Барзанидің бөліну әрекеттерін тоқтату саласындағы Ирактың стратегиясы 2
Ирактың Күрдістан аймағының басшылары аймақтағы ескертулерге қарамастан, өткен қыркүйек айының 25 күні бұл аймақтың бөлінуі туралы референдумды өткізген соң, Ирактың Орталық үкіметі күрдтердің бөліну мақсатын көздеген әрекеттерін тоқтату үшін шара қолдануды күн тәртібіне қойды. Ирактың Орталық үкіметі бұл елдің территориялық тұтастығын сақтауымен бірге Күрдістан аймағының мәселесіне қатысты Иран және Түркиямен ынтымақтастық жасауды көздеп отыр.
Ирактың Орталық үкіметі бұл елдің Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумнан кейінгі бірінші әрекетте аталмыш аймақтың әуе кеңістігін халықаралық әуе рейстері үшін жапты. Сонымен қатар Ирак Сыртқы істер министрлігі қазан айының 6 күні Бағдаттағы Иран мен Түркияның елшіліктеріне жіберген ресми жолдауларында бұл екі мемлекеттен Ирактың Күрдістан аймағы арасындағы барлық шекараларын жабуды және бұл аймақпен мұнай айналымын тоқтатуды сұрады. Ирак Сыртқы істер министрлігі Иран мен Түркиядан бұдан былай шекаралар туралы Ирактың Орталық үкіметімен ғана сөйлесуді сұрады. Ирактың Күрдістан аймағының бүкіл мұнай экспорты мен Эрбил мен Бағдад арасында қайшылық тудырған аймақтың барлық істерін өз бақылауына алу Ирактың Орталық үкіметінің елдің территориялық тұтастығын сақтау саласындағы бағдарламаларына жатады. Ирактың Күрдістан аймағы күн сайын өзінің мұнай кешендерінде 650 мың баррель мұнай өндіреді. Сондай-ақ, бұл аймақ Киркукте күніне 150 мың баррель мұнай шығарады. Киркукке қатысты Ирактың Орталық үкіметі мен Күрдістан аймағының арасында бүгінде шынайы қайшылық байқалуда. Ирак Парламенті қаржы комитетінің жобасына оң дауыс беріп, бұл елдің министрліктері мен мемлекеттік органдарын Ирактың Күрдістан аймағымен сауда қарым-қатынастарын тоқтатуға міндеттеді.
Ирактың Орталық үкіметі бұл елдің барлық аймақтарындағы мұнай экспортын өз бақылауына алуды көздеуде. Ирактың Күрдістан аймағының басшылары аймақ, әсіресе Киркук мұнайын экспорттау мәселесіне анық жауап бермеді. Осы салада Ирактың Түркімен майданы басшысының орынбасары: "Ирактың Күрдістан аймағының басшылары Киркук мұнайын ұрлап, одан түскен кірісті жеке есеп-шоттарына түсіруде"- деп баса айтты. Ирактың Түркімен майданы басшысының орынбасары Хасан Торан саудиялық "Әл-Хадас" арнасына берген сұхбатында: "Киркук бір жылдық 2 миллиард долларлық бюджетін Бағдадтан алады. Ирактың Күрдістан аймағы 2016 жылға дейін Киркукты қаржымен қамтамасыз етуге қатыспаған. Сондықтан, Ирактың Күрдістан аймағының Киркукты қаржымен қамтамасыз етуі туралы уәждері өтірік. Ирактың Күрдістан аймағы Киркук мұнайын ұрлап, тек 120 миллион долларын ғана төлейді. Оның өзін облыстың есеп-шотына емес, ақшаны ешкім бақыламайтын жеке есеп-шоттарға салады",- деп қуаттады. Ирактың Конституциясы бойынша, мұнай бұл елдің бүкіл халқының байлығы. Сондықтан, ел істеріне тікелей жауапты Бағдадтағы Орталық үкіметтің Ирак мұнайының бүкіл экспортын өз бақылауына алуы табиғи мәселе болып табылады. Ирак Премьер-министр Хейдар Абадидың айтуынша, бұл әрекет күрд халқын жазалау емес, керісінше Конституция бойынша елдің табиғи ресурстарын қорғау саналады. Ирактың Орталық үкіметінің бұл саясаты Ирактың бірлігі мен территориялық біртұтастығын қолдау негіздері бойынша іске асырылуда.
Ирактың Орталық үкіметінің бұл елдің Күрдістан аймағының референдумынан кейін жұмыс кестесіне енгізген келесі әрекеті қайшылықтарға ие аймақты басқару міндетін Орталық үкіметке жүктеуі болды. Мәселен, Киркук – қайшылықтарға ие аймақтардың бірі. Бұл аймақ халқының түрлілігі және мұнай байлығы Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының назарына іліккен болатын. Масуд Барзани Киркукте тіпті бөліну мәселесіне қатысты референдум өткізді. Алайда бұл жерде референдумды қолдағандар аз болды. Ирактың Күрдістан аймағының басшылары ДАИШ-пен соғысып отырған елдің жағдайын өз мүдделеріне пайдаланып, Ирактың солтүстігіндегі Киркуктан басқа аймақтарда ДАИШ сәтсіздікке ұшырағаннан кейін орналасып, бұл жерлерден кетпеді. Ирак үкіметінің баспасөз хатшысы Саад әл-Хадисидың айтуынша, 2014 жылдың ортасында ДАИШ лаңкестері Ирактың солтүстік аймақтарына шабуыл жасаған соң күрд күштері Нейнава, Диале мен Киркукты өз бақылауына алды. Әл-Хадиси: "Қайшылыққа ие деп аталған аймақтар – Ирактың Орталық үкіметінің бақылауындағы аймақтар",- деді. Мұндай жағдайда Ирактың Орталық үкіметі елдің бірлігін сақтау үшін талпыныс жасап, қайшылықтарға ие аймақтарды Эрбилдің бақылауынан шығаруды мақсат етуде. Мұндай шешім әсіресе Киркук аймағындағы референдумнан кейін қауіпсіздіктің дағдарысқа тірелуіне байланысты қажет болып көрінеді. Ирактың Күрдістан аймағындағы референдумнан кейін және Киркук облысындағы тынышсыздықтар артқан соң Ирак Мәжілісінің кейбір өкілдері Орталық үкіметтен бұл аймақтарды өз бақылауына алуды талап етті. Осы салада Ирак Мәжілісінің өкілі Аббас әл-Байати: "Ортақ үкімет қайшылықтарға ие аймақтарды, соның ішінде Киркукті өз бақылауына алып, күштерін жіберуге міндетті. Өйткені, бұл аймақтардың азаматтары тынышытық орнату мәселесінде Орталық үкіметке тәуелді",- деді. Ирак Мәжілісінің келесі өкілі Салим Шақи де: "Тынышсыздық пен қауіп-қатер – қылмыстық іс-әрекет. Сондықтан, Орталық үкімет артқа шегінбей, Киркукте қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатуы керек",- деді. Ирак Мәжілісінің құқық комиссиясының пікірі бойынша қайшылық туған аймақтар мен Киркукке күштер аттандыру бұл елдің Конституциясына қайшы келмейді. Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының заңсыз референдумның нәтижесін қарастыруды қалауы Эрбил мен Бағдат арасындағы дағдарысты күшейте түседі. Сондықтан сындарлы келіссөздер өткізіп, күрд басшыларын бөліну жобасынан кейін шегіндіру керек. Ирак Премьер-министрінің кеңсесі жариялағандай, "Ирактың Күрдістан аймағының басшылары біріншіден, заңсыз референдумның нәтижесінің күшін жоюы керек. Содан соң Бағдат пен Эрбил арасында шынайы келіссөздерді бастап, екі жақтың мәселелерін шешіп, Ирактың бірлігіне нұқсан келтірмеуі қажет".