Хасан Руханидің БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеген сөзін сараптау
Өткен аптада ИИР-ның Президенті халықаралық деңгейде ақпаратқа толы күндерді бастан өткерді. ИИР Президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеумен қатар, әртүрлі елдердің басшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясы аясында өткізілген отырыстарда Иранның аймақ пен әлемдегі маңызды мәселелерге қатысты көзқарастарын баяндады.
ИИР Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына биылғы қатысуы да аймақ пен әлем дағдарысқа ұшырап, соғыс пен тынышсыздықтан шаршаған жағдаймен тұспа-тұс келді. Иран үшін аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі әрдайым маңызды. Сол себепті ИИР Президентінің кездесулер мен диалогтардағы сөздерінің басты өзегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен әріптестік тақырыбы болды. Ол сионистік режим мен аймақтағы кейбір деспоттық араб режимдердің қоқан-лоққылары мен соғысқұмар шараларына алаңдаушылық білдірумен қатар, рохинья мұсылмандарының аянышты тағдырына назар аударды.
Хасан Рухани өткен сәрсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында адам құқығы, азаматтық құқық, исламды сүю мен әділет іздеуді Иран халқының ең маңызды талап-тілектерінің бірі деп атап: «ИИР-ның ұстанымы бейбітшілікті талап етіп, ұлттардың құқықтарын қолдауға бағытталған»,-деді.
ИИР Президенті өз халқының тілін құрмет тілі деп атап: «Ирандықтар әрдайым келіссөз жүргізуге әзір, бірақ тек теңдік пен өзара құрмет позициясында ғана. Ирандықтар қоқан-лоққы жасамайды, алайда ешкім мен ешбір алпауыт елдің қоқан-лоққысын қабылдамайды. Палестина халқы шовинист әрі қылмыскер режим тарапынан ең қарапайым адам құқықтарынан айырылып отырған жағдайда Палестина режимін басып алушының қауіпсіздікте болуы дұрыс емес.
Йемен, Сирия, Ирак, Бахрейн, Ауғанстан, Мьянма мен басқа аймақтардың мұсылмандары кедейшілік, соғыс пен қақтығыстарда өмір сүріп жатқанда кейбіреулердің өз елдерінде ұзақ мерзімді қауіпсіздік, әл-ауқат пен дамуда бола аламыз деп ойлағаны орынсыз»,-деді.
ИИР Президенті Иранның Таяу Шығыстағы лаңкестер мен діни экстремистермен күрестің алғы шебінде жүргенін айтып: «Иранның лаңкестермен күресте аймақ елдерін қолдауы адамгершілік, ақлақтық және стратегиялық позицияларға негізделген»,-деді.
ИИР Президенті Ислам ынтымақтастық ұйымының Мьянмаға қатысты байланыс тобының отырысында рохинья мұсылмандарының ең қарапайым құқықтарының ауқымды түрде бұзылуына көңіл аудармаудың экстремизмнің артуына соқтыратынын баса айтып, БҰҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымынан Мьянма мұсылмандарының аянышты жағдайына қатысты тиісті шара қолдануды сұрады.
Рухани халықты өз жерінен қуып, басқа елдерге босытып жіберудің Мьянма дағдарысын шешудің жолы еместігін айтып: «Мьянма үкіметі осы елдегі мұсылман қоғамының ескі жарасын азаматтық құқықты әсерлі түрде қайта күшіне енгізу арқылы емдеуі тиіс»,-деді.
Бейбітшілікті сақтау, елдердің ұлттық егемендігіне қол сұқпау, даму жолында әлемдік мәселелерді шешу үшін кеңесіп, пікірлесу ИИР үшін әрдайым маңызды. ИИР әлем мұсылмандарына қатысты жауапкершілікті сезінетіндіктен, бұрыннан-ақ БҰҰ Бас ассамблеясы, Қосылмау қозғалысы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының әртүрлі жиналыстарында осы тақырыпты белсенді түрде көтеріп, қарастырып келеді.
ИИР Президенті өткен жылы да БҰҰ-ның Бас ассамблеясының сессиясында: «Иран аймақтық қиындықтарды шешу, елдердің аумақтық тұтастығын сақтау, шекараларды өзгертпеу, халықтардың өз тағдырын шешу құқығын сақтау және күш көрсетуден бас тарту қажет санап, осы қиындықтарды шешу үшін дипломатиялық әлеуеттерді пайдалану керектігін баса айтады»,-деді. Өкінішке орай, Таяу Шығыс аймағындағы бейберекеттік жағдайдың салдары Ауғанстан, Ирак, Сирия, Йемен мен Палестинадағы мыңдаған бейкүнә адамның босқынға айналуы мен өлімі болды. Шын мәнінде, алпауыт елдер әскери араласу арқылы әлемді бейберекеттікке ұшыратты. Халықаралық қатынастағы осындай араласушылықтар АҚШ-тың шектен тыс талап етушілігі салдарынан көп түйткіл тудырды. ИИР Президентінің 4 жыл бұрын Нью-Йоркке сапармен барғанда айтқан мәселелерінің қатарын қатігездік пен экстремизм және терроризммен күрес құрады.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы да биыл АҚШ-тың уәде бұзушылықтары мен бүлдіргі әрекеттері салдарынан БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясының маңызды тақырыптарының біріне айналды. Бұл тақырып Руханидің Нью-Йоркте әртүрлі тұлғалармен кездесуінде айтқан сөздерінде талқыланды.
ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындау жолында АҚШ-тың уәде бұзушылықтары мен бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып: «Вашингтон уәдеде тұрмай, халықаралық міндеттемелерді бұзу арқылы өзінің әлемдегі беделін түсіреді. АҚШ Президенті Дональд Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында Иран халқына қарсы қате мәліметтер мен негізсіз айыптауларға толы негізсіз сөздерінің бұл ұйымның мәртебесіне сай болмағаны былай тұрсын, барлық ұлттардың бүгінде осы сессиядан күтетін талап-тілектеріне қайшы келеді»,-деді.
ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бейбітшілік бағытында екенін айтып: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып ешқашан бұзбайды, бірақ оны бұзумен бетпе-бет келгенде қол қусырып қарап отырмайды»,-деді.
Рухани АҚШ-тың қазіргі үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатынасын әлемдік қауымдастық үшін алаңдаушылық тудырарлық деп атап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бақылайтын ұйым – АҚХА. Осы уақытта дейін бұл агенттік Иранның осы келісімге берік екенін жеті рет растады. Кейбіреулер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сияқты айқын келісімге басқа мәселелер арқылы шарт қоюға болмайды»,-деп қуаттады.
АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі кеңістікті бұзып, Иранның саяси-экономикалық байланыстар жолына кедергі тудыруға күш салуда. Осындай жағдайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тек бір саяси келісім ғана емес, дағдарыстар мен түйткілдерді бейбіт жолмен шешу мақсатында сындарлы әріптестік жасауға қатысты жаңа қатынас пен жасампаз тәсіл болып табылады. Иран мен «алтылық» елдері арасындағы диалог тәжірибесі мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол жеткізуі ұстамшыл саясат, жасампаз ықпалдастық пен диалогқа бет бұрудың сәтті үлгісі болды.
ИИР Президенті АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында Иранның АҚШ-тың ядролық келісімінен шығу ықтималына реакциясында: «Менің ойымша, америкалықтар мұндай өтемді төлеуді қалай қоймас. Олар үшін мұның еш пайдасы жоқ. Осы ықтималды шараның АҚШ үшін пайдасы болмауымен қатар, әлемде АҚШ-қа қатысты сенімсіздіктің пайда болып, күшейе түсуіне себеп болады»,-деді.
Руханидің БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында сөйлеген сөзінде осындай тақырыптарды көтергенін назарға ала отырып, БҰҰ Бас ассамблеясының биылғы сессиясының Иран Президенті үшін ИИР жүйесінің аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер туралы ұстанымдарын баяндайтын сахнаға айналғанын айтуға болады. Осы тұрғыдан Иранның БҰҰ Бас ассамблеясының биылғы сессиясындағы сөздерінің әлемдік жолдауларға ие болғанын айту керек. Иранның бұл жолдаулары бейбітшілік, әріптестік пен ұжымдық қауіпсіздікті қуаттайды.