Ашураның жолдаулары мен ғибраттары
(last modified Tue, 19 Sep 2017 08:09:48 GMT )
Қыр 19, 2017 14:09 Asia/Almaty
  • Ашураның жолдаулары мен ғибраттары

Ұлы да қасиетті Ашура көтерілісінің мұсылмандар үшін ғана емес, әлемнің барлық халықтарына берер көптеген жолдаулары мен ғибраттары бар. Ашура көтерілісінің жолдаулары адамның шынайы табиғаты мен ақылынан тамырланады. Олардың көбі бүкіл әлем халқына арналған.

Имам Хосейн мен оның сенімді серіктерінің көтерілісі бір күннен де аз уақытқа созылды. Осы ұлы тұлғалар мен азаттықты сүюшілер Язид бен Муавиенің қалың әскерінің қолынан шәһид болды. Бұл ұлы да қасиетті көтерілістің мұсылмандар үшін ғана емес, әлемнің барлық халықтарына көптеген жолдаулары мен ғибраттары бар. Ашура көтерілісінің жолдаулары адамның шынайы табиғаты мен ақылынан тамырланады. Сол себепті мұсылман емес ойшылдар мен саясаткерлердің көбі Хосейн бен Әли мен оның армандары жайында кітаптар мен мақалалар жазып, оны мадақтаған. Бүгінгі бағдарламаны Ашура көтерілісінің кейбір жолдауларын түсіндіруге арнаймыз.

Имам Хосейннің көтерілісі Құдай жолында жасалды, өйткені ол осы жолда тек бір Аллаға ғана арқа сүйеді. Алла жолындағы джиһадта қиындықтардың барлығына төзу ол үшін оңай болды. Ашура оқиғасы болған күннен бұрын, одан кейін және сол күні имам Хосейн мен оның серіктері талай рет осы негізгі принципті баса айтты. Хосейн бен Әли өзінің жанұясымен қоштасар сәтте Құдайға шынайы иман білдіріп: «Құдайдың сіздердің демеушілеріңіз мен сақтаушыларыңыз екенін біліңіздер. Жуық арада сіздерді дұшпандардың зұлымдығынан құтқарып, істеріңіздің артын қайырға айналдырады»,-деді. Имам өзі шәһид болар алдында да Құдайды ұмытпай: «Уа, құдіреті күшті Алла! Әлсіз болғанымда сенен көмек сұраймын, саған тәуекел етемін, маған сол жеткілікті»,-деген. Ақырында барлық қиындықтар мен ауырпашылықтарға қарамастан: «Құдайым, мен сенің үкімің мен жазмышыңа ризамын, сенің әміріңе құлдық ұрып, бас иемін. Сенен басқа ешкімге ғибадат етпеймін, уа, әрбір пана іздеушінің панасы»,-деген. Иман мен құдайға тәуекел ету имам Хосейн мен оның серіктерінің әрдайым Құдайдың ризалығына бөлену жолында әрекет етуіне себеп болды. Құдай олардың көтерілісін мәңгілік етті.

Имам Хосейннің кесенесі

Мықты иман мен құдіретті Құдайға тәуекел ету имам Хосейн мен оның серіктерінің осы шексіз көзден нәр алып, жалғанды жақтайтын әскерге батылдықпен қарсы тұруына себеп болды. Бұл – Ашура қозғалысының келесі дәрісі. Хазірет жолдағы қоныстардың бірінде өзінің серіктеріне: «Сабырлы болып, табандылық танытыңдар, ұлы тұлғалар! Өйткені, өлім сендерді қиындықтар мен ауырпалықтан өткізіп, жұмақ пен мәңгілік нығметтерге жеткізеді»,-деді. Ашура түні  Хосейн бен Әли өзінің серіктеріне жағдайдың қауіпті болатындығына байланысты қосыннан кетуді қалайтындарға кетуге ерік берген. Олар Құдайға иман білдіріп, шәһәдат  талап етіп, ұрандатып, Хақ пен оған адалдық жолында табанды болатындықтарын қуаттаған. Саад бен Абдулла: «Құдай атымен ант етемін, егер жетпіс рет өлтіріліп, денемді өртеп, күлімді қайта тірілтетінін білсем де, ешқашан саған көмектесуден бас тартпаймын. Әр жолы тірілген сайын саған көмектесуге асығамын»,-деген. Имам Хосейннің серіктері осындай рухпен Құдайдың діні мен Алла елшісінің ұрпағын қорғауға атсалысқан.

Ақиқатты іздеп, азаттық пен құрметті талап ету – Ашура оқиғасының барлық замандарда әлемнің бүкіл халықтарына беретін маңызды жолдаулары. Имам Хосейннің өз көтерілісіндегі өлшемі ақиқат пен әділет орнатып, жалғандық пен зұлымдықты жою болып табылады. Язид озбыр да біліксіз билеуші болды. Ол ислам халифатының басшылығына әділетсіз түрде келіп, имам Хосейнді өзіне адалдық жариялауға шақырды. Алайда хазірет: «Бұл арамза мені екі таңдау жолының ортасына қойды: не семсер шығарып, соғысқа дайындалуым керек, немесе қорлық киімін киіп, Язидке адалдық жариялауым қажет. Бірақ, біз қорлыққа көнбейміз. Өйткені, Құдай мен Алланың елшісі, мүміндер мен бізді тәрбиелеген аналар бізге қорлыққа көнуге жол бермейді»,-деп кесіп айтты. Хосейн бен Әли келесі бір сөзінде: «Абыроймен өлу қорлықпен өмір сүргеннен артық»,-деп баса айтты. Осылайша, бұл ұлы тұлға халыққа абырой-бедел мен азаттық жолын көрсетіп, зұлымдық пен қорлықпен өмір сүруді шынайы өлім деп атады. Демек, азат өмір абырой-бедел, азаттық пен әділетке қол жеткізу үшін көтеріліске шығып, зұлымдар мен басқыншыларды жоюмен байланысты. Мұндай армандардың жоғарылығы соншалықты, оларға жету үшін тіпті жан мен малды да аяп қалмау керек.

Әділет, азаттық пен мерей сияқты биік армандарға жетудің көрегендік пен хабардарлық сияқты маңызды қасиеттерді қажет ететіні анық. Ашура көтерілісі көрсеткендей, халық пен тіпті қоғамның таңдаулылары қырағылық пен көрегендіксіз хақ жолын анықтап, дұрыс бағытта қозғала алмайды. Кербалада имам Хосейнді шақырып хат жазған адамдардың өзі хазіретке қарсы сап түзеді, тек 72 адам ғана дұрыс жолды таңдап, жан-тәнімен ислам мен имам Хосейнді қолдап, тарихта мәңгіге қалды. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ашураның беретін ғибратын егжей-тегжейлі баяндап: «Ислам халқы мынаны ойлағаны дұрыс: пайғамбардың қайтыс болғанынан 50-ақ жыл өткен соң ислам елінде уәзірлер, әмірлер, қолбасшылар, ғұламалар, қазылар мен қарилерден тұратын мұсылман халқы Куфа мен Кербалада жиналып, пайғамбардың ұрпағын осындай қатігездікпен неге қанға бөктірді? Адам неліктен мұндай оқиғаның  болғанын ойлауы керек. Егер нақты адамдар өз уақытында белгіленген істі атқарғанда, тарих құтқарылып, Хосейн бен Әлилер Кербалаларға бармаған болар еді»,-деді. Имам Хосейн қоғамның діни және зиялы жетекшілері үлемдерге: «Діни үлемдер! Егер маған көмектеспесеңіздер, әділет орнатуға бізге қосылмасаңыздар, зұлымдардың күші одан ары артып, олар пайғамбарлықтың лаулаған отын сөндіруде белсендірек болады»,-деді.

Имам Хосейн Мәдинадан шығар кезінде өзінің інісі Мұхаммад Ханифаға өсиетнама берген. Оның бір бөлігінде: «Мен атам Мұхаммадтың үмбетін өзгерту үшін әрекет етіп, жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіргім келеді. Атам Мұхаммад пен әкем Әли бен Абиталебтің тәсілімен қатынас жасаймын»,-деген. Хазірет атасынан қалған дінге қатер төнгенін көріп, істі жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендірумен  шешуге болады деп санаған. Бұл – Ашураның адамдарға берер негізгі жолдауларының бірі. Сол себепті бұл қадірменді имам Кербала майданында ерлікпен: «Мұхаммадтың діні менің өліміммен ғана сақталар болса, мына семсерлер мені айнала қоршасын»,-деген. Хосейн бен Әли өз заманында осы маңызды болжамнан бас тартуының салдарларының біріне тоқталып: «Мұсылмандар Язид сияқты билеушінің құрығына түсіп қалған соң исламның фатихасын оқи беруге болады. Ия, мен Алланың елшісінен естідім: Халифатты Абу Сафиандар әулеті басқаруға болмайды. Егер бір күні Муавиенің менің мінберімде отырғанын көрсеңіздер, оны өлтіріңіздер. Бірақ, Мәдина халқы оны пайғамбардың мінберінде көргенімен, өлтірмеді. Енді Құдай оларды озбыр Язидке кіріптар етті»,-деді. Хазірет Әли де ең соңғы өсиетінде: «Жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіруді ұмытпаңдар. Егер араларыңда зұлымдық жайласа, қалай дұға етсеңдер де, орындалмайды»,-деген.

Ашура көтерілісінде ер адамдар соғысып, шәһид болғанымен, әйелдер де көтеріліске дейін, Ашура күні, әсіресе содан кейін көрнекті рөлге ие болды. Имам Хосейн басынан-ақ әйелдерді Меккеге, содан соң Кербалаға сапарында өзімен бірге алып жүріп: «Илаһи ұйғарым бойынша, Ахл-е бейт пен әйелдер әрдайым менімен бірге»,-деген. Әйелдер Кербалада да ер адамдарға рух беріп, оларға қарайласуда айрықша рөл атқарған. Алайда олардың маңызды рөлі Ашура оқиғасы сырттай аяқталған кезде басталды. Ахл-е бейттің банулары кез келген жерде Язид үкіметінің озбырлығын ержүректікпен әшкерелеп, Ашура көтерілісінің мақсаттарын түсіндіріп отырған. Бұл банулардың арасында имам Хосейннің қарындасы хазірет Зейнеп (с.) теңдессіз рөл атқарған. Ол Куфа халқының арасында сөз сөйлегенде оларды қатты ұялтып, опындырып, халықты үкіметке қарсы көтеруге жақын қалған, бірақ оған кедергі жасалды. Куфа билеушісі Абидулла бен Зиядтың сарайында Зейнеп оның мысқылы мен қорлығына тап болған кезде имам Хосейн мен оның серіктерінің шәһид болғаны жайлы: «Мен әдеміліктен басқа ештеңе көрмедім. Кербала шәһидтері Құдай тарапынан шәһид болуға жазылған адамдар болған»,-деді. Әли бен Абиталибтің қызы Язидтың сарайында батыл сөйлеп, бірде: «Ей, Язид! Айла-шарғыны қалағаныңша жасасаң, жаса, бірақ қанша талпынсаң да, ешқашан біздің атымызды халықтың жадынан шығара алмайсың, ешқашан біздің уәһиімізді жоя алмайсың»,-деген. Хазірет имам Хосейн бен Әли өзінің ұлы көтерілісі барысында батыл да қажырлы әйелдердің қабілетін көтерілісті насихаттау үшін осылай пайдаланған.