Революция жетекшісінің жүйе басшылары мен елдің жауапты тұлғаларына берген ақыл-кеңесі
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i31585-Революция_жетекшісінің_жүйе_басшылары_мен_елдің_жауапты_тұлғаларына_берген_ақыл_кеңесі
Ислам республикасы жүйесіндегі кез-келген формадағы және ұйымдағы жұмыс пен талпыныс маңызды жауапкершілік саналады. Осы талпыныстардың жиынтығы «Үкімет апталығы» күндері сыннан өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 11, 2017 14:26 Asia/Almaty

Ислам республикасы жүйесіндегі кез-келген формадағы және ұйымдағы жұмыс пен талпыныс маңызды жауапкершілік саналады. Осы талпыныстардың жиынтығы «Үкімет апталығы» күндері сыннан өтті.

Биылғы «Үкімет апталығы» он екінші үкіметтің жұмысының басталуымен сәйкес келді.

Ислам революциясының жетекшісі осы оқиғаға байланысты және «Үкімет апталығымен» бір мезгілде президент және Үкімет мүшелерін қабылдауында мемлекеттік қайраткерлерге бірнеше маңызды ақыл-кеңес берді.

Хазірет кездесу кезінде «Құдайдың пенделері ретінде халыққа қызмет ету және олардың қиындықтарын шешуде илаһи ниетке ие болу», «Құран ұғымдары және дұғалармен таныс болу» секілді маңызды мәселелерге тоқталды.

Хазірет аятолла Хаменеи сондай-ақ джиһадтық рух пен еселенген, қажымас және адал ниеттегі талпыныстың болуы қажеттігін баса айтып: «Үкімет мүшелері үкіметтің шешімдерімен қоса, ортақ жауапкершілікке ие. Сондықтан олар әріптестік жасап, бір команда ретінде әрекет етуі керек.

Жауапты тұлғалардың әртүрлі облыстарға сапарлары барысында халықтың өмір шындығын жақсырақ танып-білу үшін халықпен жақын қатынас орнатып, халықтың рухын сақтап, күшейту және тәкәппарлықтан аулақ болу» – революция жетекшісінің мемлекет басшыларына айтқан келесі кеңесі.

Революция жетекшісі айтып өткендей, исламдық кеңістіктің қоғамда үстем болуы ислам республикасы жүйесіндегі жұмыстың маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл ерекшелікке сай билік тізгіні кез-келген тұрғыдан шынайы талпыныс жасауға әзір. Сонымен қатар жұмыс пен міндеттердің барлық тұстарына қатысты білікті әрі хабардар адамдардың қолына берілуі тиіс.

Осы негізде революция жетекшісінің мемлекеттік қайраткерлерге айтқан ақыл-кеңестері мен негізгі мәселелерінің бірі қызметкерлері мен қоластындағы басшыларды таңдау кезінде олардың тиімділігі мен діндарлығына, революцияшыл болуы және джиһадпен әрекет етуін назарға алуы саналады.

Революция жетекшісі бұл саланың жауапты тұлғалардың қиындықтарды шешуде джиһадтық және еселенген жұмыс пен талпынысты қажет ететінін айтып, үкімет мүшелеріне жеке тұлғалық, мінез-құлық пен жұмысқа қатысты кеңес беріп, халықтың экономикасы мен өмір сүруге керек қаржыны да үкіметтің жұмысының басымдықтарының қатарында атап: «Мұнай табысына негізделген рентабельді экономика өндіруші және халықтық экономикаға өзгеруі тиіс»,- деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің басқа бөлігінде дипломатияда бағдар мен революцияшыл рухты және дінді сақтауды өте маңызды санап: «Дипломатиялық мәселелерге байланысты өз революциямызды мақтан тұтуымыз керек және ұлттық заң-ережелер, яғни үстемшілдікке қарсы табандылық таныту, езгі мен жаныштаумен күресу, үстемшіл жүйеге қарсылық секілді революцияның арқасында пайда болған ережелерге сай әрекет етуді құрметтеуміз тиіс»,- деп қуаттады.

Иранның аймақтық және халықаралық салалардағы үні қазіргі таңда стратегиялық деңгейге жеткен. Иран саяси белсенді ойыншы ретінде аймақтық текетірестер мен шиеленістерді шешуде қуатты әрі ықпалды өзара әрекеттестікке ие. Иранның осы ықпалды рөлге ие әрекеттестігінің белгілерінің бірі ретінде Сирия мәселесіне қатыстылығы мен Иранның Сирия мен Ирак жерінде лаңкестік және ДАИШ-пен күресу майданына келуін атауға олады. Бірақ исламдық жүйенің көрсектіштеріне негізделген бұл жолды жалғастырудың ауырлығы мен күрес пен революцияшыл рух пен джиһадтық істі қажет ететіндігінде еш күмән жоқ.

ИИР халықаралық сахнада да революцияшыл қасиетін үстемшіл өктем жүйеге қарсы табандылықтың арқасында орнықтырды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы элементтерді баса айтып, Теһран облысындағы діни семинарияның үлемдері және студенттерін қабылдауында қолайлы жағдайға қол жеткізудің жолын нақты шешім, ықыласқа толы әрекет пен күрес деп атап, исламдық жүйенің билік ету кезеңдерінің ерекшеліктері мен артықшылықтарының қатарында талпыныс пен мұджаһид болуды, пікірлестік пен ұйымшылдыққа сілтеме жасап: «Бүгін адам баласы, әсіресе жас ұрпақ жаңа сөздерді қатты қажет етуде. Исламда адам, қоғам мен саясатқа байланысты салаларда жаңа әрі тартымды сөздер көп. Егер сол сөздер әлемдік қауымдастықтың құлағына жететін болса, міндетті түрде оларды қабылдайтындардың саны көп болмақ»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің мемлекет қайраткерлерін қабылдауы мен Теһран облысындағы діни семинарияның үлемдері мен студенттерімен кездесуінде айтқан сөздері шын мәнінде қазір ел мәселелерінің басты бағдары болып табылатын барлық саяси-экономикалық салалардағы табыстың сыры әрі дамудың кілті саналады.

Дұшпандардың мақсаты санкцияларды пайдаланып, ілгерілеуге жол бермеу үшін тосқауыл жасау, Ираннан үркіту мен жүйенің құндылықтарының бірі қарсыласу және серпінді экономика саналатын революцияшыл құндылықтардан алыстату екені шәксіз. Бұл мәселенің ең маңызды аспектісі бүлдіргі бола алатын экономика саласындағы әлсіз тұстар мен кемшіліктердің жүйенің басқа бөлімдері мен қоғамға ықпал етуі болып табылады.

Революция жетекшісі айтқандай, экономика саласында ұсынылған статистикалық мәліметтер ғылыми негіздерге негізделген. Бұл мәліметтер толық әрі барлық тұрғыдан елдің шынайы жағдайы мен халықтың өмірін көрсетпейді. Сондықтан осы арада қиындық туындайды. Соны танып-біліп, шешу қажет.

Ислам революциясының жетекшісі: «Бұл статистикалық мәліметтер негізінде елдегі инфляция деңгейі төмендеген. Бірақ халықтың сатып алу қабілеті мен ұлттық валютаның құны дәл сондай көрсеткіште артты ма?Дағдарысқа қатысты айтылған мәліметтер де дұрыс. Алайда, әлі күнге дейін төмен әлеуетке ие немесе жұмысы тоқтатылған көптеген кішігірім және орташа кәсіпорындар бар. Бұл шындық жұмыстың бір жерінде олқылықтың бар екенін дәлелдейді.  Соны қадағалап, жөндеген жөн». Хазірет банктер, инвестиция салу мен контрабанда мәселесін экономикадағы маңызды мәселелер деп атады.

Қымбатшылық, дағдарыс, жұмыссыздық пен қоғамның мұнайдан түскен табысты импортталған тауарларды тұтынуға жұмсауы секілді мәселелерге мән бермеу өте көп қаржына қажет ететін мәселелердің қатарын құрайды. Сол себепті революция жетекшісі уақыттың қас қағым сәтте өтіп кететіндігі мен Үкімет пен президенттің жауапкершілікті мойнына алған төрт жылдық кезең тұрғысынан тездетіп, дұрыс пайда көру қажеттігін баса айтып,  жауапты тұлғалардың халықтың мәселелерін, атап айтқанда жастардың жұмыссыздық мәселесін шешу үшін толассыз еңбек етіп, талпыныс жасауы қажеттігін қуаттап: «Экономика Үкіметтің барлық мүшелері мен бөлімдерінің басты бағдары болу керек»,- деді.

Қазіргі таңда он екінші үкімет өз жұмысын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар мен мақсаттардың жүгімен бастады. Елдің атқарушы билігінің қызметкерлері төрт жылдық кезең аралығында революция жетекшісінің негізгі әрі стратегиялық ақыл-кеңестерін іс жүзінде пайдалану арқылы мақсаттардың ислам республикасы жүйесінде лайықты түрде орындалуы үшін мемлекеттің барлық әлеуеттері мен қабілеттерін пайдалануы тиіс.