Йемен халқы – зұлымдық пен басқыншылықтың құрбаны (4)
Йемен халқы бүгінгі күні соғыс, өлім мен босқындықтың ащы дәмін татып қана қоймай, ауруға шалдығу және денсаулық сақтау саласындағы мүмкіндіктерден де кенде қалып отыр. Мазлұм халық адамның бастапқы құқықтарының бірі денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзу мәселесіне тап болды.
Сауд Арабиясы коалициясының Йемен жеріне басқыншылығы жеті мыңға жуық Йемен азаматын рақымсыздықпен өлтіру, он мыңдаған адамның жарақаттануы, жүз мыңдаған адамның босқыншылығы секілді салдардан басқа ешқандай нәтиже бермеді. Осы шабуылдардың салдарынан Йеменнің қызмет көрсету, білім беру, емдеу орталықтары, ауруханалар, дәрі-дәрмек және азық-түлік қоймалары, мектептер мен тұрғын үйлердің 80 пайыздан астамы қиратылды. Ал әуе, құрлық және теңіз қоршауының салдарынан Йемен халқы дағдарысты жағдайды бастан кешіріп отыр. Сауд Арабиясы режимі БҰҰ тарапынан қасақана түрде йемендік балалардың 60 пайызын өлтіргені және әскери емес және муниципалдық мекемелерді бомбалағаны үшін айыпталып отыр. Сауд Арабиясы осы мерзім ішінде Йеменді теңіз және әуеден қоршауға алып, дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерінің бұл елге кіргізілуіне тосқауыл жасады. Арабстанның Йеменге жаппай шабуыл жасап, оны қоршауға алуы бұл елде азық-түлік тапшылығына, миллиондаған адамды, әсіресе балаларды аштыққа ұшыратты.
БҰҰ баяндамасына сәйкес, қазіргі таңда кемінде 462 мың йемендік бала нашар тамақтанудың салдарынан қатты қасірет шегіп жатыр. Бұл көрсеткіш 2014 жылдан бері 200 пайызға артқан. Йеменнің Ходейда, Саада, Таиз және Лахдж облыстарында балалардың нашар тамақтануының ең мүшкіл жағдайы байқалып отыр. Сонымен қатар нашар тамақтануға ұшыраған балалардың ең жоғары көрсеткіші жоғарыда аталған бес облыста шоғырланған. Сапда облысындағы балалардың жағдайы басқа облыстарға қарағанда өте ауыр. Кейбір аймақтарда йемендік он баланың сегізі нашар тамақтану мәселесіне ұшыраған.
Тіпті, Сауд Арабиясы 2015 жылы наурызда Йеменге шабуыл жасамас бұрын Йемен жаппай кедейшілік, азық-түліктің қауіптілігі және нашар санитарлық жағдаймен күресіп жатқан еді. Алайда, Арабстанның бұл елге басқыншылығы басталғаннан бері бұл жағдай одан бетер ушыға түсті. Бүгінде Йемен халқының үштен бірінен аз бөлігінің ғана дәрі-дәрмек пен дәрігерлік қызметке қолжетімділігі бар. Халықтың жартысынан аз бөлігі денсаулық сақтау саласындағы мүмкіндіктерін пайдалана алады. Денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай отыр. БҰҰ-ның Йеменге арналған гуманитарлық көмектердің үйлестірушісі Джимми Мак Голдрик қазіргі өзгерістер мен Сауд Арабиясының Йеменнің мазлұм халқын үсті-үстіне бомбалағанына сілтеме жасап: "Бүгінгі таңда 400 мыңнан астам йемендік бала нашар тамақтану жағдайымен күресіп жатыр. Сонымен қатар Йемен халқының он милионнан астамы шұғыл көмекке мұқтаж",- деп мәлімдеді.
Бірақ, әсіресе балалар өте қиын жағдайды бастан кешіп отыр. БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарының нағыз қызған кезінде ескерту жасап: "Олар соғыстың ең ауыр соққыларына ұшырады",- деді. ЮНИСЕФ екі милионнан астам йемендік баланың нашар тамақтану салдарынан азап тартып жатқаны және олардың шұғыл түрде күтімді қажет ететіні туралы ескерту жасап: "Әрбір он минут сайын бір йемендік бала алдын алуға болатын аурулардың салдарынан жан тапсырып жатыр. Ондай ауруларға нашар тамақтану, іш өту мен тыныс алу мүшелерінің қабынуы жатады",- деп мәлімдеді.
БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының өкілі елдегі азық-түлік жағдайының нашарлап бара жатқанын айтты. БҰҰ-ның Балалар қоры да Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығының екінші жылдығына орай жариялаған баяндамасында йемендік балалардың бастан өткізіп жатқан ауыртпалықтарын баса айтып: "Йемендегі соғысқа екі жыл толуымен қатар, балалар әлі күнге дейін соның ең ауыр құнын төлеп отыр" деді. Осы баяндамаға сәйкес, қазіргі таңда шамамен он миллион йемендік бала гуманитарлық көмекке мұқтаж. Соның ішінде шамамен 2 миллион 200 мың бала нашар тамақтанудан зардап шегуде.
Йеменнің зираттары аты-жөндері белгісіз кішкентай қабірлерге толы. Балалардың өлімі туралы хабарланбайды. Әлем олардың азабы мен зардабын естіп-білмей отыр.
17 миллионнан астам йемендік, яғни отбасылардың 65 пайызы азық-түлік қаупіне тап болып, өздері мен балаларына қажет азық-түлік өнімдерін ала алмайды" деді. Баяндамаға сәйкес, йемендік отбасылардың шамамен 80 пайызы өз балаларын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қарызға батқан. Сонымен қатар, баяндамада 7 миллион 300 мың йемендіктің тірі қалу үшін шұғыл түрде азық-түлік көмегіне мұқтаж екендігі туралы айтылған.
ЮНИСЕФ қорының хабарлауы бойынша, Йемендегі білім беру саласы қатты зорлық-зомбылыққа тап болып, мыңдаған мектеп Арабстанның әуе шабуылдары салдарынан қиратылып, жермен-жексен болған. Сонымен қатар, БҰҰ Балалар қорының Йемендегі өкілі Меритксель Релано: "Соғыс пен экономикалық дағдарыс салдарынан денсаулық сақтау және емдеу жүйесінің болмауынан біз он жылға артқа шегіндік. Йеменнің Денсаулық сақтау жүйесінде он жыл ішінде атқарған еңбегіміздің нәтижелері толығымен жойылды",- деді.
ЮНИСЕФ-тың хабарлауынша, Йеменде шамамен 3 миллион 300 мың адам нашар тамақтану мәселесіне душар болып отыр. Олардың 2 миллион 200 мыңы балалар. БҰҰ Йемендегі өкілі: "Әрбір мың адамның ішіндегі 63 бала бес жасқа жетпей жан тапсырып жатыр. Йеменде нашар тамақтанудан зардап шегіп жатқандардың саны шамамен 17 миллион 100 мыңға жеткен. Йемен халқының жалпы саны 27 миллион 400 мың адамды құрайды.
Әлем елдері йемендік балалардың тартып жатқан азаптарын көріп жатқан жоқ. Бұл соғыстың салдарынан қазіргі кезге дейін 6 миллион 800 мың адам аштыққа ұшыраған. Балалардың психикалық жағдайы өте қорқынышты. Аштық пен нашар тамақтанумен қоса, бүгінге дейін соғыс кезінде 1500-нан астам бала қаза болып, 1600-ден астам адам ықтиярсыз мәжбүрлі жұмыстарға салынды.
Йемендегі соғыс азық-түлік дағдарысы мен мыңдаған йемендік баланың өлімінен басқа еш нәрсе әкелмеді. Йеменге байланысты бізді алаңдатып отырған нашар тамақтану мен балалардың өлімі мәселесі. 2016 жылы шамамен 63 мың йемендік бала нашар тамақтану салдарынан жан тапсырды",- деді. Ол Йемендегі нашар тамақтану деңгейінің үш есе артқанына тоқталып: "Қазіргі кезде Йеменде дүниеге келген әрбір мың баланың алпыс үші жан тапсырып жатыр. Олардың басым бөлігінің жасы беске толмаған. 2014 жылы бұл көрсеткіш елу үш бала деңгейінде болды» деді.
Осы бақытсыздықтармен қатар, ауа температурасының көтерілуі, тырысқақ ауруының таралуымен Йемен халқының денсаулығына қауіп төнді. Халықаралық Қызыл Крест комитеті өткен аптада: "Тырысқақ ауруы Йеменде кем дегенде 115 адамның өмірін қиды. Осы ауруға шалдыққан ауруханалардағы мыңдаған адам өлім қаупіне ұшыраған",- деп мәлімдеді. Халықаралық Қызыл Крест комитетінің директоры Доминик Стилхарт өткен жексенбі күні Йеменнің астанасы Санада өткен баспасөз конференциясында: "Бұл ауру Йеменде жаппай таралды. Мамырдың 13-17 күндері 115 адам осы аурудан жан тапсырды. Біз қазір тырысқақ ауруы таралуының ауыр жағдайына тап болып отырмыз.
Қазір Йеменнің он төрт облысында тырысқақ ауруына шалдықты деген күдікпен 8500-ден астам жағдай туралы хабарланды. Йемен ауруханалары тырысқақ ауруына шалдыққан науқастарға лық толы. Әрбір аурухана төсегіне төрт науқастан келеді. Кейбір науқастар ашық кеңістікте, тіпті автокөліктердің ішінде ем қабылдап жатыр",- деді.
ЮНИСЕФ өкілінің орыбасары Шерин Варки Санадағы әс-Сабаин ауруханасы дәліздерінің де науқастарға лық толы екенін айтты. Варки Йеменде тырысқақ ауруы кең етек жайғандықтан, науқастардың халінің өте нашар екенін айтты. Ол лайықты медициналық қызметтен мақұрым қалған Йемен азаматтарының, әсіресе балалардың өмірін құтқару үшін шұғыл түрде көмек көрсетуді сұрады.
Әс-Сабаин ауруханасының басшысы Хосейн әл-Хаддад: "Жағдай өте нашар. Тырысқақ ауруына шалдыққан балалардың саны өте көп. Бізде олар үшін қажет төсек орын жеткіліксіз. Бұл жағдаймен күресу үшін ауруханада медициналық қызметкерлеріміздің саны де кем",- деді.
БҰҰ-ның мәлімдеуі бойынша, Йеменде тек бірнеше медициналық емдеу орталығы ғана жұмыс істеп тұр. Йемен халқының үштен екі бөлігінің ауыз суға қолжетімділігі жоқ. Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы да Йемендегі қазіргі жағдайды әлемдегі адами төтенше жағдайдың ең нашар жайттарының қатарына жатқызды. Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуіне сәйкес, Йеменнің 7 миллион 600 мың азаматы тырысқақ ауруы таралған аймақтарда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандар санының 1300-ден асқаны туралы хабарланды. Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Абдулрахим әл-Каһланидің айтуынша, бұл көрсеткіштің үштен екісі Йеменнің астанасы Сана қаласында тіркелген.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, Йеменді экономикалық қоршауға алудың ең соңғы салдарының бірі бұл елдегі тырысқақ ауруының таралуы саналады.
Йемен халқы бүгінгі күні соғыс, өлім мен босқындықтың ащы дәмін татып қана қоймай, ауруға шалдығу және денсаулық сақтау саласындағы мүмкіндіктерден де кенде қалып отыр. Мазлұм халық адамның бастапқы құқықтарының бірі денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзу мәселесіне тап болды.