Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдумды сараптау (2)
Ирактың Күрдістан аймағының президенті Масуд Барзани 2017 жылдың маусым айының жетісі күні Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығу туралы референдумның 2017 жылы 25 қыркүйекте өткізілетінін мәлімдеді.
Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығу туралы мәселесі 2014 жылы бұл елдің кейбір аймақтарын ДАИШ лаңкестік тобы басып алғаннан кейін Күрдістан аймағының басшылары тарапынан, атап айтқанда Күрдістан аймағының президенті Масуд Барзани тарапынан ашық көтерілді. Масуд Барзани соңғы екі жылдың ішінде бірнеше рет Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы туралы референдум өткізу мәселесін баяндады. Масуд Барзани 2016 жылдың ақпан айында: "Күрдістан халқының Таяу Шығыс аймағында болуы – шындық. Күрдтер де басқа ұлттар секілді өз құқықтары мен оның артықшылықтарына қол жеткізе алады. Бұлар табиғи құқықтар саналады және ешкім оларды теріске шығара алмайды",- деді. Масуд Барзани 2017 жылдың наурыз айында былай деді: "Чехословакия мен Югославия елдері ыдырады. Енді Сайкс-Пико келісімі үшін де дәл осындай оқиға орын алады",- деді. Соңында Масуд Барзани 2017 жылдың маусым айының жетісі күні Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы туралы референдумның 2017 жылы қыркүйектің жиырма бесі өткізілетінін хабарлады.
Масуд Барзанидің Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығу туралы референдумды өткізуге қатысты логикасы түбегейлі сынға ұшырады.
Алғашқы сынға сәйкес, Масуд Барзани Таяу Шығыстағы күрдтердің атынан өзінің талап-тілектерін мәселе ретінде көтеріп отыр. Барзани қылығының мұндай үлгісі ресми түрде Түркия, Иран және Сирия секілді елдердің ішкі істеріне араласушылық болып табылады.
Екінші сын бойынша, тіпті егер Масуд Барзани өз талап-тілектері мен ой-пікірін Ирак күрдтерінің атынан көтеріп жатса да, жоғарыда айтылған логика қате логика саналады. Себебі, күрдтер Ирак Конституциясына сай автономия алып, жергілікті Үкімет, Мәжіліс және Конституцияға ие. Ал Ирак үкіметі олардың бұл құқығын теріске шығармай, тіпті бұл мәселені Конституцияға енгізді. Сондықтан, Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы туралы референдум өткізу мәселесін көтеру бұл елдің Конституциясына қайшы әрекет болып табылады.
Барзанидің Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы туралы референдум өткізуге қатысты логикасына бағытталған үшінші негізгі сынға сәйкес, Чехословакия мен Югославияның бөлінуі басқа мемлекеттердің халқын қамтымаған ішкі мәселе болды. Басқаша айтқанда, чехтар, словактар мен Югославия халқы тек Чехословакия мен Югославияның территориясында өмір сүргендіктен, олардың бөлінуі басқа мемлекеттердің қауіпсіздігіне зардап тигізбеді. Ал күрдтер болса Түркия, Иран, Ирак және Сирия секілді төрт елдің аумағын мекен етеді. Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі басқа үш мемлекеттің қауіпсіздігіне шынайы нұқсан келтіруі мүмкін. Сол себепті, Күрдістан аймағының өз алдына бөлініп шығуына тек Ирак Үкіметі ғана емес, сонымен қатар Түркия, Иран, Сирия елдері де қарсы. Олар референдум мен осы мәселеге қатысты ортақ позиция ұстанып отыр.
Осы арада туындайтын маңызды сауал мынадай: Ирактың Конституциясында бұл елдің күрдтері арнайы орынға ие болғанымен, әрі күрдтер Ирактағы билік бөлінісінде айтарлықтай үлеске ие болса да, неліктен Күрдістанның жергілікті Үкіметі бұл аймақтың Ирактан бөлініп шығуы туралы референдум өткізуді көздеп отыр? Бұл референдумның мақсаттары қандай?
Бұл әрекеттің себебін жергілікті және ұлттық деңгейде қарастырған жөн.
1.Жергілікті деңгей
Күрдістан аймағындағы өзгерістердің шындығы бұл аймақтың саяси тығырыққа тірелгендігінде болып отыр. Конституцияға қатысты референдум өткізу, жергілікті Парламент пен аймақ басшылығы мәселелерін қамтитын Күрдістан аймағының үш маңызды тақырыбы тығырыққа тіреліп, бұлардың әрқайсысының жағдайы бірнеше жылдардан бері белгісіз.
Күрдістан аймағының Конституциясына қатысты референдум 2009 жылға дейін өткізілуі тиіс болған, бірақ ол кезден бері сегіз жыл өткенімен, Конституцияға байланысты референдум әлі өткізілген жоқ. Ал Күрдістан аймағының соңғы парламенттік сайлауы 2013 жылы қыркүйек айында өткізілген жағдайнда Парламент соңғы төрт жылдың ішінде ешқандай жұмыс атқарған емес. Шын мәнінде, оның жұмысы уақытша тоқтатылып, аймақтың саяси өмірінде ешқандай рөл атқармады. Күрдістан аймағының басшылығы осы аймақтың саяси тығырығының үшінші жайты саналады. Масуд Барзанидің президенттік кезеңі 2013 жылдың тамыз айында аяқталды. Алайда, алдыңғы Парламент жұмысының соңғы күндері Барзанидің президенттік кезеңін екі жылға создыртқан болатын. Алайда, кейбір партиялар, атап айтқанда "Өзгеріс" (Гуран) қозғалысы бұл әрекетті заңсыз деп атады. Бірақ, создыртылған екі жылдық президенттік кезең аяқталса да Масуд Барзани аймақтың басшылығынан кетпеді. Ал бүгін создыртылған екі жылдық кезең аяқталғаннан бері екі жыл өтті. Бірақ, Масуд Барзани әлі күнге дейін аймақтың басшылығынан кетуге дайын емес.
Бұл үш саяси тығырықпен қоса қоғамдық наразылықтар мен жергілікті Үкіметте кең таралған сыбайлас жемқорлық Масуд Барзаниге қарсы және оны сынайтын партиялар мен Күрдістан Демократиялық партиясының Масуд Барзаниді Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдум өткізу мәселесін бұл аймақтың қиындықтарын жасырып, жаңа авантюризм жасау мақсатында көтеріп жатыр деп санауына себеп болды. "Өзгеріс" қозғалысының ақпарат өкілі Шуреш Хаджи осы мәселеге байланысты: "Егер Ирактың Күрдістан Демократиялық партиясы аймақ тәуелсіздігі туралы референдумды кейінге қалдыру мен өмір сүру жағдайларын жақсартуды қамтитын біздің шарттарды қабылдамайтын болса, біз ешбір екіжақты сұхбаттасу мен келіссөз өткізбейміз. Референдумды осы айдың жиырма бесі күні өткізу аймақ күрдтерінің мәселесіне қатысты авантюристік әрекет саналады",- деп мәлімдеді.
Осындай жағдайда назарға алатын болсақ, төмендегідей көзқарас қалыптасады: Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы туралы референдум өткізу мәселесі бәрінен бұрын "ішкі тұтынуға" байланысты болып отыр. Масуд Барзани мен Демократиялық партия осы мәселені көтеру арқылы өздеріне қарсы қысымдарды басқару үшін қосымша уақыт алмақ болып отыр. Басқа жағынан, Күрдістан аймағының жергілікті деңгейдегі қысымдарын Бағдадтың Орталық үкіметіне қарай өзгертіп, Бағдад үкіметінен әртүрлі артықшылықтарды, әсіресе қаржы саласындағы артықшылықтарды ала алады.
2.Ұлттық деңгей
Масуд Барзани мен Демократиялық партияның бөліну туралы референдум өткізу уақытын анықтауға қатысты шешіміне әсер еткен екінші факторды Күрдістан аймағының Жергілікті үкіметі мен Бағдадтың Орталық үкіметі арасындағы келіспеушіліктерден іздеу керек. Бұл келіспеушіліктерді төрт салаға бөліп қарастыруға болады: энергетика, бюджет, территория мен қауіпсіздік.
Энергетика саласындағы келіспеушіліктер мұнай іздеу, шығару мен экспорттау саласындағы Күрдістан аймағының Жергілікті үкіметінің заңсыз әрекеттерін қамтиды. Ирак Конституциясына сәйкес, бұл іс үшін Орталық үкіметтің рұқсаты керек. Бірақ, Күрдістан аймағының Жергілікті үкіметі Бағдад үкіметінің рұқсатын алмай-ақ, бұл әрекеттерін жүзеге асырып, Орталық қазынаға мұнайдан түскен қаражатты құюдан бас тартып отыр.
Бюджет саласындағы келіспеушілік Бағдадтың Орталық үкіметінің Күрдістан аймағына 17 пайыздық бюджеттің бөлінбеуін қамтиды. Бағдад үкіметі де Күрдістан аймағының энергетика саласындағы заңсыз әрекеттерін желеу етіп отыр. Бюджеттің бөлінбеуі экономикалық мәселелердің туындауы мен Ирактың Күрдістан аймағының Жергілікті үкіметіне қарсы әлеуметтік наразылықтардың пайда болу себептерінің бірі саналады.
Территория саласындағы алауыздық Киркукке байланысты 140 бапты жүзеге асырмау мәселесін қамтиды. Күрдістанның Жергілікті үкіметі 2014 жылы ДАИШ-тың Ирактың аймақтарын басып алынуын мүмкіндік ретінде пайдаланып, Бағдадтың Орталық Үкіметі Конституцияға сәйкес Орталық үкіметке тиесілі деп есептеген қайшылық туындаған аймақтарды өз бақылауына алды.
Қауіпсіздік саласындағы келіспеушіліктер "Пишмарге" тобының әскери қауіпсіздік күштерін қамтып отыр. Күрдістан аймағының Жергілікті Үкіметі Бағдад Үкіметінен "Пишмарге" күштеріне Ирактың Қарулы күштеріне қарағандай көзқарас ұстануды сұрады. Ал Ирактың Орталық Үкіметі Әскер мен Қарулы күштерді ұлттық әскери күштер, ал "Пишмарге" күштерін Күрдістан аймағының жергілікті әскери күштері санап, олардың құқықтары мен қажеттіліктері дәл сол 17-пайыздық бюджет есебінен қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейді.
Қалыптасқан көзқарас бойынша, Масуд Барзани мен Ирактың Күрдістан аймағының Жергілікті үкіметі осы келіспеушіліктер мен алауыздықтан хабардар бола тұра, сондай-ақ, Бағдад Орталық үкіметін қазір тиімсіз әрі әлсіз үкімет санап, қазіргі жағдайды бөлініп шығу туралы референдум өткізу мәселесін көтеру арқылы артықшылықтарға қол жеткізу үшін мүмкіндік ретінде пайдаланды. Осыған байланысты "Рэнд" ұйымы 2016 жылы Күрдістан аймағының Жергілікті үкіметінің Ирактан бөлініп шығу туралы референдум өткізуге қатысты тілектеріне сілтеме жасаған баяндамасында: "ДАИШ-тың Иракта орналасуы Барзанидің ашық түрде "Ирактың сәтсіздікке ұшырауы" жайлы сөз қозғауына түрткі болды. Күрдістан аймағының Жергілікті үкіметінің пікірінше, Ирактың саяси жүйесі тиімсіз саналады әрі бұл тиімсіздік жалғасын табады. Ирак үкіметінің Күрдістан аймағының бөлініп шығуына тыйым салуға қатысты әлеуеті шектеулі. Себебі, Бағдад Әскердің әлсіреуі, қаржы дағдарыстары, жікшілдік текетірестер, саяси алауыздық, әлсіреген экономика және жалпы алғанда елдегі қатты тоқырау секілді он жылдық соғыс салдарынан туындаған қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр",- деп жазды.
Сондықтан, Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы туралы референдум өткізуге қатысты болжамдардың біріне Күрдістан аймағының Жергілікті Үкіметі Бағдадтың Орталық Үкіметінен кейбір қаржылай ұпайлар мен артықшылықтар алу арқылы қыркүйектің жиырма бесі күні референдум өткізбейтін болады.