Адам контрабандасындағы Иранның рөлі туралы АҚШ-тың уәждері
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i30366-Адам_контрабандасындағы_Иранның_рөлі_туралы_АҚШ_тың_уәждері
АҚШ Мемлекеттік департаменті есеп жариялап: "ИИР адам контрабандасын жою үшін ең төмен стандарттарды да сақтамайды",- деген уәж айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 30, 2017 10:36 Asia/Almaty

АҚШ Мемлекеттік департаменті есеп жариялап: "ИИР адам контрабандасын жою үшін ең төмен стандарттарды да сақтамайды",- деген уәж айтты.

Бұл бағдарлама аясында адам контрабандасының жағдайы мен АҚШ-тың адам контрабандасы жайлы айтпаған шындықтарын қарастырып, жариялаған есебін сараптаймыз.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы есебінде барлық мемлекеттерді үш топқа бөлген: бірінші топқа АҚШ-тың пікірінше адам контрабандасын жойған елдер жатады. АҚШ-тың көзқарасы бойынша АҚШ-тың өзі сол елдердің қатарына кіреді. Екінші топқа ең төменгі стандарттарды сақтамаған, бірақ бұл бағытта айтарлықтай талпыныс жасаған мемлекеттер кіреді. Үшінші топ ең төмен стандарттарды сақтамауымен қатар, осы салада ешбір талпыныс жасамаған мемлекеттерді қамтиды. Бірақ, АҚШ Мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы есебіндегі ең жаман топқа адам контрабандасы үшін негіз тудырған елдер жатады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің биылғы есебінің бір бөлігінде осы мәселеге байланысты: "Иран адам контрабандасының алдын алу үшін жеткілікті түрде талпыныс жасамаған; контрабандамен күресу саясаттары мен әрекеттердің айқындығын арттырмаған және адам контрабандасымен күресу үшін мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестік жасауға айтарлықтай күш салмаған",- деп айтылған.

Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Амин Асади: "АҚШ әрдайым адам құқығы жайлы уәж айтып, әсіресе, Азияның батыс аймағында сионистік режим, Сауд әулеті режимі секілді қылмыскерлер мен басқа да лаңкестерді қорғап келеді. АҚШ тек өзін ғана осы аймақтағы адам құқығын қорғаушы етіп көрсеткісі келеді. АҚШ сырттай лаңкестермен соғысып жатыр. Алайда, шын мәнінде, дәл сол лаңкестерді АҚШ өзі тәрбиелеген. Осы жерде "Пышақ өз сабын кеспейді" деген мақал орынды. АҚШ-тағы америкалық адам құқығы мәселесі әлемдегі басқа елдерге қарағанда ең көп тұтқындалғандардың санымен көрініс тапқан. Америкадағы үндістерді өлтіру, геноцид, нәсіл мен тері түсінің айырмашылығы, жастар арасында зорлық-зомбылықты тарату, жыныстық зорлық, балаларды азаптау сияқты адам құқығын бұзу жайттары АҚШ-тың өзінде көрініс тапқан",- деді.

Адам контрабандасы немесе басқаша айтқанда, адам саудасы қазіргі таңдағы өте қасіретті, бірақ кең етек жайып келе жатқан құбылыс саналады. БҰҰ адамдарды заңсыз және жасырын түрде ұлттық және халықаралық шекаралардан өткізуді адам контрабандасы деп атайды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебі АҚШ-тағы ресми ғылыми-зерттеу орталықтарының: "Жыл сайын кәмелеттік жасқа толмаған 100 мыңнан астам қыз бала жыныстық құлдыққа сатылып жатыр. Тіпті, АҚШ астанасы Вашингтонның өзінде 13-ке толмаған жасөспірім қыздар да жыныстық құлдыққа сатылып жатыр",-деп айтқан жағдайда жарияланды.

Жыл сайын даму үстіндегі мемлекеттерден жартысы балалар болып табылатын 2,5 миллион жан адам саудасының құрбаны болады.

Бұл көрсеткіштің 100 мыңнан астамы Эль-Сальвадор Республикасы, Мексика, Қытай және Вьетнам елдерінен АҚШ-қа жөнелтіледі. Адам контрабандасын көбінесе жыныстық құлдыққа сату мақсатында пайдаланады. Бірақ, АҚШ-та бұл адамдар ақысы төленбейтін, демалыссыз және жұмыс сағаты өте көп ауыр жұмыстарға салынады.

Еуропа одағының ішкі саясат жөніндегі комиссары Сисилия Малемштрум германиялық Die Welt газетіне берген сұхбатында Еуропадағы осы құбылысқа сілтеме жасап: "Бұған сену өте қиын. Алайда Еуропа одағы елдерінде тауар секілді саудаланып жатқан он мыңдаған адам өмір сүріп жатыр. Адам саудасы біздің қоғамда  бар және біз ойлағаннан да жақын екендігі ащы шындық",- деді.

БҰҰ тарапынан жарияланған статистикалық мәліметтер де әлемде жыл сайын орын алып жатқан адам саудасы шамамен бір жарым миллион жағдайда соңғы мақсат АҚШ пен Еуропа екені туралы мәселені растап отыр. Бұл лас сауданың миллиардтаған долларлық табысының шамамен 50 пайызы америкалықтарға тиесілі.

Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Ато Баһрами осы мәселе туралы былай деді: "Іс жүзінде адам құқығы мәселесі қарастырылмайтынын көрсететін қайшы саналатын көптеген жайтты табуға болады. Вьетнам халқына қарсы биологиялық және жаппай қырып-жою қаруларын пайдалану он жылдан аз уақыт аралығында 1 млн 400 мың вьетнамдықтың көз жұмып, одан төрт есе көп адамның зардап шегіп, сал ауруына шалдығып,  адамдардың өмірлерінің соңына дейін түрлі аурулармен күресуіне соқтырды. Үшінші әлемнің ұрланған халқы мен сарбаздарын зертханаларда тәжірибе жүргізілетін тышқан ретінде пайдаланып, оларға түрлі дәрі-дәрмектерді сынау арқылы өз елінің халқына қызмет көрсетеді. Балалар контрабандасы мен дене мүшелерінің заңсыз саудасын жүйелі түрде Батыс елдерінің қызметтері тарапынан іске асыруы, сондай-ақ ұйымдастырылған есірткі затының контрабандасы АҚШ Орталық барлау басқармасы мен басқа да Батыс елдері ұйымдары тарапынан жүзеге асырылуы америкалық адам құқықтарының көрініс табуы саналады".

Адам саудасымен күресуге міндетті Адам контрабандасын зерттеу ұлттық орталығының  (NHTRC) зерттеулері де дәл осы мәселені растап отыр.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Адам контрабандасы" туралы баяндамасында Иранға қарсы айтылған айыптардың болмысына қатысты: "Әлемдік қауымдастық әлемдегі адам контрабандасы құбылысының пайда болып, оның күшеюіне себеп болған адам баласына қарсы саясаттарды атқарушылар мен себеп болғандарды анықтап, олармен лайықты түрде күрестің жүргізілуін күтеді. Бұл салада АҚШ үкіметінің жауапкершілігі түсінікті жағдай. Вашингтон бұл маңызды мәселеде өз айыбын басқаға таңбауы керек,  жауапкершілігінен бас тартпауы тиіс".

Адам контрабандасы біржақты, араласушылық, басқыншылық саясаттар мен әлсірету мақсатындағы соғыстар, нәсілдік тазалау мен лаңкестіктен бастау алады. АҚШ пен оның одақтастары бұлардың көпшілігіне араласады.

АҚШ-тың өз айыбын басқаға таңу әрекеттеріне қарамастан, ИИР көп жылдардан бері адам контрабандасымен күресу үшін заңдар қабылдаған елдердің қатарына жатады. ИИР-дың Конститутциясы қылмыстың алдын алу 156-бабында тікелей және 8-бабында жанама түрде қарастырылған. Бұл тақырып қылмыстарды қадағалаудың маңызды құралдарының бірі ретіндегі қылмыстың алдын алудың маңызы мен негізгі рөліның нышаны саналады. Басқа жағынан, 2004 жылы адам контрабандасымен күресу туралы заң қабылдау арқылы адамзат баласына қарсы бұл құбылыспен күресу және бұл салада әлемдік қауымдастықпен бағыттас болу үшін маңызды әрекетті бастады. Еуропалық тәуелсіз ұйымдар мен БҰҰ Иранға оның әсіресе Ауғанстан азаматтарына қолдау көрсеткені үшін бірнеше рет алғыс білдірген болатын.

БҰҰ Ирандағы босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссарының өкілі Сиванка Данапала маусымның жиырмасы күні Машхад қаласындағы шетел азаматтарының лагерінде өткен Халықаралық босқын күніне арналған конференцияда: "ИИР діни тағылымдарды көрсететін өзінің бейбітшілік және қайырымдылық рухымен әрдайым халықаралық келісімдер шеңберінен тыс босқындарға қызмет көрсетіп отырған",- деді.

Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша сарапшы Али Реза Давуди: "Америкалық адам құқығы үш маңызды құрылымнан тұрады: бірінші құрылым – гуманистік құрылым: екінші құрылым – либералистік; үшіншісі –зайырлы адам құқығы. Америкалықтардың пікірінше, Blackwater компаниясының қылмысы, АҚШ-тың барлық соғыстарда жасаған қылмыстары, Иранға, Иранның құлатылған Airbus ұшағына қатысты, "Мұнафеқин" тобына көрсеткен қолдауы, Ирак пен Ауғанстан және аймақта адамдарды өлтіруі – бұлардың барлығы америкалықтардың айтып отырған соның құрамдас бөліктері саналды. Бұл үш құрылым құрылуы тиіс болғандықтан, мұның себебі бар. Бұл адам құқығының көрсеткіші саналады. Бірақ, ИИР Сирияның мазлұм халқын АҚШ құрған ДАИШ тобынан қорғайтын болса, бұл адам құқығын бұзу болып есептелінеді. Ал адамның қадір-қасиетіне қатысты адамзат баласының жоғары ұғымдарының барлығына кері нәрселер америкалық адам құқығы саналады",- дейді.

Бұл Courtney Court компаниясының негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Тина Франэттың: "АҚШ-тағы адамдардың басым бөлігі адам контрабандасына қатысты көптеген заңдар бар деген сенімде. Алайда бұл ақиқат емес",- деп айтқан жағдайда орын алып отыр.

Өзі адам контрабандасының құрбаны саналатын Франэт былай дейді: "Америкадағы сауданың бұл түрі жаңалық емес, оның елу жылдық тарихы бар".

Бұлар АҚШ-тың тіпті жалған баяндамалары арқылы да жасыра алмайтын шындықтардың бір бөлігі саналады. Бар армандары АҚШ болып табылатын мигранттардың басым бөлігі егер теңіздерде батпай немесе таулар мен шөлдердің суығы мен аптап ыстығынан жандарын аман алып қалса, соңында адам контрабашыларына тап болып, қалған өмірлерін өздерінің зая кеткен армандарын ойлаумен өткізеді.

АҚШ-тың мұндай тарихымен басқа елдердің адам контрабандасынан жалтаруы туралы ескерту жасап, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон Иранды ластанған адам саудасы мен адам бостандықтарының шабуылдарына қатысы бар деп айыптап отыр.