Қажылық кезіндегі адам бойындағы өзгерістер 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i30372-Қажылық_кезіндегі_адам_бойындағы_өзгерістер_1
Қажылық – Ислам діні негіздерінің бірі. Құран аяттары бойынша қаржылай және физикалық мүмкіндігі бар, басқа кедергілері жоқ әрбір әйел мен ер адам үшін өмірінде бір рет қажылыққа барып, оның ғамалдарын орындау уәжіп саналады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 30, 2017 15:04 Asia/Almaty
  • Қажылық кезіндегі адам бойындағы өзгерістер 1

Қажылық – Ислам діні негіздерінің бірі. Құран аяттары бойынша қаржылай және физикалық мүмкіндігі бар, басқа кедергілері жоқ әрбір әйел мен ер адам үшін өмірінде бір рет қажылыққа барып, оның ғамалдарын орындау уәжіп саналады.

لَبَّیْکَ ألَّلهُمَّ لَبَّیْک! لَبَّیْکَ لاشَریْکَ لَکَ لَبَّیْک!  إِنَّ الحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَکَ وَالمُلْکَ لاشَریکَ لَکَ لَبَّیْک!

Бұл бүгінде Меккеде естілетін тауһид ұраны; Жаратушының шақыруымен алыс жолдан Алланың үйіне зиярат ету үшін жиналған адамдардың қажеттіліктері мен махаббаттарының дауысы. Қажылық – құлшылық пен ықыласқа жету жолындағы зиярат, білім алу  мен ғамал жасайтын кезең.

Құран Кәрім сүрелерінің бірі  «Хадж» сүресі деп аталады. Бұл сүренің басында ақырзаманның зілзаласы мен қиямет күнінің келуі, содан соң қажылық туралы айтылған. Аталмыш сүренің аяттарына шолу жасап, Алла Тағаланың бір-бірінен ажыратпаған Махшар алаңы мен қажылықтың ұқсастығын байқауға болады. Қажылықтың іргетасын қалаушы Алла Тағала сайлап, тауһидтің белгісі деп санаған хазірет Ибраһим пайғамбар болды.

«Хадж» сүресінің бір топ аяты бұл маңызды ғибадаттың дүние мен оның байлығынан алыстап, тыйым салынған істерден тартыну арқылы нәпсіні тазарту, ақыреттің белгілері бар қоғамда өмір сүріп, алғашқы зияратшы хазірет Ибраһим болған шараларды орындау арқылы тауһидтің шынайы мағынасын түсіну екенін баяндайды. Аталған ағымға қатысуды Ұлы Алла қажылық деп атады.

Алла бұл маңызды ғибадатты орындау туралы: «Адамдарды қажылыққа шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді. Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін... («Хадж» сүресі, 27-28 аяттар). Сондай-ақ келесі аятта: «Оның жолына шамасы келген кісілер Алла үшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек»,- деді. («Әл-Имран» сүресі, 97-ші аят).

Қажылық – Ислам діні негіздерінің бірі.  Құран аяттары бойынша қаржылай және физикалық мүмкіндіктерге ие, басқа кедергілері жоқ әрбір әйел мен ер адам үшін өмірінде бір рет  қажылыққа барып, оның ғамалдарын орындау уәжіп саналғандықтан, оның маңыздылығы орындалатын мекенің қасиетті болуымен байланыстырылады. Алла Тағала Қағба мен әл-Харам мешітін халықтың Жаратушысына құлшылығын білдіретін бірінші үй ретінде таныстырады. Сонымен бірге оны әлемдіктер үшін берекеге толы әрі дұрыс жолға нұсқаушы санайды. Бұл мекеннен хазірет Ибраһимның белгілері анық көрінеді. Алланың үйіне кірген әр адам өзін қауіпсіз сезінеді. Мұсылмандар қажылық шараларына қатысып, шеркпен күресетін тауһид орталығын нығайта алады.

Қажылық Мекке деп аталатын мекенде  және белгілі бір уақытта өтеді. Адамдар әлемнің жер-жерінен өздерін қажылықтың үлкен мұхитына жеткізіп, жандары мен рухтарын сол мұхитта тазалап, өздерін өзгертеді. Мүмкін, адам қажылыққа тек бір-ақ рет қатысар.  Сондықтан, бұл жақсы мүмкіндік. Бірақ, дәл осы қысқа мерзімді адам пайдаланып, өз болмысына үлкен өзгеріс енгізе алады. Қажылықтың арнайы рәсімдері бар. Олар қажыны Алланың үйі мен оның ұзақ әрі көне тарихымен, уаһи түскен мекен және пайғамбар мен имамдардан қалған мұралармен таныстырады. Мекке мен Мединедегі Ислам тарихының белгілері мен оның ащы да жағымжы оқиғалары адамды кең ауқымды мәлңметтермен таныстырады. Басқаша айтқанда, қажылық кезінде Ислам тарихына шолу жасалынады. Қажылардың Хира аңғарынан бастап, Арапа мен Мина және Мединаның әртүрлі мешіттері сынды әртүрлі мекендерді зиярат етуі оларды ахкам мен діни мәліметтерден хабардар етеді. Алыс-жақыннан жиналған әртүрлі халық пәк имамдардың (ғ.с.) хабарлары және сөздерімен танысады. Мәдениеті мен тілі әртүрлі елдердің   азаматтарымен танысып, сұхбаттасу қажылықты үлкен Конгреске айналдырып, мұсылмандардың исламдық қоғамның мүмкіндіктерінен пайдалануына себеп болады. Қажылық адамның тауһид пен Жаратушыға табынып, өзгеруінде таңғалдырарлық рөл атқарып,  адамға рухани және психикалық тыныштық сыйлайды.

Қорыта айтқанда, қажылық тек жеке адамның ғибадаты емес. Қажылықтың әртүрлі, соның ішінде саяси, қоғамдық, экономикалық және мәдени тұрғылар бойынша маңызды ғамалдары да бар. Қажылық адамды өзінен Аллаға қарай бұрып, кемелдікке жетуге ойландырғаны сынды адамдардың арасында біркелкі көркем көріністерді қалыптастырады. Бұл ұжымдық ғибадат адамдардың ұлты мен тілі және дінінің түрлі болуына қарамастан, Жаратушының алдында барлығының бірдей, бірақ артықшылық өлшемінің тек тақуалықтарына байланысты екендігін көрсетеді. Алайда тақуа болу үшін құлшылық етуді үйреніп, алыс көкжиектерге жетуге дайындалу қажет. Қажылық – адамдардың құлшылығы мен әлемнің Жаратушысына құлшылық етуінің тамаша көрінісі. Адам жүрекке қонымды сол сәттерде мүнәжәттің ләззатын сезіп,  илаһи рақымдылық пен берекеге бөленеді. Жаратылыстардың Жаратушысына жақындауы адамдарды үстем  әрі зорлық-зомбылық көрсетуші құдыреттерден алыстатып, жеке адам мен қоғамды ғиззат, күш-қуат және тыныштыққа бөлейді. Қажылық пен оның рәсімдері нәпсіге қарсы жиһад, тазару және тақуалық пен иманға ие болуды көздейді. Бұл рухани сапарға шыққан қажылар әрқашан Алланы ұмытпай, Оны  бақылаушы әрі барлық істерінен хабардар деп білгені жөн. Адамдар Қағба мен әл-Харам мешітін бетке алғандарымен негізінде зиярат етіп, Аллаға жақындауды мақсат етеді. Исламның пәк имамдары да Алланың үйіне зиярат етіп, өз дұғаларында әсіресе Рамазан айының дұғаларында: «Уа, Алла! Дәл осы жылы қажылықты орындап, әл-Харам мешітін зиярат етуге мүмкіндік бере гөр және жыл сайын ырзығымнан айырма»,- дейтін.

 Қажылық салыстырмалы қиын ңамалдарымен  ықылас пен иман үшін үлкен сынақ саналады.  Имам Әли (ғ.с.): «Сұбхан Алланың хазірет Адам заманындағы бірінші адамдардан бастап, бұл әлемдегі соңғы адамға дейінгі барлық адамдарды сынақтан өткізгені туралы шындықты көрмейсің бе? Сондықтан, үйіңді жартасты, өсімдігі аз жерге және таулардың арасындағы енсіз аңғарға, бұлақтары сарқылған, түйе, сиыр мен қой бағуға жарамайтын абадталмаған жерге сал. Егер Алла Тағала қалағанда Қағба мен өзінің ең үлкен ғибадат мекенін бау-бақтың ішіне, бұлақтардың, жеміске толы  ағаштар мен алтын масаққа толы бидай егістіктерінің қасына салатын еді. Бірақ, ондай болғанда қажылардың сынақтан алатын сауаптары да азаятын еді. Егер Қағбаның  қабырғалары асыл тастардан жасалғанда, жүректерде күдік-күмән азайып, Ібілістің әрекеттері шектелген болар еді. Бірақ, Алла Тағала пенделерін сынайды. Сөйтіп олардың жүректеріндегі тәкаппарлықтың құралын жойып, қарапайымдылық қалыптастырып, Оның рақымдылығына қарай есіктерді ашып, кешірім сұрауды жеңілдетеді»,- деген болатын. («Наһдж ул-Балағе», 192-ші құтпа). Нақтырақ айтқанда, қажылық – адамның өзінен хиджрат етіп, болмысқа оралу. Шынайы қажылық – Алланың алдында құлшылық ету. Қағба – қасиетті мекен. Көптеген адамдар Мина мен Сафада   жандары мен жүректеріне тыныштық сұрап, Махшарда Алланы пәктейді. Бұл сапарда  адамдардың көбі тәуелділіктен босап, көкке ұшуға дайындалады.