрекет ететін күштер құру туралы келісімге келуіне себеп болды. Сонымен бірге 2016 жылдың қаңтар айында НАТО басшыларының Варшавадағы басқосуларынан кейін отырысқа қатысушылар қорытынды мәлімдемесінде аталмыш ұйымның әскери орналасуын арттырып, Балтық аймағы елдері мен Шығыс Еуропада, атап айтқанда Польшада НАТО-ның төрт батальонын орналастырып, Еуропадағы зымырандарға қарсы жүйелерді әрекет етуге дайындауды қуаттады. Сырт  көзге бұл ұстаным НАТО-ның Ресейге деген көзқарасын көрсетеді. НАТО Ресейге сенім артпайды. Алайда, Ресейге деген сенімсіздік НАТО-ға мүше елдердің географиялық және тарихи жағдайларына байланысты әртүрлі. Шығыс Еуропа елдерінің, әсіресе Польша мен Балтық аймағының үш мемлекетінің Мәскеуге ұстанатын көзқарасы жаман. Екінші мәселе 2015 жылдың қаңтар айында АҚШ-тың жаңа әскери стратегиясын жариялауына байланысты.  АҚШ-тың жаңа ұлттық әскери стратегиясында Украина дағдарысы және Ресей мен Батыстың жан-жақты тұрғыдан бетпе-бет келуіне байланысты бұрынғы уақыттардан көбірек соғыстың басталу қатері қарастырылды. Бұл құжатта Ресейдің сан рет өз көршілерінің егемендігіне құрмет білдірмейтіні және мақсатына жету үшін күш қолдануға дайын екені туралы айтылды. Осы салада АҚШ Шығыс Еуропадағы одақтастарында, соның ішінде Румыния мен Болгарияда тұрақты орналасуды қуаттауда. Алайда бұл мәселені Ресей оңай қабылдамайды. Ресейдің ең маңызды флотының бірі саналатын кемелері 2014 жылдан бері Қырымның Севастополь  портында орналасты. Ресейліктер   Батыстың кемелері мен әскерилерін бұл теңізде Ресейдің Ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққы ретінде орналасуда деп, АҚШ пен НАТО-ға сан рет ескерту жасады. Шын мәнінде, Украина дағдарысы НАТО-ның Қара теңіз, Балтық теңізі және Жерорта теңізіндегі іскени тұрғыдан күшеюіне себеп болды. Осылайша, Ресей стратегтерінің көзқарасы бойынша Батыс блогының қара теңіздегі қауіп-қатерлері артты. Сол себепті Ресейдің жаңа доктринасында Қара теңіздегі  күштерін нығайту қуатталды. Бұл НАТО мен АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарсы тұру саласындағы Ресейдің теңіз дайындығын арттыруын көрсетеді. Сонымен бірге Мәскеу НАТО кемелерінің Қара теңіздегі орналасуын Кавказ аймағындағы құзырын арттыру саласындағы келесі қадам деп санайды.  Ресейліктердің НАТО-ның Қара теңіздегі орналасуына қатаң реакция білдіруін  Мәскеу үшін бұл теңіздің маңыздылығына назар аударып, түсінуге болады. Негізінде, Қара теңіз Ресейдің ықпалындағы және осы елдің өз флотын орналастырған аймақ болды. Ресейдің Қара теңіз флоты оның ең құдыретті теңіз бірліктерінің бірі саналады. Алайда, НАТО Шығыс Еуропадағы әскери жағдайын нығайту жобасы бойынша аталмыш теңізде өз флотын орнату бағытында шынайы әрекеттерін бастады.  Бұл салада Румыния үкіметі НАТО-мен Қара теңізде НАТО флотын орналастыру саласында келіссөздер жүргізуде. 2004 жылы НАТО-ға мүше болып кірген Румыния бұл ұйымның жаңа  мүшесі ретінде АҚШ, Германия, Италия және Түркия теңіз бірліктерінің Қара теңіз флотына кіруін талап етуде. Мұндай флот құрамы тұрғысынан Қара теңізде екі жылдан бері уақытша орналасқан НАТО флотына ұқсас болады. Украина Президенті Петр Порошенко де НАТО флотының Қара теңізде орналуын қолдап, егер мұндай флот құрылатын болса, Украинаның оған қосылатынын мәлімдеді. Қалай болғанда да мұндай флоттың құрылуы Болгария, Түркия мен Румынияның шешімдеріне байланысты. Өйткені, 1936 жылғы Монтре конвенциясы бойынша Қара теңіз жағалауында орналаспайтын мемлекеттердің әскери кемелері Қара теңізде 21 күннен артық орналаса алмайды. Сондай-ақ, шетелдік әскери кемелердің Түркия бұғазынан өтуі де шектеулі. Грузияның «Арсенал» әскери журналының редакторы Ираклий Аладашвили: «Монтре конвенциясы бойынша Қара теңіз аймағынан тысқары орналасқан мемлекеттердің әскери кемелеріне бұл теңізде орналасуға тыйым салынған»,- деді. Бұл мәселеге қарамастан, АҚШ пен НАТО-ға мүше басқа мемлекеттердің Қара теңіздегі орналасуын арттыру әрекеттері мен Одессада әскери теңіз базасын салу шешімі Трамп үкіметінің Ресеймен арадағы қайшылықтарды азайту саласында әрекет етуінің орнына Ресейге қарсы жаңа санкция салатын заңға қол қойып, Шығыс Еуропа, әсіресе Қара теңіз аймағында Ресеймен әскери бетпе-бет келу қатерін арттыруда. Саяси маман Хади Моулавинианың айтуынша, Ресей АҚШ-тың санкцияларына бағынбайтынын және өз шекараларына жақын жерде Батыстың әскери орналасуының артуына байланысты әскери бірліктерін арттырып, әскери жүйелерінің орындарын ауыстырып, қорғаныстық күш-қуатын күшейтіп, қару-жарағын жаңартумен айналысуда.