Қағба және имам Хусейн (ғ.с.)
(last modified Sun, 24 Sep 2017 16:25:34 GMT )
Қыр 24, 2017 22:25 Asia/Almaty
  • Қағба және имам Хусейн (ғ.с.)

Қағба – Хиджаз жеріндегі Мекке қаласында орналасқан ең көне, ең қасиетті және ең сүйікті илаһи ғибадатхана.

Қасиетті «әл-Харам» мешітінде Қағбаны  көруге болады. Мекке қаласы мен оның айналасында Қағба, әл-Харам мешіті, Арафат даласы, Машғар мен Мина  сынды қасиетті мекендер орналасқан. Осыған орай  қасиетті Мекке қаласы «Харам»-«қасиетті кесене» және  «Балад әл-Амин»-«аманатқа берік жер» деп  де аталады. Бұл мекенді құрметтеу барша мұсылмандар үшін уәжіп. Имам Хусейн (ғ.с.) шағбан айында Меккеге кіріп, қажылыққа дейін сол жерде қалды. Хазірет қажылық амалдарын орындау үшін ихрам жамылады. Бірақ, Бани Умайенің бір топ сарбазының оған қастандық жасау үшін ихрам жамылғаны туралы хабар алған соң, Алланың бұйрығымен қажылығын жеке умраға айналдырып, Арафа күні қарсаңында Қағбамен қоштасып, бұл қасиетті мекенге құрметсіздік көрсетілмеуі үшін Меккеден кетеді. Осылайша, имам Хусейн Алла үшін (ғ.с.) Қағбаға құрмет көрсетті. Алла Тағала бұл тағзымға сый ретінде оның беделін Қағбадан асырды.

Қағба – сырт көзге Алланың үйі. Бірақ, негізінде Алланың үйі оның иманды пенделерінің жүрегінде. Қасиетті хадисте: «Жер мен аспан мені сыйғыза алмайды, алайды иманы бар пенделердің жүрегі мені сыйғызады»,- деп айтылған. Өйткені, бір Аллаға құлшылық етушілердің жүрегі Алланың махаббаты қонатын жер; иман мен ирфан және ықыластың орталығы. Рауаяттардың бірінде: «Алла Дәуіт пайғамбарға: «Уа, Дәуіт! Мен үшін өмір сүретін үй дайында»,- дейді. Дәуіт пайғамбар: «Уа, Жаратушы! Сен заман мен мекеннен жоғарысың»,- деп жауап береді. Сол кезде оған: «Жүрегіңді дайындап, мен үшін босат»,- деген уәһи келді»,- деп айтылған. Осыған орай иманы мен ирфан және шынайы ықыласқа ие адамның жүрегі әрқашан Алланың үйі туралы ойлайды. Өйткені, олар Алладан басқа еш нәрсе мен ешкімге тәуелді емес. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның жүрегі – Алланың нағыз үйі. Өйткені, ол өзінің жүрегін Алла үшін сөзбен сипаттауға келмейтіндей дайындағандықтан, оның ішінде Алладан басқа ешкім мен еш нәрсеге орын қалмады. Ол жүрегін тыныштығы, үйі мен отбасы, перзенттері мен бауырлары, бір сөзбен айтқанда, Жаратушыдан басқа барлық нәрсе мен баршадан босатып, оларды Алланың жолында шәһид болу мен тұтқынға түсуге қиды. Имам Хусейн (ғ.с.) сыртқы жүрегінің қаны мен барлық бауырларын Алланың жолында құрбан еткен кезде, ішкі рухани жүрегі Алла үшін босап, Алладан басқаны қабылдамады: «..Алла үшін Қағбаны зиярат ету (қажылықты орындау) уәжіп болады...». («Әл-Имран» сүресі, 97-ші аят), сондай-ақ, Исламның ұлық пайғамбарының: «Хусейнді шын ниетімен зиярат ететін адам Алланы зиярат еткендей».

Иә! Алла Тағала имам Хусейн (ғ.с.) Оның үйін қатты құрметтегені үшін Қағбаға сыйлаған барлық құндылықты имамның кесенесіне де сыйлады. Алла Тағала имам Хусейн (ғ.с.)-нің кесенесіне артықшылық бергені сондай, «Кербала – Қағбаның рухы» деп айтылатын болды. Жаратушы хазірет Ибрахим Халилді халықты Қағбаға қарай шақыруға міндеттеп: «Адамдарды қажылыққа шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді»,- деп бұйырды. («Хаж» сүресі , 27 аят). Хазірет Ибрахим Қағбаның үстіне шығып, баршаны қажылыққа шақырды. Алайда имам Хусейн (ғ.с.)-ға қатысты соңғы пайғамбарына: («Мұхаммад с.ғ.с.): “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де»,- деп бұйырды.(«Шура» сүресі, 23-ші аят).

Исламның ұлық пайғамбары сан рет мінберге шыққан сайын: «Уа, халайық! Мен өздеріңе екі аманат, екі құнды нәрсемді қалдырамын. Олар – Құран және әулетім»,- деген. Сонымен бірге сан рет халықты имам Хусейн (ғ.с.)-ға серік болуға шақырды. Рауаяттардың бірінде: «Күндердің бірінде Алла елшісі сахабаларымен бірге бір үйге қонаққа шақырылды. Олардың жолдарында имам Хусейни (ғ.с.) ойнап жүр екен. Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларынан алға шығып, құшағын жайып, имам Хусейнді құшақтағысы келеді. Бала бір жақтан екінші жаққа қашып, пайғамбар күліп, оның артынан жүгіріп, ұстайды. Сол кезде бір қолын баланың иегінің астына және екінші қолын арқасына қойып: «Хусейн менен, мен Хусейнненмін. Уа, Алла! Хусейнді жақсы көретін адамды жақсы көре гөр»,- дейді.

Қағба Сафа мен Марве, Арафат, Машғар мен Мина сынды қасиетті мекендердің қасында орналасқан. Имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған жердің айналасынан да қасиетті мекендерді көруге болады. Имам Хусейн (ғ.с.) Сафа мен Марвенің арасын өткендей, серіктерінің санына сай 72 рет шатырлардан қақтығыс майданына қарай кейде асықпай, кейде асығып жүріп өтті. Егер Минаның беделі Алланың үйіне зиярат жасау үшін келген қажылардың құрбан болуына қатысты болса, Кербала – ислам үмбеті шәһидтерінің басшысының құрбан болған мекен. Егер Машғардың маңыздылығы хазірет Ибрахим ұйқысында перзентін құрбан ету туралы илаһи хабарды алған жер болуына байланысты болса, Кербала – имам Хусейн (ғ.с.) перзентін ояу түрде Ислам мен Құран үшін құрбан еткен мекен.

Имам Хусейн (ғ.с.) қажылық пен Қағбаның айбынына үлкен әсерін тигізді. Ол өзі «Алланың шынайы үйі» болып, Алла үшін барлық ғасырлар мен барлық кезеңдерде теңдессіз болған тәуәп пен қажылығын пәк ниетімен орындады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қажылығы – рухани қажылық. Имам Меккеде болған кезінде қажылық амалдарын орындау үшін ихрам жамылды, бірақ дұшпанның оның қанын илаһи қауіпсіз мекенде төгуді мақсат еткен қастандықтан хабардар болып, қажылығын жеке умраға ауыстырып, жылдам аяқтап, қаладан кетті. Имам ихрам жамылған кезде Аллаға ғашық қажы болып, тәуәбін орындады.  Имам Хусейн (ғ.с.) Сафа мен Марвенің арасын өткендей, серіктерінің санына сай 72 рет шатырлардан қақтығыс майданына қарай кейде асықпай, кейде жылдам жүріп өтті. Барлық серіктері мен жақындары құрбан болған кезде өзінің көне көйлегін ихрам сынды жамылып, Арафат, Мина, Машғар және соғыс пен жиһад майданы ретінде ешкім белгілемеген мекенде тұрды. Бұл жерде имам Хусейн (ғ.с.): «Ләббәйк Аллаһума Ләббәйк... Уа, Алла! Өзіңе қарай асығамын! Өзіңнен басқа Құдай жоқ. Өзіңнің жолыңдамын және Өзіңе қарай бет алдым. Жүрегімді барлық қарым-қатынастар мен қалаудан босаттым. Өзіңнің махаббатыңнан басқа махаббатты қабылдамай, тек бір Өзіңе ғашықпын. Қазір жат жерде, серіксіз болғаным үшін де, немесе көп дұшпанның алдында жалғыз қалғаным үшін де уайымдамаймын. Мені перзентімнің шәһид болуы, немесе жанұямның дұшпанның қолына түсуі, шөлдің салдарынан көзімнің қарауытуы мен дұшпанның көптігі де әлсіретпеді»,- деді.

 Имам Хусейн (ғ.с.) Жаратушыға қарай алға қадам басып, әр сәтте Оны мадақтап, болмысы ерекше толқып, жүзі шырайлана түсті. Оны көрген әр адам жүрегінің теңдессіз күші мен сипаттауға сөз жетпейтін батылдығынан таңғалды. Имам Хусейн (ғ.с.) өзінің арнайы Арафатында тоқтағаннан кейін дұшпанның әскеріне үш рет шабуыл жасап, «рами джамаратын»-«шайтанға тас лақтыру» рәсімін орындады. Сол кезде құрбан болатын Минаға жетті. Бұл кезеңде «Ләббәйк» айтуымен бірге: «Уа, Алла! Басым денемнен бөлініп, денем жерде аяқтардың астында қалып, екі қолым денеммен қоштасып, өзіңе қарай ихрам жамылды»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) осындай сырласудан кейін Алланың шынайы үйіне тәуәп жасады. Содан соң  қажылық үшін киген киімін шешіп, Кербала даласының дауылы мен топырағына ластанған киімді киді. Имам Хусейн (ғ.с.) жүзік сынды дүнияуи әшекейлер мен жылтырақтардан ғана алыстамады, хазірет жүзігімен бірге саусағынан да баз кешті. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті басы денесінен бөлініп, күннің ыстығының астында қалды.

*******************************