ДАИШ-тың жойылуынан бергі кері санақ
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i31399-ДАИШ_тың_жойылуынан_бергі_кері_санақ
ДАИШ-тың Мосул қаласындағы жеңілісі Ирак пен Сирияда өзін-өзі жариялаған ДАИШ билігіне соңғы нүкте қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 05, 2017 18:18 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың жойылуынан бергі кері санақ

ДАИШ-тың Мосул қаласындағы жеңілісі Ирак пен Сирияда өзін-өзі жариялаған ДАИШ билігіне соңғы нүкте қойды.

Көптеген Батыс елдерінің қолдауымен «ДАИШ» деп өзін-өзі жариялаған билік 2003 жылғы АҚШ-тың Иракқа шабуылын бүркеу мақсатымен құрылған. Оның сондай-ақ Таяу Шығыстағы оқиғаларды бақылап, басқару үшін құрылуы да ықтимал. Ирак пен Сирия армиясы және халықтық ерікті күштерінің жеңісімен бірге ДАИШ басып алған қалалар мен ауылдарды азат еткеннен кейін екі елде де ДАИШ-тың белсенділігінің тоқтатылуының кері санағы басталды. Әскери көзқарас тұрғысынан бұл тәкфіршіл-лаңкестік топтың жеңіліс тізбегі жылдам артып келеді.

Жуырдағы ДАИШ-тың Мосулдан Ливан мен Сирия биіктіктері шекарасына дейінгі аймақтардың толығымен лаңкестерден тазартылуы осы тәкфіршіл-лаңкестік топтың толыққанды жеңіліске ұшырауын тездетті. Ливанның Ән-Нахар газеті жуырда сириялық әскерлердің Дейр эз-Зоурге келуін Башар Асадтың ДАИШ-пен соғыстағы маңызды жеңістерінің бірі деп атап, сондай-ақ, оның лаңкестік топқа берілген ауыр соққы болғанын жазды. Дейр эз-Зоур Евфрат өзенінің жағалауында орналасқан сириялық мұнай шығаратын орталық саналады. ДАИШ лаңкестері осы байлық көздерінің билік тізгінін өз қолдарына алып, бұл аймақтан мұнай экспорттап, табыстың қайнар көзіне қол жеткізген болатын.

Ән-Нахар газетінің сарапшысы Сирия армиясының жеңісін стратегияның жаңа өзгерісі деп атап, бұл стратегияны бүкіл Сирия аумағында лаңкестіктің жойылуына соңғы нүкте  қояды деп санады.

Ливанның Әл-Банна газеті аймақтағы ДАИШ-тың жеңілуіне әсер еткен факторлардың біріне сілтеме жасап: «Дейр эз-Зоур қаласының қоршауы жеңіліс тапқан соң, кейбір Еуропа елдерінің Сирияға қатысты ұстанымдарының өзгергеніне куә болдық. Сондай-ақ, олар қазір Башар Асадты биліктен кетіру қажеттігі жайлы айтпайды»,-деп жазды.

Соның ішінде сионистік режимнің басшылары, сарапшылар, осы режимнің БАҚ Асадтың жеңілісінің үмітін желмен ұшырғандар осы жолы Асадтың жеңісі мен сириялық әскерлер мен одақтастарының жеңісі жайлы жаппай айтуда. Әл-Банна газеті: «Бұл оқиғаны Ресей Федерациясының Президенті мен ИИР-ның СІМ маңызды жеңіс деп бағалауы лаңкестік топтар мен оның қолдаушылары мен негізін салушыларға ауыр салдар келтірді»,-деп жазды. Владимир Путин Сирия армиясы Дэйр эз-Зоур қоршауын жеңгеннен кейін Башар Асадқа жіберген құттықтауында қала қоршауының жеңілісін стратегиялық жеңіс деп бағалап, оның сөзсіз тамаша жеңіс екенін, сондай-ақ, бұл жағдайды Сирияның лаңкестерден толыққанды азат етілуінің маңызды қадамы деп баса айтты.

Осы жетістіктерден кейін еуропалық үкіметтер, соның ішінде Англия мен Франция бастаған елдер Башар Асадтың биліктен кетуін Сириядағы бейбітшілік үдерісінің қажетті шарты емес деп айтты. Францияның Сыртқы істер министрі Бағдад сапары барысында Франция үкіметінің Сирияда дағдарыс тудыруға мүдделі емес екенін байқатып, маңызды жайттарға тоқталып: «Францияның Сирия Президенті Башар Асадтың биліктен кетуі мен қалуына қатысты ешқандай шарты жоқ. Сонымен қатар, Франция Сирияның осы тұрғыдағы кез-келген шешімін қолдайды»,- деді. Ұлыбританияның Сыртқы Істер Министрі Борис Джонсон осы орайда: «Біз алғышарт ретінде Башар Асадтың биліктен бас тартуы қажеттігін айтқан болатынбыз. Бірақ, қазір оның биліктен кетуі саяси өзгерістер қалыбының аясында болуы керек»,- деді. Дегенмен, жақында француз билігі Башар Асадты бейбіт үдеріске қатысы жоқ деп мәлімдеді. Олардың бұл кереғар пікірлері Сирия мен Ирактағы соңғы алты жыл аралығындағы саясаттарынң жеңіліске ұшырағанын белгісі болды. Олар Сирияда мұндай жағдайды елестетпеген еді.

Батыс елдері Асадты үш ай көлемінде биліктен кетіріп, Дамаскте Батыс пен сионистік режимнің үйлесілген үкіметін құрып, қарсыласу өзегін жоямыз деп ойлаған болатын. Сириядағы дағдарыстың пайда болуы мен осы дағдарыстағы Еуропа мен АҚШ үкіметтерінің рөлін қысқаша сипаттасақ, ДАИШ-ты жеңу мен басып алынған жерлерді тәкфіршіл-лаңкестік топтардан азат етудегі Сирия-Ирак армиясы мен халықтық күштері жеңісінің маңыздылығын жақсырақ түсінеміз. ДАИШ тобы 2013 жылы АҚШ-тың Иракқа бастаған соғысы мен қауіпсіздіктің жоқтығынан пайда болды. АҚШ үкіметі ДАИШ тәкфіршіл-лаңкестік тобын құру арқылы өз әскери күштерін Ирактан шығарған соң, Ирактағы қауіпсіздік жағдайын бақылауда ұстап, сол елдегі мүдделерін арттырамыз деген үмітпен осы топты құрды. ДАИШ Ирактағы қауіпсіздіктің жоқтығынан 2003 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы бастаған соғысы салдарынан туындады. АҚШ үкіметі ДАИШ тәкфіршіл-лаңкестік тобын жаттықтыру арқылы Ирактан әскерлерінің көп бөлігін шығарумен қатар, Ирактың тынышсыз жағдайын пайдаланып, осы елді басқарып, Ирактағы өз мүдделерін алға ілгерілетеміз деп үміттенген еді. Шындығында, АҚШ-тың мүддесі Иракта қауіпсіз кеңістік пен Ирактың көптеген қалалары мен ауылдарында тәкфіршіл-лаңкестік топтардың үстемдігін орнатып, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-қа тәуелді үкімет жасағысы келді.   

Солтүстік Африкадағы авторитарлы елдердегі халықтық көтерілістер АҚШ үшін Таяу Шығыста 2013 жылы Иракты жаулауды бастаған бастаған  ірі жобасын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды.

АҚШ және оның НАТО-ғы еуропалық одақтастары батыстық үстемшілдерге қарсы араб революцияларының толқынын Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы  саясатын жаңғыртуға тырысып пайдаланды. Египетте «Мұсылман бауырлар» қолдаған Морси үкіметінің құлауымен бірге жастардың революциялық қозғалысы тоқтап қалды. Ливия Каддафи үкіметінің құлауынан кейін  тоз-тозы шығып, тәкпіршіл-лаңкестік топтардың ортақ сахнасына айналды. Сирияда дағдарысқа ұшыраған басқа араб елдерінен ерекшеленетін жағдай қалыптасты. Сирияның стратегиялық жағдайы осы елдегі ауқымды дағдарыстан кейін аймақтық және аймақтан тыс ойыншылардың қолдауының әлсіреуіне соқтырды. Еуропалық билік елдің оппозициясын қолдап, Башар Асадқа қарсы оппозициялық күш жинау арқылы 3 ай көлемінде мемлекетті құлатамыз деп ойлады. Алайда, бұл жағдай орын алмады. Сирия исламдық қарсыластық қозғалыстың өзегінде орнығып, ИИР-сы мен Ливандағы Хезболла сынды мықты да адал жақтастарға ие болды.  Бір жағынан Ресейдің де еуропалық елдер мен олардың одақтастарын дағдарысқа соқтырып, абырой-беделін түсірудегі мақсаты Сирияда көздеген өз мүдделеріне байланысты болып отыр. Латакиядағы Тартус порты Ресейдің  Жерорта теңізіндегі соңғы базасы болып табылады. Башар Асад режимінің төңкерісімен Ресей Таяу Шығысқа ықпал ететін жалғыз орнынан айрылып қалар еді. Осылайша саяси жағдайлар мен қауіпсіздік және жағырапиялық құрылымдардың жиынтығы Сириядағы дағдарыстан ұлттық, аймақтық, халықаралық коалициялардың қалыптасуына соқтырар еді. Осындай жағдайда Ұлыбритания мен Франция бастаған Еуропа Одағына мүше елдер Сирия дағдарысының аймақтан тыс ойыншылары ретінде Башар Асадқа қарсы Башар Асадтың заңды үкіметін құлатуды көздейтін оппозициялық коалиция құрғысы келді. Бірақ олардың Асад үкіметіне қарсы ұйым мен топ құрудағы стратегиялық мақсаты сириялық қарсыластарға қаржылай көмек пен қару-жарақ  беріп, оларға қарсы қатаң санкциялар салғанымен жүзеге аспады. Бұл саясаттың салдары Сирияда тәкфіршіл-лаңкестік топтардың кең етек жаюы болды. Алайда тәкфіршіл-лаңкестік топтар батыс елдерінің басшылығының ықпалында қалмай, Еуропа елдерінің өзіне  шынайы қауіп-қатер тудыратын факторға айналды.

Еуропадағы лаңкестердің шабуылы

Еуропалықтар әбден әлсіреген Сирияға қарсы соғыс ұйымдастыру мен тәкфіршіл-лаңкестерді нығайту арқылы Таяу Шығыстағы көздеген  мүдделеріне жетеміз деп ойлаған болатын. Іс жүзінде Сириядағы дағдарыс Еуропадағы лаңкестік қауіпті үдете түсті. Осылайша, ДАИШ тобына қарсы коалиция құруға мәжбүр болды. Сонымен бірге соңғы жылдары орын алған лаңкестік жағдайлар еуропалық елдердің өздерін тәкфіршіл-лаңкестерге қарсы өзекке айналдырды. Осындай себептермен олардың осы саладағы саясатын қайта қарастырудан басқа амалдары қалмады. Сирия мен Ирактағы тәкфіршіл-лаңкестердің қоқан-лоққысына төтеп берген жалғыз күш ИИР тарапынан қолдау тапқан Сирия-Ирак армиясы мен халықтық ерікті күші мен Хезболла  қарсыластық өзегі болды. Бірақ, бұл АҚШ пен Еуропа үкіметтерінің Таяу Шығыстағы дағдарыс тудыруының аяқталғанын білдірмейді. Қазіргі таңдағы Сирия, Ирак, Ливандағы саяси және әскери теңгерімдер  қарсыластық өзектеріне тиесілі. АҚШ пен Еуропа Үкіметтері мен оның одақтастары  саяси және әскери теңгерімдердегі қарсыластық өзектері қозғалысының рөлін байқамай отырған жоқ.