Мосулдан кейінгі Ирактың басты бағдарлары-1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i31573-Мосулдан_кейінгі_Ирактың_басты_бағдарлары_1
(Ирактың Мосулды қалпына келтірудегі түйткілдері) Мосулды ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат еткеннен кейін Ирактың алдында бірнеше маңызды мәселе туындап отыр. Бүгінгі бағдарламамызда Ирак үкіметінің ДАИШ лаңкестік тобының қолында болған аймақтарды қалпына келтіру ісі мен сол жолдағы түйткілдерді осы үкіметтің басты әрі маңызды мәселесі ретінде сараптаймыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 11, 2017 06:40 Asia/Almaty

(Ирактың Мосулды қалпына келтірудегі түйткілдері) Мосулды ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат еткеннен кейін Ирактың алдында бірнеше маңызды мәселе туындап отыр. Бүгінгі бағдарламамызда Ирак үкіметінің ДАИШ лаңкестік тобының қолында болған аймақтарды қалпына келтіру ісі мен сол жолдағы түйткілдерді осы үкіметтің басты әрі маңызды мәселесі ретінде сараптаймыз.

Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абади 9 шілдеде Мосулдың ДАИШ лаңкестерінің қолынан толық азат етілгенін хабарлады. Мосулдың азат етілуі әртүрлі себеп бойынша өте маңызды. Мосул – Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы әрі елдегі екінші үлкен қала. Әбу Бакр Бағдади де 2014 жылы Ислам халифатының құрылғанын Мосул қаласында жариялады. Сол себепті Мосулдың азат етілуі Иракта ДАИШ тобының жойылғаны саналды. Тіпті, ДАИШ лаңкестері де Мосулдың азат етілгенін мойындап, тойлау рәсімі Нури тарихи мешітінде өтпесін деп, мешітті жарып жіберді.

ДАИШ лаңкестерінің 3 жылдың ішінде Ирак жерінің 40 пайызға жуығын басып алуының бұл ел үшін ауыр салдарлары болды. Жүздеген мың азаматтың өлтірілуі мен жарақаттануы, үш миллионнан астам адамның босып кетуі, инфрақұрылымдардың жойылуы осы салдарлардың ең маңыздысы болып табылады. Мосулдың жағдайы басқа аймақтармен салыстырғанда ауырырақ. ДАИШ басып алғанға дейін Мосулдың халқы 1.8 миллион адам болса, оның 875 мың адамы, яғни халқының 50 пайызы босып кетті. Мосулдың босқынға айналған тұрғындарының көбі БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссариаты мен Халықаралық миграция ұйымының көмегімен өмір сүріп жатыр. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссариаты 2017 жылдың 2 маусымында: «Мосул босқындарын қолдауды жалғастыру үшін ағымдағы жылдың аяғына дейін 126 млн доллар

қажет»,-деп мәлімдеді.

ДАИШ-тың қол астында болған Мосул аймағына босқындардың қайтып оралуы мен қалыпты өмірдің қайта басталуына көңіл аударылып жатыр. Бұл террористік топтың қол астында болған аймақтарды қайта қалпына келтіру Ирак үкіметінің маңызды басымдығына айналды. Ирак үкіметі ДАИШ-тың қол астында болған өңірлерді қалпына келтіру үшін қандай түйткілдермен бетпе-бет келіп отыр деген сұрақ туындайды.

1. Ауқымды қирандылар мен экономикалық ресурстардың тапшылығы: Иракқа Маршал жоспары қажет

Ирак үкіметі бетпе-бет келіп отырған бірінші түйткіл – экономикалық ресурстардың тапшылығы, өйткені ДАИШ-тың үш жыл ішінде Иракты

басып алуының салдарынан қирандылар көлемінің көптігі соншалықты, Мосул секілді қалада қайтадан жаңа қала салу керек. Нейнава облысы әкімінің кеңесшісі Эмад Рашидеддин осы жайында: «Мосул толығымен қиратылды. Мосулдың батысы шығысына қарағанда көбірек талқандалған. Мосулдың батысы 99 пайызға қиратылған»,-деді. Нейнава облысын қалпына келтіру комитеті төрағасының сөзіне сәйкес, «Мосул жолдарының төрттен үш бөлігі, шамамен барлық көпірлер, электр желілерінің 65 пайызы, сондай-ақ, қаладағы су инфрақұрылымдары қиратылған».

Джек Уотлинг 2017 жылы 11 шілдеде «The Atlantic» газетінде жарияланған «Ирак қалай қалпына келеді?» атты мақаласында: «Мосул 2014 жылы ДАИШ-тың қолына түспес бұрын шағын және орта кәріпорындардың орталығы, дәрі-дәрмек жасайтын зауыттары бар, мебель, былғары мен мата өндіретін кәсіпорындары көп қалалардың бірі болды. Алайда бұл өнеркәсіптер жойылды. Соның ішінде Мосулдағы заманауи дәрі-дәрмек жасау зауыттары 2016 жылы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция тарапынан қиратылды»,-деді.

БҰҰ-ның Ирактағы гуманитарлық көмектерді үйлестірушісі Лиз Гранде (Lise Grande) 2017 жылы маусымда: «Мосулдың су желілерін жөндеу, медреселер мен ауруханаларды қайта ашу және электр желілері секілді инфрақұрылымдарын қалыпқа келтіру үшін шамамен 1 млрд доллар қаржы керек»,-деді. Лиз Гранде айтқан сома тек қалаға жылдам гуманитарлық көмек көрсетуді қамтиды, ал басқа аймақтарға, соның ішінде әл-Анбар облысының халқына гуманитарлық көмек жеткізу мәселесі әлі қарастырылған жоқ.

Бұған қарамастан, Иракты қалпына келтіру үшін тек гуманитарлық көмек қана емес, қомақты қаражат та қажет. Бір есеп бойынша, Иракқа ДАИШ-тан зардап көрген аймақтарды қалпына келтіру үшін 60 млрд доллар қажет. Ирак үкіметі ДАИШ-тың қол астында болған аймақтарды қалпына келтіру үшін 100 млрд доллар қажет санайды. Алайда, Ирак үкіметінің мұндай қомақты қаражатпен қамтамасыз ететін шамасы жоқ. Сондықтан халықаралық ұйымдардың көмегіне мұқтаж.

Игорь Козлов 2017 жылы 10 шілдеде «The Atlantic» газетінде жарияланған «Мосул толық талқандалды» атты мақаласында: «Ирак үкіметінің ДАИШ-тың салдарынан бүлінген аймақтарды қалпына келтіруге арнаған стратегиясы шамамен 100 млрд долларды құрауы мүмкін. Оны Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі «Маршалдың жоспарымен» салыстыруға болады»,-деді.

1. Қауіпсіздікке алаңдаушылықтардың шетелдік инвестицияларға әсерінің жалғасуы

Иракты қайта қалпына келтірудегі екінші маңызды түйткіл мынадай: ДАИШ Иракта құлатылғанымен бұл лаңкестік топтан қорқу мен алаңдау әлі сақталып отыр. 2017 жылы 10 шілдеде Қытайдың «Синьхуа» агенттігі «Мосулдың жеңісінен кейін Ирак қалпына келтіру және бітім орнату

түйткілдерімен бетпе-бет келеді» атты мақалада осы тақырыпқа тоқталып: «ДАИШ Иракта бұрынғысынша лаңкестік қауіп ретінде қалып отыр. Ол қайтадан бой көтеруі мүмкін. ДАИШ партизандық шабуылдар ұйымдастыра алады»,-деді.

Джек Уотлинг де «The Atlantic» газетіндегі мақаласында: «Бүгінде Иракқа қажет болып отырған шағын және орта компаниялардың өсуі шетелдік инвестициялардың көмегімен іске асады. Иракты қалпына келтіру үшін Маршал жоспары қажет, алайда қауіпсіздікке алаңдаушылықтар бұл жоспардың Иракта орындалуына кедергі болып отыр»,-деді. Расында, Екінші Дүниежізілік соғыстан кейінгі «Маршал жоспарының» сәттілігінің себебі Еуропа елдерінің қауіпсіздік мәселесіне ұшырамауында болды. Алайда, егер қазіргі таңда Иракта «Маршал жоспарына» ұқсас жоспар көзделсе, қауіпсіздік мәселесі мұндай жоспардың тиімділік деңгейінің Еуропа 

елдерінде орындалғандай болмауына себеп болады.

 

1.Экономика саласындағы құрылымдық мәселелер

Ирактың ДАИШ-тың қол астында болған аймақтарды қалпына келтірудегі үшінші түйткілі бұл елдің экономика саласындағы ресурстарының жетіспеушілігінен басқа үлкен қиындық, яғни билік құрылымындағы сыбайлас жемқорлық болып отыр. Басқаша айтқанда, егер Ирактағы қаржы тапшылығы халықаралық көмектер мен инвестиция тартумен шешілсе, ДАИШ басып алғанға дейінгі Ирактың тәжірибесі бұл ел экономикасына жемқорлықтың бойлай енуінің халықаралық көмектер мен инвестициялардың орынды қолданылмауының себебі болғанын дәлелдеді.

Ирак жемқорлық көрсеткіші бойынша 2016 жылы 176 елдің ішінде 166-шы орында болды. Игорь Козлов 2017 жылы 10 шілдеде «The Atlantic» газетінде шыққан «Мосул толық талқандалды» атты мақаласында осы жайында: «Иракты қалыпқа келтіру жөніндегі бас инспектордың 2013 жылғы мәліметі бойынша, он жылдың ішінде (2003-2013 жылдар аралығында) бұл елді қайта жөндеуге 60 млрд доллар жұмсалды, алайда бұл қаражат шетелдік серіктестерді дұрыс таңдамау, Ирактағы сыбайлас жемқорлық, бұрыс басым бағыттар, бұрыс бағдарланған жобалар мен қауіпсіздік мәселелері салдарынан айтарлықтай нәтиже бермеді. Ирак үкіметі осы аралықта 138 млрд доллар қаржы жұмсаса да, жағдайы жақсармады»,-деді.

 

1.Мұнай кірістерінің күрт төмендеуі

Бұл елді қайта қалпына келтіру шараларындағы тағы бір түйткіл мұнай кірісінің күрт төмендеуі болды. Осы орайда Matthew Shooters 2017 жылы қаңтарда жарияланған «Әскери жеңіс: ДАИШ-тан кейінгі Иракты қайта қалпына келтіру» атты мақаласында: «Экспорттың 99 пайызы, үкімет кірісінің 90 пайызы, Ирактың шетелдік кірістерінің 80 пайызы мұнай экспорты арқылы қамтамасыз етіледі, алайда мұнай бағасының әр

барелльінің 50 доллардан төмендеуі бұл елдің экономикасына зиян тигізді. Шындығында ДАИШ-пен қоса мұнай бағасының төмендеуі Ирактың экономикасына көп қиындықтар әкелді»,-деді.

Мұнай кіріснің күрт төмендеуі Ирак экономикасы үшін шынайы мәселелерді тудырды. Осы орайда Нейнава облысы кеңесі басшысының орынбасары Нұреддин Қиблан: «Ирак үкіметі 2013 жылы Нейнава облысына 738 млрд динар бөлген, алайда 2017 жылы бұл сома 52 млрд динарға дейін (44,5 млрд доллар көлемінде) азайды. Бұл мөлшер облыс үшін өте аз»,-деді.

Қорытындылай келе, мынадай нәтиже шығаруға болады: ДАИШ лаңкестерінің Иракты басып алуы аяқталған соң ДАИШ-тың қол астында болған аймақтарды қалпына келтіру тақырыбы Ирак үкіметінің ең маңызды міндетіне айналуы қажет. Расында, Ирактың болашағы тек ирактықтарға ғана емес, аймақ пен халықаралық қауымдастық үшін де маңызды. ДАИШ-тың қол астында болған аймақтарды қалпына келтіру ауыр қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Соның ішінде қирау деңгейінің жоғарылығы, экономикалық ресурстардың тапшылығы, сыбайлас жемқорлық, мұнай бағасының төмендеуі бұл қиындықтардың ең маңыздылары болып табылады.