Ашураның мәңгілік дастаны
(last modified Sat, 30 Sep 2017 06:19:44 GMT )
Қыр 30, 2017 12:19 Asia/Almaty
  • Ашураның мәңгілік дастаны

Ислам тарихында географиялық және уақытының шектеулігі тұрғысынан Кербала оқиғасынан кіші және қысқа оқиға болмаған болар. Соған қарамастан, бұл оқиға Ислам тарихының ең үлкен, ең маңызды әрі ең әсерлі оқиғасы болды.

Кербала – Иракта орналасқан мекен. Ислам  тарихында географиялық және уақытының шектеулігі тұрғысынан Кербала оқиғасынан кіші және қысқа оқиға болмаған болар. Бұл оқиғада имам Хусейн (ғ.с.)-ның тек 72 адамнан тұратын әскері бақайшығына дейін қаруланған 30 000 сарбаздан құралған әскерге қарсы тұрды. Бірақ бұл оқиға Ислам тарихының ең үлкен, ең маңызды әрі ең әсерлі оқиғасы болды. Географиялық кішкентай аймақта адам өмірінің барлық сұлулықтары мен ұлылық, салтанаттары және міндеттері көрініс тапты.

Ашура күні жаратылған әлемнің аспанына күн көтерілген  кезде тарихтағы ең үлкен апат орын алды. Таң мезетінде имам Хусейн (ғ.с.) өзінің әскерін аралап, шайқасқа дайындады. Хазірет таң намазынан кейін 32 атқа мінген және 40 жаяу адамнан тұратын әскерін үш топқа бөлді. Бірінші топты оң жақ қапталға, екінші топты сол жақ қапталға, үшінші топты солардың ортасына орналастырды. Оң жақ қапталдың басшылығын Зоһейр бен Қейске, сол жақты Хабиб бен Мазаһерге тапсырып, өзі ортасында орналасты.  Содан соң қара байрақты «Бани Хашимнің айы» деп танымал болған бауыры Аббас бен Әлиге тапсырды. Шатырлар артта қалды. Умар бен Саад та өзінің қылмыскер сарбаздарын бірнеше топқа бөлді. Екі әскер бір-біріне қарсы тұрып, тағдырды шешетін шайқасты бастауға дайын болды.

Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) қақтығыс пен мұсылмандардың қырылуының алдын алу үшін көп талпыныс жасап, қантөгісті болдырмау үшін кез келген жолды пайдалануға талпынды. Бірақ, дұшпан өз әскерилерінің санының басым болуы мен имамның серіктерінің аз болуына масаттанып, ешбір ұсыныс пен дұрыс жолға нұсқауды қабылдамады. Имам тіпті Ашура күні де дұшпанмен сөйлесіп, шындықты айтып, қылмыс жасаудан бас тартқызу үшін олардың қасына серіктерін жіберді. Хазіреттің өзі де сан рет дұшпанның әскеріне кеңес беріп, ұсыныс айтып, оларды тыныштықты сақтап, қан төкпеуге шақырды. Бірақ имамның айтуынша, «харам тамақтары олардың шындықты түсінуіне кедергі болып, олар адасушылықтарын жалғастырып, соғысты бастауды қалады».

Умар бен Саад имам Хусейн (ғ.с.)-ның адамдарына қарай садақтан атып, соғысты ресми  бастап, өз адамдарын шабуылға итермеледі. Көп ұзамай, екі жақ бір-біріне жақындап, сол кездегі соғыс құралдарымен қақтығысты. Бұл соғыста тарихтың таңғалдырарлық оқиғасы орын алып, әскери теңгерім бұзылды. Кейбіреулері жасөспірім, қарт адамдар немесе кішкентай балалар болған жүз адамға жетпейтін әскер ондаған мың сарбазы бар әскерге қарсы тұрды. Бұл аз санды әскер ержүректігі және батылдығымен өздерінің болмысы мен сенімдерін, діни және саяси негіздерін қорғап, дұшпанға бағынбады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның адал серіктері Алланың: «Алла елшісінің сахабалары кәпірлерге қарсы қатаң болса, бір-біріне мейірімді»,- деген сөзінің айқын  белгісі болды. Кербалада имамның серіктерінің жүректері Аллаға ғашық болды. Сондықтан  адам төзімсіз жағдайдағы олардың ақ ниеті мен табандылығы әлем тарихында бұрын-соңды кездеспеген жайт еді. Германиялық философ Морбин өз зерттеулерінде бұл мәселені мойындап, имам Хусейн (ғ.с.) туралы: «Тарихта діннің келешекте таралуы үшін жанын қиған адам болса, ол – Хусейн (ғ.с.)»,- деген. Имамның серіктері абыроймен шәһид болды немесе ерліктерін жалғастырып, дұшпанды әлсіретті. Қақтығыс басталған кезде дұшпан имам Хусейн (ғ.с.)-ның аз санды әскеріне шабуыл жасап, алғашқы сәтте-ақ оларды жойып, Кербала оқиғасын оңай аяқтаймыз деп ойлады. Бірақ, олармен бетпе-бет келген соң иманы мол мықты таумен кезіккендерін, оларды жеңудің оңай емес екенін түсінді.  Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері Ашура күнінің таңынан түске дейін шайқасты жалғастырып, қасық қандары қалғанға дейін имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісін қорғады.

Шабуылдарынан нәтижеге жетпеген дұшпан біртіндеп, жекпе-жекке бет бұрды. Өйткені, Умар бен Саадтың әскері имам Хусейн (ғ.с.)-мен соғысуға келгенімен, олардың арасында Алла елшісінің перзентімен соғысқысы келмейтін адамдар көп болды. Олар бұл әскерге мәжбүр болған соң қосылған еді. Сондықтан, жалпы соғыс пен шабуыл нәтиже әкелмей, Умар бен Саадты үмітсіздендірді. Айта кететін жайт, жекпе-жек соғысу имам Хусейн (ғ.с.)-ның аз санды әскері үшін де қолайлы болды. Өйткені, мұндай жағдайда имамның серігінің әрқайсы  дұшпан әскерінің бірнеше сарбазымен қақтығысып, дұшпанды әрекетсіздендіре алады. Дәл осы мәселе күрестің ұзаққа созылуына себеп болды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері Исламның ұлық пайғамбары «жәннат жастарының көшбасшысы» деп атаған адамды қорғау үшін рұқсат алып, соғыс майданына аяқ басып, ауыр шайқастан кейін абыроймен шәһид болды. 

Ашура күні имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері теңдессіз махаббат пен жанкештілік көрсетті. Олардың әрбіреуі соғыс майданына шығуға асығып, имамның қасына келіп, хазіретке егер бірнеше жандары болғанда, солардың барлығын имам мен оның мақсаты үшін қиятындықтарына сендірді. Олардың әрқайсы қақтығысқа шыққан кезде басында қарсыласын иманы мен сенімінен айырып, имам Хусейн (ғ.с.)-ды қорғады. Имам Хусейн (ғ.с.) жараланған серіктеріне жақындаған кезде олар өмірлерінің соңғы сәттерінде: «Хусейн, маған разысың ба?»- деп сұрайтын. Имам Хусейн (ғ.с.) оларға мұндай  адал  және ержүрек серіктерінің теңдессіз екендігін айтты. Соңында имам Хусейн (ғ.с.)-ның өзі арыстан сынды соғыс майданына аттанды. Оның тамырларында хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен имам Әли (ғ.с.) және хазірет Фатима (ғ.с.)-ның қаны ағып, ол Алла Тағаланы халықты надандық пен алдап-арбаудан шығаруға қажет істі атқарғанына куә еттті. Сондай-ақ, атасының үмбетінің дінін өзгерту үшін ғана көтерілгенін мәлімдеді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның батылдығы имам Әли (ғ.с.)-ның ержүректігін еске салды. Бірақ, дұшпанның билік пен байлыққа қызығушылығы дұшпанның шындықты көрмеуіне себеп болды. Бірте-бірте түс ауып, Ашура күнінің түстен кейінгі сағаттары өтті. Үлкен апат орын алып, Алла елшісінің перзенті имам Хусейн (ғ.с.)-ның пәк қаны төгіліп, Кербала даласы қызыл түске боянып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның басы дұшпандардың қолына түсті.

 

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы адамның абыройы мен Ислам дінін қорғау мақсатында хабардар түрде орын алды. Бұл қозғалыс ахлақи және адами құндылықтарға  толы болды. Сол себепті имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі және Кербала қаңқұйлы оқиғасынан ғасырлар өткенімен, бұл жанкештілік пен ерлік жүректерден өшпей, тарихтың беттерінде мәңгі жарқырауда. Имам Хусейн (ғ.с.) – жаратылған әлемнің мәңгі ақиқаты. Оның қозғалысы тарихтағы желбіреген ту сынды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның шындық пен әділетті қорғап, Ашура күні шәһид болуы тарихта мәңгілік махаббатты көрсетіп, мұсылмандар мен азаттық талап ететін барлық адамдарды бұл үлкен оқиғаны еске алуға жігерлендіреді. Негізінде, бүгінгі Ашура –исламдық халықтардың бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі. Бұл кезеңде мұсылмандар симфония сынды бір-бірімен бірігіп, бір дауысқа ие болып, шындықты талап ететін, зорлық-зомбылықтың алдында табандылық білдіретін ұрандарын айтады.

Иран Телерадио бірлестігінің атынан әлемнің азазттық талап етушісі мен оның адал серіктерінің шәһид болу күнінің жылдығына көңіл айтамыз.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

 

Тегтер