Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумынан кейінгі ықтималды жағдайлар
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i31347-Күрдістан_аймағының_бөліну_туралы_референдумынан_кейінгі_ықтималды_жағдайлар
Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдум жаппай қарсылық жариялауға қарамастан, 2017 жылы 25 қыркүйек күні өткізілді. Бірақ, Күрдістан аймағының референдумнан кейінгі жағдайы жайлы нақты пікір айту мүмкін емес. Осыған байланысты бірнеше бағдарлама аясында бұл референдумнан кейін орын алатын ықтималды жағдайларды қарастырамыз. Бүгінгі бөлімде санкция, блокада жариялау және оның салдары жайлы сөз қозғаймыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 04, 2017 12:43 Asia/Almaty
  • Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумынан кейінгі ықтималды жағдайлар

Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдум жаппай қарсылық жариялауға қарамастан, 2017 жылы 25 қыркүйек күні өткізілді. Бірақ, Күрдістан аймағының референдумнан кейінгі жағдайы жайлы нақты пікір айту мүмкін емес. Осыған байланысты бірнеше бағдарлама аясында бұл референдумнан кейін орын алатын ықтималды жағдайларды қарастырамыз. Бүгінгі бөлімде санкция, блокада жариялау және оның салдары жайлы сөз қозғаймыз.

Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдумның ең маңызды салдарының бірі Ирак пен көршілес елдердің Күрдістан аймағына блокада жариялауы саналады. Түркия мен Иран Күрдістан аймағымен өзінің әуе кеңістігін жапты. Ирак үкіметі де Күрдістан аймағымен өзінің барлық шекараларын жауып, блокада жариялады. Көршілес елдердің әуе кеңістіктері арқылы блокада жариялау туралы шешім қабылдауының негізгі себебі бұл елдердің пікірінше, шекараға қатысты келісімдер мен ұшақтардың шекараны кесіп өтуіне  байланысты келісімдері тек Бағдадтың Орталық үкіметі бағыты арқылы ғана тұрақты болып қала бермек. Себебі, бұл келісімдер Ирак үкіметі мен сол мемлекеттердің (Иран мен Түркия) үкіметтері арасында бекітілген болатын.

Сонымен қоса, Ирак үкіметі де аймақтық және аймақтан тыс елдерден өздерінің Эрбильге бағытталған рейстерін тоқтатуды сұрады. Сол себепті Ливанның Middle East Airlines ұлттық әуе компаниясы мен Мысырдың әуе компаниясы өздерінің Ливан және Мысырдан Ирактың Күрдістан аймағына бағытталған және кері бағыттағы рейстерін тоқтатылатыны туралы хабарлады.

Күрдістан аймағына, соның ішінде азық-түлік және мұнай өнімдеріне санкция жариялау Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуінің келесі ықтималды салдары болмақ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Күрдістан аймағына блокада және санкция жариялау туралы: "Егер жүк көліктерінің Ирактың солтүстігіне жолы бөгелетін болса, Ирак күрдтері аш қалады. Ал егер Түркия Күрдістан аймағынан өзіне мұнай экспорттауды тоқтататын болса, іс тәмамдалады",- деп мәлімдеді.

Ирак үкіметі Күрдістан аймағының ең негізгі табыс көзінен айрылуы үшін басқа елдерден бұл аймақтан мұнай сатып алуды тоқтатуды сұрады. Қазір Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади Ирак Парламентінен Күрдістан аймағына қарсы ең қатты шектеу жасауды, атап айтқанда қаржылай, сауда-саттық және транзиттік санкциялар жариялауды сұрады.

Осы арада туындайтын сауал мынадай: Ирак үкіметі және Күрдістан аймағының бөлінуіне қарсы елдер неліктен өздерінің алғашқы реакцияларында Күрдістан аймағына блокада мен санкция жариялауға бет бұрды? Блокада мен санкциялардың салдарлары қандай болмақ?

1. Блокада және санкция жариялау – Ирактың Күрдістан аймағында көптеген экономикалық мәселелердің шиеленісуінің факторы

Ирак үкіметі мен Күрдістан аймағының бөлінуіне қарсы елдердің блокада және санкция жариялауға бет бұруының  ең маңызды дәлелдерін келесі мәселеге қатысты баяндауға болады: Ирактың Күрдістан аймағының осал тұсы оның геосаяси тұрғыдан тар жерде орналасуы саналады.

Ирактың Күрдістан аймағы құрлық ортасында орналасқан әрі азат суларға қолжетімділігі жоқ. Сондай-ақ, Ирактың Күрдістан аймағы Түркия мен Иран, Ирак пен Сирия елдерінің ортасында орналасқан. Сондықтан Күрдістан аймағы экономикалық өзара әрекеттестік, әсіресе мұнай сату үшін өзінің геосаяси тұрғыдағы қиындығынан шығуы тиіс. Көршілес елдердің Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуіне қарсы болуы мен олардың реакциясын назарға алатын болсақ, бұл қиын жағдайдан шығу мүмкін емес. Бұл географиялық қиындық Күрдістан аймағындағы экономикалық мәселелердің шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұл осы аймақтың дәл қазір 22 миллиард доллар көлеміндегі қарыз, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және қызметкерлерге еңбек ақысын төлеуде қиындыққа тап болып, нақтырақ айтқанда еңбек ақы бірнеше айда бір рет берілетін жағдайда орын алып отыр.

Осы арада Эко Хамам Карим Вашингтон ғылыми орталығы жариялаған мақалада: "Бүгінгі таңда Ирактың Күрдістан аймағы айтарлықтай экономикалық дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл экономикалық дағдарыс оның Ирактан бөлініп шыққан жағдайда бұрынғыдан бетер шиеленісе түспек. Күрдістан Демократиялық партиясы Күрдістан аймағы мұнай сатып, Орталық үкіметтен тәуелсіз экономика қалыптастыру арқылы өзін әлемнің энергетика көздерінің бірі ретінде таныстыра алады деп санайды. Күрдістан демократиялық партиясы бұл аймақтың экономикалық гүлденуіне кепілдік бермеке. Бірақ шындығында, қазіргі кезге дейін Ирактың Күрдістан аймағының өз-өзіне жеткіліктілік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Ирактың Күрдістан аймағы экономикасының мұнай саудасына негізделгенін назарға алсақ, ұзақ мерзім аралығында ол айтарлықтай тұрақтылықты сақтап қала алмайтын тәрізді көрінеді. Қазір Ирактың Күрдістан аймағының экономикасы қазіргі уақыт аралығында сыбайлас жемқорлық, айқындықтың болмауы, спекуляция, жергілікті үкіметтің істеріне ықпалды адамдар мен партиялардың араласуынан азап шегіп отыр",- деп жазды.

Экономикалық блокада мен санкциялар Күрдістан аймағындағы экономикалық қиындықтардың көбеюіне себеп болады. Себебі, Күрдістан аймағының экономикасы түпкілікті түрде мұнайға тәуелді болып отыр. Оның табысының 85 пайызы мұнай сату арқылы қамтамасыз етілуде. Түркия Ирактың Күрдістан аймағы мұнайының негізгі сатып алушысы болғандықтан және оның бұл аймақтың мұнайын сыртқа шығаратын ең негізгі экспорттық бағыт болуына байланысты Ирактың Күрдістан аймағына блокада мен санкция жариялау Түркияның күн тәртібіне енгізілген. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия арқылы мұнай экспортын тоқтатуға тыйым салудың маңызды салдарларының қатарына Күрдістан аймағында "аштыққа ұшырағандар көтерілісінің" пайда болуы мен оның Ирактан бөлінуге деген армандарының ертерек аяқталуын жатқызды.

2.Ирактың Күрдістан аймағын оқшаулау

Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның келесі маңызды салдарына бұл аймақты оқшаулау жатады. Бір жағынан, бұл әрекет географиялық тұрғыдан оқшаулау болады. Себебі, ол Ирак және көршілес елдер тарапынан салынатын санкция болды. Басқа жағынан, бұл оқшаулау дипломатиялық шара болмақ. Себебі, сионистік режимнен басқа ешбір мемлекет Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуін қолдамады. Тіпті, БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гуттериштің өзі бұл мәселеге қарсылық білдірді. Бұл шарттар Күрд мемлекетінің құрылуының басқа елдер мен БҰҰ тарапынан мойындалмауына себеп болады. Себебі, жаңа мемлекеттің құрылуының ең маңызды шарттарына оны басқа мемлекеттер мен БҰҰ-ның мойындауы жатады. Сондықтан, егер Масуд Барзанидің Күрд мемлекетін құруға байланысты әрекеттері жалғасын тауып жатса, міндетті түрде күрдтердің әлемдік жүйеде алатын орнының әлсіреуі мен Ирактың Күрдістан аймағын дипломатиялық тұрғыдан оқшаулауға себеп болады.

Қорытынды:

Күрдістан аймағы үшін Ирактан бөлініп шығу туралы референдумнан кейінгі кезеңдегі болжауға болатын алғашқы сценарий мынадай: басқа мемлекеттер, әсіресе Ирактың Күрдістан аймағымен көршілес мемлекеттердің қарсылығы мен Ирак үкіметінің оның өз алдына бөлініп шығу әрекетін қабылдамауы. Түркия Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуіне қарсы ең негізгі ел саналады. Себебі, Түркия халқының 15-20 пайызы күрдтер болуына байланысты осы топтың маңызды бөлігімен, атап айтқанда Күрдістан жұмысшылар партиясымен қақтығысқа түскен еді. Қазір тәуелсіз Күрд мемлекетін құру осы лаңкестік топтың Түркияға қарсы әрекет етуі үшін қауіпсіз шеңбер құрады. Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуіне қарсылық әрекеттер алғашқы қадам ретінде және оптимистік көзқарас тұрғысынан Күрдістан аймағының сыртпен байланысын тоқтату және оған санкция жариялау түрінде көрініс тапты. Бұл әрекет Күрдістанның жергілікті үкіметі қысым көріп, Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуін жүзеге асырмау мақсатында жалғаса бермек. Оқшаулау және санкция жариялау әдісі тек Ирактың Күрдістан аймағының экономикалық мәселелерінің шиеленісуіне себеп болып қана қоймай, оны геогафиялық және дипломатиялық тұрғыдан оқшаулауға әкеледі.

Осындай жағдай мен шарттарға байланысты Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдумға қатысқандардың оң дауыс беруіне қарамастан, бұл референдум оның Ирактан бөлінуіне кепіл бола алмайды. Осы мәселеге байланысты, түркиялық саяси мәселелердің сарапшысы Догаджан Басаранның пікірінше, "Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы туралы референдум өткізуге қарамастан, бұл аймақтың Ирактан бөліну мүмкіндігі өте аз. Себебі, Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуінің алдында тұрған ең маңызды кедергілердің бірі – көршілес елдердің бұл мәселеге қарсылығы. Көршілес елдердің Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуіне шындап қарсылық білдірген жағдайда күрдтердің бұл мақсатқа жету жолында табысқа қол жеткізетіндіктерін болжаудың өзі екіталай. Тарихтағы тәжірибелер Иран мен Түркия бір ортақ мақсатты ұстанып, бір-бірімен келісімге келіп, ортақ позицияны ұстанған кезде, шетелдік сыртқы күштердің оларға өз шешімін таңуға бағытталған талпыныстары мен бастамаларының нәтижесіз болып, сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Сондықтан Ирактың Күрдістан аймағы көршілес елдердің қарсылығы мен Ирактың қарсы болуына байланысты ешқашан өз алдына бөлініп шыға алмайды деп, кесімді түрде айтуға болады",- деді.