Иран және халықаралық конвенциялар: нәсілшілдік пен бүгінгі әлемнің шындықтары 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i30599-Иран_және_халықаралық_конвенциялар_нәсілшілдік_пен_бүгінгі_әлемнің_шындықтары_1
Нәсілшілдік – әртүрлі тарихи кезеңдерде адамдардың құқықтарын бұзып, бір топтың басқа топтан өзін артық санап, үстемдік етуі; әртүрлі қоғамдардағы қайшылықтар мен тынышсыздықтарға, соғысқа себеп болған құбылыс.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 10, 2017 02:05 Asia/Almaty
  • Иран және халықаралық конвенциялар: нәсілшілдік пен бүгінгі әлемнің шындықтары 1

Нәсілшілдік – әртүрлі тарихи кезеңдерде адамдардың құқықтарын бұзып, бір топтың басқа топтан өзін артық санап, үстемдік етуі; әртүрлі қоғамдардағы қайшылықтар мен тынышсыздықтарға, соғысқа себеп болған құбылыс.

1948 жылы БҰҰ-ның алғашқы декларациясы «Адам құқығы туралы жалпы Декларация» ретінде бекітілгеннен бері бүкіл адамдардың азаттығы мен теңдігіне, кемсітушіліктің орын алмауына назар аударылатын болды. Кейінгі жылдары әртүрлі тақырыптарға қатысты БҰҰ-да бекітілген Декларацияның басқа құжаттарында кемсітушіліктің барлық түріне сан рет көңіл бөлінді. Мұндай құжаттар ретінде 1965 жылғы «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою конвенциясы» мен 1973 жылғы «Апартеид қылмыстарына тыйым салып, оларды жазалайтын конвенцияны» атауға болады. Бұл екі құжатта да кемсітушілік тақырыбы арнайы  талқыланды. «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою» туралы халықаралық  конвенция – нәсілдердің теңдігін баяндайтын ең толық құжат. Аталмыш конвенцияның 2-ші бабында мүше мемлекеттер нәсілдік кемсітушілікті айыптап, кідіртпестен барлық мүмкін тәсілдермен нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою саясатын жүргізуге, барлық нәсілдер арасында өзара түсіністікті қолдауға, тұлғалар немесе ұйымдар жүргізіп отырған нәсілдік кемсітушілікті ынталандырмауға, қорғамауға және қолдамауға міндеттелетіні  туралы айтылған. Осы конвенцияларға сәйкес, оларға қосылған мемлекеттер нәсілдік кемсітушілікке жол бермеуімен қатар оны тоқтатып,  әртүрлі шара қолданып, соның ішінде заң бекітіп, кез келген адам мен кез келген топқа нәсілдік кемсітушілік жасауға тыйым салуға міндетті. Бұл конвенцияның 3-4-ші баптары оған мүше үкіметтерді белгілі бір нәсіл, терісінің түсі немесе этникалық шығу тегі бойынша белгілі бір топтардың артықшылығы туралы идеялар мен теорияларға негізделген немесе нәсілдік өшпенділік пен кемсітушіліктің қандай түрін болсын көтермелейтін немесе ақтауға тырысып насихат жүргізетін барлық ұйымдарға тыйым салуға міндеттейді. Өкінішке орай, мұндай заңдар мен міндеттемелерге қарамастан қолда бар деректер  осы кезге дейін кейбір адамдар мен топтардың, ұйымдардың, кейбір уақыттарда үкіметтердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін кейбір адамдар мен топтарға ұлты, түсі, діні немесе ұлттық шыққан тегіне қатысты әртүрлі кемсітушіліктер  іске асырылады. Осы кезге дейін адамдардың көбі бұл сұм құбылыстың салдарларынан қиындықтарға душар болды. Осы күнге дейін тіпті өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде нәсілдік пікірлердің жасырын және әшкере түрде дамуын байқауға болады. Бұл ой-пікір қара нәсілділер мен жергілікті емес топтарды кемсітіп, оларды әлеуметтік мүмкіндіктерінен мақұрым етуге себеп болып отыр. Мұндай ой-пікірлердің үлгісі соңғы жылдары Батыс мемлекеттерінен байқалды. Бүгінгі күні нәсілшілдік құбылысының жаңа толқыны Еуропаның солтүстік мемлекеттерінде, соның ішінде Норвегиядан «жасыл материктің» Грекия сынды оңтүстік мемлекеттеріне дейін байқалуда. Тіпті, өзін азаттық пен демократияның бесігі деп санайтын Францияда соңғы 20 жылда нәсілдік кемсітушілік тақырыбы шынайы түрде көтерілді. Әрқашан  адам құқығы туралы уәж айтатын  АҚШ-тан да нәсілдік құбылысты көруге болады. Кейбір мамандардың пікіріне сәйкес, нәсілшілдік қырсық, қыңыр аз санды топтардың уәждері ғана  емес, керісінше кейбір қоғамдарда тамырланған құбылыс. Яғни, нәсілшілдік қоғамның бүкіл құрылымдарын жүйелі түрде шырмаған. Осы көзқарас бойынша мәселен, полиция, медицина және білім беру жүйелері кейбір топтардың мүддесін қорғайтын саясат ұстанып, басқа топтарға кемсітушілік білдіреді. «Басқаны» қабылдамау тек қарапайым қоғам деңгейінде ғана емес, кейде Батыс мемлекеттерінің жоғары саяси топтарынан да байқалады. АҚШ Президенті Дональд Трамптың Вирджиния штатындағы Шарлоттсвилдегі жуырдағы нәсілшілдік зорлық-зомбылықтарға қатысты  ұстанымы – осындай пікірлердің анық үлгісі. Алайда, АҚШ үкіметінің мұндай ұстаным көрсетуі бірінші және соңғы рет емес. Жарияланған хабарлар азаттық пен адам құқығының сақталуы туралы уәж айтатын  Америкада ақ нәсілділерден басқа нәсілдер мен  аз санды діни топтардың, әсіресе мұсылмандардың нәсілшілдік пен оның салдарларымен бетпе-бет келетінін көрсетеді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз сөзінің бірінде бұл мәселеге тоқталып: «Осы кезге дейін азаттық пен адам құқығы туралы уәж айтатын мемлекетте нәсілшілдік мәселесі шешілген жоқ. Осы күнге дейін бұл қоғамда өмір сүретін қара нәсілділердің құқықтары қамтамасыз етілген жоқ.  Егер қажет болса, қара нәсілді болғаны үшін ғана полиция оны өлімші етіп, ұрып-соға алады. Сөйтіп отырып бұл ел адам құқығы туралы уәж айтады",- деді.  БҰҰ-ның адам құқығы кеңесінің арнайы есебі де осы мәселені растайды. Boston Review деп аталған бұл есепте: «Екі миллионнан астам тегі африкалық америкалықтар дауыс беру шектеулерімен бетпе-бет келуде. Сонымен бірге АҚШ қара нәсілділері әрқашан жұмыс табу мәселесінде қиындықтармен бетпе-бет келеді. Жұмысқа тұру кезіндегі кемсітушіліктер олар үшін  қалыпты мәселе. Қара нәсілділердің арасында жұмыссыздық деңгейі 14 есе жоғары. Сондай-ақ, әртүрлі зерттеулер АҚШ-та жұмыс орындарындағы аппартеид ағымының артқанын көрсетеді. Жарияланған мәліметтер бойынша, сауалнама жүргізілген 58 адамның арасынан 19 адам жұмыс орнында қара нәсілділерді ақ нәсілділге қарағанда алалайтынын мәлімдеді. Жұмыс орындары мен табатын пайдаға қатысты кемсітушіліктер қара нәсілділер отбасыларының орташа кірісінің ақ нәсілділердің отбасыларымен салыстырғанда төмен болуына себеп болды. АҚШ-тағы аз сандылардың құқықтарының бұзылуы туралы көптеген мәлімет болғанымен, бұл елдің саясаткерлері әр қажет жерде өз қарсыластарын аз сандылардың құқықтарын  бұзумен айыптайды. Мәселен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Иранды аз санды діни топтардың құқықтарын бұзумен айыптап: «Христиандар мен басқа аз санды ұлттар Иранда қорлық көреді»,- деген уәж айтты. ИИР заңдарын Ислам дініне сәйкес шығарып, Конституциясында кемсітушілікті теріске шығарып, ұлты, түсі, нәсілі және дініне қарамай адамдарды тең санап,, ұлттық нәсілшілдікке қатысты халықаралық конвенциялардың бекітілуіне қайшы орын алып отырған кемітушіліктің барлық түріне қарсылық білдірген жағдайда АҚШ Иранды аз санды діни топтардың құқықтарын бұзумен айыптады.