Корей түбегіндегі дағдарыс: даудан ықтималды қақтығысқа дейін
Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы даудың жуырда шиеленісуі Пхеньянның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы қабылдаған №2371 резолюциясының әсерін залалсыздандыру мақсатындағы алдын ала есептелген әрекеті саналады
Қытай мен Ресей осы қарарға оң дауыс беріп, Солтүстік Корея халқы мен басшыларына зиян тигізетін импортқа тыйым салатын санкцияны сынға алған кезде, Солтүстік Корея АҚШ-қа қарсы қоқан-лоққы жасауды бастады. Шын мәнінде, бұл екі ел бір жағынан Солтүстік Корея халқы мен басшыларының зейінін осы қарарға оң дауыс бергенінен бұрмалауға талпыныс жасаса, екінші жағынан кеңістік тудыру арқылы АҚШ-ты Солтүстік Корея халқына қысым көрсетудің факторы етіп көрсеткісі келді.
Сол себепті Солтүстік Кореяның жуырдағы зымырандық бағдарламаларына қатысты ұстанымдарында Пхеньянды сынға алған Қытай АҚШ пен Солтүстік Кореядан бір-біріне қарсы дауды доғаруды сұрады.
Бейжіңнің Солтүстік Кореяның зымырандық бағдарламаларына қарсы позициясына байланысты көптеген көзқарас қалыптасқан. Осы арада мынадай туындайды: Неліктен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы №2371 қарарына оң дауыс берді? Бейжің мен Пхеньянның стратегиялық одақтас екенін ескеретін болсақ, кейбіреулер Қытайдың Солтүстік Кореяның зымырандық сынақтар өткізуіне қатысты сындары мен оған жауап ретінде Пхеньянның Бейжіңге ескерту жасауын АҚШ-тың Қытайға қарсы қысымдарын азайту мақсатында қасақана құрылған "жалған ұрыс" деп бағалап отыр.
Вашингтон жуырда Солтүстік Кореяға қатысты Қытайдың "жауапкершілігі" туралы теорияны сөз етіп, Қытайды Солтүстік Кореяға қарсы айдап салуға талпыныс жасап отыр. Бейжің үкіметі де бірнеше рет АҚШ-тың жауапкершілігін сынға алып, өзін Солтүстік Кореяның зымырандық бағдарламаларына сынмен қарайтындай етіп көрсетіп отыр.
АҚШ президенті Дональд Трампты таң қалдырған Қытайдың жуырда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ тарапынан ұсынылған қарарға қолдау көрсетіп, оң дауыс беруі дәл осы мақсатта жасалды. Бұған байланысты бірнеше маңызды тақырыптарға назар аудару керек.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жуырда қабылдаған қарары АҚШ-ты көздеген мақсаттарына жеткізбеген Солтүстік Кореяға қарсы жетінші қарар саналады. Себебі, қарарды қабылдаудан бұрын оның мәтінін жүзеге асыру тәсілі маңызды саналады. Ал Қытай осы уақытқа дейін оларды орындауға аса мән берген жоқ болатын. Екіншіден, Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы №2371 қарарына оң дауыс берген кезде АҚШ-тың Қытайға қарсы қысымдары да күшейген еді. Сондықтан, Бейжің дағдарысты басқарып, Корей түбегіндегі дұшпандық кеңістікті бәсеңдету мақсатында және аймақ үшін АҚШ-тың қысымдарынан демалуға мұрсат беру мақсатында амалсыздан АҚШ-қа қосылып, бұл елдің ұсынған қарарын қолдады.
Heritage қорындағы Азия елдері бойынша зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы Брюс Клингер:
"АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы алдын алу шабуыл жасауды көздеуі алаңдаушылықтарды арттырып отыр. Бұл шабуыл апатты салдарға соқтырады" деді.
Үшінші мәселе АҚШ президентін Корей түбегіндегі дағдарысты басқарудағы қауқарсыздығын айыптап отырған әртүрлі саяси топтар мен ақпарат құралдары тарапынан жасалып жатқан қысымдар болып табылады. Сондықтан Қауіпсіздік кеңесінің Пхеньянға қарсы қарар қабылдауы тек Дональд Трамп үшін ғана ұпай сыйламады, сонымен қатар оның Бейжіңмен ынтымақтастығының көрінісі саналды. Төртіншіден, Қытай Солтүстік Кореяның жалғыз өмірлік қайнар көзінің оның Қытаймен ұзын шекарасында екенін жақсы біледі. Сондықтан, ол ешқашан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкция салу туралы қарарын шынайы қабылдамай, өзінің Пхеньянмен әріптестігін жалғастырып келеді. Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы қарарына оң дауыс беруі оны жүзеге асыру дегенді білдірмейді. Бұл қарарда оған немқұрайдылық танытатын мемлекеттер үшін жазалау шаралары туралы бөлім қарастырылмаған.
Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы қарарын қолдаудағы бесінші дәлелі Бейжіңнің АҚШ үкіметінің Солтүстік Корея дағдарысына қатысты әрекеттерін ақылға қонымды етіп көрсетуге талпынысы деп бағаланып отыр. Себебі, Солтүстік Кореяның жуырдағы баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізуін жалғастыруы АҚШ-тың ашуын арттырды. Вашингтонның өз елінің қоғамдық пікіріне жауап беру үшін кез-келген реакция білдіру ықтималы болды. Сондықтан Қытай мен Ресейдің шамамен бір жарым айға созылған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қарарды қабылдауда АҚШ-қа жақтасуы АҚШ-тың ашу-ызасының уақытша қайтуына себеп болды. Қытайдың тактикалық мақсатта АҚШ-қа жақтасуы Бейжіңнің Корей түбегіндегі дағдарысты қадағалау мен басқару бағдарламасы саналады.
CNN вебсайтында:
"Қытай өзінің оңтүстік шекараларында соғыстың алдын алуды қалайды. Бұл Қытай жеріне миллиондаған адамның бас сауғалауына себеп болуы мүмкін. Осы арада АҚШ әскерилерінің Қытай шекараларында орналасуы назардан тыс қалмайды",- деп жазылған.
Пхеньянның пікірінше, Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық бағдарламалары енді кез-келген жағдайда кері айналмайтын даму деңгейіне жеткен. Солтүстік Корея бұл жетістіктердің Қытай мен АҚШ-тың жасырын және әшкере мәмілесінің құрбаны болуға ешқашан жол бермейді.
Солтүстік Кореяның халықаралық мәселелер сарапшысы Чу Юнг Чуй:
"Солтүстік Кореяның зымырандық сынақтары халықаралық заңдар шеңберіндегі өзін қорғау мақсатында жүзеге асқан заңды әрекет болып табылады. АҚШ-тың Пхеньянның бұл әрекетіне қарсы наразылығы Солтүстік Кореяның егемендігі мен ұлылығын арсыздықпен әшкере бұзуы саналады",- деді.
Солтүстік Кореяға бағытталған Корей түбегіндегі дағдарысын екі теория негізінде қарастыруға болады. Бірінші теория "күшке қарсы күш" немесе тежегіш күші қағидасы саналады. Солтүстік Корея зымырандық және ядролық бағдарламаларын жалғастыру арқылы АҚШ-ты кез-келген алдын алу шабуылы салдарымен немесе Солтүстік Кореяның қарсыласуымен қорқыта алатындай зымырандық және ядролық қуатқа қол жеткізді. Екінші теория – "теңсіз күштердің шайқасы". Бұл теорияға сәйкес, әлсіз мемлекет өзінен қуаттырақ мемлекетке қарағанда еш нәрсе жоғалтпайтындықтан жарылыс жасау немесе болжауға келмейтін кез-келген әрекетке бел бууы мүмкін.
Сондықтан АҚШ қуаттырақ мемлекет ретінде өз жерінінің нысанаға алынуынан бұрын Солтүстік Кореяның оның аймақтағы әскери базаларына қарсы жасайтын кез-келген жанкештілік әрекетінің жойқын салдарына алаңдап отыр. Бұл екі теория негізінде, АҚШ өзінің толығымен Солтүстік Кореяның иіріміне түскеніне көзі жетті.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қытай Солтүстік Корея арқылы АҚШ-тың ұлылығы мен абыройын түсіруде. Олардың пайымдауынша, Бейжің мен Пхеньян АҚШ президенті Дональд Трампты қорлап, оны мазаққа айналдыру бағдарламасын жүзеге асырып отыр. Осылайша, Қытай АҚШ-қа енді өз қуаты мен абыройынан айрылғанын және бұдан былай Азияның шығысында ойына келгенін жасауға шамасы келмейтінін көрсеткісі келеді.