Мұхаррам және Ашураның әртүрлі халықтар арасындағы көріністері 1
(last modified Thu, 05 Oct 2017 12:12:49 GMT )
Қаз 05, 2017 18:12 Asia/Almaty

Мұхаррам – хиджри қамари жылының бірінші айы. Бұл айды «Шаһр әл-Харам» және «Мұхаррам әл-Харам» деп те атайды. Бұл айдың «харам» деп аталуы арабтардың бұл айда соғысуды харам, яғни тыйым салынған деп санауына байланысты. Алайда Кербала оқиғасы дәл осы айда орын алды.

Исламның ұлық пайғамбары әулетінен шыққан имам Реза (ғ.с.) бұл ай туралы: «Надандық кезеңде бұл айдың құрметі сақталып, бұл айда ешкім соғыспайтын. Бірақ осы айда біздің қанымыз төгіліп, құрметімізге сызат түсті; перзенттеріміз бен әйелдеріміз тұтқынға алынып, шатырларымызды өртеп, мүлкіміз талан-таражға салынды. Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулетіне құрметсіздік көрсетілді» деген.

Мұхаррам айы Кербала оқиғасы мен Ашураны еске салады. Ашура жердің барлық аймақтарына таралып, мұхаррам айы келе салысымен имам Хосейн (ғ.с.)-ның жақтастары қайғыға толы жүректерімен   аза рәсімдерін өткізеді. Әрқашан қанша уақыт өткенімен, бұл қайғылы оқиға неліктен ұмытылмауымен қатар күннен күнге шиіттер мен пәк имамдар (ғ.с.) әулеті жақтастарының ойында бұрынғыдан бетер жаңғыруда деген сұрақ туындайды. Бұл мәселе ойланатын әрбір адамды  ойландырып, имам Хосейн (ғ.с.)-ның болмысы мен Ашура көтерілісінің пәлсәпасына шолу жасатады. Сондай-ақ, жылдар өтсе де ескірмеген қозғалыстың шындығын іздетеді.

Шиіттердің мәдениеті Ашура көтерілісінен әсер алып, имам Хосейн (ғ.с.)-ның шәһид болуды талап етуі және хазіретке арналған азаларымен араласып, қалыптасты. Аза рәсімдері имам Хосейн (ғ.с.) мен серіктері олар үшін өмірлерін қиған жоғары құндылықтарды жандандырудың көрінісі саналады. Осыған орай бұл оқиғаның жолдауы шиіттердің жеке және қоғамдық тұрмысына әсер етеді. Сондықтан әлемнің әртүрлі жерлеріндегі шиіттердің рухани рәсімдерінің, әсіресе аза рәсімдері арасында Ашура мәдениеті басқаларға қарағанда кеңірек таралған. Әртүрлі халықтар арасындағы мұхаррам айы рәсімдерінің маңыздылығына байланысты әлемнің әртүрлі аймақтарындағы аза рәсімдеріне тоқталуды жөн көрдік. Ұстаз Муттахари: «Ашура оқиғасының ақ және жарық, сондай-ақ, қара және зұлмат беті бар. Бір қарағанда жылаудан басқаға себеп болмайтын зұлымдық пен қылмыс көрінеді. Алайда  жарық беті туралы айтатын болсақ, оның қаһармандары имам Хосейн (ғ.с.), пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті мен имамның серіктері болады. Бұл бет қылмыстың емес, ерлік, мақтаныш, шындық пен адамгершіліктің және Аллаға құлшылық етудің көрінісі.

 

 

Мұхаррам айының жақындауымен Иранның барлық қалалары мен ауылдары және ислам әлемінің көптеген аймақтарының халықтары  уайым-қайғыға батып, бүкіл халық осы айдың аза рәсімдеріне қатысуға дайындалады. Мешіттер мен басқа діни мекендерді дайындап, әртүрлі рәсімдерді өткізу әрбір аймақ, әрбір қала мен әрбір ауылдың мәдени және географиялық ерекшеліктеріне сай өзгеше болады. Қасиетті мекендерді дайындауға әйел мен ер, қарт пен жас ерекше көңіл-күймен қатысады. Мұхаррам қарсаңында діни мекендер тазартылып, қара жамылады. Олардың үстеріне қара байрақтар орнатылып, бұл мекендерде түрлі-түсті шамдар жағылады.

Ұжымдық жұмыстар мен ынтымақтастық, үлкендерді құрметтеу, балаларға жұмысты бөліп істеуді үйрету, ақша жинау – мұхаррам айының рәсімдерін өткізу үшін қажет жұмыстар.