Қажылық кезіндегі адам бойындағы өзгерістер 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i30389-Қажылық_кезіндегі_адам_бойындағы_өзгерістер_2
Қажылықтың арнайы рәсімдері бар. Қажылық ниетпен басталады. Мақсат пен ниет әр амалдың факторы ретінде баяндалды. Адамның амалы ниетімен бағаланады. Қиямет күні таза ниетпен орындалған амал үшін ғана сауап жазылады.
(last modified 2026-01-10T12:01:37+00:00 )
Там 31, 2017 15:26 Asia/Almaty
  • Қажылық кезіндегі адам бойындағы өзгерістер 2

Қажылықтың арнайы рәсімдері бар. Қажылық ниетпен басталады. Мақсат пен ниет әр амалдың факторы ретінде баяндалды. Адамның амалы ниетімен бағаланады. Қиямет күні таза ниетпен орындалған амал үшін ғана сауап жазылады.

Зихадже айының 8 жұлдызы келді. Бұл – қажылық рәсімдерін орындайтын кезең. Жүректер ерекше соғып, дауыстар кеңістікте жаңғырып, маңызды сәт жақындады. Шақырулар қабыл болып, Алла Тағала қажыларды қасиетті кесенесіне шақырды. Әр адам асығып, өзін сол сапарға дайындады.

Қажылар аймақтық айырмашылығы, түрлері мен түстері, таптық жағдайы мен қайшылықтарына қарамастан, көздері мен жүректерін бір мекенге бұрып отыр. Олар отбасылары мен отандарын, байлықтары мен дәрежелерін, барлық мүліктерін тастап, жергілікті рәсімдер мен салттардан алыстап, үстеріне бірдей киім жауып жиналды.

Қажылықтың арнайы рәсімдері бар. Қажылық ниетпен басталады. Мақсат пен ниет әр амалдың факторы ретінде баяндалды. Адамның амалы ниетімен бағаланады. Қиямет күні таза ниетпен орындалған амал үшін ғана сауап жазылады.

Қажылық рәсімдері тәуәптен басталып, тәуәппен аяқталады. Адамның бүкіл болмыстары Аллаға қарай бұрылған кезде қажылар үстеріне таза әрі бір түсті ихрам жамылып, тауһидтің белгісі саналатын Қағбаның алдында тұрады. Мұсылмандар тәулік бойы бес рет Құдайға  қолдарын жаяды. Көз, жүрек және бүкіл болмысымыз Алланы еске алуға шоғырланады. Құран Кәрімнің «Анғам» сүресінің 162-шы аятында: «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де»,- деп айтылған.

Ихрамның хикметтерінің бірі жаратылған әлемнің барлық құбылыстарымен бейбіт қатар өмір сүруді үйрету болып табылады. Құран аяттары ихрам жамылған адамды дұшпандық, кек, қызғаныш және басқа да ахлақтық кемшіліктерден алыстатады. Тіпті, тілге пайдасыз сөйлеуге рұқсат етпей, жүрек пен жанды басқаларға дұшпандық білдіруден алыстатып, жаратылған барлық құбылыстарға шүкіршілік білдіріп, бейбіт өмір сүруді қалыптастырып, ешбір  жан-жануар мен ешбір өсімдікке шабуыл жасауға рұқсат бермейді. Сондай-ақ, әлемдегі жаратылған барлық құбылыстарға қолдау көрсетуге шақырады. «Мәида» сүресінің 95-ші аятының үзіндісінде: «Әй, мүміндер! Сендер ихрамда аң өлтірмеңдер...»,- деп айтылған.

Ихрам жамылған қажылар

Ихрам жамылғаннан кейін қажылар Қағбаны тәуәп етуге кіріседі. Олар ғашық мекенді жақыннан көріп, ғашық түрде шамның айналасына жиналған көбелектер сынды оны айналады. Тәуәп кезінде қажылардың жүрегі қорқыныш пен қайғыға толады. «Жұма» сүресінің «Көктердегі және жердегі нәрселер; үкім иесі, өте пәк, тым үстем, хикмет иесі Алланы дәріптейді» деп айтылған бірінші сүресінің тәпсірі бойынша, адам өзінің рухани білімі орбитасынан Құдайдың білім орбитасына ауысу керек. Яғни, өзін танымаған адам Алланы танымайды. Марқұм Фейз Кашани: «Тәуәп кезінде қажылар ғаршыға жақын періштелер сынды екендіктерін білгені жөн. Тәуәптың мақсаты – Қағбаны айналу ғана емес, оның мақсаты зікір айтып, Қағбаның иесін еске алу. Тәуәп Хажар ал-Асвадтың қарсысынан басталады.  

Қажылар тәуәптен кейін Сафа мен Маруаның арасында асықпай жеті рет жүріп өтіп, сағиды орындайды. Бұл әрекет Алланың үйінің қасында оны пана тұтып, кешірім сұрау саналады. Сафа мен Маруаның арасында сағи жасау сабақ болатын тарихи оқиғалардың бірін еске салады. Хазірет Ибраһимнің әйелі Хаджар  перзенті Исмаил үшін су іздеп, Сафа тауынан Маруға барып, қайтып оралып, Исмаилдің аяғының астынан мөлдір бұлақты көріп, өзі мен перзенті үшін пайдаланды. Бұл су бұл жерді абадтандырудың қайнары, сонымен бірге жақсылық пен берекенің бастауы болды. «Сағи» ойланатын әр адамға талпыныстың нәтижесінде  аяғының астынан сарқыраған бұлақтың пайда болғанын түсіндіреді. Егер адам мақсатына жету үшін талпынып, тұрақты қадам басса, табысқа жетеді.

 

Сафа мен Маруаның арасындағы сағи

 

Арафатта уақфа жасау – қажылықтың келесі рәсімі. Демалуға қажет жеткілікті құралы жоқ далада әртүрлі елдердің халықтары мен әртүрлі таптар Арапа күнінің түсінен күн батқанша  уақфаны орындап, өз Құдайымен сырласып, бірдей жағдайда өздерінің талаптарын баяндайды. Арафат даласы қиямет күні сынды. Қажылар ихрамның ақ киімімен намаздарын орындап, Алланы мадақтап, қарапайым түрде, шынайы өзгеріп, Аллаға жақындап, кесенеге қарай бет алады. Арапа күнінінің кешінен қажылар Машғарда жиналып, сол жерде ұйқтап, содан соң Құрбан айт күнінің амалдарын орындау үшін Минаға аттанады. Құрбан айт күні Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) тас лақтыру рәсімін орындаған соң құрбандық шалады. Қажылар Машғарда илаһи рақымдылық дарбазасына кіріп, рақым самалына бөленеді. Алланың алдында кесенеге кіруге рұқсат алады. Содан соң Минаға барып, тас лақтыру рәсімін іске асырады.

Машғар әл Харамдағы қажылар

Шайтанға тас лақтыру – күнә мен бақытсыздыққа жиіркеніш білдіру. Қажылар  шайтанның көрінісі саналатын тіректерге ұсақ тастарды лақтырып,  шайтанның адастыратын қастықтары және зиян келтіретін әрекеттерімен күресуге жігерлерін білдіреді. Қажылар діни бауырларымен басқосуды пайдаланып, бірлігі мен ынтымақтастықтарын көрсетіп, шайтанға ұсақ тастар лақтырады. Қажылардың қарулары өте ұсақ болғанымен, олар дұшпанды жеңеді. Бұл мұсылмандардың ынтымақтастықтарының аясында  күшті дұшпанды жеңіп, алпауыт құдыреттердің дұшпандығын жеңе алатындықтарын көрсететін сабақ болады.

Шайтанға тас лақтыру

Зиқадже айының 9 күні қажылар Құрбан айт амалдарын орындау мақсатында Минаға  барып, құрбандық шалып, шүкіршілік айтып, құлшылықтың тойын тойлайды. Қажылық сапарына бірінші рет шыққан адам шашын алады. Құрбан айт күні әйел ер үшін, ер адам әйел үшін харам болғанымен, басқаның барлығы халал болады. Сөйтіп, егер қажылар қажылықтың символикалық амалдарын оның шынайы негізіне назар аударып орындаса шын мәнінде өзін өзгерте алғаны. Қажылардың рухани кеңістігі ішкі сұлулық, ықылас пен иманның әдемі көріністерін паш етеді. Исламның ұлық пайғамбары: «Қажылық рәсімін орындап, күнә  жасамай, Меккеден шыққан адам анасынан дүниеге келгендей пәк болады»,- деген.